Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Маша мен аю
Мақсаттары:
Білімділік: Балаларды таныс ертегі мазмұнына сәйкес кейіпкерлерді ажырата білуге, таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Театр жанрларын меңгерту.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Ұсақ қол маторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды театр мәдениетіне баулу. Өз ойын еркін жеткізе білуге, өзін-өзі көрсете білуге, ұл балаға және қыздарға тән мінез -құлық ерекшеліктеріне тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, сахналау, ойын, көрнекілік.
Көрнекілігі: театр түрлері, ертегі кейіпкерлері.
Оқу қызметінің түрі: кіріктірілген, аралас.
Сөздік жұмыс: Ымырт, бәліш.
Билингвальды компонент: Аю-медведь, апа-бабушка, ата-дедушка.
Пәнаралық байланыс: Әлеумет, таным
Қолданылатын технология: Монтессори
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері.
Қане шеңбер құрайық,
Қуанып шаттанайық.
Салем досым, сәлем күн,
Күшті өтеді күн бүгін.
ІІ.Өткенді қайталау.
- Біз өткен оқу қызметінде қандай ертегімен тныстық?
- Ақымақ қасқыр.
- Ал, енді балалар кім осы ертегіні сахналап береді?
Балалар ертегіні сахналайды.
ІІІ.Жаңа сабақ
-Балалар, кіші топқа қойылым қойып беруге барғыларың келеме?
- Барғымыз келеді.
-Ендеше сапқа тұрайық.
Балалар саппен кіші топқа барады.
Алдарынан кіші топтың тәрбешісі шығады.
Кіші топ тәрбиешісі: Сәлеметсіңдерме балалар, біздің қош келдіңдер!
Балалар амандасады.
- Сендер қай топтан келдіндер?
- "Қошақан" тобынан келдік
Тәрбиеші: Біз сіздерге қойылым көрсетуге келдік. Балалар сендер ертегі тамашалағанды жақсы көресіндер ме?
Балалар жауап береді.
- Ендеше, "маша мен аю" ертегісін қабыл алындар.
Балалар маша мен аю ертегісін сахналайды.
-Ертегіні сахналаған балалармен таныстырамын.
Маша - Ақниет
Аю - Жалғас
Ата - Нұрасыл
Апа - Аружан
Автор - Сұлтан
Құрбылары - Азиза, Жанерке.
- Балалар, сендерге ертегі ұнадыма?
- Ертегіде қандай кейіпкерлер бар екен?
ІV. Сөздік жұмыс: Ымырт, бәліш.
Билингвальды компонент: Аю-медведь, апа-бабушка, ата-дедушка.
Балалар жауап береді.
-Қане балалар өз тобымызға қайтайық.
Кіші топтың балалармен қоштасып,саппен топқа оралады.
V. Тапсырма. "Аюлардың ыдыстарын тауып көр"
Аюдың көлеміне қарай ыдыстарын тауып, орналастырады.
VІ.Бекіту.
Ойын: "Ертегі кейіпкерлерін ата"
Шарты: Балалар ертегі кейіпкерлерін тауып өз орнына орналыстырып, ертегі мазмұнын қысқаша айтып береді.
VІІ. Қорытынды.
Балалар шеңберге тұрып, "ғажайып гүлді" қолдарына алып, оқу қызметінен алған әсерлерін айтады.
VІІІ. Үйге тапсырма: Маша мен аю ертегісінің сюжетін бояп келу.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: таныс ертегі кейіпкерлерін ажырата біледі, театр жанрларын біледі.
Болу керек: Ертегілер туралы түсініктері болу керек, ертегіні сахналауға деген қызығушылықтары болу керек.
Істей білу керек: Таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналай білу керек. Берілген тапсырманы орындай алу керек.