Күні: 20.11.2012ж
Сынып: 5 «В»
Сабақтың тақырыбы:Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер ұғымдарымен таныстыру; Дұрыс
және бұрыс бөлшектерді жазып үйрену,натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жаза
білу ; Дұрыс және бұрыс бөлшектерді 1 санымен салыстыра білу;
Дамытушылық:Оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау
қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Деңгейлік
тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-
тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Жаңа білім игеру
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, иллюстративтік,есептер шығару
Сабақ өткізу формалары: Топтық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуларын,сынып тазалығын тексеру,сабақтың мақсатын «Математика – ғылымдар патшасы» онкүндігіне байланысты түсіндіру,сабаққа дайындықтарын қадағалау
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге берілген №459 есепті оқушылардың дәптерлерінен тексеріп шығу
Өтілген тақырыптарға байланысты ауысша сұрақтар қойып,еске түсіру
Квадраттың 4-тен 3 бөлігі боялған дегенді қалай түсіндіресің?
Мына сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді? 111,222,333
ЕҮОБ(3;5)=?
ЕКОЕ(7;5)=?
Сөйлемді аяқтаңдар: “Егер..., онда ол сан 5-ке бөлінеді.”
Диаметрі 10 см шеңбердің радиусы неге тең?
14-тің барлық бөлгіштері
III.Жаңа сабақ

Жай бөлшектің алымы бөлімінен кіші болуы мүмкін,тең болуы мүмкін немесе үлкен болуы мүмкін.
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады
3/7 – дұрыс бөлшек,себебі 3
Алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең бөлшек бұрыс бөлшек
деп аталады
7/7; 10/7 – бұрыс бөлшектер себебі 7=7; 10 7
IV.Есептер шығару:
а) «Ойлан,тап!» математикалық лото ойыны

Жауабы: 3/4 = 18/24
7/8 = 42/48
5/9 = 15/27
2/7 = 6/21
4/5 = 16/20
ә) Кестемен жұмыс:
Сұрақтар | Тапсырмалар |
1. Жай бөлшектің оқылуы,жазылуы | 2-ден 1, 4-тен 1, 20-дан 7, 10-нан 3 |
2. Дұрыс бөлшектің анықтамасы | 1/5 15/17, 63/84 |
3. Бұрыс бөлшектің анықтамасы | 25/25, 61/15 47/30, 8/8, |
б)Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтағы №468; №471; №474 есептерді «Дұрыс бөлшектер»-қыз балалар, «Бұрыс бөлшектер»- ер балалар болып 2 топқа бөлініп,жарыс түрінде шығару
№468


№471
х-тің қандай мәнінде :
а) х/3 ; ә) х/5 дұрыс бөлшек болады?
а) 1/3;2/3 ә) 1/5; 2/5; 3/5; 4/5
2) у – тің қандай мәндерінде:
а) 5/у; ә) 7/у бұрыс бөлшек болады?
а) 5/2; 5/3; 5/4; 5/5 ә) 7/2;7/3;7/4:7/5;7/6;7/7
№474
Бөлшектерді қысқартып,шыққан нәтижеден дұрыс бөлшектерді бір жолға, бұрыс бөлшектерді екінші жолға теріп жазу керек
Сергіту сәті:
Бөлшектің алымы / орнымыздан тұрамыз/
Бөлшек сызық / екі қолымызды екі жаққа созамыз/
Бөлшектің бөлімі /Орнымызға отырамыз/
Бөлшектің алым / орнымыздан тұрамыз/
V.Сабақты қорытындылау

VI.Үйге тапсырма: № 469 есеп; Дұрыс және бұрыс бөлшектер тақырыбын оқу
VII.Бағалау: Оқушыларға тиісті бағаларын айтып,күнделіктеріне түсіру