| Басы | Қызығушылықты ояту 1. Оқушылар, кімнің шығармаларымен танысудамыз? 2. Ыбырай Алтынсарин кім? Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық» өлеңінен бір шумағын оқиды Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. Дескриптор: шығарма авторы жайлы мағлұмат біледі; автордың бір шығармасынанүзіндіні жатқа оқиды; | Оқушылар білетіндерін ортаға салады. | | |
| Ортасы | Үй тапсырмасы «Интервью» әдісі арқылы сұралады. Шығармада көтерілген басты мәселеге көзқарасын немесе пікірін білдіру мақсатында оқушылар төмендегі сұрақтарды талқылайды. Талқылауға арналған сұрақтар: Шығармада оқу барысында қандай көңіл-күйде болдыңыз? Қай оқиға ойыңызда сақталып қалды? Оқып отырғанда сізді қандай ой мазалады? Шығармадағы оқиға қай кезеңді қамтиды? Шығарма оқиғасындағы ең маңызды мәселе қандай? Бұл шығарма ерекше деп ойлайсыз ба? Неге? Автор оқырманды қалай қызықтырды? Өз идеясын автор қалай дамытады? 1-тапсырма. Берілген сұрақтарды пайдаланып, кейіпкерлерге қатысты сұрақ құрастырып жаз. | Сұрау есімдіктері | Кейіпкерлер: Антон, бейтаныс адам | Ықтимал жауап | | Не? | Бейтаныс адам Антонға не берді? | Бейтаныс адам Антонға өмірін өзгертетін кеңес берді. | | Неге? | Бейтаныс адам неге Антонға көмектесті? | Оның болашағына алаңдады. | | Қалай? | Антон өз өмірін қалай өзгертті? | Еңбектің нәтижесінде өз кәсібін ашты. | | Қайдан? | Араға бірнеше жыл салып, бейтаныс адам Антонды қайдан жолықтырды? | Брюссель қаласында кітап сататын ірі дүкеннен бейтаныс адам Антонды жолықтырды. | | Қанша? | Адамның өмірін жақсы арнаға бұруға қанша кеңес жеткілікті? | Адамның өмірін жақсы арнаға бұруға бір кеңес те жеткілікті. | | Қандай? | Бейтаныс адам Антонға қандай кеңес берді? | Мына ісіңді тастап, еңбектенсең көп нәрсеге қол жеткізесің деп кеңес берді. | 2-тапсырма. Әңгіме кейіпкерлері, идеясы туралы ойларыңды «ПОПС формуласы» арқылы білдіріңдер
Ұсынылатын тақырыптар:
Менің ойымша кез келген жетістікке еңбектің арқысында жетуге болады. Менің ойымша бейтаныс адамның Антонға кеңес бергені дұрыс болды. Менің ойымша Антонның бейтаныс адамның кеңесін тыңдағаны дұрыс болды. Бірінші сөйлем: Менің ойымша...... Екінші сөйлем: Себебі мен оны былай түсіндіремін..... Үшінші сөйлем: Себебі, мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....... Соңғы сөйлем: Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...... 3-тапсырма. Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын жазуды тапсырады: «Мендік пікір» әдісі Оқушылар тақырыпқа қатысты өз ойларын ауызша білдіреді. Мені қинағаны... Мені түңілдіргені... Мені жұбатқаны.... Мені сүйсіндіргені... Мені қуантқаны... Менің түйгенім... Менің тілегім... | Үй тапсырмасын айтады. Сұрақтарды пайдалана отырып, тақырыпқа қатысты сұрақ құрастырады. Ұсынылған тақырыптар бойынша «ПОПС формуласы» арқылы ойын жазады. Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын жазады. | Дескриптор: Дескриптор: 3 балл тақырыпқа қатысты сұрақ құрастырады – 1 балл; ойын толық жеткізе алады– 1 балл; ықтимал жауаптар айта алады– 1 балл; Дескриптор: (2балл) формула бойынша ойын білдіреді -1 балл; ойын жүйелі жеткізеді-1 балл; Дескриптор: (3 балл) оқиғаның басталуы мен байланысын табады -1 балл; дамуы мен шиеленісуін табады -1 балл; шарықтау шегі мен шешімін табады -1 балл; Дескриптор: (2балл) 1 пункт бойынша 1 пікір білдіреді – 1 балл; Ойын толық жеткізе алады – 1 балл; | Ыбырай Алтынсарин портреті, суреттер |
| Соңы | «Ашық микрофон» әдісі Әңгіме мазмұнынан қандай түйін шығаруға болады? Қазіргі кезде дүниені қалай табуға болады? Сендердің арман-тілектерің қандай? Ы.Алтынсаринің нақыл сөздері Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. | Өз ойларын айтады. | | Ы.Алтынсариннің нақыл сөздері |
| Кері байланыс | Рефлексия «Білім банк» Бүгінгі сабаққа қатысты құнды пікір қалдырыңыз. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін каспий карточкасына жазып, банкоматқа салады. Үйге тапсырма: Шығармадан алған әсерлерін баяндай отырып Антонға хат жазу. | | | Банкомат суреті, банк карточкасының суреті |