СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дүниетану пәні: "Біз-әрқашан біргеміз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дүниетану пәні. 3 сынып. Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Просмотр содержимого документа
«Дүниетану пәні: "Біз-әрқашан біргеміз"»

Мектеп:

___________

Мұғалімнің аты-жөні:

Бөлімше:

Пән: Дүниетану №7 сабақ

Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Күні: __________

Қатысқандар саны: ______________

Қатыспағандар саны: _________________

Тақырып:

Біз – әрқашан біргеміз!

Оқыту мақсаты

3.1.2.1 сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну;

3.1.2.2 түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру.

Сабақтың

мақсаттары

(Күтілетін

нәтижелер)

Барлық оқушылар:

– ұжымның не екенін біледі;

– өзін-өзі басқарудың не екенін түсінеді;

– сыныптағы өзін-өзі басқарудың ережесін құрастырады.

Көптеген оқушылар

– әртүрлі көзқарастар болған жағдайда ұжымдық шешімдерді қабылдай алады.

Кейбір оқушылар

– өзін-өзі басқарудың үлгісін ұсынады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

– жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Өзін-өзі басқару, ұжым, ұжымдық шешім, үлгі.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Ұжым – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Өзін-өзі басқару – өз істерін басқарудағы

дербестік.

Талқыланатын мәселелер:

Ұжым деген не?

Сыныпты ұжым деп атауға бола ма? Ал отбасын ше?

Сынып ұжымын кім басқарады?

Бір сыныптың оқушыларына ортақ қандай мақсаттар бар?

Сыныпты басқару деген не?

Сыныпты кім басқара алады?

Алдыңғы

білімдер

Сыныпты ұжым деп тану туралы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері.

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет


Ой қозғау

1 мин

Уәждеме. Стартер.

Күндей жарқырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Сабақты біз бастайық.

Балалар маған қарап күлімдейміз,

Бір-бірімізге жылулық мейірімін төгеміз.

Орнымызға отырып, сабақты бастаймыз.

1. Сабақ тақырыбын тұжырымдау

Бүгінгі сабағымызда өзін-өзі басқару туралы, ұжымдық шешімді қалай

қабылдау керектігі туралы айтатын боламыз.

Сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?


Жаңа сабақ 35мин

1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру

2. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі

– Ұжым деген не, өз ойларыңды айтыңдар.

– Сөздікті ашып, «ұжым» деген терминге қандай түсініктеме берілгенін

оқыңдар.

Ақпарат көздерімен жұмыс.

3. (Ө) Саралау жұмысы.

Саралау . Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

Мәтіннің бірінші бөлігін оқу

(П) Сұрақты талқылау

Бір сыныптың оқушыларына ортақ қандай мақсаттар бар?

Қорытынды: Сыныптағы оқушыларды бірге оқу, ойнау, демалу секілді ортақ

мақсаттар біріктіреді.

4. (Ұ) Рефлексияға арналған жаттығу. Сөйлемді толықтырыңдар.

– Мен өз сыныбымды жақсы көремін, себебі ...

– Егер мені ... маған ұнамайды.

– Сыныптастарыммен ... жайында сөйлескенді ұнатамын.

– Мен өз сыныптастарыма әрдайым ...

– Мен ... дос бола аламын.

– Менімен дос болуға болады, себебі ...

5. Сергіту сәті

Жаттығу жасайық!

Көтереміз қолымызды

Созыламыз жоғары.

Бір, екі, үш

Денеңді солға бұр.

Қолыңмен көмектесіп

Беліңді шынықтыр.

6. (Т) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

Мәтіннің екінші бөлігін оқу.

Өзін-өзі басқару туралы мәтінді оқу және талқылау.

Топта жұмыс істей отырып, 3 немесе одан да көп маңызды пункттен тұратын

өзін-өзі басқарудың бірыңғай ережесін, дайын шаблонның негізінде өзін-өзі

басқарудың меншікті үлгісін құрастыру.

Үлгі дегеніміз – заттың немесе үдерістің сызба түріндегі бейнесі.

Топтардың жұмыстарды сынып алдында көрсетуі.

Оқушыларға қолдау көрсету.

Ережелерді талқылау, оны қабылдау және сыныптың көрінетін жеріне ұжым

ережесінің қасына іліп қою.

Бағалау критерийлері


8. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды

– Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?


Рефлексия

3 мин

Сабақта атқарған жұмысымыздың қорытындысын шығарамыз:

– Сабақта қандай тақырып бойынша жұмыс істедік?

– Ұжым дегеніміз не?

– Ұжымның басқа топтардан айырмашылығы қандай?

– Өзін-өзі басқару дегеніміз не?

– Өз сыныбымызды өзіміз қалай басқара аламыз?

– Сөйлемдерді толықтырыңдар:

Мен ... сездім.

Мен …ие болдым

Мен … үйрендім

... менің қолымнан келді

Үй тапсырмасы

1 мин

Сынып ұжымы жайлы әңгіме жазу. Әңгімеге сыныпта өзін-өзі басқаудың қандай ережелерін ұстанатынын жазу керек.