СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дүниетану бастауыш сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

        Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің өмір сүру ұзақтығы, олардың біржылдық, екіжылдық және көпжылдық болатыны туралы түсінік қалыптастыру; табиғатты аялай білу ережесін қайталау.

Просмотр содержимого документа
«Дүниетану бастауыш сынып»

Сабақтың тақырыбы: Біржылдық, екіжылдық, көпжылдық өсімдіктер.

Сабақтың тақырыбы: Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктер

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің өмір сүру ұзақтығы, олардың біржылдық, екіжылдық және көпжылдық болатыны туралы түсінік қалыптастыру; табиғатты аялай білу ережесін қайталау.

Сабақтың көрнекілігі: Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктер бейнеленген суреттер, карточкалар. Сәйкестендіру картасы, кітап, дәптер, әр түрлі бояу, қалам.



Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Қайырлы күн досым!

Қайырлы күн болсын!

Жақсы достар бізге,

Демеу болып жүрсін.

ІІ.Топқа бөлу. – Балалар қазір мына суреттерден өздерің қалаған 1 сурет алып орындарыңа отырыңдар. Топқа бөлінеміз.



1-топ Біржылдық өсімдіктер

2-топ Екіжылдық өсімдіктер

3-топ Көпжылдық өсімдіктер

4-топ Ағаш сақинасы

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар, алған суреттеріңнің сыртында үй тапсырмасына байланысты сұрақтар берілген, сол сұрақтарға жауап бересіңдер.

ІҮ. Жаңа сабақ. – Өсімдіктер жақсы өсуі үшін не қажет?



Бейнефильм

-Не байқадыңдар, балалар? Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоясыңдар?

-Бүгінгі жаңа тақырып «Біржылдық, екіжылдық, көпжылдық өсімдіктер». Дәптерлеріңді ашып күннің жадын жазып қойыңдар.

-Әр топқа тапсырмалар беремін. Оқулықтағы тақырыпты бөліктерге бөліп оқып, тапсырмаларды орындау.

Сергіту сәті:

1-топқа. Біржылдық өсімдіктердің суретін салу. Не себепті біржылдық өсімдіктер деп аталады?



2-топқа. Көрініс қою. «Сәбіз, қызылша, шомыр»

3-топқа. «Сұрақ бізден, жауап сізден» 6 сұрақ

4-топқа. «Ертегі ойлап табу»

Ү. Бекіту сұрақтары.

1. Күріш неше жылдық өсімдік? (біржылдық)

2. Қызылша неше жылдық? ( екіжылдық)

3. Ағаштың жасын қалай анықтайды? (ағаш сақинасы)

4. Сексеуіл неше жыл өмір сүреді? ( 50 жыл )

5. Ағаштар мен бұталар қандай өсімдіктер? (көпжылдық)

ҮІ. Рефлексия

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылар стикерге аттарын жазып бағдаршамға өздерін бағалайды. Қызыл «5»

Сары «4»

Жасыл «3»

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

87 – 89 бет оқу, мазмұнын айту.

Өсімдіктердің суретін салу.