Сабақ: 21 Дүниетану | Мектеп: Благодар орта мектебі Бекітемін: |
Күні: 13.02.2017 | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 1 «г» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Cалт дәстүр және ауыз әдебиеті. Мен қазақпын. |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу. Қазақ халқының тарихымен танысу. Көрнекі материалдардың негізінде қазақтардың өмір салтын сипаттау. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушы орындай алады: |
Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздерін біледі. |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
Қазақ халқының рухани құндылықтарын түсінеді. |
Кейбір оқушылар орындай алады: |
Батырлардың қазақ халқының тарихындағы рөлін түсінеді. |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Өз беттерімен мәтін мазмұнын суреттей алады. |
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: |
ауыз әдебиеті - фольклор - folklore,ерлік- мужество - bravery |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: |
Талқылауға арналған сұрақтар: |
Қазақ халқының тарихын,рухани құндылықтарын білу не үшін қажет? |
Не себепті ….деп ойлайсыз? |
Қазақ халқына ел басқарар хандар ,елін, жерін жаудан қорғаған батырлар не үшін қажет болды? |
Сергіту сәті. «Мен қазақпын» әнінің әуенімен би қимылдарын жасау.Бейнежазбаға қарап тұрып. |
|
Алдыңғы оқу: | Ертедегі саяхат. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт есебі | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Басы | Материалды түсіндіру. Фольклор ұғымын түсіндіру «Елім ай» әнінің дыбыстық немесе бейнежазбасын тыңдату.Ауыздан ауызға беріліп отырған осындай әндер,мақал-мәтелдер,аңыздар фольклор немесе халық ауыз әдебиеті деп аталатынын түсіндіру. | « Жеті жебе» әдісі.Тақтаға қазақ батырының суреті ілінеді,оның айналасына жеті жебенің суреті салынады.Батырлар туралы мультфильм тамашаланып,жұпта талданып,тақтадағы жебелерге ерекше қасиеттері жазылады. | Мульти медиапроектор,мультфильм, «Мен қазақпын»әнінің бейнеклипі,стикерлер,батырлар суреті,Мемлекеттік рәміздер,үлестірме парақшалар. |
Ортасы | Топтарға тапсырмалар беру. | Әр топқа қазақ халқының салт дәстүрлері,рәміздері,батырлары,ел басқарған хандары,жырау шешендері туралы ой қорытуға тапсырма беріледі. Постер қорғау. | Ламинатталған қағаздар,түсті маркерлер,плакаттар. |
Соңы | Стикерлерге өз ұсыныстарын, пікірлерін,тілектерін жазғызу. | Қазақ халқының жалпы тарихы туралы мәліметтермен қорытындылау. | |
Қосымша мәліметтер |
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? «Орындық »тәсілін қолдану арқылы бағалау. | Пəнаралық байланыс. Жаратылыстану.Сен білесің бе?айдарының мазмұнын ашқан кезде өсімдікпен салыстыру қолданылады. Өнер. Дәптердегі «Мен қазақпын»тапсырмасы Өнермен пәнаралық байланысты қамтиды. АҚТ. Қабілеті жоғары оқушылар интернет ресурстарынан Қазақ хандығы туралы материалдар жинақтайды. |
Рефлексия Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? | Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Қорытынды бағамдау Ең жақсы өткен екі нəрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты) 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2:Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытумен оқуға қатысты)? 1:Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: 2: |