(МК; С) Әтештің дауысы. Сыни тұрғыда ойлау және әтеш туралы не білеміз? Әтештің суреті бойынша әңгімелеу. 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. (МК; Ө; Қ) «Ә» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «Ә» -нің дауысты екенін, оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсету. Әріп таңбасын үйрету. Сюжеттегі суретте берілген «ән», «сән», «дәрі», «тәтті» сөздерін тұтастай оқытып, бұл сөздермен сөздік және буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу. Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасату. (Ұ) Үштілділік: «Әтеш – петух – cock - қазақша, орысша, ағылшынша айтқызып үйрету. «Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде» бейнеролик 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. (МК; Ж; Қ) 1. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін ұйымдастыру. Сөздерді хормен, тізбектеп, жеке оқыту. Ән сән дән әке Сәкен тәтті дәрі дәрігер тәулік сәуір Дәуір Әсет. 1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну. (МК; Ө; Қ) Мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну білігін ұйымдастыру. Мәтін хормен, тізбектеп, жеке оқытылып болған соң мазмұны бойынша сұрақтар қойып жауап алу. Өздерінің қыс мезгілінде ойнайтын сүйікті ойындары туралы әңгімелету. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. (МК; Ө; Қ) 2. Жаңылтпашты буындап, тұтастай оқытуды ұйымдастыру.Жаңылтпашты жатқа айтқызу. Келген малшы Әрі әнші, Әрі аңшы. |