№1 Жыл басы
Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты . Сонда жылқы айтыпты:
Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтім ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, - дейді
Түйе айтады:
Сен адамдардың жымысын қылсаң, сқлу, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса көде, жаусан болса жаусан, не кез келсе соны корек етіп, табылса ішіп, табылмаса шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.
Сиыр айтады:
-Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істеді, жыл басы болу маған лайық.
Қой айтады:
-Мен болмасам, қазақ үйі немен жабар еді. Жүнімді алып киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмың,дұшпан көрінсе үріп, абалап иеме хабар беремін.
Тауық айтады:
-Мен болмасам кісі ерте жұмысына бармай ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап жиылған көпке айтады :
-Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.
Өзгелері қарап тұрғанда түйе өзінің бойына кеніп: « Менен бұрын кім көреді»,- деп тышқанның сөзін қостайды. Бәрі қарасып тұрады. Біраздан соң тышқан жорғалап түйенің өркешіне шығып отырады. Көп соң тышқан жорғалап түйенің өркешіне шығып отырды. Көп хайуан таласып: « Біз көреміз, біз көреміз»,- деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, еш нәрсе демепті.
Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.
№2 Қасқыр неге ұлиды?
Ертеде Халық деген бір кедей өмір сүріпті. Мал дегенде он шақты ешкісі, жалғыз аты және алтын қауырсынды қоразы болыпты. Ол кезеде қораз ай ғай салып, ешкі де бақырмайды екен. Күндердің бір күнінде ақсиған тісі бар, адам қорқар түсі бар бір аң келіп, кедейдің екі ешкісін алып кетеді. Өзі барып тұрған қазкүнем екен,қырды да кетті,-деп Халық күйінім кемпірі мен баласына.
-Ол өзі бізге қас, ешкілерді қырды, демек ол қасқыр ғой,-деп қалады сонда бала. Содан бастап қасқыр атанған екен. Қасқырлар кедейдің малын қыруды қоймайды. Кеш қарайғанды, тіпті қамаулы тұрған ешкіні қораға түсіп, алып кететін болады. Ондайда ешкінің бар бітіретіні: сақалы шошаңдап бақырады екен. Қораз болса алтын қанатын қағып-қағып жіберіп: « ку,ка-ре-ку»-деп, айғайға басады.
Онысы «қасқырлар келді, қуа гөр» деп, Халық атайға хабар бергені екен деседі. Сол түн,сол күннен бастап қораз шақыратын болыпты, ешкі де бақыратын болыпты.
Халық атай күнде қайтқанда өрістен қасқырлар жемей тастап кеткен ешкінің құйрықтарын бір етек өып жинап ала келіп жүреді. Бір күні кедейдікіне сақалы беліне түскен бір ақсақал келеді. Ол :
-Жауыздықпен күресе менің парызым еді. Мә, мына кітапты ал. Оқы. Оқығаныңды көңіліңе тоқи біл. Ерінбесең, дұшпаныңнан құтыласың,-деп кедейдің баласына бір кітап береді. Сол күннен бастап бала кітаптан көз алмайды. Оның бар ойы жауыз қысқырды өлтіретін дәрі жасап шығару болатын. Ақыры бірінеше шөп тамырларын қайнатып, дәрі жасайды. Оны апарып құйыршық жемтікке сеуіп қояды. Ешкілерді үйге қамайды. Қасқырлар бірінші күні келеді, үйде ториды,ешкілер көрінбейді. Екінші күні келеді, ешкілер шықпайды. Үшінші күні қасқырлар ырылдап келіп, үйдің іргесін қаза бастайды. Бірақ үйге кіруге батпайды. Ешкіден күдер үзген соң, жауыздар жемтікке жиналады. Қомағайлау біреуі келген бетінде арс етіп, жемтікті қауып өтеді де: « У-у-у.....» - деп , мұрнынан шаншыла құлап түседі. Қалғандары басы ауған жаққа жөнеледі. Содан бері қасқырлар « У-у-у.....» - деп ұлитынды шығарыпты.
№3 Тырна мен түлкі
Өткен заманда түлкі мен тырна достасып, бірге тұрмақ болыпты. Екеуі бір жерге қоныстаныпты. Ішіп-жемегі ортақ. Бір жем іздеп, саяхатқа кеткенде, біреуі балапандар мен күшіктердің жаныңда қалады.
Күндердің күнінде тырнаның таз балапандарына жүн шығып, жорғалайтын болады. Түлкінің күшіктері пұшпақ болып құлпырады. Аналары балаларын ауық-ауық жатақтың жанындағы жайдаққа серуенге алып шығып жүреді.
Бір күні тырна саяхатқа кетіп түлкі балаларды бағып үйде қалады. Бәрін серуенге шығарады. Балапандар мен күшіктер апыр-топыр алысып ойнап жүреді. Оны көрген түлкіге ой түседі: «Осы менің мұнын не мына тырнаның тұқымдарының мекені аспан. Жайшылықта бұлар құдайдан тілеп ала алмайтын тамақ қой. Бұл әрі-беріден соң ұшады де кетеді. Санды соғып біз қаламыз. Достасып бұлар менің екі туып бір қалғаным ба ? менің мына күшіктерім де құс ұстауға үйренуі керек. Қой, кісі баласы кісіге бала болмайды. Одан да,-деп тырнаның бір балапанын тыритып алып ұрып, күшіктеріне қалай ұстап, қалай өлтіріп қалай жеуді көрсетеді. Сөйте- сөйте күшіктер анасының баулуымен бар балапандардың басын құртады. Өлтірген балапандарын аулаққа апарып тығып тастайды да қайтып жатаққа жайласады. Кешінде тырна қайтады. Түлкі тырнаның алдынан шығып жыламсырайды.
Тырна:
-Ей не болыпты?-дейді
Түлкі:
-Әу білемін. Балалардың саны аз көрінеді,- дейді.
Тырна апалақтай сасқалақтап:
-Жоғы сенікі ме , менікі ме ? –деп сұрайды.
Тырнаны қыжырта кекетіп:
-Әй, байғыс-ай, ойыңның арамы-ай, қанша бауырға тартсам да, бөлектенген сөзіңнің ұшқыны шығады да тұрады. Балапандарды сенікі, менікі деуші ме едік, - депті қу түлкі.
№4 Ақыл, Ғылым, Бақыт
Бәр күні Ақыл, Ғылым, Бақыт, - үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті:
Бірінші Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды тыңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен тізе қос,сонда көп жасайсың,-депті.
Екінші Ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзің жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бар ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбағанды демде әлек, сонда абыроймен ұзақ жасайсың,-депті.
Үшінші Ақылға: дүниеде адамзатқа сенен ардық дос жоқ,бір ақ Ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп шығасың да кетесің. Ашу бүлдіріп-бүлдіріп кеткен соң, кіресің де Ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсың, Ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді.
Барыңдар, Ақыл,сен адам бол, Ғалым,сен ат бол, Бақыт,сен қамшы бол. Үшеуің біріксең ешбір мұң-мұқтаждарың болмайды,- депті.
№5 Қоян
Ерте, ерте ертеде қоян әркім артынан түсе берген соң, тым қатты ыза болыпты:- « Мен әркімнен қорқа берсем керек, менен ешкім қорықпайды. Бүйтіп жүргенше суға түсіп өлгенім жақсы» ,-депті.
Суға қарай жүгіріп келе жатқан мезгілде,өзін-өзі өлтірмекші бопты. Сонда су бойында жатқан қойлар үркіп барып,басқа қойларды апалаң-топалаң үркіттіріп жібіереді.
Сонда қоян ойлады: « Мененде қорқатын хайуандар бар екен. Өздері үлкен, бүкіл бір төбе»,- деп көңілі жай болып,райынан қайтыпты.
№6 Түлкі мен қоян
Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Құйрығығың жоқтығы оған бек қатты залал келтірген, өйткені жүрген ізін жасыра алмайды. Әрдайым түлкінің артына түсіп аңдып жүріпті. Бір күні қасқыр барып оның ініне кіреді.
Егерде түлкі інінің басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе өлтірңп тастар еді.
Әлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын болып,шапшаң жүргендеріне ыңғайсыз болып тұрушы еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып,өлтірмекші болып жатқанда қоян сұрайды:
Мұнысын түлкі көніп,екеуі сол жерде құйрықтарын айырбастапты.
Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып,қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.
№7 «Алтын сақа»
Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да, суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге: - Ат басындай алтын берейін, қоя бер, - дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді. - Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, - дейді. Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып: - Енді не берейін? - дейді бай. Кемпір: - Жалғыз балаңды бер, жіберейін, - дейді. Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді. Кемпір байға: - Балаңды қай жерде бересің? - дейді. Сонда бай: - Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың, - дейді. Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады. Ертеңінде көшеді, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып жұртқа тастап кетеді. Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады. Асық ойнайын десе, сақасы жоқ, бала алтын сақасын жоқтап, жылайды. Сонда әкесі: - Кеше көшіп жүргенде жұртта қалыпты. Барып алып келе ғой, - дейді. Бала бармақшы болады да, әкесінен: - Әке, қандай тайға мініп барайын? - деп сұрайды. - Жылқышыдан сұрап мін, - дейді бай. Жылқышы балаға: - Құрығыңды құлдыратып, жүгеніңді сылдыратып, жылқыға бар. Қай тай бетіңе қараса, соны мін, - дейді. Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен. Бала кемпірге: - Шеше, анау жатқан сақамды алып берші! - дейді. Сонда кемпір: - Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам - тұра алмаймын, тұрсам - отыра алмаймын, - дейді. Сонда бала: - Мен жастықтан түссем - міне алмаймын, мінсем - түсе алмаймын, - дейді. Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, сақаны іліп алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Бала қашып келеді. Әрі-бері қуып жете алмайтын болған соң кемпір бір тісін жұлып алып, атып жібергенде тайдын бір аяғын жұлып түсіреді. Тай үш аяғымен қашып, жеткізбейді. Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі. Тай екі аяғымен шауып бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсірейін дейді. Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір бәйтеректің түбін кешке дейін қазады. Бір кезде бір қызыл түлкі келеді де, кемпірге: - Шеше, шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, сен ұйықтап демал, - дейді. Кемпір жатады. Түлкі тісті суға атады да, қазған шұқырды қайта бітеп, өзі кетіп қалады. Кемпір тұра келсе, тісі де жоқ, түлкі де жоқ. Кемпір тағы бір тісін суырып алып, кетпен қылып, бәйтеректі каза береді. Бір уақытта тағы да бір түлкі келіп: - Шеше, кетпеніңді маған бере тұр, сен шаршаған шығарсың, мен қазайын, - дейді. Сонда жалмауыз кемпір: - Сен кетпенімді алып қашып кетесің, - дейді. Сонда түлкі: - Ол қырдың қызыл түлкісі, мен сайдың ақ түлкісімін. Баяғыда бұл баланың әкесі аң аулап жүргенде мені қуып, соға жаздаған болатын. Сондықтан бұл балада менің кегім бар, - дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, тағы да кетпенді түлкіге беріп, өзі ұйқыға кіріседі. Түлкі тағы да кетпенін суға лақтырып жібереді де, шұқырды бітеп, өзі қашып кетеді. Кемпір тұрса, тағы да кетпені де жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы да бір тісін суырып кетпен қылып, бәйтеректің түбін қаза береді. Сонда кемпір аузын ашса, бір-ақ тісі қалыпты. Кемпір бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға жаақындайды. Бір заманда баланың төбесінен бір топ қарға өтеді. бала қарғаға: - Ау, қарғалар, қарғалар, қанатымен жорғалар. Жайлаудағы бес төбетіме хабар айта кет, мені жалмауыз кемпірден арашалап алсын, - дейді. Сонда қарғалар «қарқ-қарқ» етіп ұшып кетеді. Бір мезгілде үйректер төбеден ұшып өтеді, бала оларға да айтады. Олар да үндемей ұшып кете береді. Бір мезгілде бір қарлығаш бәйтеректің төбесінен әрлі-берлі ұшып жүреді де, баланың төбесіне келіп қонады. Бала қарлығашқа жылап тұрып, бұған да тапсырады. Бұрын бала қыстауындағы ұя салған қарлығаштың балапандарына тимей, бұларды жақсылап өсіріп, ұшырып жібереді екен. Сондықтан бала қарлығашпен дос екен. Сонымен, қарлығаш баланың төбеттеріне тапсырғанын айтып барады. «Осындай пәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр, бәйтеректің түбін жалмауыз кемпір қазып жақындатқан, енді құлатуға таяу тұр», - дейді қарлыгаш баланың төбеттеріне. Мұны естіген соң төбеттер шапқаннан шауып отырып, бәйтерекке келеді. Сол кезде бәйтерек те жерге құлайды. Баланың төбеттері, жалмауыз кемпірдің қолын қол, бұтын бұт қылып, жүн-жүнін шығарып, талап тастайды. Бала төбеттеріне кезек-кезек мініп, еліне аман-сау жетеді. Бала жалмауыздан аман-сау ққтылып келгеніне әке-шешесіне қатты қуанып, ел-жұртын жиып, үлкен той қылады. Бұдан былай неше күндер өткен соң, баяғы жалмауыз кемпірдің қызы құлаған бәйтеректің жанына келеді. Келсе, шешесінің жүн-жүні шығып, өліп қалғанын көреді. Кім өлтіргенін білу үшін сол жерде қарап жүрсе, иттердің ізі көрінеді. Мұнан соң қыз иттердің ізіне түсіп келе жатса, көп жылқыға кез болады. Енді ауыл жақын екенін біліп, ол жүріп келе жатады. Иттердің ізі тұп-тура байдың қотанына алып барады. Бұл кезде қотанға баяғы жалмауыз кемпірдің қызының келгенін біліп, бес төбет жалма-жан тұра ұмтылады, қыз кемпірдей емес, өте-күшті екен, бес төбетке бой бермейді. Сол арада бала, садақпен атып, қыздың көзін шығарады, садақпен екінші атқанда қызды өлтіреді. Сөйтіп, жалмауыздан мәңгі құтылады. |
№8 «Арыстан мен түлкі»
Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады.
Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да:
-Халіңіз қалай, тақсыр? – деп көңілін сұрайды.
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, азырақ сөйлесейік? – дейді арыстан. Түлкі:
- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! – деп жүріп кетіпті.
№9 Айлакер бала
Ертеде бір жесір әйелдің бір ұл, бір қызы болыпты. Ішсе тамаққа, кисе киімге жарымапты олар. Күндердің бір күні баласы шешесінен: «Бақыт детен не?» - деп сұрапты.
-Е, балам, кімде – кімнің тамағы тоқ, көйлегі көк, уайымы жоқ болса, басында панасы, ақыл айтар данасы болса, бақ деген сол емес пе, «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін деген осы, құдай сонысын бізден аян тұр ғой, - депті шешесі.
-«Талаптанса нұр жауады» деген рас, балам. Бірақ бізден икем кетіп тұр ғой, олай болса, ол бақытты бөгде біреуден емес мен өзім тауып алуым керек екен ғой, - деп бала шешесімен қош айтысып, бақыт іздеп, жолғашығады.
-Шешесі жол азыққа майға жанышқан талқан дайындап беріп, баласын аттандырады.
Бірнеше күн ұзақ жол жүріп, қарны ашып шаршаған бала ит мұрны өтпейтін қалың орманға келеді. Орман ішін дию – перілер мекенгейді екен.
-Ей, адамзат баласы, қайда барасың, ажал айдап келді ме сені бұл жерге? – деп ақырады дию – перілер.
-Қайда барарымды қайтесің, күшті боласың, күш сынауға мен дайынмын, кел бері! – дейді бала.
-Е, сынасақ сынасайық, өзің де түлен түртіп тұрңен бала екенсін, келсен кел! – дейды олар.
-Кімде-кім мынаужеқтан үлкен қара тасты қысып маыйн шыңарса, сонымызға қалғанымыз бағынышты болайық.
-Жарайды. Дию – перілер алма – кезек тасты қысып, тастап май шығара алмаған соң, кезекті балаға береді. Бала қолын уқалаған болып, қойындағы майға жанышқан талқан сығып-сығып майн алақанына жұқтырып алады да дәу қаратасты қасып-қысып, міне мен тастан май шығардым, енді сендер маған бағыныштысындар,-дейді бала. Мұны көрген дию- перілер баланың күшң басым екен деп ойлайды. Олар баланы үйлеріне қонаққа алып барып үлкен сый-құрмет көрсетеді. Дию-перілер баладан қауіптенеді.
Қонақасын берген соң,баланы жеке үйге жатқызады. Олардың жүріс- тұрысынан сезіктенген бала үйдің ортасына жатпай,пештің ішіне кіріп жатады. Өзінің орнына басқа ұзынша бір затты жатқызып,үстіне шапанын жауып қояды. Дию-перілер баланы өлтірмек болып , түн ортасы ауған кезде үйдің төбесінен дәу қара тасты тастап жібереді. Бала өлген шығар деп, ертеңгісін үйге кіріп келсе, бала тірі екен. Сасқандарынан « Е, қонағым, қалай, тыныш ұйықтап тұрдың ба ?»- дейді.
-Аздап бүрге шыққаны болмаса , тыныш ұйықтадым ғой,- дейді. Үйрейленген дию-перілер баладан құтылғанша асық болады. Көп алтын, қымбат сыйлықтар беріп, баланы шығарып салады. Бірнеше күн жол жүріп, ауыр жүк көтерген перілердің есі әбден шығады. Жолда жатқан жуан бөренені көріп, « мынау менің шешеме ұршық сапқа лайықты бөрене екен» деп оны бір періге арқалатады. Ондағы ойы шешесіне де батыр етіп көрсетпек болғаны еді. Бала көп заттармен шешесіне аман-есен келіп қосылады. Дию-перілер баланы үйіне әкеліп өздері ептілігінің, айлакер, тапқырлығының арқасында мұратына жеткен екен.
№10 «Түлкі мен Ешкі»
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. -Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың ?- депті
-Ой , не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өлін едім. Апанның ішкі әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,- депті түлкі. Мұны естіп ешкі: « Мен де салқындайын, әрі су ішейін»,- деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғыпдалаға шығып, жөніне кетіпті.
« Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.
№11 «Шалқан»
№12 «Бауырсақ»
№13 «Маша мен аю»
№14 «Айлакер түлкі»
№15 «Қасқыр мен жеті лақ»
№16 «ДәрігерАйболит»
№17 «Түлкі мен Ешкі»
№18 «Қызыл телпекті қыз»
№19«Айна»