Ортаңғы«Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші: Жалгасбаева Г.Т
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Пән:Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Өрт тілсіз жау»
Мақсаты:
-Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
-Дамытушылық: Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру
-Оқыту: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы
түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өрт өшіретін қүралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық-техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету.
Педагогикалық технологияла
Просмотр содержимого документа
«Екі топтын заттарын салыстыру»
Екінші кіші «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізі күні: 24.05.19ж
Тәрбиеші:Оразова Г.Т
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Көктемгі егістік»
Тақырыбы: «Сиқырлы дорба»
Мақсаты:
Дамытушылық: Табиғат пен адамзат арасындағы тығыз байланыс туралы білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Табиғатқа күтіммен қарап,қамқор болуға,оны аялап,қорғауға тәрбиелеу.
Оқыту: Өсімдіктер әлемінің адам өміріндегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру;
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімелесу,көрсету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, үнтаспа, хрестоматия.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Балаларға таныс шөптердің,ағаштардың,гүлдердің суреттерін тақтаға іліп,қарап шығуды ұсынады.Өсімдіктердің атауларын анықтайды.
Суреттегі шөптерді,ағаштар-ды,гүлдерді атайды.
2.Негізгі бөлімі: Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз,қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжісуді білмейміз
Ағаштарды,гүлдерді,шөптерді бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды.
-Өсімдіктер қайда өседі?
-Өсімдіктер не үшін керек?
Тақтадағы суреттен өздерінің ұнатқан өсімдігін таңдап,оның қандай емдік қасиеті бар екенін білгендерінше баяндап беруін сұрайды.
Балалардың жауаптарын жинақтап,қорытынды жасайды:
-Айналамызды өсімдіктер қоршаған:үйде де (бөлме өсімдіктері),бақта да,кең далада да,орман менен тоғайда,тіпті шөл далада да өсімдіктер өседі.Біз өсімдіктерден пайдалы заттар аламыз,ол адамдарға азық болады,ал таза ауа үшін тигізер пайдасы ерекше.Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеті бар,сонымен қатар,олар өте әдемі,біз оларды әрдайым сүйсініп тамашалаймыз.Өсімдіктер әлемі-жер дүниенің сәні мен әні деп бекер айтылмаған.
Педагог дәрілік өсімдіктердең құрастырылған гүлшоғын әкеледі .Мына гүлшоғын көргенде не ойлайсындар .Бұл гүлшоғын сыйлыққа беруге болама.
-Балалар осы гұлшоғына жинақтаған өсімдіктерге мұқият қарандар. Осы өсімдіктерді тақтаға ілінген суреттердің ішінен тауып көрсетіңдер.
- Балалар, бұл жай ғана гүлшоғы емес, бұл- сиқырлы гүлшоғы. Бұл өсімдіктердің сиқырын адамдар ерте кезден-ақ білген. Оның ауруды емдейтін құдіретін байқаған. Біздің жерімізде дәрілік өсімдіктер көп өседі. Бүгін солардың біразымен танысамыз. Ал сендер ауырып қалған кезде аналарың қалай емдейді? Қандай шөптердің пайдаланатынын білесіңдер ме?
Педагог гүлшоғынан дәрілік өсімдіктерді шетінен шығарып, олардың қандай ауруды емдейтінін қысқаша түсіндіреді. Олардың суреттерін көрсетеді.
Билингвальный компонент.
Жолжелкен- подорожник, жалбыз-мята, қалақай-крапива, түймедағы-ромашка.
Сергіту сәті
Алай-түлей жел соқты,
Шыбық желмен толқыды.
Кенеттен жел тоқтай қалды,
Шыбық түзу тұра қалды.
Балалар екі топқа бөліп тапсырмалар беріледі.
1 топ; карточкалармен жұмыс.
Таратпалы суреттермен жұмыс жүргізеді.
2 топ жапсыру.
Емдік шөпті бұқтырып, балаларға дәмін, иісін сезінуге беру.
Сұрақ қояды: - Емдік өсімдіктері деп неге айтамыз? -Олар қай жерде өседі?
- Денсаулыққа қандай пайда әкеледі?
Шенберге тұрады өленнің сөздерін қайталайды.
Суреттен ұнатқан өсімдікті таңдап,оның пайдалы қасиеттері туралы айтады.
Қызығушылық білдіріп,мұқият тыңдайды.
Балалардын пікірі тындалады.
Сұрақтарға жауап беріп,пікірлерін дәлелдейді.
Суреттерге қарап сюжетін есте сақтайды.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Карточкалармен жұмыс орындайды.
Жапсыру жұмысын орындайды.
3.Қорытынды: Табиғаттағы дәрілік өсімдіктердің қандай ауру түрлерін қолданылатынын айтып өту.Өз пікірлерін білдіреді.
Бөлме өсімдіктердің қасиеттерін білу,оларды күтіп баптау туралы мағлұмат алу,
Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы жайлы,әңгімелеп айта білуді үйренеді.