СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

« Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі! ».doc

Нажмите, чтобы узнать подробности

« Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі! ».doc

Просмотр содержимого документа
«« Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі! ».doc»

Тақырыбы: « Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі! »

Мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс, «Қазақстан қорықтары» суреттері, «Қ.Сәтбаевтің суреті»,

Өткізу әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап , жарысу, өлең оқу, ойыншық жасау, есептеу әдістері

Тәрбие сағатының жоспары:

1. Ұйымдастыру 3-4 мин

2. Негізгі кезең 21 мин

3. Қорытындылау 5 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу. Оқушылардың ішінен 3 оқушыдан тұратын «Эксперт» тобын құрып, олардың міндеттерін түсіндіру. Қалған оқушыларды басқа топтарға бөлу. Ол үшін оқушыларға ақын, жазушы, жыршылардың суреттері, калькулятор, шот, компьютердің суреттері және қайшы, желім, жіп, ине салынған суреттер көрсетіледі. Оқушылар өдеріне ұнаған суреттерді таңдайды, соған байланысты топтарға бөлінеді: «Шығармашыл» , «Үнемшіл» , «Өнер» топтарына бөлініп отырады.

2.Негізгі кезең

Экологиялық экспресс ұйымдастыру.

1. «Танысу» аялдамасы. Глобусты бір – біріне бергенде өзінің аты – жөнін және немен айналысатынын айтып, келесі оқушыға береді. Глобусты ұстап айтуды мұғалім өзінен бастайды.

Сол кезде «Эксперт» тобы оқушылардың Жер шарын қалай ұстағанға мән береді. Глобус мұғалімге қайтып келгенде, «Біз жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата- ана үшін, оқу үшін, болашақ үшін жауап береміз, ал Жер үшін жауапкерлікті сезінеміз бе? Оның өсімдігімен, топырағымен, ауасымен, қалаларымен не болып жатқанын білеміз бе? Әркім осы жерде өзінің ізін қалдырады. Сендер әлі оқушысыңдар, болашақта Қазақстанның белгілі де, білімді азаматы болсаңдар сендерде Жерде іздеріңді қалдырасыңдар. Мысалы қазақтың қара тасын құрметтеген Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өз ізін қалдырды. Ол адамның орасан еңбегі үшін, 1976 жылғы маусым айында ашылған № 2402 кіші планетаға аты берілді. «Сәтбаев» планетасын әрдайым Торпақ жұлдызынан көріп отыруға болады» - дей отырып ол «Эксперт» тобына сөз береді. Бұл топ өздерінің байқағандарын айтады.

2. «Ой шақыру» аялдамасы.

«Қазақстанның байлықтары» фильмін көріп, оқушылар Қазақстанның байлықтарын айта келіп, оны өндірудегі табиғатқа зиян келтіретін екінші жақтарын көрсетеді. «Байлықтарды дұрыс игермеу неге әкелді?», «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды ?» - деген сұрақтарға жауап береді.

4. «Қасірет» аялдамасы. «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс көрсетіледі.

«Арал тағдыры» бейнефильмінен қандай ой түйдіңдер?

«Семей полигоны» бейнефильмінен қандай жағдайды көріп тұрмыз.

Қазақстанның экологиялық картасы көрсетіледі.

«Шығармашыл», «Өнер», «Үнемшіл » топтарының тапсырмаларын беру.

«Шығармашыл» тобына тақпақтарды беріп, мәнерлеп оқуды, аңыз әңгімені аяқтауды және осылар бойынша қандай ой түйгенін білу.

«Өнер» тобына қалдық заттарды беріп, ойыншықтар жасауды сұрау, жасау себептері мен мақсаттарына көңіл бөлу.

«Үнемшіл» тобына жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын есептеуін, олардың азайту жолдарын сұрау, ұсыныстарын білуге тапсырмалар беру. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстар айтылатынын білу.

5. «Ұлттық – тәлім тәрбие» аялдамасы.

«Шығармашыл» тобының қазақтың экологиялық тыйым сөздері, мақал – мәтелдері, нақыл сөздері бойынша жарысын және аңыздар мен салт – дәстүрлеріне Наурыз мейрамын мысалға алғанын тыңдау.

Тыйым сөздер: «Бұлақты былғама» , «көкті жұлма», «ағашты сындырма», «аршаны аралама», «суға түкірме», «суды ылайлама», «құмырсқаның илеуін бұзба» , «аққуды атпа», «қүстың ұясын бұзба» және тағы сол сияқты

Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер: «Судың да сұрауы бар» , «Өзен жағалағанның өзегі талмас» , «Бақ өсіргеннің баңғы жанады», «Тоғайды тұяқ тоздырады» және тағы басқа

6. «Өнер» аялдамасы

«Өнер» тобының қалдық заттар, яғни пакет, қалың қағаз қораптар, пластмасса бөтелкелерден, металл қаңылтырдан жасаған ойыншықтарына баға беру. Олар не үшін жасағанын түсіндіреді.

7. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына тоқталу.

« 2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз» - деген сөздерінің мағынасына үңілу.

8. «Үнемшіл» аялдамасы

«Үнемшіл» тобына жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын тізімін жазып, көп қабатты үйлерден күнделікті қанша қоқыс шығатынын есептету, олардың қанша уақытта толық айырылып, шіруін есептеуін, олардың азайту жолдарын сұрау. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстар айтылатынын білу.

Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:

Қағаз 2-10 жыл

Консерві банкалар 80 жыл

Полиэтилен 200 жыл

Пластмасса 500 жыл

Шыны 1000 жыл

9. «Болашақ» аялдамасы

Эксперттерге сөз беру..

Өз пікірлерін айту.

10. «Қорықтар» аялдамасы

Ақсу Жабағлы, Көкшетау, Іле Алатау, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл және т.б қорықтарды слайдтармен көрсету.

3.Қорытынды

Қазіргі кезде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселердің біріне айналды. «Табиғат, Табиғат – Ана» деген сөз асқақтаған ұғым. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауы тиіс.Табиғатқа деген ілтипат бұл адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса, экологияландырылған білімді ұрпақ қажет.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!