Масалиева Карлыгаш Амангельдиевна
Преподаватель истории
Уральский технологический колледж «Сервис»
Сабақтың тақырыбы: Экономика субьектілері және олардың өзара байланысы. Маркетинг.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге өндірсті ұйымдастырудың жалпы түрлері, өндіріс және нарық мән-мағынасын, негізгі факторлары мен модельдері туралы айту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелері туралы түсіндіру. «Маркетинг негіздері» пәні бойынша өтілген тақырыптарды жүйелеп, мәлімет жинау әдістерін толықтай меңгеру.
Республикамыздың экономикасы жайлы айта отырып, студенттерге туған республикамыз туралы, оның экономикасы мен өркендеуі жайлы тереңірек білім бере отырып, болашақ мамандарды ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрінекілігі слайдтар, бейне таспалар, логикалық сұрақтар, экономикалық терминдер сөздігі ,экономика негіздері оқулығы.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақты әдісі: әңгіме, пікірталас, әңгіме, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Жаңа тауар дегеніміз не?
2. Ойдағы тауар.
3. Тауар ассортименті.
4. Марка дегеніміз не?
5. Тауарлық белгі дегеніміз не?
6. Авторлық құқық дегеніміз не?
7. Орау дегеніміз не?
8. Сервис дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Маркетингтік ақпарат.
2. Маркетингтік зерттеулер.
3. Жарнама.
Ақпарат – маркетингтік зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Ақпараттардың жіктелуі:
Тұрақты ақпарат – маркетингтік ортада ұзақ уақыт сақталатын ақпарат.
Айнымалы ақпарат – маркетинг объектілерінің өз мәніндегі іс-әрекетінде көрінетін ақпарат.
Ауық-ауық ақпарат – керек кезде ғана қолданылатын ақпарат
Ақпарат міндетіне байланысты ол былайша бөлінеді:
Анықтымалық ақпарат – танымды сипаттағы ақпараттар
Кепілдемелік ақпарат – арнайы жүргізген маркетинг зерттеулердің қорытындысы.
Хабаршы ақпарат – маркетинг ортасы объектілерінің іс-жүзіндегі өзгерісіне ие ақпарат.
Реттеуші ақпарат – хабаршы ақпараттың кемшілік себептерін жоюға арналған ақпарат.
Бастапқы ақпарат – нақтылы мақсатты көздейтін ақпарат
Екінші ретті ақпарат – бастапқы мақсатты жүзеге асыруға арналған ақпарат
Ақпаратқа қойылатын талаптар:
Ақпараттың өзектілігі – маркетинг ортасының мезгілдігі;
Мәліметтерің релеванттілігі – алға қойылған мақсаттың өзектілігі;
Ақпараттың дәлме-дәлділігі – өндірістің, нарықтың, сыртқы макроортаның анықтылығы;
Толық бейнелеу – маркетинг ортаны толық көрсету;
Мәліметтердің мақсаттылығы – тауарды өндіру, сыртқы ортаға жеткізу;
Ақпараттың біртұтастығы және сәйкестігі – мәліметтер көрсеткіштертерінің анықтығы мен ортаға сәйкестігі.
Маркетингтік зерттеулер - бұл тұтынушылардың талғамдары мен талаптары. Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді.
Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарын айқындау.
1.Зерттеу жоспарын құру.
2.Ақпарат жинау.
3.Жиналған ақпаратты талдау.
4.Зерттеу қорытындылары туралы есеп беру.
Әдетте, зерттелген мәселелердің өндірістік-өткізу қызметін талдау нәтижесіне қарай мақсаттар қояды.
Маркетингтік ақпараттарды тарату каналдары:
1. Телевидение арқылы жарнама;
2. Газет журналдар арқылы жарнама;
3. Радио арқылы жарнама;
4. Интернет желілері арқылы жарнама;
5. Көше экрандары арқылы жарнама.
Жарнамаға қойылатын талаптар:
1. 3 минуттан аспау керек;
2. 3 немесе одан көп түс қолдану керек;
3. Көп сөз қолданбау керек, іс әрекетпен түсіндірілуі керек.
ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытып, әлеуметтік саланы басты назарда ұстады.Экономиканың мемлекеттік реттелуі нәтиже беретіндігіне сеніммен қарады. Осы орайда ағылшынның «Темір ханымы» атанған М.Тэтчердің «Мен тиісті жағдайы әрі тәжірибесі жоқ қандай да бір елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын, ешбір проблемаға ұрынбай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсіргеніміз орынды. Себебі бұл сатыдан еліміз толықтай және абыройлы өтіп, мемлекетіміз нарықтық экономикаға жол ашты. Сондықтан, біздің бүгінгі ашық сабағымыз өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері, өндіріс және нарық деп аталады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
1. Маркетинг дегеніміз не?
2. Тауар дегеніміз не?
3. Нарық дегеніміз не?
4. Маркетингтік ақпарат.
V Үй тапсырмасы: А.Б. Рахимбаева «Маркетинг теориясы және практикасы». 178-214 беттер.