СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

“Экономика және бухгалтерлік есеп пәндері бойынша білгерлер сайысы”

Нажмите, чтобы узнать подробности

“Экономика және бухгалтерлік есеп пәндері бойынша білгерлер сайысы”

Просмотр содержимого документа
«“Экономика және бухгалтерлік есеп пәндері бойынша білгерлер сайысы”»

Іскерлік ойын сценариі

Тақырыбы: “Экономика және бухгалтерлік есеп пәндері бойынша білгерлер сайысы”

Мақсаты: : танымдық қабілеттерді дамыту, ой-өрісті кеңейту, ойлануды, танымдық белсенділікті дамытуға жағдай жасау, ұжымдағы жұмысқа икемділіктерін қалыптастыру.


Барысы.

1) Құрамында 3 оқушы болатын 3 топ қатысады (Әрбір топ белгілі бір кәсіпорынды ашып көрсетулері тиіс).

2) Топ басшысы сайланады.

3) Қорытынды шығару үшін оқушылар арасынан қазылар алқасы сайланады.

4) Ойын басталар алдында қатысушылармен қазылар алқасын таныстыру.

1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі біздің сайысымыз “Экономика және бухгалтерлік есеп пәндері бойынша білгерлер сайысы”деген тақырыппен өткізіледі.

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді.

Сайыс VI айналымнан тұрады.

1 туры :Өзіңдік көрсете біл!

2 туры: «Мені түсін».

3 туры: «Жорға».

4 туры «Ойлан тап».

5 туры: «Ғажайып бестік»

6 туры: «Қызықты жағдаяттар»


2 жүргізуші:

Армысыздар ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан студенттердің
Сәті келді сыналар.

Бармысыңдар қатысушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін естіп тұрып
Оқығанын миға тоқушылар.


Әділқазылар мүшесімен таныстырып кетейін:


1 жүргізуші:

Кәнекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Экономика жайында
Сайысты біз бастаймыз


2 жүргізуші:

Құрметті оқытушылар мен студенттер! Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған үш топқа қол соғып қошемет көрсетейік!
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың
«Өзіңді көрсете біл» 1-ші айналымын бастайық! Сөз кезегін топтарға береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)


1 жүргізуші: Құрметті әділқазылар 1 турдың бағасын беріңіздер!

Жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен – дей отыра келесі кезеңді бастайық.


ІІ айналым. Мені түсін. Экономикалық терминдер жазылған бірнеше тапсырма картасы ұсынылады. Конкурсқа әрбір команда мүшесі қатысады.

Тапсырма: 30 секунд ішінде тапсырма картасында жазылған сөзді түсіндіру қажет. Жауабын тапқан қатысушы үш тілде айтуы керек.Дұрыс жауап 5 ұпай.

2 жүргізуші:

Кезекті енді сайысшыларға берелік,
Білімдерін жас өреннің көрелік,
Айтқан ой мен тапқан есеп еңбек бұл,
Әділ қазы әділ баға берелік


1 жүргізуші:( 2тур аяқталған соң,әділқазыларға)

Әділқазылар алқасынан 2 турды бағалауын сұраймыз

2жүргізуші


Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын.

ІІІ айналым. «Жорға».

Сұрақтар саны 10, ойлануға 5 секунд, дұрыс жауапқа 5 ұпай. Үш топқа қойылатын сұрақ мәтіні әртүрлі.

1 Ұяшық сұрақтары:

  1. Екі жақты баланстың сол жағы қалай аталады?

  2. Жойылу балансы қандай мақсата қүрылады

  3. Жарғылық капитал баланстың қай жағында көрсетіледі?

  4. Реттеуші баптардан тұратын баланс қалай аталады?

  5. Баланс активі неше бөлімдер санынан тұрады?

  6. Субъектінің шаруашылық қызметі неше процестен тұрады?

  7. Есепте салмақ, ұзындық, көлем, алаң өлшемдері объектілерін есепте көрсетуге арналған өлшегішті ата

  8. Шаруашылық әрекеттерінің ықпалынан бухгалтерлік баланс өзгерістерінің неше типтері бар?

  9. Дебиторлық қарыз баланстың қай жағында көрсетіледі?

  10. Орындалған шаруашылық әрекеті немесе оны орындауға шешім қабылдау туралы жазбаша куәлік бұл-

2 Ұяшық сұрақтары:

  1. Екі жақты баланстың он жағы қалай аталады?

  2. Кіріспе балансы қандай мақсата құрылады?

  3. Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі баланстың қай жағында көрсетіледі ?

  4. Реттеуші баптарсыз баланс қалай аталады?

  5. Баланс пассиві неше бөлімдер санынан тұрады ?

  6. Сатып алушылардың өнім үшін қарызы, негізгі құралдар баланстың қай жағында көрсетіледі ?

  7. Ұзак мерзімді міндеттемелер баланстың қай жағында көрсетіледі

  8. Шаруашылық есептің түрлері ата

  9. Орындалған жұмыс уақытын өлшеу үшін қандай өлшегіш қолданылады?

  10. Бухгалтерлік есеп пәнін зерттейтін тәсілдер мен амалдар:

3. Ұяшық сұрақтары:

  1. Бухгалтерлік есеп пәнін игеруге көмектесетін тәсілдер мен амалдар жиынтығы-бұл.

  2. Активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға азаяды. Баланс валютасы да сол сомаға азайса шаруашылық әрекеттерінің нешінші типі?

  3. "дебиторлар" сөз латын тілінен қазақ тіліне аударғанда қандай мағына береді ?

  4. Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму көзеңін неше негізгі көзеңге бөліп қарастырады

  5. Қазақстан Республикасында ақшалай өлшем бірлігі

  6. Есеп беруге тиісті тұлғалардың қарызы баланстың қай жағында көрсетіледі ?

  7. Баланстың мынадай өзгеріс типтерін тудыратын шаруашылық әрекеттерін жүргізу барысында баланс жиыны өзгереді:

  8. Бухгалтерлік есеп әдісінің негізгі элементтерін ата

  9. Ең алғаш екі жақты бухгалтерияның тәжірибелі есеп кітаптары кай қалада басылды.

  10. Халық шаруашылығы қандай салалардан тұрады?

1 жүргізуші

Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше әліңіз
Алғырлар мен тапқыштар,
Бар өнерін салады.
Білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.



1 жүргізуші:( 3тур аяқталған соң,әділқазыларға)

Әділқазылар алқасынан 3 турды бағалауын сұраймыз


2жүргізуші

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та,
Біреу озық келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады қапылыста.

4 турды бастаймыз

ІV айналым. «Ойлан тап» Бұл айналым екі кезеңнен тұрады.

1-кезең- Көңіл толқулар

Кілтсөздерде сөздер шифрланады. Рубус

Тапсырма: шифрланған сөзді шешу. Әр дұрыс жауап үшін - 1 ұпай

2 кезең- Ассоциация Командаларға бірнеше сөз тапсырылатын карталар ұсынылады.

Тапсырма: тапсырма картасында жазылған сөзге 4 ассоциация жазу керек. Топ 30 секунд ішінде барлық ассоциация болжауға тиіс. Ең көп ұпай саны - 5 ұпай

1 жүргізуші:( 4тур аяқталған соң,әділқазыларға)

Әділқазылар алқасынан 4 турды бағалауын сұраймыз


V айналым. «Ғажайып бестік».

Санат таңдауды ІV айналымда көп ұпай жинаған топ таңдайды. Әр санатта 5 сұрақтан. Жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі топ жауап береді. Дұрыс жауап 10 ұпай.

1 жүргізуші:( 4тур аяқталған соң,әділқазыларға)

Әділқазылар алқасынан 4 турды бағалауын сұраймыз


2жүргізуші


Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та,
Біреу озық келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады қапылыста.

Сәттілік тілеймін,бұл шешуші сайыста!


VІ – айналым. «Қызықты жағдаяттар»

  1. Бес жұмыртқа 12 минутта піседі, ал 10 жұмыртқа неше минутта піседі? (12 минут)

  2. Бір жанұяда 5 ұлдың бір - бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (6)

  3. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы қалды? (Түйеқұс ұшпайды)

  4. Ұшақ Шымкенттен Астанаға дейін 1сағ.20минут ұшады, ал кері қарай 80 минутта ұшады.Бұны қалай түсіндіресін. (тең)

  5. Үстелдің үстінде 3 алма жатыр. Оның екеуін алдың. Қолыңда нешеу қалды? (2)

  6. Көп үйрек ұшып келеді, екеуі артында , біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі ортасында, екеуі алдында , біреуі артында. Барлығы қанша үйрек? (3)

  7. Қайыңда 25 алма өсті. Бақшының келуі және олардың 5-і бүлінген, көршісінің ұлдары 7-і ұрлап, қатты жел соғып, 9-ы құлаған. Ағашқа қанша алма қойылады? Қайың ағашында алмалар өсе алмайды.

  8. Қай айда 28 күн бар? (барлық айда)

  9. Үстел үстінде екі адам отыр, бірі екіншісінің әкесі, бірақ екіншісі оның ұлы емес. Сонда кімі? (қызы)

  10. Екі қызы, екі анасы. Олар нешеу? (үшеу)

  11. Судың астында қандай тас болмайды. (Құрғақ)

  12. Бір тонна мақта ауыр ма, бір тонна мата ауыр ма? (Бірдей)

1жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау. –деп бүгінгі сайысымыздың қорытындысын жариялау үшін әділқазы алқасына сөз береміз.

Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.

2жүргізуші

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Қазақ еліміз,жеріміз көркейе берсін,білімді де дарынды жастарымыз көбейе берсін деп сайысымызды «Қазақ елі» деген өлеңмен аяқтауға рұқсат етіңіздер!


Қортынды сөз әділ-қазылар алқасына және оқытушыға ұсынылады.

Оқытушы бағасы







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!