СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Экскурсия – электротехника мен электрониканы оқытудың бір формасы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Summary

Changes in the system teaching electrotehnic and electronics in secondary educational institutions, of course, concerned and excursions. The article discusses purpose and objectives of excursions, also objects which can be make an excursion.

Белгілі бір тақырыптың мәнін ашу мақсатын көздейтін әрбір экскурсия студенттерімнің жан–жақты дамуына, белсенді және саналы қоғам құрушыларға айналуына  көмегін тигізеді. Демек, экскурсия – педагогикалық процесс, оған екі жақ: білім беретін экскурсия жетекшісі мұғалімі және сол білімді меңгеруші – студент-экскурсанттар белсенді қатысуы шарт.

 

Просмотр содержимого документа
«Экскурсия – электротехника мен электрониканы оқытудың бір формасы»

ЭКСКУРСИЯ – ЭЛЕКТРОТЕХНИКА МЕН ЭЛЕКТРОНИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ БІР ФОРМАСЫ

Дуйсенбаева А.А. – магистр, оқытушы

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі, Алматы


Резюме

Изменения в системе обучения электротехники и электроники в средне специальных образовательных учреждениях , естественно, коснулись и экскурсий. В статье рассмотрены цель и задачи экскурсии, а также обьекты, которые можно провести экскурсию.


Summary

Changes in the system teaching electrotehnic and electronics in secondary educational institutions, of course, concerned and excursions. The article discusses purpose and objectives of excursions, also objects which can be make an excursion.



Жарық дүние !

Мың сәлем жарықтарға !

Жарықты кімдер қалай парықтауда...

Күн мен түннің арасын жалғастырып,

Бір жарық ән көгімде қалықтауда.


Бақ құсы ма басыма танып қонған,

Өлең менен өрлерде қалықтаған.

Бес күн жалған дүниенің жарығына,

Келіп қалған екенбіз «жарық» болып.


Сыйлашы жарық, айналаңды нұрландырып,

Сонда ғана жоғалады қараңғылық!

Кино – техника мен өнердің туындысы

Жарықсыз кино түспес таңқаларлық!


Кинотеатр аумағында жарық рөлі орасан
Нұрына оның миллион бояу ойнаған,
Жарық дүние-ай!
Жарығың неткен жақсы еді?

Шәкіртімнің көз жанарын жайнатсам,

Басқа мақсат бар ма енді?

-Ия, Кино әлемінің жарықсыз сәні кірмес!

Электротехника және қорек көздері пәнінің оқытушысы ретінде Жарық жайлы өлең оқу заңдылық деп ойлайық! Бүгінгі педагогикалық оқуда киноиндустрия мамандарына осы пәндерді оқыту барысында мен тиімді пайдаланып жүрген әдіске тоқталсам.

Экскурсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылыстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы. Менің қолданысымдағы экскурсиялар оқу жұмысын жандандырады, студенттердің ғылымға деген құштарлығын арттырады, олардың білім құмарлығы мен талаптылығын күшейтеді. Киноиндустрия мамандарына электротехника мен электрониканы оқудың қандай маңызы бар екенін, мамандықты игеруде, ары қарай оқытылатын арнайы пәндерді зерделеуде алғашқы кәсіби пәнді қызығушылықпен оқу керектігін экскурсия арқылы жеткізіп аламын.Бұл әдісті мен 5 жыл көлемінде тиімді пайдаланып келемін. Оқу процесінде алатын орнына байланысты экскурсияларды үш түрге жіктеп қарастырамын: алдын–ала өткізілетін, ілеспелі, қорытындылау мақсатында өткізілетін экскурсиялар.

Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар – студенттер 2 курсқа келісімен кинотеатрға саяхат жасаудан басталады. Жаңа пәнді оқытудың алдында қажет болатын білімді жинақтауын көздейді. Яғни қорек көздері қандай болады, кинотехникалар қандай тоқ көзімен жұмыс жасайды, жарық қайдан алынады, қалай түрленеді, залдағы жарықтың түрлі түске боялуы қандай электронды аспаптардың көмегімен жүзеге асырылады деген сұрақтарды, проблеманы туындатуға тырысамын.Бұл студенттердің жаңа тақырыпты өту барысында сол сұрақтарға жауап іздеуі арқылы қабылдауын жеңілдетеді.

Қорытынды экскурсиялар – Тарауды аяқтап, өтілген материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара.

Ілеспелі экскурсиялар – өтілген үлкен тақырып бойынша ұзақ процеске енгізіледі, әңгіме үшін тіректік материал беретіндей болып, жеке мәселелерге ілестіріліп жүргізіледі, оны сипаттайды.

Экскурсияның мақсаты – экскурсиялық обьектілерді көрсету. Мен обьект ретінде Алматы қаласының Nomad, KinoPark, Chaplin,StarCinema кинотеатрлары, LG Electronics зауыты және Алатау Жарық компаниясының подстанцияларын алдым.

Егер экскурсияда құбылысты көрсетулер болмаса ол экскурсия болудан қалады, ол кәдімгі лекцияға немесе әңгімеге айналады. Керісінше, түсіндірме берілмеген экскурсия мақсатсыз саяхатқа айналады, оның білім алуға әсері шамалы. Тәрбиелеу мен білім беру формасы іспетті экскурсияға тән ерекшелік – құбылысты көрсету мен айтып беруді ұштастыру. Яғни экскурсия – көрсету, талдау жасаумен, түсінік, ғылыми анықтама берумен қатар жүргізіледі. Экскурсияға қатысушы студенттің көргені, оқытушының әңгімесі арқылы оның санасында белгілі бір оқиғаларға, құбылыстарға, фактілерге, процестерге нақты тұжырым жасалып, жадыда мәңгі сақталады.

Экскурсия орнын таңдағанда, бірінші кезекте, оның экскурсия тақырыбын ашып көрсетудегі маңызына көңіл бөлемін.

Экскурсия кезінде жетекші рөлді оқытушы атқарады. Экскурсия кезінде қауіпсіздік техникасының ережесі қатаң сақталуы керек.

Төменде бағдарламаның жекелеген бөлімі бойынша экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер көрсетілген (1 - кесте).

1 – кесте

Курс

Бағдарлама бөлімі

Экскурсия жасалатын обьектілер

2

Кіріспе. Электротехника және электроника шығу тарихы, маңызы, ролі.Радиоэлектроника саласының дамуы

Кинотеатр желілері


Қорек көздері

Кинотеатр желілері


Қауіпсіздік техникасы, өрт сөндіру құрылғылары, алғашқы көмек

Өрттен қорғау депосы.

3

Бір фазалы және үшфазалы тоқ

Колледж ғимаратын электрмен қамтамасыздандыру жүйесі.Жөндеу шеберханасының дәнекерлеу бөлімі.


Электрлік құбылыстар.

Алатау Жарық компаниясының подстанциялары


Электромагниттік құбылыстар.

ТЭС, Алатау Жарық компаниясының подстанциялары

2

Электроника. Ээлектронды аспаптар

LG Electronics зауыты

Обьектілерге экскурсия жасалғаннан кейін студенттердің білімдерін тексеру, бекіту мақсатында тақырып бойынша пікір алмасулар, есептер шығару, презентация қорғау, бейнероликтер түсіру болады. Жылына 2-3 рет жинақталған материалды талқылау,пікір алмасу мақсатымен колледж қабырғасынан тыс, жастар орталықтарында конференция өткізуді дағдыға айналдырып келемін. Мысалы биылдың өзінде Жастар орталығы DepoPark, Nurly Tau Бизнес орталығының конференц залын жалға ала отырып, әдемі мағыналы кездесулер өтті. Мұндай әрекет етуімнің себебі неде? Себебі мен сабақ үстінде студенттердің жасықтығын, ел алдында сөйлеу дағдысының қалыптаспағандығын, өз өзіне сенімсіздігін жиі байқаймын. Сол себепті осы комплекстерді жеңдіру үшін, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және баланы жан жақты ашу үшін осындай қадамға барамын. Сонда студенттердің ойында материал терең бекіп, ұзақ сақталады. Көзделген мақсаттарға жету – менің педагогикалық ұстанымымның дұрыстығын дәлелдейді .

Белгілі бір тақырыптың мәнін ашу мақсатын көздейтін әрбір экскурсия студенттерімнің жан–жақты дамуына, белсенді және саналы қоғам құрушыларға айналуына көмегін тигізеді. Демек, экскурсия – педагогикалық процесс, оған екі жақ: білім беретін экскурсия жетекшісі мұғалімі және сол білімді меңгеруші – студент-экскурсанттар белсенді қатысуы шарт. Сондықтан экскурсияның әдісі педагогика жасаған принциптерге, формалар мен әдістерге, сондай-ақ психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеді. Экскурсияның бұл екі құрамдас бөлігі бірінен бірі туындап, белгілі бір көрсету обьектілерінің болуын сөзсіз талап етеді. Экскурсияда түсінік пен ұғымның негізі көрнекілік принципі болғандықтан, құбылысты көрсету бірінші орынға қойылады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Емельянов Б.В. Экскурсоведение: учебное пособие. – М., 2002. – 145 с.

2. Загурская С.Г., Тихонова Т.Ю. Разработка экскурсионных маршрутов для школьников: учебное пособие. - М., 2014 – 96 с.

3. Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен әдістемесі. 2012


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!