СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Место работы

Алматинский государственный политехнический колледж

Обо мне

«Мен жаңашыл педагогпын».

                                                                                Мен сенімдімін, ақылдымын.

                                                                                 Арманның қиялынан таңдағанмын.

  “Ұстаз” деген ұлы істің мәнін біліп,

   Өміріме діңгек қып таңдап алдым.

 

    Мен,I санатты арнайы пән оқытушысы Дуйсенбаева Әсем Аманжанқызы 77 жылдық тарихы бар ордалы оқу орны Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде  ұстаздық қызметін абыроймен атқарып келемін. Бүгінгі таңда талпынысқа толы XXI ғасыр талабына сай жаңашыл ұстаздың бірімін. Алға үмітпен талпынған жаңа ашылулар. Жаңа технологиялар. Жаңа білім.

     Заманауи ұстаз – өмірді жақсы жаққа өзгертуге талпыну, студенттерге сену, жаңа идеялар үшін көп еңбектену, өз қатесін мойындаудан қорықпау деп түсінемін. Өз ісінің шебері деп XXI ғасыр ұстазын айта аламын. Заманауи оқытушы – зерттеуші, студенттердің ғылыми жетекшісі. Студенттерге үйрете отырып, өзім де біліміді шыңдап келемін. Оқытушы заман талабына сай жаңа ұрпақтың қызығушылығын түсінгенде ғана, екі арада рухани байланыс орнайды. Рухани байланыс орнағанда студенттер  менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен жауап береді. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – менің қанымда бар қасиет.Сол қасиетімді шәкірттеріме дарыту, көшбасшылық қабілеттерін ояту - басты  мақсатым.

Мен заман талабына сай білім деңгейімді көтеріп, әрбір іс-әрекетімді асқан жауапкершілікпен атқарып, жинаған тәжірибемді жұмыс барысымда қолданып, таратып келемін. Атап айтсам, «Өрлеу» ҰБАО , «High Tech for Human» және «DIGISЕ» оқу орталықтарында,Samsung инновациялы Академиясында, Fujitsu оқыту Академиясында,  «Кәсіпқор» холдингі, «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің Республикалық  ғылыми-әдістемелік»  орталығы ұйымдастырған курстардан біліктілігімді арттырып отырдым. Егер де қолым өз еңбегіммен нәтижелерге жетіп жатса, атап өтсем студенттерімнің ғылыми жұмыстарының нәтижелілігі, өзімнің Қалалық деңгейдегі «Абыройлы ұстаз», Колледж қабырғасындағы «Үздік оқытушы -2014», «Үздік оқытушы -2018», «Үздік оқу әдістемелік кешен -2018», Республикалық деңгейдегі «Үздік интерактивті сабақ-2015» кәсіби байқауларының жеңімпазы атануым ізденіс пен жаңашылдыққа ұмтылудың арқасы деп білемін.

 Міне, осы айтып отырғандарым – заманауи педагог қызметінің жемісі. Ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады.

Иә, мен ұлт мұраты, мемлекет пен халық мүддесін орындап, қоғамның рухани дамуына сай асыл құндылықтарға қол жеткізген мамандық иесімін. Мен -  ұстазбын!

                                      Дуйсенбаева Асем Аманжановнаның

 эссе түріндегі жұмыс жүйесінің сипаты

Рейтинг

Баллов: рейтинг1680.3 Место: место41477 (Подробнее)