СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары. Ғаламдық желі

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары. Ғаламдық желі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру. Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету; Дамытушылық:Оқушыларға интернетте ақпарат іздеу, электрондық байланыспен хабарды татату және қабылдау мүмкіндіктерін түсіндіре отырып алған білімдерін толықтыру, ой - өрістерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Компьютер. Интерактивті тақта Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру 2.Өткен материалды қайталау 3.Жаңа сабақты түсіндіру 4.Компьютермен жұмыс 5.Үйге тапсырма 6.Сабақты бекіту  

Просмотр содержимого документа
«Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары. Ғаламдық желі»

Күні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары. Ғаламдық желі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру. Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету;
Дамытушылық:Оқушыларға интернетте ақпарат іздеу, электрондық байланыспен
хабарды татату және қабылдау мүмкіндіктерін түсіндіре отырып алған білімдерін толықтыру, ой - өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Компьютер. Интерактивті тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Өткен материалды қайталау
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Компьютермен жұмыс
5.Үйге тапсырма
6.Сабақты бекіту
Өткен материалды қайталау сұрақтары
* Компьютерлік желі дегеніміз не?
* Жергілікті желінің қызметі қандай?
* Корпоративті және аймақтық желлер деген не?
* Шлюз деп нені атайды?
* Желілік құрылғыға не жатады?
* Желілік адаптердің қызметі қандай?
* Интернетке қандай анықтама беруге болады?
Жаңа сабақты түсіндіру
Ауқымды компьютерлік желі
Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желі аралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.
Көп жағдайда бағалы ақпараттар сақталатын мекемелердің компьютерлері ауқымды желіге қосылғанымен сыртқы тұтынушылардың өз желілеріне қосылуына рұқсат бере алмайды. Бұл жағдайда шлюздік компьютерлер қорғану қызметін атқарады. Бұндай компьютерлер брандмауэрлер деп аталады. Осы компьютер арқылы әкімшілік рұқсат еткен ақпарат ғана өтетін болады.
Миллиондаған компьютерлер байланысынан құралған ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Желідегі компьютерлердің Интернетке тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Серверлердің барлығы ТСР/ІР стандартты хаттамасын қолданады.
Компьютермен жұмыс
1. Желіде жұмыс істеу
2. Электрондық поштамен жұмыс
Сабақты бекіту сұрақтары
* Ауқымды желі дегеніміз не?
* Брандмауэрлер дегеніміз не?
* Интернетке қандай анықтама беруге болады.
* ТСР/ІР хаттамасы қандай қызмет атқарады.
* Провайдер дегенімз не?
Үйге тапсырма: 8.5 – 8.6 тақырыптарды оқу.