Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу- кызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения: 29 караша 2019 жылы
Тәрбиеші/Воспитатель: Аллаярова Калима Ахметкалиевна
Білім беру саласы//Образовательная область: «Қатынас»
Пән/Предмет: «Сөйлеуді дамыту».
Тақырыбы: «Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру.
Окыту/обучающая: Президент күні туралы ұғымдарын қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымы мен өмір жолын үлгі етіп, балалардың ой – өрісін дамыту.
Билингвалдық компонент: Ту, елтаңба, әнұран.
Ресурстармен камтамасыз/ Ресурсное обеспечение: Суреттер, елтаңба, ту, слайд-шоу.
Үйымдастырылған оку қызыметінің барысы
1. Ұйымластырушылық көзені/организационный момент.
- Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы: «Елін бастаған – Елбасы»
- Балалар, барлығымыз бірге әнұранды орындаймыз.
2.Негізі бөлімі/основная
1.Әңгіме жүргізу.
-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Иә, біз ірі жер көлемі бар мемлекетте тұрамыз. Дүние жүзінде 9-шы орында.
- Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
- Біздің елбасымыз кім?
- Ия, балалар, біздің бүгінгі сабағымызда Нұрсұлтан атамызға арналмақ. Себебі 1-ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн.
Ал Нұрсұлтан атамыз қандай болған?
Оны білу үшін теледидарға назар аударайық. (Теледидардан Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзі қойылады).
Саяхат. Нұрсұлтан атамыз туралы көбірек білу үшін балалар, жұмыс жасаған қалаларға саяхат жасайық. Қане барлығымыз ұшаққа отырамыз.
- Алғашқы жұмыс қадамын Нұрсұлтан атамыз Қарағанды қаласында бастаған.
Осы Қарағандыда не бар?
Кенші атаның ескерткіші орналасқан бұл қала көмірге бай.
- Қазір балалар Елбасымыз қай қалада тұрады?
- Бұл қала біздің елордамыз.
- Ал Нұрсұлтан қалада не бар?
- Ия, байтерек, ақорда, т.б. бар.
- Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов. ҚР Мемлекеттік әнұраны сөзін жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. – Жарайсыңдар балалар, шаршап қалған болармыз. Сергіту сәтімен бірге сергіп алайық.
2.Сергіту сәті
Балалар слайдтағы балалармен біге «Қазақ жігіттері»әніне билейді.
– Балалар елбасымыз, Отан туралы кім тақпақ айтып береді?
1.Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
2.Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.
3.Мұндай шаттық сыйлаған,
Ұлттың бәрін жинаған.
Құтты болсын мерекең
Елбасымыз Нұр ата.
– Жарайсыңдар балалар.
ІІІ. Қорытынды
Әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Біздің Қазақстан өте үлкен, көп ұлтты мемлекет. Бәріміз бір үлкен жанұямыз, бір-бірімізді сыйлап, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Сондықтан біз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, қорғауға тиістіміз.