Психологиялық ахуал | Табиғат сен - тіршілік тұнып тұрған, Сен - күнсің, көтеріліп күліп қырдан. Сен - көлсің, сен ормансың, сен бұлбұлсың, Адамға сұлулықты сен ұқтырған. | Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту:
| Төрт түлік пірлері атауымен топқа бөлу (Шопан ата, Зеңгі баба,Ойсыл қара, Қамбар ата,) Үй тапсырмасын сұрау. «Еліміздің егіншілік шаруашылығы» «Бес жол өлең » әдісі 1.Зат есім – егін 2.Сын есім - -азықтық, бағалы 3.Етістік - - -өседі, гүлдейді, қолданады. 4.Сөз тіркесі - - - - жылылықты жақсы көретін өсімдік. 5.Синоним – өсімдік. Талқылауға арналған сұрақтар: Төрт түлік малға қандай жануарлар жатады? Төрт түлікке байланысты мақал-мәтел, жұмбақ, тыйым сөздер айт. Мал терісінен қандай бұйымдар жасайды? Мал шаруашылығымен айналысудың қандай пайдасы бар? |
Мағынаны тану
| Жұмбақ жасыру. «Ер қанаты» аталатын жануар (жылқы) Мойны ұзын, үсті тау, ертеден елге енеді. (түйе) Тқрт бұлағы сүт, баға білсең құт (сиыр) Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоңы бар (қой) Осы жұмбақтардың шешуіне назар аударсақ, ненің атауы шығып тұр? Дұрыс, төрт түлік мал атауы. Ендеше, біз өтетін сабағымыздың тақырыбын айқындадық. Бүгінгі тақырыбымыз: «Еліміздің мал шаруашылығы». Оқулықпен жұмыс «Еліміздің мал шаруашылығы» мәтінін өз беттерінше оқу. Мал шаруашылығы.Біздің республикамызда қой,жылқы,ірі қара мал,түйе,құс тағы басқа мал шаруашылығының салалары жақсы дамыған.Адам баласы мал өнімдерін тағам,киім ,тұрмыстық заттар, әшекейлер, дәрі –дәрмектер жасауға қолданады. Қой шаруашылығы-Қазақстанда мал шаруашылығының ең жақсы дамыған саласы.Қойдан ет,сүт, май,тері және жүн алынады. Жылқы шаруашылығы-мал шаруашылығының маңызды саласы.Қазақтар жылқы малын қашан да қастерлей білген.Жылқының еті жоғары бағаланады,оның сүтінен емдік қасиеті бар қымыз дайындалады. Түйе шаруашылығы. Қазақстанның шөлді және шөлейт аймақтарында кеңінен таралған.Түйе-өте күшті, төзімді жануар.Оларды әр уақытта шөлді жерлерде жүк тасуға пайдаланған.Адамдар оның етін,сүтін,жүнін пайдаланады.Сүтінен құнарлы емдік сусын-шұбат әзірленеді.Жүнінен жылы киім тоқиды,көрпе жасауға пайдаланады.Ең сапалы киімдер түйе жүнінен дайындалған жіптен тоқылады Төрт түлік мал туралы қосымша мәліметтер: Қой – төрт түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, киіз үй жабындылары, еденге төселетін киіздер – бәрі де қойдың жүнінен жасалады. Сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар: құрт, ірімшік, май, қаймақ, айран, т.б. Сиырдың еті де дәмді болады. Жылқы мінсе көлік, сойса ет. Жылқыны көлік ретінде кеңінен пайдаланады. Оның еті өте дәмді. Қазы-қарта, жал-жая, қымыз адамға өте пайдалы, емдік қасиеті де бар. Түйенің сүті шұбат деп аталады. Шұбат әрі сусын, әрі тамақ, емдік қасиеті де бар. Өзге жануарлардан ерекшелігі – шөл мен аштыққа төзімді. |