СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 желтоқсан тұңғыш президент күніне арналған тәрбие сағаты

Просмотр содержимого документа
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Мектеп: ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«№48 мектеп – қосымша білім беру орталығы»КММ



Мұғалімнің аты-жөні: Самекенова А.Б

Сынып: 7 «В»

Тақырыбы:

« Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»

Күні:30.11.21ж

Қатысқандар

Қатыспағандар

Мақсаты:

- білім алушылардың Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның Қазақстанның дамуына қосқан зор үлесі туралы білімін кеңейту және тереңдету;

- білім алушыларда Елбасы үлгісінде отансүйгіштікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі:

Диалогтық,топтық

Көрнекіліктер

интерактивті тақта, «Қазақстан», «Елбасы», «Көшбасшы» сөздері жазылған қима қағаздар

Сабақ кезеңдері

Іс – әрекет кезеңі

Ұйымдастыру кезеңі

1) Сәлемдесу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті балалар! 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпаны, еліміздің көреген көсемі, сарабдал саясаткер, ел үшін аянбай тер төккен тұңғыш Президентіміздің өмір жолы туралы мағлұмат аламыз.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы».

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Оқушылармен сабақтың мақсатын талқылау.

- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енген. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Әнұраны  орындалады)

Топқа бірігу

1 - топ «Елбасы»,

2 - топ «Көшбасшы»


3 - топ «Қазақстан»

Негізгі бөлім




























































































Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген Елбасы»атты ашық сынып сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

-Н.Ә.Назарбаев кім? Ол туралы не білесіңдер?

- Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

II КЕЗЕҢ (25 минут)

Мұғалім: Президент күні – мемлекет мерейі. Оның үстіне мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау, егемен елдің іргетасын қалаған тұлғаны ардақтау әрбіріміз үшін парыз.


Елбасы туралы шағын бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар «Түртіп алу» әдісі арқылы маңызды ақпараттарды белгілеп отырады.

  1. Елбасы болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  1. Елбасы Н. Назарбаевқа қандай сипаттама бересіңдер?

  1. Елбасының еңбек жолы туралы не білесіңдер?

(Оқушылар бейнероликтен көрген ақпаратты негізге ала отырып, сұрақтарға жауап береді).



1 тапсырма.


Постер құрастыру, Блум таксономиясы.
Елбасы туралы не білесің?

Кестені толтыр

Кім?

Қашан?

Қайда?

Қалай?

Қандай?



3-тапсырма: Елбасы тұлғасына суреттеме









3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс

«Таңдап ал» әдісі арқылы оқушы өз қалаған тапсырмасын орындайды:

Елбасы туралы ән айту;

«Елбасы жолы – ұрпаққа өнеге» тақырыбында қысқаша эссе жазу;

«Тәуелсіздік» тақырыбында сурет салу;

Елбасыға арнап өлең шығару.


Ән «Көк тудың желбірегені» әні


Кері байланыс: тақырыпты толық ашу қағидаты бойынша ауызша бағалау


Мұғалімнің сөзі

20 наурыз, 2019жылы Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарған 78 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдемесінде " Бүгін баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының президенті ретіндегі өкілетімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым деп Назарбаев "сайлау кезінде сенген" халыққа алғыс айтты. Ол "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін айтты.

Біздің қазіргі жаңа президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев



Қорытынды бөлім

«Мен Президент болсам немесе менің тілегім!» (5 мин)

Тақтаға «Күн» суреті ілінеді. Өз тілектері мен құттықтауларын күн сәулелеріне жазып, күннің айналасына орналастырады. (Алғашқы жазып болған бірнеше оқушының жауаптарын оқыту)



Кері байланыс.

Бүгінгі сабақтан қандай ақпарат алдың?

Бүгінгі сабақтан не ерекше есіңде қалды? Неліктен?Тұңғыш Президенттің ұлағат сөзін қайталап айтып бере аласың ба?















ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«№48 мектеп – қосымша білім беру орталығы»КММ













« Елі сүйген,

елін сүйген Елбасы»































7 В сыныбы

Самекенова А.Б




2021 жыл, 30 қараша






Қызықты деректер

1. Нұрсұлтан – ата-ананың тілеуімен туған бала. Анасы Әлжан Әбішке тұрмысқа шыққаннан кейін бес жылға дейін құрсақ көтермей, Алладан бала тілеумен болады. Шын тілекті Алла берсе керек, көп ұзамай, Әлжан ана түс көреді. Түсінде теңіз түбінен мылтық тауып алып, оны күйеуі Әбішті қуантайын деп асынып алғанын көреді. Ояна келе ет жақын ағайындарына жорытқанда, олар «Түсің жақсы екен. Құдай сендерге ұл берер» дейді. Көп ұзамай дүниеге Нұрсұлтандай ұл келеді.

Бейнеролик көрсетіледі (Назарбаевтің анасының түсі)

2.Туған жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6- шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында туылды. 

3. Елбасының әкесі Әбіш бағбан болған Әбіш – бір ағаш пен екіншісін будандастарып түрлі жеміс ала беретін бау-бақшаның нағыз білгірі болған. Әкесі туралы Нұрекеңнің өзі: «Жұрт біздің баққа келіп, керемет өсіп тұрған таңғажайып жемістерді немесе бір жағында кәдімгі апорт алмасы, екінші жағында уылжыған алмұрт пісіп тұрған ағашты тамашалайтын. Әкем өсірген ондай жемістерді кейін еш жерде көрген емеспін. Өзінің сүйікті сортты алмасы – апортты ол келесі көктемге дейін бұзбай сақтайтын», – деп жазады өз естелігінде.  

4. Елбасымыз музыканы бала кезінен жақсы көрген. Кішкентай кезінен мандолин, баянда ойнай білген, домбыра тартқан. Әнді де жақсы айтады, қоңыр дауысы бар. 

5. Әлжан – дұғасы қабыл болған ана. Ислам дінінде ата-ананың балаға жасаған дұғасы Алла тарапынан сөзсіз қабыл болатын дұғалар қатарына жатады. Тұңғышының тілеуін тілеген ана Нұрсұлтанның кішкентай кезінде «Жарығыма ғұмыр бер!» деп тілеп отырса, кейін Теміртауға кеткенінде: «Ей, Алла! Сұлтаныма амандық, саулық бере гөр! Жұлдызын жарық қыла гөр! Өзіңе тапсырдым, Алла» деп дұға етпей ұйықтамайды екен. 

6. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. 

7.Елбасы – ақын. Оның суырып салатын қасиеті бар. Ал өлеңдерімен тек жақындары ғана таныс болса керек. Халық назарына әлі ұсыныла қойған жоқ. Жұрт тек «Елім менің», «Үш қоңыр» секілді әнге айналған өлеңдерін біледі.

8. Елбасы – құралайды көзге атқан мерген. Елбасымыз аң аулағанды, саят құрғанды жақсы көреді. Әрі оның мергендігі туралы түрлі аңыздар бар. Бірге оқыған досы, белгілі заңгер, Мақсұт Нәрікбаев ол туралы:сұхбатында «Бір жолы атқан оғының жарты шақырым қашықтықта тұрған жануардың жүрек тұсынан дәл тигендігін көрдім. Тек хас мерген ғана осылай ата алады ғой», – деген

9. Елбасы – шебер шаңғышы. Бала кезінен шаңғыны жақсы көрген Нұрсұлтан Үшқоңырдың биігінен, небір қиын жолсыз жерлермен сырғанағанда алдына жан салмаған екен

10. Назарбаев – альпинист. Ол тау баласы болғаннан кейін бе, альпинизмге қатты құмартқан. Кішкентай күнінде Үшқоңырдың тау-тасын жиі аралап кетеді екен. Кейін Президент болғаннан соң да кәсіби альпинистерге ілесіп, бірнеше шыңды бағындырған. Соның ішінде теңіз деңгейінен 4010 м биіктіктегі Абай шыңының орны ерекше. Бүгінде Алматы маңында Нұрсұлтан шыңы бар. 

11. Елбасы – гольф шебері. Елбасымыз Хайнань аралдарындағы демалыстарының бірінде гольф ойнау шеберлігімен жергілікті халықты қатты таңғалдырыпты. Гольф допшасын бастау алаңшадан көмбе алаңшадағы шұңқырға бір ұрғаннан кіргізген. Таңдайларын қаққан қытай мамандары сол жерге ескерткіш те орнатпақ болған көрінеді.

12. Мәдинада үш ай жаумаған жаңбыр, біздің Елбасымыз барған уақытта жауған. Арабтар мұны ерекше жағдайға балап, оған өзгеше құрмет көрсетіп, алтын тысты Құран сыйға тартқан. Тіпті есіміндегі «Нұр», «Сұлтан» сөздерінің араб тілінен алынғанына назар аударып, риза болысқан.  

13. Нұрсұлтан Әбішұлы – әзілқой адам. Ол кісімен дастархандас болған көптеген адамдар естеліктерінде Елбасымыздың ерекше әзілқой адам екендігін айтады. Әсіресе еркін отырыстарда әзіл айтып, айналасындағыларды күлдіріп, көңілдерін көтеріп отырады екен.

Керемет, елбасымыз туралы қаншама қызықты деректермен таныстық.

Бейнеролик көрсетіледі




Саяси кезең

Жылдар бойынша елеулі оқиғалар

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
1995 жыл 30 тамыз- Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады. 

1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды, 
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
Әнұранның авторы Шамші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжмебенов, Нұрсұлтан.Назарбаев

2019жыл 9 маусымда Жаңа президент Қасым- Жомарт Тоқаев сайланды

Сыныппен қорытындылау


3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс

«Таңдап ал» әдісі арқылы оқушы өз қалаған тапсырмасын орындайды:

Елбасы туралы ән айту;

«Елбасы жолы – ұрпаққа өнеге» тақырыбында қысқаша эссе жазу;

«Тәуелсіздік» тақырыбында сурет салу;

Елбасыға арнап өлең шығару.


Кері байланыс: тақырыпты толық ашу қағидаты бойынша ауызша бағалау


III КЕЗЕҢ (10 минут)


Кері байланыс. «3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспект;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Мұғалім сабақты қорытындылайды.



Ән «Көк тудың желбірегені» әні





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!