СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Еңбек қорғау жағдайындағы көктемгі, күзгі тексерулер жүргізу ережелері

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Темір жол көліктерінің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – саладағы ең басты мәселе.

Просмотр содержимого документа
«Еңбек қорғау жағдайындағы көктемгі, күзгі тексерулер жүргізу ережелері»

Еңбек қорғау жағдайындағы көктемгі, күзгі

тексерулер жүргізу ережелері

Темір жол көліктерінің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – саладағы ең басты мәселе. Қазақтың сайын даласына домбыраның қос ішегіндей болат жол тартылғаннан бері бұл мәселе өзектілігін де, өміршеңдігін де жойған емес, жоймақ та емес.

Қыстың сары шұнақ аязында, жаздың қапырық ыстығында темір жол бойында еңбек ету былайғы жұртқа азап көрінгенімен, салаға жүрек қалауымен келіп, темір жолдың әр тетігінің тәсіл – тәмсілін түйсігіне тоқып, тірлік қылған темір жолшылардың жұмысқа еттері үйренген.

Тексерулерді ұйымдастыру:

  1. Көктемгі, күзгі еңбекті қорғаудың жағдайына тексеру жүргізудің мақсаты қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді анықтау және жою, жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайларын үнемі жақсарту, өндірістік жарақттанушылық мен сырқаттанушылықтан сақтандыру болып табылады.

  2. Еңбекті қорғау жағдайына тексерулер жыл сайын өткізіледі: көктемгі – сәуір – мамырда, күзгі – қыркүйек – қазанда.

  3. Еңбекті қорғаудың жағдайына көктемгі, күзгі тексерулер жүргізілудің мерзімін Компания басшысының бұйрығымен (Компания депортаменті мен басқармасы басшысының, Қоғам президентінің ұсынысы бойынша), Компанияның, Қоғамдардың филиалдарында – филиал директорының бұйрығымен белгіленеді.


Күзгі тексеруді әзірлеу мен өткізу кезінде еңбекті қорғау объектілерінің қыс жағдайларында жұмыс істеу даярлығының сапасына және мына жұмыстардың орындалуына ерекше көңіл бөлінеді:

1) жолаушыларға қызмет көрсетумен байланысты перрондар мен құрылыстарды дайындау;

2) қар жинағыш техниканы жұмысқа дайындау;

3) стрелкаларды механикалық тазалау, пневматикалық пошта, тоқалу нүктелері құрылғыларының түзулігі;

4) поездардың жақындауынан сигналбергіштердің жұмысқа қабілеттілігі;

5) жылыту пункттерінің дайындығы;

6) қауіпті жұмыс орындарының жарықтылығы және қоршауларының жағдайы;

7) қызметтік өтпелер маршруттарының жағдайы;

8) дауыс зорайытқыш байланысы, маневрлік тепловоздар радиобайланысы іс-әрекетінің тиімділігі;

9) жылыту, қақпалар мен жылу қалқандары жүйелерінің дайындығы;

10) қызметкерлерге жылу сақтайтын киімдер беру;

11) алғашқы рет қыстаушылардың тізімінің болуы, оларды оқыту және білімдерін тексеру;

12) крандардың және кранасты жолдардың, жарыққалқандардың жағдайы;

13) электрлік шкафтардың, тарату қалқандарының жағдайы, электр қондырғылардың кілттерін беру және сақтау тәртібінің сақталуы;

14) газтолтырылған баллондарды сақтау тәртібі;

15) Жолдардағы тұрғын, тұрмыстық вагондардың, жұмысшыларды жұмыс орындарына тасымалдайтын автодрезиналардың және автокөліктердің дайындығы;

16) Адамдарды тасымалдауға арналған көліктік құралдардың жағдайы;

17) Әсіресе қозғалыс жылдамдығын реттеушілердің, маневрлік аудандар, сұрыптаушы парктер поезд құрастырушыларының, жүк аулалары аумақтарының жұмыс орындарының күтіп – ұсталуы;

18) Бір адаммен пайдаланылатын маневрлік тепловоздардың жағдайы;

19) Бір адаммен жұмыс істеуге машинистерді, құрастырушы бригадаларды іріктеудің тәртібі;

20) Қызметтік өтпелерді күтіп – ұстау;

21) Қар күртіктері, қызысу мұзы және жол аралықтарына мұзқатуы салдарынан пайда болған габаритсіз орындардың, жергілікті габаритсіз участкелердің болуы;

22) Радиобайланыстың іс – әрекетін, радиостанцияның түзулігін тексеру;

23) Құрастырушылардың, машинистердің және станцияның ауысымдық басшыларының араларында сөйлесулер регламентінің болуы және сақталуы;

24) Поездар мен локомотивтердің барлық жылжулары жөнінде станция жолдарында жұмыс істеп жатқандарды хабардар ету;

25) Қауіпті және разрядты жүкті беру маршрутының жағдайы, қозғалыс жылдамдығын көрініс жағдайларына сәйкес келтіру;

26) Бағыттамалық бұрмаларды және станция жолдарын қардан тазарту тәртібін сақтау;

27) Бір мезгілде көрші жолдармен поездарды өткізген кезде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін жол аралықтарындағы көрінбейтін аймақтардың участкелерін анықтау;

28) Темір жол өтпелерін ағымдық күтіп – ұстау;

29) Еңбекті қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

30) Он сегізге толмаған адамдардың және әйелдердің еңбек жағдайлары;

31) Медициналық куәландыруда ұйымдастыру және өту мерзімдері;

32) Жұмысқа қабылдау және шығару, қызметкерлердің еңбек және демалу режимін сақтау, мерзімнен тыс сағаттарға рұқсат беру.