Бөлім атауы | 1-бөлім. Көне түркі жазбалары және қазақ әдебиеті |
Сабақтың тақырыбы | 3-4 сабақ. Енисей,Талас, Орхон ескерткіштері |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т/А8.1.3.1-тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау. О8.2.3.1-мақала, аннотация құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. |
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: *күрделі сөздер туралы мағлұмат алады; *тілдік құралдарды қолданып, тезис жазады. |
Бағалау критерийлері | Күрделі сөздерді анықтайды. Тезис жазады |
Тілдік мақсаттар | Тезис, БҰҰ |
Дифференциация | Кейбір оқушылар көне түркі жазбалары және қазақ жазулары туралы ақпараттар жинайды |
АКТ қолдану дағдылары | Сабақ барысында оқушылар көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады. |
Алдыңғы білім | «Тоныкөк», «Күлтегін» жырлары және Орхон ескерткіштері туралы мәлімет береді |
Жоспар |
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | дереккөздер |
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтінге тақырып қояды және мәтінді жалғастырып жазады. 2-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрастырады. 3-тапсырма. Тіл тазалығын сақтау жолдарын қарастырып, сұраққа жауап беру | Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы» Слайдтар, кесте, маркер |
Сабақтың ортасы | Мағынаны тану 4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырады 5-тапсырма. Күрделі сөздерді қатыстыра отырып, шағын мәтін жазады. | |
| Бағалау критерийі | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | |
Т/А8.1.1.1-мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау | Дәйексөздерге сүйеніп, мәселені анықтайды | 4 | |
Сұраққа дәлелді әрі дұрысжауап береді | 3 | |
| Сөйлеу мәдениеті | 3 | |
Барлығы: | 10 | |
| Оқылым тапсырмасы. Топтық жүмыс орындалады Мұғалім нұсқаулығы Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрау. Оқу мақсаттарын оқушылар қалай игергендігін, оқушылардығ қандай нәтижеге қол жеткізгендігін, тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын топтық бағалау арқылы көреміз. Қалыптастырушы (формативті) бағалау. Оқыту үшін бағалау негізінде 1-топ 2-топ, 2-топ-1-топты алдын ала берілген критерийлер бойынша бағалайды. Әр топтың бағалау критерийлері: І топ. 1. публицистикалық стиль ерекшелігін анықтау-4ұпай. 2. тіл мәдениеті-3 ұпай ІІ топ. 1. Мәтіннің басты идеясын түйіндеу-4 ұпай 2. Тіл мәдениеті-3 ұпай Бүгінгі сабақтың бағалау өлшемдері арқылы оқушылар топтық тапсырмаларының орындалуына қарай оң пікір береді немесе алдағы уақытта жаөсарту үшін ұсыныстар айтады. Ойтолғаныс. 7-тапсырма. Баспасөз беттеріндегі «Латын әліпбиіне көшу» туралы ақпарттар негізінде сұхбат құрады. | |
Сабақтың соңы | Сабақтың соңында оқушылар «Шығу парағын» толтырады. *Бүгінгі сабақта не білдің, бұрын қандай мәлімет білетін едің? *Бас әріппен жазылатын қандай күрделі –құрама атауларды білесің? | |