СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Енңбек түбі береке

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың бойында еңьексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру

Просмотр содержимого документа
«Енңбек түбі береке»

Сабақтың тақырыбы: «Еңбек түбі береке».

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды еңбек тәрбиесімен таныстыру

2. Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу дағдыларын қалыртастыру, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

3. Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, жан-жақты азамат болуға тәрбиелеу.

III. Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап.

IV. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, мақал-мәтелдер.

V. Сабақтың түрі: Ойын сабағы.

VI. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу.

б) Түгелдеу.

в) Зейінін сабаққа аудару.

Мұғалім:

Балалар, адам баласы еңбектеп өмірге келгеннен, еңкейіп дүниеден өткенше тек еңбекпен өмір сүреді. Өмір сүру дегеніміздің өзі-еңбек ету.

Мысалы: Сәби аяқ-қолына еге болып, талпынған шағында еңбектей бастайды. Сәбт үшін бұл-еңбек, Балабақшада балалар, тақпақ жаттайды, әр түрлі ойындар ойнайды. Осы жастағы балалар үшін бұл да еңбек. Мектеп жасында балалар біршама есейеді. Сондықтан қыз балалар үй-ішінің,ер балалар ауланың жұмысына,ата-аналарына қолғабыс жасайды. Мектепті ойдағыдай бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсу үлкен еңбекті қажет етеді. Адам алдына қойған мақсатына тек еңбек арқылы жетеді. Еңбек адамды шынықтырады, шыңдайды. Сондықтан адам өмірінде еңбектену маңызы ерекше. Қазір осы сөзіме көз жеткізу үшін бір ойын ойнап жіберейік.

І. Ойын: «Жасырын сөз».

(Жасырын сөз «Еңбек – ер атандырады».

Балалар қандай сөз шықты. Бұл сөз қандай мағына береді.

(Балалардың пікірін тыңдау).

ІІ.Ал балалар өздерің білетін еңбек тақырыбындағы мақал – мәтел, өлең шумақтарын айтып бере аласыңдар ма?

/мақал-мәтелдер айтады/

3. Мақал сөздің мәйегі.

  • Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

  • Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

  • Еңбекпен ер өседі,

Егізден төл өседі.

  • Еңбексіз ел кезгенің,ар үяттан безгенің.

ІІІ.Ойын: «Еңбек құралдары»

Еңбек құралдары: Кетпен, орақ, күрек, балға, төс, ине, біз, қысқыш, жіп.

Ұста құралы: балға, төс, қысқыш.

Шаруа құралы: кетпен, орақ, күрек.

Тігінші құралы: ине, жіп, біз.

ІV. Қорытынды: Сұрақ–жауап.

1. Сонымен адам өміріндегі маңызы қандай?

2. Еңбектің пайдасы қандай?

3. Еңбек арқылы танылған қандай адамдар бар екен.

4. «Еңбек – ер атандырады» деген мақалдың мағынасы қандай?

5. Еңбек туралы қандай мақал–мәтелдер бар екен?