Балаларды көзекшінің жұмысымен таныстыру,Кесені белгілі ретпен мүсіндеуді үйрету.(шар жасап алу, бас бармақтың көмегімен ортасын шұңқырлау, барлық саусақтың көмегімен жан-жақтарын тегістей отырып, жиектерін тарту.
Просмотр содержимого документа
«Ересек «Қарлығаш»тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.»
18.09.2015 ж
Ересек «Қарлығаш»тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Кіші сала: Мүсіндеу
Тақырыбы: Кесе
Мақсаты: Балаларды көзекшінің жұмысымен таныстыру,Кесені белгілі ретпен мүсіндеуді үйрету.(шар жасап алу, бас бармақтың көмегімен ортасын шұңқырлау, барлық саусақтың көмегімен жан-жақтарын тегістей отырып, жиектерін тарту.
Алдын-ала жұмыс және оқу – іс әрекетіне дайындық: Кесені белгілі ретпен мүсіндеуді үйрету.
Сөздік жұмыс: ермексаз, кесе
Көрнекі құралдар: ермексаз, тақтайша, сулы шүберек т.б
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің басқарымдық әрекеттері | Балалардың іс-әрекеті. |
І кезең мотивациялық-қозғаушы | Балалар мынау нелер? Мынау қандай ыдыс? Ыдыстар бізге не үшін керек? Ыдыстарды неден жасайды? | Балалар нелерді көріп тұрғандарын атайды. Ыдыстарды атайды. Ыдыстардың пайдасын, олардың неден жасалатының айтып, түсіндіреді. |
ІІ кезең ұйымдастырушы-ізденушілік | Балалар саздан да кесе жасайды. Сазбен жұмыс істейтін адамды көзекші деп атайды. Саздан жасалған ыдыстарды керамикалық ыдыстар деп атайды. Біз сендермен ермексаздан кесені мүсіндейміз. Бірінші ауада мүсіндеп алайық. Кесені белгілі бір ретпен мүсіндейді. Бірінші шар жасап аламыз, бас бармақтың көмегімен ортасын шұңқырлаймыз, барлық саусақтардың көмегімен жан-жақтарын тегістейміз. Жиектерің тартамыз. Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Алақанды соғайық, Оң жақтағы балаға, Шапалақты соғайық. Сол жақтағы балаға, Шапалақты соғайық. Жоғары –төмен қарайық, Орымызды табайық. Енді өз беттерінше жұмыс жасаймыз. | Балалар тәрбиешінің айтқаның тыңдап қызығушылық танытады. . Ауада мүсіндейді Тәрбиешінің іс-әрекетің мұқият тыңдайды. Тәрбиешінің іс-әрекетін бақылайды. Сергіту сәтін жасайды. Өз беттерінше жұмыс жасайды. |
ІІІ кезең Рефлексивті-түзеуші | -Балалар біз бүгін нені мүсіндедік? -Қандай тәсілдерді қолдандық? -Кескішті не үшін қолдандық? | Балалар қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ыдыстар туралы түсінік.
Түсінеді: Кесені ретімен мүсіндей білу.
Қолданады: Керек тәсілдерді қолдана отырып мүсіндей алу.
3 апта.16.09.2013ж
Ересек «Ақбота»тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Экология негіздері
Тақырыбы: Жыл мезгілдері:Жаз, күз. Олардың белгілері
Мақсаты: Жаз, күз мезгілдері жайында толық білім беру. Жаз және күз мезгілдерінің ерекшеліктерін салыстыруға жаттықтыру. Өз ойын толық айтуға тәрбиелеу
Алдын-ала жұмыс: Жаз және күз мезгілдерінің ерекшеліктерін салыстыруға жаттықтыру
Сөздік жұмыс: Жаз, күз, жыл мезгілдері.
Көрнекі құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер.
Билингвальдық компоненті: Жаз- лето
Күз-осень
Жыл мезгілдері-времена года
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің басқарымдық әрекеттері | Балалардың іс-әрекеті. |
І кезең мотивациялық-қозғаушы | Балалар неше жыл мезгілі бар? Әр жыл мезгілінде неше айдан болады? Әр жыл мезгілінің бір-бірінен қандай айырмашылығы болады? | Балалар төрт жыл мезгілі бар екенін айтады. Әр айда үш айдан болатынын айтады. Жыл мезгілдерінің бір-бірінен қандай айырмашылығы болатынын айтады. |
ІІ кезең ұйымдастырушы-ізденушілік | Суретке назар аударамыз. Бұл суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Суретте балалар қалай киінген? Не себептен олар жұқа киінген? Олар не істеп жатыр? Ауа райы қандай? Сергіту сәті. Енді келесі суретке назар аударамыз. Бұл суретте қай жыл мезгілі? Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Суретте ауа райы қандай? Ағаштарда қандай өзгерістер бар? Д/о «Бұл қай мезгіл?» | Балалар суретке назар аударып жаз мезгілі бейнеленгенін айтады. Суретке қарап, әңгіме құрастырады. Балалар суретте қарап балаларды киімі жайында айтады. Жаз мезгілі болғандықтан жұқа киінгендерін айтады. Балалардың іс-әрекеті жайында әңгімелейді. Ауа райы жайында айтады. Тербеледі ағаштар, Жел еседі алдымнан. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі. Балалар келесі суретке назар аударады. Суретте күз мезгілі бейнеленгенін айтады. Сурет бойынша әңгіме құрастырады. Суретке қарап, жаңбыр жауып тұрғанын айтады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсіп жатканын айтады. Балалар ойынды қызығушылық таныта ойнайды. |
ІІІ кезең Рефлексивті-түзеуші | Сонымен біз бүгін қай жыл мезгілдері жайында айттық? Жаз мезгілі мен күз мезгілінің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екен? | Балалар қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды. |
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Жалпы жыл мезгілдері туралы түсінік.
Түсінеді: Жаз мезгілі мен күз мезгілінің белгілерін айтып, түсіндіру.
Қолданады: Жаз және күз мезгілдерінің ерекшеліктерін салыстыру