Жүргізуші: Құрметті әжелер, аналар,ұжымдастар сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8- наурыз күнімен құттықтаймын! «Есіңде ғой мен қуана күлгенім, тәй тәй басып ең алғашқы жүргенім. Өзіңменен бірге жүріп мәңгілік бірге терем қуаныштың гүлдерін»- дегендей ортаға біздің бүлдіршіндерімізді шақырамыз. (Ішке ер балалар кіреді.)

Жүргізуші: Бәрімізге анасың
Біз үшін көп жанасың,
Құтты болсын мерекең, құттықтаймыз анашым.
Гүл-гүл жайнап бәріміз,кіреді біздің сәніміз
Аналарды тойымен құттықтаймыз бәріміз!- деп аналарға тақпақтарымызды арнайық.
Ақылбек:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Аналарға сыйлаймыз.
Санжар:
Әже деген көп шығар
Әжемдей жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Нұрсәт:
Келді көктем күннің
Күлімдейді гүлің
Алтын ойлы анам
Мерекеңіз бүгін.
Е. Әбілмансұр:
Залдың іші жайнап тұр
Балаларда сайрап тұр
Мерекені бастайтын
Біздің қыздар қайда жүр?
(қыздар дауыстап:тоқтаңдар біз мұндамыз- деп қолдарына гүлдерімен кіріп келеді)
Жүргізуші: Міне қолдарына әдемі гүлдерін ұстап, қыздарымыз да келді, аналарымызға өнерлерімізді көрсетейік.
Хор: Құттықтаймын, ана, мерекеңмен!
Жүргізуші: Балалар бәріміз орындыққа жайғастық па? Олай болса мерекемізді жалғастырайық. Балалар бүгін ертемен біздің балабақшаға пошташы сыйлық әкелді, ол үстелдің үстінде тұр, бұл сыйлықтың ішінде не бар екен?
Осы кезде тоқтаңдар , тоқтаңдар – деп микки маус сабынды шариктерін балаларға, қонақтарға шашады.
Микки Маус: Сәлематсыңдар ма, балалар, сендердің ән салған дауыстарыңды естіп, мен де келдім мерекеге. Менің шашқан сабынды шариктерім сендерге ұнадыма?
Жүргізуші: Сәлематсыз ба, сіз кімсіз өзіңізді таныстырып жіберіңіз.
Микки Маус: Ой-ой мен өзімді таныстыруға ұмытып кетіппін ғой, мен көңілді микки мауспын, танысқаныма қуаныштымын. Балалар мына әдемі залда қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Балалар: 8- наурыз аналар, әжелер мерекесін тойлап жатырмыз.
Микки Маус: Олай болса аналар, әжелер мейрамы құтты болсын!
Жүргізуші: Рахмет Микки Маус, біздің бақшаға ертемен пошташы сыйлық әкелді, не барын білмей тұрмыз
Микки Маус: Сыйлықтарың қайда? Маған көрсетіңдерші, аа мына жерде тұр екен ғой, бұл сиқырлы сыйлық сияқты, ( сыйлықты ашады).
Балалар сыйлықтың ішінде сұрақтар бар екен, сұраққа жауап беріңдер, аналарың да көмектессе болады.
1.Үйдегі кішкентай бөпеңе, түрлі түсті қарындашпен саласың сен нені? (суретті)
2.Таңертең ертемен әдемілеп, тегістеп жинайды балалар нені? (төсекті)
3. Тамақ ішіп болғасын, анаң мен бірігіп, жуасың сен нені? (ыдысты)
4. Таңертңе ертемен, анасы баласын, апарады қайда? (балабақшаға)
Рахмет қандай ақылды балалар мен аналар!
Жүргізуші: Микки Маус біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Жұлдыз:
Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрін де.
Әлихан:
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Аяжан:
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым
Хор: Ақ мамам
Оразалы:
Жүре берсем қасымда,
Әйбат анам, әй анам.
Ботам деген дауысыңнан,
Мен мәз болып оянам.
Айдос:
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап күлем.
Аделья:
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Көрініс: «Красная шапочка» -ертегісі.

Е.Әбілмансұр:
Бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Әлия:
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас құйып
Өзенді көлдей шалқытқан
Қолын қатты тигізбей
Иісін жұпар аңқытқан.
Әмина:
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам
Бар шуағын баласына арнаған
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам
Айымсың ғой жарық қылар түнімді
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді
Құралай:
Шашымды өріп тараған
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Эль-мансұр:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
Би: Өзбек биі (Құралай, Аделья, Аяулым, Жұлдыз,Аяжан, Әмина)

Жалғасбек:
Әжем менің әйбат
Ешкім оған жетпейді
Күні бойы бірге ойнап
Жанымнан бір кетпейді.
Аяулым:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
С.Әбілмансұр:
Менің әжем мейірман,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Оразалы:
Әжетай нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз.
Мерекең ұзағынан бола берсін,
Үй ішің немере, шөбереге тола берсін.
Хор: Менің Әжем
Айрина:
Май диэ диэ мами
Ай лавю со мач
Ай уонт ю ту би хаппи
Он зэ эйтс оф марч
Ерсұлтан:
Ай лайк зе уэй ю лук
Ай лайк зэ уэй ю кук
Нау ай уонт ту сей
Хаппи Мазэрс дэй
Алламжар:
С 8 марта поздравляю,
Наконец пришла весна.
Всем девчонкам пожелаю,
Счастья, радости, тепла!
Тимур:
Пусть сегодня милым мамам,
Дарят все вокруг цветы.
Вас, прекрасных наших самых,
С женским праздником весны.
Микки Маус: Олай болса балалар аналар мерекесінде аналармен бірге ойын ойнайық! Ойын: Балаңызды табыңыз (Бір ана шығады, көзін байлап, көп баланың ішінен өз баласын табуы керек. Ойын 3-4 рет қайталанады).

Би: Вальс-Қазақша ломбада биі. (Алия;Ерсұлтан, Е. Мансұр, Аяулым, Санжар,Жұлдыз,Әмина, Алламжар, Айдос, Айрина,Ақылбек, Құралай)
(Микки Маус аналарды мерекесімен құттықтап, балаларға арнаған өзінің сыйлығын беріп, шығып кетеді).
Сән үлгісін көрсету. (Ұлдар мен Қыздар әдемі киініп шығады. )

Жүргізуші:
Қыздарға әдемі киімдерін үйлестіріп тіккен аналарға көп рахмет, қолдарыңыз шебер екен. Құрметті қонақтар,аналар,әжелер,апалар құтты болсын мереке осы келген ортаға тілейміз біз береке- деп, «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!