№11 Ересек (5-6 жас аралығы) «Гүлдер және Құлпынай»тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Айтбенбетова Д.Т.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Іс әрекетінің түрі: үйірме
Тақырыбы: «Еркем-ай» халық әнін ойнайтын жаттығулармен жұмыс жасау.
Міндеттері: «Еркем-ай» халық әні меңгерту меңгерту. Әнді таныстыру сол әнге сәйкесті жаттығулар жасату арқылы, домбыра аспабына деген қызығушылығын арттыру.
Білімділік: Қазақ халқының ұлттық аспаптармен таныстыру, соның ішінде домбыра аспабымен таныстыру
Дамытушылық: халық әндерін дәріптей отырып дамыту.
Тәрбиелік: Есту қабілетін дамыту, аспаптарды әнге қосып ойнай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал -жабдықтар: әр бір балады домбыра аспабы болу міндетті.
Алдын –ала жұмыс: аспаптарды дайындау, құлақ күйін келтіру.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ –жауап, түсіндіру
Сөздік жұмыс:
Полингвальдік компонент: ән -песния
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
-
Ұйымдастырушылық кезеңі.
Балалар музыка залына кіреді орындықтарға отырады.
1.Сәлеметсіздер ме, балалар!
«Еркем-ай» халық әні.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.- деп Абай атамыз ән мен күйдің, жалпы
музыка өнерінің құдіретін, музыка өнеріне деген өзінің ыстық ықыласын білдіреді..
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыка дәстүрі дүниеге келді. Ұрпақтан – ұрпаққа ауызекі түрде жеткен халық музыкасы оның рухани өмірінен, қоғамдық қатынастарынан, күнделікті тұрмысынан ерекше орын алды.
Қазақтың музыка өнері тереңде жатыр. Халық ән - күйлерін дүниеге келген сәбилеріне арнап «Бесік жырынан» бастап, қыран бүркітіне де, құмай тазыға да, жүйрік атқа да арнады. Жаз жайлауға көшкенде, күз қыстауға қайтқанда ауыл ақсақалы әнмен бата берді, ру басы ақсақалдарының кеңесі ән немесе күймен ашылды. Ендеше халық әні «Еркем-ай» -ды Еліміздің атақты әншісі Мақпал Жүнісованың орындауында тыңдап алайық.
Ән тыңдау: «Еркем-ай» - М.Жүнісова.
«Еркем ай» әнін тез үйреніп алу үшін алма –кезек қағыстарды қайталау.
Қорытынды: Ертемай әнін тыңдата отырып ырғағын ұғындыру ырғаға тезба әлде жылдамба анықтау? Келесі ұйымдастырылған оқу қызметімізде жалғастырамыз.