Мотивациялық -қозғаушылық | Шаттық шеңбері Балалар шеңберге тұрып «Сиқырлы сөздерді» бір-бірімізге қайталап айтайық : -Сәлеметсіз бе. Қайырлы таң. Қайырлы күн. Рақмет. Кешіріңіз. Рұқсат етіңіз! -Жарайсыңдар, балалар ,осы сөздерді жатқа білсеңдер, жақсы бала боласыңдар. | Балалар педагогпен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, сиқырлы сөздерді қайталайды. Орындарына жайғасып отырады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Күтпеген сәт. -Бізге қонаққа ертегілер елінен Алдаркөсе келді, өзімен бірге ертегі суреттерін алып келіпті. -Мына суреттегі ертегілерді тезірек атауға көмек беріңдер дейді. -Жарайсыңдар балалар, енді мына қоржынымда қуыршақ ертегілер бар, кім көмек береді? -«Үш аю» ертегісінде қандай жабайы аңдар бар? -Ал, «Шалқан» ертегісінде қандай үй жануарлары бар? -Ал қазір «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі бойынша мен сендерге әңгімелеп, айтып беремін және суреттер бойынша көрсетемін. Ертегідегі қасқырды сипаттайды, оның іс-әрекетін, жауыздығын, ал лақтардың тапқырлығы туралы әңгімелейді. Балалармен сөздік жұмысы жүргізіледі. Билингвальды компонент: қасқыр-волк, ешкі-коза. Сергіту сәті: Шөре-шөре, лағым, Тентек болма, шырағым, Секестеме, деміңді ал, Селтеңдемей құлағың. І.Жансүгіров -Жағдаят шешу. -Сендер лақтардың орында болсаңдар не істер едіңдер? Д. ойын: «Қайсысы артық» Үстел қуыршақтары бойынша әр ертегідегі кейіпкерлердің артық екенін табады. | Балалар назарын ойыншық Алдаркөсеге аударады. Суреттерін көреді, жауап беруге тырысады. -«Арыстан мен тышқан», «Шұбар тауық», «Шалқан», «Үйшік».... Балалар қоржыннан алған үстел театрынан «Үш аю» ертегісін, «Шалқан» ертегісін көріп жауап береді . -Аюлар мен қонжық. -Ит, мысық. Мұқият тыңдайды, берілген сұрақтарға жауап береді. «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін тыңдайды. Қасқыр-волк, ешкі-коза сөздерін дауыстап қайталайды. Лақтың қимылын келтіріп көрсетеді. -Мен есікті ашпас едім -Ал, мен тығылып қаламын. т.б жауаптар тыңдалады. -«Үш аю» ертегісінде бақа жоқ. -Ал «Шалқан» ертегісінде аю жоқ дейді. |