Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ертегіде қонақта
Мақсаты: Ертегілердің мазмұнын тыңдауға, түсінуге, есте сақтауға үйрету.
Сөздік қорын дамыту.
Үлкендерді тыңдауға, әдептілікке тәрбиелеу.
Билингвальды компонет: Ертегі-сказка, тауық курица, ата-дедушка,әже-бабушка
Балалар,бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ерекше болғалы тұр. Бізге қонаққа көптеген апайлар келді. Орнымыздан тұрып,қонақтармен амандасайық.
-Сәламатсыздарма?!
-Балалар, бәріміз шеңберге келейік.
Шаттық шеңбері.
Сәлем,саған алтын күн,
Сәлем,саған жер-ана.
Сәлем саған достарым,
Сіздерді көрсем қуанам!
Здравствуй,солнце золотое,
Здравствуй,небо голубое.
Здравствуй,вольной ветерок,
Здравствуй, маленький дружок!
-Балалар,көңіл күйлеріңіз қалай?
-Жақсы
-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне дайынбыз ба?
-Ия
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың қыс мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Үш ай бар.
-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Қар жауады,күн аяз болады.
-Жарайсыңдар.
-Дұрыс айтасыңдар. Бүгін біз «Сөйлеуді дамыту» оқу қызметінде «Ертегілер еліне» қонаққа баратын боламыз.
Алдымен, өткен ұйымдастырылған оқу қызметін есімізге түсіріп алайық.
-Қандай тақырып өтіп едік?
-Көліктер
-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
-Әуе көлігі,жер көлігі, су көлігі?
-Бұл қандай көлік?
-Қайық, су көлігі
-Бұл қандай көлік?
-Автобус,жер көлігі
-Бұл қандай көлік?
-Ұшақ,жер көлігі
-Дұрыс айтасыздар.
-Балалар, мен жолда келе жатып, мынандай қобдиша тауып алдым.
-Қане,ішін ашып көрейік.
-Балалар, бұл қобдишада хат бар екен. Оқып берейін.
-Сәлеметсіздер ме, балалар? Мен орманға серуенге шығып едім, мені қасқыр ұстап алды.
-Мені құтқарыңыздаршы.
-Балалар, бұл хат Қызыл телпектен екен.Қызыл телпекті құтқарамыз ба, балалар?
Балалар, біз орманға пойыз құрап барайық.
ПШ-ПШ, біз кеттік
Жүрісті тым үдеттік.
- Міне,балалар,біз орманға келіп қалдық.
- Балалар,орманда шулауға болмайды.Бұл жерде түрлі аңдар бар.
-Мынау-қоян. Мынау орман құсы тоқылдақ.
Балалар,қасқыр ызақор, ашулы аң. Оған жақындауға болмайды.
- Алдарынан қасқыр шығады.
-Сіздер, кімсіздер, мұнда не істеп жүрсіздер.
-Біз «Қызыл телпекті» құтқаруға келдік.
-Мен қызыл телпекті бермеймін. Қызыл телпекті құтқарғыларыңыз келсе,менің тапсырмамды орындаңдар.
-Балалар, қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба?
-Ия.
-Менің ертегі тыңдағым келіп тұр.
-Біз ертегі айтып берсек,қызыл телпекті жібересің ба?
- Ия.
Қасқыр,сенің айтқандарыңды орындаймыз.
-Балалар,біз топқа келдік. Қасқырдың тапсырмасын орындайық.
-Алдымен ертегіні тыңдап алайық.
-Балалар,ертегі ұнады ма?
-Ертегі не туралы екен?
-«Шұбар тауық» туралы
Балалар, осы сөздерді орыс тілінде айтып көрейік.
Ертегі-сказка, тауық курица, ата-дедушка,әже-бабушка
-Балалар,шаршаған шығарсыздар. Бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
-Балалар, біз енді ертегіні өзіміз сахналайық.
-Біз қасқырдың тапсырмаларын дискге жазып, қобдишаға салып, пошташыдан беріп жіберейік.
-Балалар, сіздер ойын ойнағыларыңыз келе ме?
-Ия
Бұл ойын «Ертегі кейіпкерлерін тап» -деп аталады. Сіздерге ертегіге байланысты суреттер берілген. Сол ертегі кейіпкерлерін қыстырғышпен қыстырасыздар.
-Ойын шарты түсінікті ме?
- Ия
-Ішке қызыл телпек кіреді.
-Рахмет,балалар.Сіздер мені құтқардыңыздар.
-Қызыл телпек,балалар, естеріңізде болсын,үлкендердің көмегінсіз далаға шығуға болмайды. Ата-аналарыңызды тыңдап жүріңіздер.
-Балалар,біз қайда бардық?
-Орманға бардық.
Орманнан нені көрдік?
-Қасқырды көрдік.
Қандай ертегімен таныстық?
- «Шұбар тауық» ертегісімен таныстық.
-Жарайсыңдар. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?
-Ия
Балалар, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі аяқталды.Сіздер оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.
-Сіздерге сыйлығымыз бар.
-Қонақтармен қоштасайық.
-Сау болыңыздар.