| Мотивациялық-қозғаушы | Тәрбиеші балалармен бірге шеңберге тұрады. Бір – бірінің қолдарынан ұстап, жылулық сезініп тұғандарын айтып, бір-бірлеріне күлімдейді. -Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? -Мен де ертегілерді жақсы көремін, ал сендер қандай ертегілерді білесіңдер? -Жарайсыңдар! Қалай көп ертегі білесіңдер?!Ал осы ертегі кейіпкерлері қайда өмір сүреді қасқыр, қоян, түлкі, аю? -Дұрыс айтасыңдар! Олар орманда өмір сүреді. Ал сендер оларға қонаққа барғыларын келе ме? -Ал біз орманға немен барсақ екен? -Ал ендеше орманға бармас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын.Ал, сендер не екенің тауып алыңдар. Жарай ма? Жұмбақ жасыру: Ұшамын тауда қалықтап, Қолың жетсе алып бақ Қызыл, жасыл түсім бар Соңымнан қане ұшыңдар Бұл не балалар? -Дұрыс айтасыңдар балалар бұл әуе шар! | Шеңберге тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, күлімдейді. -Ия, жақсы көреміз. -Үш аю, бауырсақ, үйшік, қызыл телпек, т.б. Тек қана айтқан ертегілердің кейіперлері қайда тұратындарын айтады. -ия барғымыз келеді. (балалар қуанады.) Балалардың жауаптары. -Ия! -Әуе шар. |
| Ұйымдастырушылық ізденіс | -Ендеше балалар, «Ертегілер еліне саяхатқа» бүгін біз сендермен әуе шармен ұшып барамыз. Ұшуға дайынсыңдар ма? -Аспанға ұшу үшін бізге сиқырлы сөз айту керек менің соңымнан қайталаңдар: крибле-крабле-бумс! Үнтаспадан сиқырлы әуен дыбысы естіледі. -Балалар, аспанға қарайықшы аспанда не бар? -Дұрыс айтасыңдар! Ал анау жақта нелерді көріп тұрмыз? Ендеше сол жаққа ұшып барып, қонайық. «Орман шеті» аялдамасы орманның дыбысы қосылады (құстардың ән салған дыбыстары) Тыныс алу гимнастикасы. «Орманның таза ауасымен дем алайық» -Балалар, қараңдаршы, жайлауда көп қояндар біздерді қарсы алып жатыр. Қояндар қорқып, біреуден қашып кетті. Қызық, неден қорықты екен? -Балалар қанеки, біз бәріміз қояндарды шыршаның астына тығып қояйық, оларды қасқыр да, түлкі де таппас үшін. Тәрбиеші балаларға астыңғы сызыққа қояндарды қоюларын сұрайды. Жоғарыда қанша шырша болса, төменде сонша қоян қоямыз. Орындап болғаннан кейін қанша қоян қойғандарын және қайда қойғандарын айтады. Тәрбиеші балаларға сұрақ қою арқылы олардың: «қанша», «сонша», «тең» деген сөздердің қолдануына назар аударып отырады. –Қараңдаршы, біз қояндарды шыршаның төменгі жағына тығып қойдық, енді оларға ештеңеден қорықпауға болады. Жарайсыңдар балалар! –Қанеки басқа ертегілерге баруға дайындаламыз! –Қараңдаршы жайлауда нені көріп тұрсыңдар «Үйшік» аялдамасы -Ертегіні қалай таптыңдар? (атайды) - Қараңдаршы, үйшікте кімдер тұрады? -Жоғарыда кім тұрады? -Ал ең төменде кім тұрады? -Кім бір қабатты үйде гүлмен тұрады? –Түлкінің астында кім тұрады? -Қоянның үстінде кім тұрады? -Ал бақа қайда тұрады? Қанеки тағы жолға аттанамыз. «Үш аю» аялдамасы Үстел үстінде үш аю, үш тәрелкемен шашыраңқы тұрады. (беті жабық) Жұмбақ. Орманның қасында бір үйшікте үшеуі тұрады. Онда 3 орындық және 3 тәрелке, 3 керует, 3 жастық бар. Қанеки көмексіз айтамыз қандай ертегіні айтып жатырмын? -Таныдыңдар ма? Кімге қонаққа келдік? Балаларға аюлардың тәрелкелерін өздерінің көлемдеріне байланысты қоюларын ұсынады. -Балалар, сендер би билегенді жақсы көресіңдер ме? Мишка аюмыз да билегенді жақсы көреді екен. Ендеше аюмен бірге би билейміз.
Сергіту сәті. Тәрбиеші балалармен би билейді. «Ертегі кейіпкерлері» аялдамасы. -Қараңдаршы, кімдерге біз қонаққа келдік? Біз ертегі кейіпкерлеріне қонаққа келдік. Қандай? Қанеки орындарымызға отырып, геометриялық фигуралардан суретті құрастырамыз. -Бұл қандай ертегінің кейіпкері?
-Басы, денесі, аяғы, қолы, қандай пішіннен? -Түстері қандай? | Балалар қуанады. -Крибле-крабле-бумс! -Аспанда бұлттар, күн бар. -Ағаштар, шыршалар. Балалар ортаға тұрып, тыныс алу жаттығуларын орындайды. Қояндарды көріп мәз болады. -Қасқырдан, түлкіден. Балалар алдарында тұрған карточкаларға қояндарды орналастырады. Балалар қуанады. -Үйшік Балалардың жауаптары. Балалардың жауаптары. Балалар игровизор арқылы әр қайсының тәрелкелерін алдарына сызып қояды. Ең үлкен, кішкентай, және ең кішкентай сөздерді қолданады. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. -Үш аю Балалар дьенеш блоктары арқылы аюдың суретін құрайды. Балалардың жауаптары.  |