СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ЕРТЕНГІЛІК ,ТАҚЫРЫБЫ. "Білім теңіз, мектеп кеме"

Нажмите, чтобы узнать подробности

балаларды мектепалды дайындық тобымен қоштасу сценариясы

Просмотр содержимого документа
«ЕРТЕНГІЛІК ,ТАҚЫРЫБЫ. "Білім теңіз, мектеп кеме"»



Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі













МАД 0Б тобы














Тәрбиеші: Кдырсихова А















Күні:

Тақырыбы: «Білім - теңіз, мектеп - кеме»

Мақсаты:1.Мектепалды дайындық тобыннан жыл бойы алған білімдерің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету. 2.Балалардың сөздік қорын, тілін, ой-өрісін, кенейтіп дамыту. 3.Ұжымдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбилеу.

к/құралдар: безендірілген зал, муз. аппаратура,шар, костюмдер.

Жүру барысы:

Кұрметті ата-аналар қонақтар!  Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында

тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, Білім - теңіз, мектеп - кеме  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін таратасын баршаға

Шын пейілсін құрметімізді көрсетіп

Бүлдіршіндерді шақырымыз ортаға.

Жүргізуші::Қоштасу тойын бастайық

Ән мен биге қостайық

Өнерімізді көрсетіп

Құрметіне бұл тойыдың

Би мен шашу шашайық

«Вальс» биі


Жүргізуші::Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер.- деп келесі кезекте балалардың тақпақтарына кезек береміз.

Айбек:

Біз бақытты баламыз

Жетіліп ой-санамыз

Бақшамызбен қоштасып

Мектепке кетіп барамыз

Аслан:

Мектепке енді барамыз

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз

Алихан:

Қызық күндер өткіздік

Дайындықтын бағында

Көп оқыдық, көп білдік

Ел мен Отан жайында

Зарина:

Біз сабақты бастаймыз

Қайталаудан аспаймыз

Есептен де қашпаймыз

Жазуды да жазамыз

Ахмет:

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Дайындықпен қоштасып

Біз мектепке барамыз


Хор: «Бөбектер» әні

Ертенгілігімізді әрі қарай жалғастырайық кезекті балалардың тақпақтарына берейік.


Нұртілек:Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлі

Дайындықты қимаймыз

Қоштасатын күн бүгін

Алмас:  Бұл алғашқы қадамым,

               Таудай менің талабым.

               Білім нәрін алуға,

               Мен мектепке барамын.

Ертілек:   Мектепке ертең барамыз,

                         Оқимыз, сауық құрамыз.

                         Қашық емес арамыз,

                          Бақшаға келіп тұрамыз.

Нұрберген:Болсын кіші бойымыз,

                     Биікке ұшып ойымыз.

                     Өсіп оймен санамыз,

                     Өмірге жол саламыз.


Нұрасыл: Қуантамыз,сыйлаймыз

Дайындықты қимаймыз.

Биіл күзде мектепке

Біріншіге барамыз.


Жүргізуші: Биіл күзде мектепке біріншіге барамыз - дегендей бүлдіршіндердің орындауында

Ән: «Біз мектепке барамыз»


Жүргізуші: Сендерге көп рахмет.

Көңілді өскен баламыз

Шырқатып ән де саламыз

Тойымызға сән берер

Би де билей аламыз- дей келе биші қыздарымызды ортаға шақырайық.


Би: Гүлдер

Жүргізуші: Ал балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар, ендеше бір ойын ойнаймыз ба?

Ойын: " Тез, тұратын сандар"

Шарты: Балаларға 1-10-ға дейінгі сандар беріледі,музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.

Жүргізуші: жарайсыңдар, балалар, өте тамаша ойнайды екенсіңдер.

Өте тамаша.

Балалар бір дыбыс естіп тұрсындарма, есік қабып жатыр.

Клоун кіреді өз тапсырмаларын балалармен ойынайды


Балалар жыл бойына қандай пәндер болды? Еске түсірейік? Сендердің өте зерек, алғыр, тапқыр екендеріңді ата - анамызға және ұстаздарымызға көрсетейік.

Ал математикада біздер не үйрендік?

1.Табақта 10 алма

Данияр алды 7 алма

Сонда қалды неше алма. 10-7=3

2.Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның үшеуі

Кәні кім тез жетеді 7-2=5

3. Далада тұр екі ешкі

Қорада тұр екі ешкі

Екі ешкі мен екі ешкі

Болады бардығы неше ешкі 2+2= 4

4.Тал басында тізіліп

Он жапырақ тұр енді

Жел соқты да үзіліп

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның жұлқынып

Түсті тағы біреуі

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі?10-2= 8

5. Есеп шығару

Қанша бала

Мұз айдында 7 бала

Асыр сап жүр, сырғанап

Сырғанамай екі бала

Жағалауда тұр қарап

Енді осы бар баланың

Санын айтсақ жарадың 7+2=9

1. Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? (4)
2. Бір аптада неше күн бар? (7)
3. Машинаның дөңгелектері нешеу? (4)
4. Қазір қай мезгіл? (көктем)
5. Бағдаршамда неше көз бар? (3)
6. 8 наурыз кімдердің мерекесі? (аналарымыздың)

Тіл дамыту.

Не білдік?Не үйрендік?

Мен сіздерге жұмбақтар жасырайын

1. Қабат-қабат қатталған,

Ақыл сөзбен апталған,

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. «Кітап»


2. Мен –ақ қалам,ақ қалам

Жазған сайын жоқ болам. «Бор».

3. Тiл жоқ өзiнде, Сөзi бар iзiнде.   (Қаламсап)

4. Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан,

Жазып алам көшіріп, Сүртем сосын өшіріп. «Тақта»

Клоун: Сауат –ашу сабағы болдама сіздерде

Ендеше кім маған әріптермен суреттегі жануарды жазып береді.

(қой, түйе, мысық, бор, ит, )

Жарайсындар, жақсы ойын ойнадық

Клоун: Бәрекелді, өте тамаша білесіндер. Осы беттен таймай болашақта елге танымал болыңдар. Балалар, сендер дайындықтан алтын ұя мектепке бармас бұрын маған ант бересіңдер ме?

Ол үшін біз тамаша бір ойын ойнауымыз керек. Ойынның аты: қызықты жауап «ия, ия», «жоқ, жоқ» деген. Мен сұрақтар қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай иә, немесе жоқ деп жауап бересіңдер.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ал, енді Ата – аналармен де «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Клоун: жарайсыңдар, өте жақсы. Рахмет, балалар енді мен кетейін сабаққа дайын екенсіндер.


Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім

Ерекше қызық тілдерің

Естен кетпес үндерің – дей келе өткен күнге бір оралайық. Ендеше

« Джентельмен» биімен джентельмен ұлдарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

Би: «Джентельмен»

Хор: «Ата-ананы тыңдайық»


Ертенгілігімізді әрі қарай жалғастырайық кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

Айару:

Сүйген өз қыз,өз ұлын

Бөбегім деп аянбай

Мектебім өз үйім

Апай болды анамдай

Баулап, баптап өсірген

Бұзықтық етсек кешірген

Ұмытпаймыз өзіңді

Ұмытпаймыз сөзіңді


Мадина: Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек

Айда:Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз.

Шәкіртінің биікке шыңқандарын.

Ильяс: Биыл ғана мектептің

Табалдырығын аттадым

Әліппені қолға алып

Әріптерді жаттадым.

Дана: Партаға алғаш отырдым

Бұдан асқан бақыт жоқ

Оқушы болдым мінекей

Ойнауға енді уақыт жоқ.

Әбілмансур:Алтынсарин атаның

Мектебінде оқимын

Ұстазымның әр сөзін

Көңіліме тоқимын

Ақбота:Жақсы оқып келемін

Сабақтан да қалмаймын

Осы өлең жолдарынн

Мектебіме арнаймын

солист: Серік Ертілек және хор «балдырған» әні


Ақмоншақтың орындауында жеке би «Аққу»биі

Жүргізуші: жарайсыңдар, балалар, өте тамаша.

Дайындығым бесігім

Қайсысын айтып берейін

Қабыл алшы әнімді

Сіздерге сыйлап кетейін- дей келе біздің бүлдіршіндеріміздің әсем әнін қарсы алыңыздар.

Сержанова Айбикеның орындауында «Оқуда өзат боламын» әнімен

Ән: «Ұстазым»

Тәрбиеші: Айналайын, балғындар,

Алға бағыт алдыңдар.

Ертең өсіп толыңдар,

Ел мақтаны болыңдар!

Орындалсын ойларың,

Ашық болсын жолдарың

Қош,балалар,сәт сапар,

Үлгілі бәрің болыңдар

Жақсы оқып әрқашан,

Тек 5-тікті алыңдар –дей отырып, бүгінгі «Білім-теңіз, мектеп- кеме!» атты ертеңгілік кешімізді жабық деп жариялаймыз.