Просмотр содержимого документа
«Ес және елес презентация»
Ес
Орындаған: Есен Гүлдана
Топ: М-21
Жоспар:
- Ес туралы жалпы ұғым
- Естің түрлері
- Ес процестері
- Елестету және ұмыту
- Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
- Ес – күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.
- Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлесу (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:
Әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;
Әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;
Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы .
Бір нәрсені еске сақтау – оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация (ассоциация – ассоциатио деген латын сөзі, қазақшасы байланыс деген мағынада) деп атайды,егер бұрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады.
Аристотель нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:
Аралас не іргелес ассоциациялар
- Мысалы , түс – сары;
- Мысалы , түс – сары;
Ұқсас ассоциациялар
- Мысалы, қарындаш, дәптер;
- Мысалы, қарындаш, дәптер;
Қарама-қарсы ассоциациялар
- Мысалы, ақ-қара; ұзын-қысқа.
- Мысалы, ақ-қара; ұзын-қысқа.
Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
Психикалық белсенділіке қарай
Мақсатқа қарай
Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай
Қозғалыс есі
Психикалық белсенділікке қарай
Сөз-логикалық есі
Эмоциялық ес
Образдық ес
Қозғалыс есі – еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;
Эмоциялық ес – бұл адамның басынан өткізген сеімдерін есте қалдыру;
Образдық ес – заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;
Сөз-логикалық ес – бұл адамның ойының түрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
Ырықты ес
Мақсатқа қарай
Ырықсыз ес
Ырықты ес
Ырықсыз ес
Түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы.
Адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.
Материалдық есте сақтау ұзақтығына қарай
Қысқа мерзімді есте қалдыру (қысқа мерзімді ес);
Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес);
Оперативті ес – өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.
Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
Есте қалдыру – мәліметті белсенді қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны теру процестері.
Еріксіз есте қалдыру адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды .
Арнайы ырықты есте қалдыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісті мотивтер болады.
Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз.
Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс.
Қайта жаңғыртудың бір түрі – еске түсіру . Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады.
Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс.
Елес
- Елес – заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типтік, басты белгілерін көрсететін ой-тәсілдеріне (анализ, синтез, салыстыру т.б.) көшуге, оның мәнін танып, білуге көмектседі.
- Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу.
- Елестер жалпылау дәрежесінің әртүрлі болатындығына қарай жалпы, жеке болып екіге бөлінеді. (адамның өзен туралы елесі – жалпы елес . Сырдария өзені – жеке елес болады).
Ұмыту
Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі.
- Жағымсыз индукцияның әсері.
- Проактивтік тежелу.
- Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру.
- Шектен тыс тежелу.
Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия.
Назарларыңызға рахмет!