СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Эссе "Мен нұр беруші ұстазбын"

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл эсседе пәнге деген сүйіспеншілік, онда оқушылармен шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру туралы айтылады. Дәйексөздерді талдау арқылы оқушылар оз бойларына күш жігер жинайды. Сенімділік пайда болады. 

Просмотр содержимого документа
«Эссе "Мен нұр беруші ұстазбын"»

«Өзін-өзі тану пәнінің нұр беруші

ұстаздарының еренді еңбегінің жемісі»


Мен нұр беруші ұстазбын.

Ескенова Бакытжамал Абеновна

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі, рухани- адамгершілік қасиеттерге бай болуын талап етеді. Өзін-өзі тану пәні жобасының авторы Сара Алпысқызы айтқандай, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өміріндегі орнын анықтау біз үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қайырымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда біздер, нұр беруші ұстаздардың әрқайсысымыздың орнымыз ерекше. Сондықтан рухани адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық қабілетінің жоғары болып, жүректері сүйіспеншілік пен мейірімділікке толы, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіруді көздейді. Тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты әр адамның ішкі құндылықтарын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету .

«Өзін-өзі тану пәні оқушылардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады,

оларды рухани адамгершілік нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану - адамның өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, терең мән беруінің алғашқы қадамы.

Мектебімізде бұл пән 2003 жылы Сара Алпысқызының Алматы қаласында Республикалық деңгейде алғашқы рет Өзін-өзі тану пәні бойынша өткізген конференциясынан сабақ алып келгеннен бастап қараша айынан эксперимент түрінде кіргізілді. Осынау уақыт ішінде оқушылар осы пәнге ерекше қызығушылық танытты. «Өзін-өзі тану» сабағы балаларға өте ұнайды. Себебі оқушылар еркін отырады, бір-бірімен пікір алмасады, бірін-бірі тыңдауға үйренеді, өз мүмкіндіктерін ашып, қабілеттерін дамытады, топпен ән айтады, шығармашылықпен жұмыс істейді. Сабақта шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік мол. Мен оқушыларға осы пәннен шығармашылық дәптер бастаттым. Бұл дәптерге оқушылар өздерінің сабақта жазған эсселерін, өлеңдерін, шығармаларын, ой-толғауларын жазады. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап практикалык сабақтың жаңа жоспары бойынша сабақ тыныштық сәтінен бастау алып,тыныштық сәтінде қолданылатын «Теңізге саяхат», «Нұрға бөлену», «Орманға ойша саяхат», «Тыныштық бар әлемде» мәтіндерін әуендерімен қуана тыңдайды. Оқушылар өз ойларын жинақтап, ойларын әуеннің ырғағымен жақсы арнаға салады, ойша сол жерлерге саяхат жасап келгендей болады. Мұғалімнің сыйы әдісі де балалар үшін жаңалық. Әнгімелеу әдісінде қолданылатын аңыз әңгімелер «Екі қасқыр», «Инабаттылық», «Екі дос», «Алма ағашы мен бала» тағы да басқа аңыз әңгімелер балаларға ойланып ,өз іс-әрекеттеріне баға беруге көмектеседі. Өзін-өзі тану сабақтарында көрсетілетін бейнероликтердің де оқушылар үшін маңызы зор. Балеттегі мүгедектер, «Бір мектеп формасы екеуіне», Ник Вуичичтің өмірге деген құштарлығы сияқты бейне роликтердің маңызы зор. Осы бейне роликтер арқылы оқушылар адам мүмкіндігінің шексіз екенін, адам қаласа алдына мақсат қойып, еңбектенсе қолдан барлығы келетінін түсінеді. Бейне роликтерді көрсетіп, тыңдатып оз ойларын, тұжырымдарын айтқызып, әңгімелеп адамгершілік құндылықтарын анықтайды. Әр сабақта қолданатын дәйексөздің мағынасы оқушыларға керемет әсер етеді. Дәйексөздерді талдау арқылы еңбек пен талаптану, жігер мен мақсат адамды жетістікке жеткізетінін біледі. Сабақтағы ән айту - адамды асқақ сезімдерге бөлеп, жан дүниесін нұрландыра түседі, өлеңнің сөздері табиғатқа, туған жерге, Отанға, анаға, әкеге, достарға, өмірге деген сүйіспеншіліктерін арттыра түседі. «Өмір –қымбатсың маған» тақырыбындағы мәтіндер оқушылар өмірдің мәнін түсініп, өмірді мәнді ететін адамгершілік құндылықтар жайында түсініктерін кеңейтеді. Осы сабақта өмірдегі ақ пен қараны ажыратуды үйренеді, өмірдің қыр-сырын біледі. Қарым-қатынас мәдениеті сабақтарындағы мәтіндер, өлең сөздері, жаңа ақпараттар оқушылардың күнделікті қарым-қатынастағы адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етеді. Адамдарға жақсылық жасап, қамқор болуды, жанашырлық, мейірімділік танытуды үйренеді. Жағдаятты талдауда өздерін сондай жағдада елестете отыра дұрыс шешім қабылдауды үйренеді. Әр сабақтың өзіндік сыры бар, әр сабақ балалардың рухани адамгершілік қасиетін шыңдау үшін өте маңызды.

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстанның жарқын болашаққа қадам басқан жастары сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Өзін-өзі тану пәні»де үлкен дайындықпен қатар ұстаздың шеберлігін ,білім денгейін көрсететін пән екенін түсіндім.Әр сабаққа үлкен мән бере отырып ,оны бала жүрегіне дәл жеткіп, ойына жаңа ой қосылатын, шығармашылық қасиетін дамытатын пән. Әр тақырыптың мазмұнын ашатын ата-баба өнегесі, күнделікті тіршіліктегі сыйластық, мейірім, ар-ұждан, ақыл, жүрек, ерік-жігер, жан мен тән сұлулығы, әке-бала, әке мен ана қатынасы, адал достық, қоршаған орта, адамгершілік құндылықтар - барлығы да осы пәнде айтылып оны әрбір бала жүрегімен сезінуі,түсінуі тамаша көрініс. Оқушылардың берген жауаптарына сүйсініп одан әрі шабыттана түсемін, олардың тақырыпты түсініп, сезінгендеріне, жүректеріне жеткеніне қуанамын. Менің мамандығым - «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі. Мен нұр беруші ұстазбын. Өз пәнімді мақтан тұтамын!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!