СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Эссе "Рухани жаңғыру"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эссе "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы  аясында жазылған. 

Просмотр содержимого документа
«Эссе "Рухани жаңғыру"»

Рухани жаңғыру

Эссе

 «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ

жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын

терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда

жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс –

біздің дамуымыздың ең басты қағидасы»

Н.Ә.Назарбаев.


Кемел елдің келісті болашағын көркейту мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сындарлы саясаты мен көреген көріпкелдігінің арқасында халыққа жолдаулар мен мақалалар ұсынуда. Яғни, Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты мақаласында еліміздің игілігі үшін атқарылар істің бағдары айқын, болашағы жарқын болу керектігін баса айтып, алға игі мақсаттар мен жоспарлар құрып берді. Көреген көшбасшы Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігін беріп отыр.

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес.

Қазір білектінің емес, білімдінің салтанат құрған уақыты. Елбасымыздың «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапыда қалып жүрмедік» деген нақылында тұщымды ойдың айтылуы да еліміздің қай заманда болмасын, есесі кетпегенінің айқын дәлелі. Ел болашағы, ұлт болашағы жас өскелең ұрпақтың қолында екені даусыз. Демек білімді, бәсекеге қабілетті оқушыларды тәрбиелеу – ұстаздар қауымына артылар ауыр жүк болмағын бәрі де сезеді. Осы орайда барлық ұстаздар қауымына аса жауапты қадам – ел болашағы мен бүгінгісін жалғар жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің үйлесім тауып, бәсекеге барынша қабілетті болуы жүктелуде.

Ел дамуы – білім мен бірлікте. Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстанның бүгіні мeн бoлaшағы – хaлқымыздың ынтымақ – бірлігінде, ырыс – құтты тірлігіндe». Бізге керегі – бірлік пен ұлтаралық татулық. Бірлік бар жерде тірлік бар, даму бар. Қонақжай халқымыз қай кезде де тілің басқа, дінің басқа деп алалап, өзектен теппеген аса қонақжай халық. Керісінше, өзгені өзіндей көріп, төрінен орын берген.

Сөз соңында айтарым, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» мақаласының ел болашағын айқындауда алар орны ерекше, сондай-ақ мақала негізінде Қазақстан Республикасының әрбір азаматының өз атқарар міндеттері бар екенін ұмытпауымыз керек. Алдағы уақытта дамыған 30 елдің қатарына қосылып, ел іргесі бекіп, көркейе беретініне бек сенімдіміз.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!