Просмотр содержимого документа
«ЭССЕ туралы жазу»
Абайдың қара сөздерінің қазіргі қоғаммен ұштасуы
Абай атамыз барлығымыз білетіндей,өзін прозалық өлеңдерімен ғана емес,мән-мағынаға толы қара сөздерімен де күллі әлемге паш етіп келеді.Оның әрбір философиялық ойлары адамды өзіне баурай алатын қасиетке ие екендігін алға тарта аламыз.Менің ойымша, Абай Құнанбайұлының тұжырымдарының қай-қайсысын болса да,қазіргі жастарға үлгі-өнеге,сабақ ретінде қарастыруға болады.Ал,олай болса,ақын атамыздың қара сөздеріндегі көзқарастарын қазіргі қоғаммен не байланыстырады?
Жалпы айтар болсақ,кішкентай кезінен қоғам мәселелерін басынан өткермесе де,әкесіне көмектесу барысында өмірдің ащы шындығын талай рет татқан Абай секілді дана адам өмірден түйгенінің барлығын қара сөздер ретінде бізге өсиет етіп қалдырып кеткен болатын.Осы туралы Абай өмірі мен шығармашылығы туралы 3 томдық кітап жазған Ғарифолла Есім: «Абайдың қара сөздері- оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына»,-деген еді.Яғни,біз ойшыл ақынды ауқымды білім нәрін қалдырушы іспетті санай аламыз.Қазақ халқында қаншама прозаик ақындар болса да,ешбірі Абай секілді аңызға айнала алған жоқ.Себебі,оның жеке тұжырымдары уақыт өте келе жалпыға ортақ стереотиптерге айналғандай.
Абайдың шығармашылығының басты ерекшелігі-бір мәселені немесе толғандырарлық ойдың жан-жақты талғыланып,майда әрі көркем тілмен жеткізуінде. «...Абай санасын сан-саққа түсірген ойларын еркін айту үшін,өзі арнайы жанр ойлап тапқан.Ол,әрине,сөз жанры.Сондықтан да,ақынның қара сөздері-нағыз еркін ойдың жанры»,-деген орыстың әдебиеттанушысы,абайтанушы Михаил Алексеев Абайдың сөзге шешен,ойға көсем екендігін айтқысы келді.Шынымен де,Абайдың ойын ашық айтудағы тапқырлығы мен сөзге жүйріктігін байқамау мүмкін емес.Сол қасиетінің арқасында ұлы ақынды ел аузынан тастамайтын болды,әрі даналығына да сүйсіне қарайтынға айналды.
Еліміздің үлкендері «Хакім Абай»есімімен атап кеткенінен-ақ ақынның қаншалықты сыйлы екенін көре аламыз.Сонымен қатар,оның туындылары бізге көптеген абайтанушыларға жұмбақ сырларды ашып келеді.Мысалы,біз білетіндей,Абайдың №46 қара сөзі бар екені рас,бірақ,аяқсыз қалған.Осы тұжырымның бізге аңғартатыны-мағыналы сөзді құп көретін ұлы ақынның біге айтылмаған өнегелі өсиеті әлі де бітпегендігі.Абай атамыз дүние салғанда өзімен қабірге қаншама ашылмаған құпияларын алып кетсе де,оның өсиет сөзін,жанашырлығын түсіну үшін артында қалған бай мұрасы да жеткілікті.
Абайдың «Қара сөздері»қазіргі қоғам жастарын дұрыс жолға салушы,өмірде қаншама қиындық көрсе де,сол тағдыр тәлкегіне өзіңді алдыртпайтын мотивацияны беруші.Адамның бойынан табылуы керек маңызды қасиеттердің маңыздылығын,адамның шешім қабылдауға көмек беретін ерекшеліктерінің ішіндегі ең бастысы-жүрек болып саналатынын ұмытпау секілді негізгі көзқарастардың,біздің өмірімізге қатысы бар екендігін жоққа шығару мүмкін емес.Қорытындылай келе айтарым,Абай айтып кеткен қоғам дерттері неше түрлі уақыт сынынан өткенімен, қоғам әлі де сол дерттерден айыға алмай келеді.