СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Эссе жазудың құрылымы мен тақырыптары. Курсына арналған жоспар

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эссе жазудың құрылымы мен тақырыптары 

Просмотр содержимого документа
«Эссе жазудың құрылымы мен тақырыптары. Курсына арналған жоспар»

қаралды:

Келісілді

Согласовано

Зам.директора по НМР

_______Сыздыкова А.Н

«31» 08. 2017



Бекітемін

Утверждаю

Директор ШГ- 14

________ Надеин О.А

«31» 08. 2017

Рассмотрено:

на заседании МО

Хаттама№1

Ибраева С.А.

____________________

«28» тамыз2017 ж.










14мг оқу жоспарының мектепішілік компонентінің

«Эссе жазудың құрылымы мен тақырыптары» атты дамытушылық курсының бағдарламасы

7 «Ғ,Д» сыныптары

34 сағат
















Бағдарламаны құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі

Нурымбаева С.К.






Түсінік хат

Жаңа оқу бағдарламасында көрсетілгендей, оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыруға, жазылымның табиғатын түсініп жазуға, түсінгенін сараптай алуға, білімін таразылай алуға көп септігін тигізеді.

Эссе жазудың талаптары мен құрылымы  кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша 7 сыныптарда қалыптасқан жазылым дағдыларына сүйене отырып, эссе жазу қалыптастырылады. 
Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет

Эссенің мақсаты: Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.Оқушы өз мүмкіндігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу оқушыны өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп – салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйренуге баулиды. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Эссе жазу бұл – дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу болып табылады. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысу, эсседе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жазба жұмыстардағыдай ішкі логика болуы тиіс. Эссе — бұл қандай да болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану. Эссе — бұл өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан цитаттың аз болғаны дұрыс.

Эссенің жазылу жоспары:

- Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)

- Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);

- Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);

Кіріспе – тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар құрылымдардан тұрады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?» , т.б. 
Негізгі бөлім – таңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар, бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеу қажет.

Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан маңыздысы тақырыпшалар, олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет. Қажет болған жерде талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз тәжірибеісін де пайдалануға болады.

Қорытынды – тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстауы мүмкін, басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады. 


Эссе жазуда ұстанатын қадамдар: 
1.  Контексті анықтау.

Бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, т.б. Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы - эссенің негізгі ойы. 
2.  Тақырыпты таңдау.

Берілген тақырыптың біз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға қажет. Сонда эссе жазу қиынға соқпайды. Негізгі тезисті анықтап аламыз, бірақ ол тым күрделі болмау керек. Қажет болған кезде ойды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эсседе бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысу, мысалы «Менің отаным – гүлденген Қазақстан». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмау, эсседегі айтатын ойды сиғызу қажет. 
3. Ақпаратты жинақтау.

Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, ақпарат қажет. Өзіміз білетін, оқыған ақпарттарды еске түсіру. Фактілер қай жерден басталатынын байқау. Көзқарасты жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмау. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады. 
4 . Эссені жоспарлау.

Басты ойды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алу. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтауды ойластыру. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастыру, параграфтарға атау ойлау. 
5 . Алдымен негізгі бөлімді жазу. 

Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ой анықтау. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Жоспарды сақтау, сөйлемдерді логикалық тәртіпке келтіру. Барлық негізгі идеяларды жазып болғасын, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазу.

6 . Қорытынды жазу

Негізгі идеяларды жинақтау, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасау. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды? 
7 . Кіріспені жазу. 

Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болғасын кіріспе туралы ойлану. Тезистік дәлелдемені түсіндіру және оны қалай дәлелдеуді жалпы суреттеу. Қарапайым сөз тіркестерін қолданбау: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастау, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және көзқарасқа қысқаша шолумен бекіту. 
8 . Жазғанын оқу

Эссені басынан аяғына дейін тексеру. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац пен екінші абзацтағы ой ажырап кетпеген бе? Әрбір дәлел алдынғысымен байланысты болу керек. Егер ой тәртібі мен абзацтар құрылымы дұрыс болмаса, оларды өзгерту. 
9. Қателерді тексеру. 

Мәтіндегі қателерді тексеру: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, жаргонизмдерден қашқақтау, пунктуацияны тексеру. 
Қосымша:

1. Эссе авторы жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әр түрлі байланыстарды қолданады.

2. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория символ және астарлы образдар.

3. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.

4. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келу

«Эссе жазудың құрылымы мен тақырыптары» факультатив курсының бағдарламасы

(Аптасына- 1 сағат, жылына- 34 сағат)


Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

7 «Ғ»

7«Д»

1

Кіріспе.

1




2

Эссе жазудың құрылымы.

1




3

Эссенің негізгі ойы.

1




4

Эссенің тақырыбын таңдау.

1




5

Эссе туралы ақпарат жинақтау.

1




6

Эссені жоспарлау.

1




7

Эссенің негізгі бөлімі.

1




8

Эссенің қорытынды бөлімі.

1




9

 Эссенің кіріспе бөлімін жазу. 

1




10

Мәтіндегі қателерді тексеру.

1




11

Эссе жазуға қойылатын қосымша талаптар.

1




12

Эссе тақырыптары.

1




13

«Қазақстанның көрікті жерлері»

1




14

«Қазақстандағы экологиялық ахуал»

1




15

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» (еркін тақырып)

1




16

«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл»

1




17

«Дені саудың - жаны сау »

1




18

«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!»

1




19

«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»(еркін тақырып)

1




20

«Ғаламтор мен әлеуметтік желілер жастарға не береді?» 

1




21

«Өз тағдырың - өз қолыңда!» (Үйсіз-күйсіздер әлемі) 

1




22

«Ас – адамның арқауы» (Гендік модификацияланған өнімдер) 

1




23

«Салт-дәстүр, әдет-ғұрып» (Салт-дәстүр, әдет-ғұрып) 

1




24

« Қазақстандағы экологиялық ахуал»

1




25

« Бір тіл білген - бір адам, екі тіл білген – екі адам....»

1




26

«Үйсіз-күйсіздерге айналмаудың тиімді жолдары мен амалдары»

1




27

«Қазақстанның болашағын білімді ұрпақ айқындайды»

1




28

«Жастардың бүгінгі келбеті»

1




29

«Жалынды жастар –Қазақстанның жарқын болашағы»

1




30

«Қоғамдағы әйел мен ерлердің рөліндегі өзгерістерге не себеп болды? Адамдарға осы өзгерістердің пайдасы, не зияны бар ма?» 

1




31

«Онлайнда өмір сүрем деп, шынайы өмірді ұмытпа»

1




32

Практикалық сабақ

1




33

Эссенің өмірдегі маңызы.Мен және менің әлемім. (сызба карта)

1




34

Табиғат әлемі.(суреттеу, өздік жұмыс)

1












Мұғалім пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006

  2. Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап» 2007

  3. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007

  4. Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы

  5. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова «Тарихитұлғалар» Алматы,2006

  6. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы,2005

  7. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2008

  8. Қазақтың би-шешендері

  9. Газет, журнал материалдары

  10. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

  11. Мақал – мәтелдер жинағы

  12. Диалектологиялық сөздік

  13. 7- сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы.

 

Оқушы пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006

  2. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007

  3. Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы

  4. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова «Тарихитұлғалар» Алматы,2006

  5. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы,2005

  6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2008

  7. Қазақтың би-шешендері

  8. Газет, журнал материалдары

  9. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

  10. Мақал-мәтелдер жинағы

  11. Диалектологиялық сөздік

  12. 7- сыныпқа арналған қазақтілі оқулығы.












Advertisements