Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық ойындар
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдісі: Жаттықтыру, үйрету, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ойын алаңы, доп, секіртпе
Сыныбы: 4 «а»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру.
2. Эстетикалық және этикалық тәрбиеге үйрету.
3. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Дайындық бөлім
Оқушылар бір қатар сап түзеп тұру.
«Сынып түзел», «Тік тұр», оңға бұрыл деген бұйрықтарды дұрыс орындау
Алаңды айнала баяу жүгіру
Шеңбер жасап жалпы дамыту жаттығуларын жасау
ІІІ.Негізгі бөлім
1.Оқушылардың өздеріне таныс эстафеталық ойын түрлерін сұрау.
Барлық эстафеталық ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.
Оқушы тез, тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді. Сонымен қатар ойыншының икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.
2.Сыныпты екі топқа бөлу
І топ - Жеңіс
ІІ топ – Сұңқар
Сайыс бағдарламасымен таныстыру.
І кезең: «Кім бірінші»
ІІ кезең: Допты жерге ұрып жүгіру.
ІІІ кезең: Кедергіден айналып өту.
ІҮ кезең: «Кім шапшаң»
Ү кезең: Доппен эстафета
ҮІ кезең: «Кім жылдам?»
ҮІІ кезең: «Мергендер» Сайыста оқушылар білімін нақты, әділ бағалайтын қазылар алқасымен таныстыру.
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманатқып бастаймыз – дей келе сайысымызды бастаймыз.
І кезең: Жүгіру эстафета.
ІІ кезең:Допты кедергі арасымен алып барып сол жерге допты қойып бір есептен шығарып қайтарында жүгіріп қайтады,келесі оқушы жүгіріп барып бір есепті шығарып допты кедергі арасымен алып келу.
ІІІ кезең: Кедергіден сүрінбей өтіп барып сұраққа жауап айтып, орнына жылдам бірінші болып келу.
ІҮ кезең: Секіртпемен секіріп барып,қайтадан орнына жылдам бірінші болып келу.
Ү кезең: Әр оқушы орнында тұрып допты басынан асырып келесі оқушыға беру, соңғы оқушы алдына келіп допты келесі оқушыға береді.
ҮІ кезең: Әр оқушы допты екі аяқтың ортысна қойып секіріп барып, секіріп қайту.
ҮІІ кезең: Әр оқушы серітпемен секіріп барып, сандарды ретімен алып, жылдам бірінші болып келу.
Сандарды ретімен қойғанда қандай сөз шығады?
(Оқушының жауабы)
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым,
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтадар әрдайым.
ІҮ. Қорытынды бөлім
Организмді қалыпқа келтіру. Тыныс алу жаттығулары.
Ү. Бағалау
Сайыс қорытындысында сөз әділ-қазылар алқасына беріледі. Шапшаңдықпен икемділікпен көзге түскен топ мадақталады.
ҮІ.Үйге тапсырма.
8-сынып
дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Джангалиев А.М.
Сабақтың тақырыбы: "Көңілді мәре "
Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын, ой өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын, қызығушылығын дамыту.
Міндеттері:
А) Білімділік – Оқушылардың түрлі спорттық ойындар туралы білімдерін жинақтау, бекіту.
Б) Тәрбиелік – Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі - Сайыс сабақ. / дәстүрлі /
Сабақтың әдісі - Түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ойын.
Құрал - жабдықтар: ысқырық, уақыт өлшегіш, әр түрлі таяқшалар, баскетбол доптары, кедергілер.
Өтетін орны:Спорт зал.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сапқа тұру
Сәлемдесу
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
Сынып ретімен санал!
Сынып екіге бөлін!
Бір қатардан екі, екіден бір қатар жаса!
Сол жақ бағытпен зал ішінде,алға бас!
Жай жүрістен қолды жоғары созып, аяқтың ұшымен жүру.
Жеңіл жүріс!
Жүрістен жеңіл жүгіріске көш!
Жай жүріс!
1-4 есебімен тынысты орнына келтіру жаттығуы.
Шапшаңдыққа жүгіру.
1-4 есебімен тынысты орнына келтіру жаттығуы
Жай жүріс! Тоқта 1-2 !
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Сыныпты сапқа тұрғызып, саналу арқылы екі топқа бөлу.
2. "Барыс" тобы
3. "Лашын" тобы
4. Ұйымдастыру
Доппен жарыс
Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп береді. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.
Сыңар аяқ ойыны
Екі команда ойыншылары бір-бірден шығып, сыңар аяқпен шеңберден бірін-бірі итеріп шығару.
Бір-бірінің үстінен секіру ойыны
Сапта тұрған балалардың барлығы еңкейіп отырады да, соңғы бала олардың үстінен аттап-секіріп, алдына келіп отыра қалады. Қалған ойыншылар да осылай жалғастырады. Қай команда межеге бірінші жетеді, сол команда жеңеді.
Кім жылдам ойыны.
Ойыншылар допты ұстап кедергілер арасымен жүгіріп, белгіленген межеге допты апарып қойып жүгіріп келу, келесі ойыншы допты алып келеді т. с. с. ойын бастаушы допты алып келіп допты жоғары көтереді
Арқан тартыс.
7-8 метр ұзындығында арқан алып, екі басын мықтап байлап, екі топ екі жағына тұрады да, сызылған сызықты ортаға келтіріп тұрып, басқарушының белгі беруімен тартысты бастап, сонымен қай жағы тартып сызықтан өткізсе, сонысы ұтқан болады.
Қаппен секіру. Капитандар сайысы.
Екі команда капитаны қапты аяқтарына киіп, белгі берген кезде бөгетті айналып секіріп келуі тиіс.
Негізгі эстафеталық ойын
Бұл ойынға әр командадан үш ойыншыдан шығады. Залдың екі жағында тұрып, бір-бірден залды айналып жүгіріп, келесі ойыншыға таяқшаны береді.
ІІІ.Қорытынды бөлім Сапқа тұр
Бағалау. Әділ қазылардың бағалауы арнайы кесте бойынша
"Барыс" тобы
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау
аяғын дұрыс қоя білуі қажет
денені тік ұстап, әдемі алып жүру
аяқты жиі алып,жеңіл жүгіру
1-2 есебі қолды жоғары созып терең демді ішке тартып, 3-4 есебінде төмен иіліп демді сыртқа шығару
барынша үдете жүгіру
Нұсқау: Кедергілер арасымен жүгіру.
Қаптың биіктігі тізеден жоғары болуы керек.
Қай команда эстафетаны бұрын аяқтайды, сол команда жеңіске жетеді.