Машықкерлердің бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың ой қиялын дамыту
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында: «Аса маңызды міндет - оқушыларға көркемдік білім- беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту. Әсемдік сезімін дамыту, жоғары эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, тарих пен архитектура ескерткіштерін, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күші бар әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің, эстетикалық мүмкіндіктері жақсы пайдаланылуы тиіс.
Осынау жауапты да күрделі міндетті шешуде, жас ұрпаққа көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдеріне зор жауапкершілік жүктеледі.
Сурет сабағын өтудегі сондай маңызды мәселе оқушылардың ойлау қабілетін, фантазиясын, кеңістік туралы дұрыс ұғымын қалыптастыру. Ол үшін ойлау қабілеттілігі жайында түсінік беру, соған қатысты көрнекі құралдарды пайдалану, өнер шығармаларына талдау жасау сияқты міндетті жұмыс түрлері жүзеге асырылуы тиіс. Оқушыларды ойлау қабілеттілігін қалыптастырып үйретудегі қолайлы сабақтың бір түрі тақырып бойынша сурет салу сабағы. Тақырыптық сурет салуда оқушылар табиғат көріністерін бейнелеуге ынталы болады, бірақ бейнелеу кезінде заттың кеңістіктегі орны, горизонт сызығы, өлшемдік қатынасы, кеңістік тереңдігі туралы көріністерді тақтаға салып, көрсетіп, естеріне түсірмесе көптеген қателер жібереді. Сондай ақ сабақтарда кеңістіктегі адамдар мен жануарлардың көріністерін, пропорциаларын дәл көрсететін нобайлар мен зарисовкаларын тез салып көрсетудің білімдік мәні бар. Кеңістіктің түстері мен тональдық қатынастары бейнелеуде кейбір оқушылар қателіктер жібереді, мұғалім оның сурет салу қағазының бұрышына түзету жолдарын көрсету керек. Бұл да педагогтың көрнекілік әдістерінің бірі. Педагог оқушыларға кеңістік туралы түсінік беру мақсатындағы сурет салу кезеңінде, суреттің көлемді, эстетикалық талғамға сай, мағналы, сұлу болуына, зат құрылысын дұрыс бейнелеу, симметриялық көріністерді дұрыс шешуге дағдыланған жөн. Ол үшін көптеген дайындық жаттығуларды жасау орынды. Оқушылардың ойлау қабілет дамытуда бейнелеу өнері кабинетін жабдықтау маңызды рөл алады. Кабинетте әр түрлі тақырыпта, стильде, техникада, ағымда салынған суреттер картиналар, диафильмдер, проектор, интерактивті тақта сияқты құрылғылар болуы керек. Сонымен қатар кеңістіктегі перспектива, пропорция, горизонт сызығы сияқты түсініктерді беретін схема таблицаларды қойған жөн. Қорыта айтқанда, көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру мәселесі барлық пәндер мұғалімдерінің комплексті түрде қолға алғанда толық шешімін табатыны анық.
Қандай суретші, қандай қолданбалы өнер шебері болса да, айналадағы кеңістіктегі заттар мен құбылыстарды бейнелейді. Бірақ олардың кеңістіктегі заттарды бейнелеудегі әдістері бірдей емес. Кескінші заттың кеңістіктегі көрінісін-кенеп бетіне, график-суретші - қағаз бетіне бейнелесе, қолданбалы өнер шебері әр түрлі материалдар бетіне өрнектермен бейнелейді. Бейнелеу өнерінің живопись, графика салаларымен сәндік өнер саласында ою-өрнектер арқылы кеңістік көріністерін бейнелейтін көптеген мүмкіндіктер бар.
Қазақ қолөнер шеберлері ою-өрнек арқылы бейнелеуде бірнеше әдіс-тәсілді қолданған. Оның мысалдарын Қазақстан территориясындағы жартастар мен үңгірлерге салынған заттар мен құбылыстардың суреттерін көреміз.
Ол суреттерде аңдар мен жануарлардың тұтас тұрпаттарының ерекше ірі белгілері ғана бейнеленген. Сондықтан мұндай көріністердің бейнесін ою-өрнектерге өте ұқсас келеді. Бірақ ертедегі бұл суреттерде обьектінің пропорциялық өлшемдер қатынасы дұрыс берілгенімен, өлшемдері бірдей заттардың көрушіден алыс-жақындығына байланысты ірі немесе кіші болып өзгеруіне жеткілікті көңіл бөлінбеген. Сонымен қатар, жартастағы суреттерде көбінесе заттың жанынан қарағандағы көрінісі бейнеленген. Бұл- кеңістік көріністерін бейнелеудің байырғы әдістерінің бірі. Мұндай бейнелеу әдісі ежелгі Египет өнерінде де кездеседі.Оқу барысында оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктерін қалыптастыру оларға көркемдік білім берудегі өзекті мәселе болып табылады. Балалардың бейнелеу еңбегінің нәтижелі болуы графикалық іскерлік пен дағдыны меңгерумен ғана шектеліп қоймайды, онымен қоса кеңістік туралы дұрыс түсінік қалыптастыруларына байланысты да шешіледі. Кеңістік түсінігі жазықты, пропорция, перспектива, тональдық жәнетүстер қатынасы деген ұғымдармен тығыз байланысты.
Оқушылардың графикалық жұмыстарын талдау олардың кеңістік сипатын түсінбеулеріне байланысты көптеген қателіктер жіберетінін көрсетеді. Мысалы, нәрсеге қарап сурет салу сабақтарында оларға зат көлемін, сол нәрсенің кеңістікте орналасуын бейнелеу оңайға түспейді. Балалар кейде зат контурын бейнелеумен шектеліп, жарық пен көлеңкенің түсу деңгейін көрсете алмайды.
Қандай зат, нәрсе болсын оның формасы бізден алыстаған сайын кішірейіп көрінеді. Бұл құбылыс перспектива заңдылығына байланысты. Оқушылар сурет салу кезеңінде перспектива заңдылығын білмегендыіктен көптеген қателіктер жібереді. Кеңістікті бейнелеудің де кемшіліктері соған қатысты болып жатады.
Оқушылардың қиалын,ойын кеңістікте бейнелеу орындау техникасымен байланысты. Күрделі формалар үлкенді-кішілі бірнеше бөліктерден тұрады. Бұл зат бізден алыс тұрса, ұсақ бөлшектері анық көрінбейді.Заттың кеңістіктегі осындай қалпын көптеген оқушылар штрихтармен дұрыс көрсете алмайды. Дөңес жазықтықтарды түзу сызықтармен штрихтау, жарық пен көлеңкенің дөңес жазықтық бетіне түсу ерекшелігін түсінбеу, жазықтық шекарасын контур сызықпен бөліп қою сияқты қателіктер жібереді. Сондықтан оқушылардың өз ойларын эстетикалық талғамға сәйкес әсем етіп көрсетіп қағаз бетіне түсіру,кеңістік туралы ұғымдарын қалыптастыру үшін мұғалімнің жүйелі түрде педагогикалық басшылығы қажет.Этетикалық тәрбие беру әдебиет,музыка,қолөнер пәндері мұғалімдерінің жұмысы деп қараушылық бар.Негізінде барлық оқу пәндері бойынша білім негіздерін беру барысында болатындығын қазіргі зерттеушілердің нәтижелері көрсетіп отыр.Мысалы: «Симметрия» ұғымы бейнелеу өнерімен қатар геометрия «денелердің құрылысы»,биология,физика пәндеріндегі тақырыптарды өту барысында беріледі.Табиғат тану ғылымдарын оқыту барысында мұндай мысалдарды көптеп кездестіруге болады.Қорыта айтқанда көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру мәселесі барлық пәндер мұғалімдерінің комплексті түрде қолға алғанда толық шешімін табатындығы анық.
Әдебиеттер тізімі:
1.Ералин Қ.,Тастемиров Қ. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың ой қабілеттілігін,кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру.Алматы «Мектеп»1987
2.Тұрғынбаева Б.А.Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту әдістемелік құралы.Алматы. 1999 ж.
3.Оразакова А. Аятова А.Оқушылардың шығармашылық қабілетін алу және қолайлы жағдай жасау. «Білім берудегі менеджмент»2002ж
4. Хабтешова Н.Шығармашылық жұмыстарға кең өріс «Қазақстан мектебі»2002 ж.