СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Эволюция бағыттарының арақатынасы" тақырыбында 9 сыныпқа ашық сабақ жоспары

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Макроэволюция дегеніміз- түрден жоғары деңгейіндегі жүйелік топтар: туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтердің түзілу процесі. Макроэволюциялық процестің нәтижесінде жер бетінде тіршілік пайда болып, қазіргі кезеңдегі тірі организмдердің жүйесі қалыптасады.Органикалық дүние барлық замандар мен кезеңдерде жердің геологиялық және климаттық жағдайларына бейімделіп дамыды.Орыс ғалымдары А.И.Северцов пен И.И.Шмальгаузен эволюциялық әрекеттің екі бағытын және оның жүзеге асырынуның 3 жолын атап көрсетті.

Биологиялық прогресс- түрдің немесе басқа да жүйелік топтардың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы.

Оқушылар кестені толтырады.

Просмотр содержимого документа
«"Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Эволюция бағыттарының арақатынасы" тақырыбында 9 сыныпқа ашық сабақ жоспары»

Күні:14.02.2018ж

Сыныбы: 9 Б

Сабақтың тақырыбы: Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Эволюция бағыттарының арақатынасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Органикалық дүние эволюциясының бағыттары мен жолдарын қарастыру, А.Н.Северцов пен И.И. Шмальгаузеннің ұсынған сызбанұсқасын түсіндіру. Өсімдіктер мен жануарлар эволюциясы туралы білімді кеңейту, ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация ұғымдарын түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын кеңейту арқылы «жеке тұлға» қалыптастыру Тәрбиелік: өзара сыйластыққа , адамгершілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: ізденіс сабақ

Сабақ типі: Аралас

Әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, нұсқаушы - ойға түсіруші. (слайд, электрондық тақта)

Сабақтың формасы: жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері .

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
3.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

ІІ. Үй тапсырмасы:

Түр түзілу. Осы тақырыпқа байланысты терминдерді сөзжұмбақ түрінде жасадым. 1-7 ге дейін жауаптарын тауып тақтаға жазады.



1.Түр түзілудің қай жолы түр аумағының жеке бөліктеріндегі экологиялық жағдайлармен байланысты болады. Экологиялық

2. Организмдердің нақтылы ортада тіршілік етіп, ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін әрекет. Бейімділік

3. Түрлі табиғи кедергілерге байланысты бір түр дараларының еркін шағылысуы мүмкін болмайтын жағдайы. Оқшаулану

4. Белгілі бір аймақта тіршілік ететін, генофонды ортақ, бір түр дараларының оқшауланған шағын тобы.Популяция

5. Популяциядан жаңа түрдің түзілуі ненің нәтижесі болып табылады. Микроэволюция

6. Түр түзілудің қай түрінде табиғи кедергілерге байланысты, аймақ бөліктерге бөлініп кетеді. Географиялық

7. Пайда болған жаңа түр бастапқы түрден байланысын үзіп, олармен шағылысуы мүмкін болмайтын, өз алдына дербес даралар жиынтығын не деп атаймыз? Түр түзілу


Түр түзілудің қай түрі және оған сипаттама бер?


Түр түзілудің қай түріне жатады және сипаттама бер?

Галапагос аралдарындағы Дарвин зерттеп сипаттаған қунақтар қай түр түзілуге мысал бола алады?




ІІІ. Жаңа сабақ

Макроэволюция дегеніміз- түрден жоғары деңгейіндегі жүйелік топтар: туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтердің түзілу процесі. Макроэволюциялық процестің нәтижесінде жер бетінде тіршілік пайда болып, қазіргі кезеңдегі тірі организмдердің жүйесі қалыптасады.Органикалық дүние барлық замандар мен кезеңдерде жердің геологиялық және климаттық жағдайларына бейімделіп дамыды.Орыс ғалымдары А.И.Северцов пен И.И.Шмальгаузен эволюциялық әрекеттің екі бағытын және оның жүзеге асырынуның 3 жолын атап көрсетті.

Биологиялық прогресс- түрдің немесе басқа да жүйелік топтардың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы.

Оқушылар кестені толтырады.

Сипаттама

Нәтижесінде нелер түзіледі

Жүйелік топтардағы даралар санының артуы.

Таралу аймағының кеңеюі

Организмдер қоршаған ортаға бейімделеді.

Түр дараларының саны артады.

Түрдің таралу аймағы кеңейеді.

Жаңа популяциялар, түр тармақтары және түрлер түзіледі.


Биологиялық прогреске кері процесс биологиялық регресс. Биологиялық регресс- организмдердің таралу аймағын азайтады;

Сипаттама

Себебі

Неге итермелейді.

Аймақтың тарылуы

Түр дараларының азаюы

Түрлердің ығысуы

Түрлердің жойылу

Жойылу

Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан өзгеруі

Паразиттік тіршілік ететін организмдерге

Қозғалмай бекініп, тіршілік ететіндер

Жер астында және үңгірлерді тіршілік ететін жануарлардың жеке мүшелернің қарапайымдануы.


Оқушыларды 3-топқа бөліп, биологиялық прогрестің негізгі жолдарын меңгеруге баулу, яғни анықтамасын айтқан соң оқушылар өздері ізденеді.

Биологиялық прогрестің негізгі жолдары. Ароморфоз – Идиоадаптация - Дегенерация

Ароморфоз- организнің құрылысы мен қызметін күрделендіруге , құрылымы мен тіршілік ету қабілетінің жалпы деңгейін көтеруге әкелетін әволюциялық өзгеріс. Ароморфоздың нәтижесінде жаңа ірі систематикалық топтар- типтер мен кластар пайда болады. Өсімдіктердегі ароморфоздар Көбеюі- спорадан тұқымға көшу Гүлдің дамуы; Гүлден жемістің түзілуі; Судан да басқа құрлықта да ұрықтануы ; Өсімдіктердің құрылысының күрделенуі Жануарлардағы ірі ароморфоздар. Жануарлардың белсенді қозғалысы, тыныс алу мүшелеріндегі күрделі өзгерістер. Төрт қуысты жүрек, екі қан айналым шеңберінің қалыптасуы, сүтқоректілердің миының күрделенуі, тірі ту, жылықандылық Эволюцияның даму бағыты 1)Бір жасушалылардан көп жасушалыларға 2) Екі қабатты организмнен үш қабатты организмдерге 3)Төменгі сатыдағыдан хордалыларға дейін дамуы.

Идиоадаптация – биологиялық құрылым деңгейін күрделендірмей, өзгертпей тіршілік үшін күресте организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімдеушілігі Жануарлардың бүркеніш реңі, қорек аулау тәсіліне қарай құстардық аяқтарындағы саусақтардың өзгеріске ұшырауы, өсімдіктердің тікенектері, безді түктер, тозаңдануға, жемістер мен тұқымдарын таратуға бейімделуі Идиоадаптация- тірі организдердің тіршілік ортасына жеке бейімделуі.

Дегенерация(катагенез грекше “каtа”- қарапайымдану,кері кету) эволюциялық дамуында қарапайымдана түсу деген ұғымды білдіреді. Оны морфофизиологиялық регресс деп те атайды Бұл бағытта организмнің құрылысы қарапайымданады, бірақ өлімге апармайды Дегенерация- жалпы құрылым деңгейін қарапайымдатып төмендету арқылы организмдердің бейімделгіштік өзгерісі.


ІV. Жаңа сабақты пысықтау.

1. «Ой дамыту»

1.Тұқымды өсімдіктер: ашық және жабық тұқымды. Ароморфоз?

- Жел арқылы тозаңдану, тұқым, гүл, жеміс пайда болды

2.Псилофитерден қырықжапырақтектестер ( папоротник), қырықбуындар, плаундар пайда болды. Осы өсімдіктердегі ароморфоздарды ата?

- Тамыр, жапырақ.

3. Тырнада қандай идиоадаптация қалыптасқан? Бүркітте ше?

-Әртүрлі ортада тіршілік ету сүтқоректілердің түрліше идиоадаптациялануына әкелді.

4.Дегенерация деген не?

-Дегенерация — биологиялық прогреске ұшыраудың үшінші жолы. Тіршілік ету ортасының қарапайымдануына байланысты, кейбір мүшелер жойылады.

2. «Кім жылдам»

1. Омыртқалы жануарларда жақ сүйектің пайда болуы.(Ароморфоз)

2.Жануарлардағы бүркеніш рең.( Идиоадаптация)

3.Жыландардың аяқтарының болмауы.(Дегенерация)

4.Ақбөкендердің саны мен таралу ареалының азаюы.(Регресс)

5.Көбелек пен құстың қанаты.( Аналогия)

6.Інжугүлдің тамырсабағы, картоптың түйнегі, пияздың пиязшығы. Бұл не? (Гомология)


V. Қорытынды.

VІ. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей