СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ф. Оңғарсынова Оюлар

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ Фариза Оңғарсынова Оюлар 5 класс 

Просмотр содержимого документа
«Ф. Оңғарсынова Оюлар»

Сабақтың тақырыбы:Фариза Оңғарсынова «Оюлар» Сабақтың мақсаты:Ф.Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңнің идеясы мен мазмұнын ашу.

Сабақтың міндеттері:

а)Оқушыларға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру. Өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы халықтың асыл қасиетін өзіне жинақтаған ұлттық қолөнер бұйымдарын, ою-өрнегін, халықтық дәстүрді, өнерді дәріптеу арқылы оны бағалап, қастерлеуге баулу.

ә)Оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеуге өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру, ой өрісін дамыту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге дағдыландыру.

б)Оқушыларды әсемдікке, шеберлікке қолөнерін қастерлеуге, еңбекке баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері:баяндау, жеке және топтық жұмыс, СТО

Пәнаралық байланыс: музыка, еңбек

Сабақтың көрнекілігі:ою-өрнектер, үнтаспа, ақын суреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасы: Қ.Жұмаділовтың «Қозыкүрең» шығармасына байланысты «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта жазып келгеншығармаларын оқыту.

ІІІ.Жаңа сабақ

  1. Қызығушылықты ояту. Үнтаспа арқылы М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Фаризажан» әнінен үзінді.

  2. Ой қозғау.

  • Қай ақынның сөзіне жазылған ән деп ойлайсыңдар?

  • Ән кімге арналған екен?

Иә, балалар, бүгін біз Фаризаның «Оюлар» атты өлеңімен танысамыз. Ұлы тұлғалардың бірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жігітінен қазақтың дос таба алмай, Қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын»,-деуіне қарап тұлпарды тұлпардың танитынына, сұңқардың сұңқармен қанаттас болатынына көз жеткіземіз.

  1. Ф.Оңғарсынова туралы бірер сөз

  2. Қазақтың ою-өрнектеріне тоқталу

  3. «Оюлар» өлеңімен танысу

  4. Сөздікпен жұмыс

ІV. Оқулықпен жұмыс Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді тізбектей мәнерлеп оқытқызу. Қысқаша өлеңнің мазмұны сұралады.

V. Сөздікпен жұмыс

Басқұр- киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап таңатын өрнектелген жалпақ бау. Желбау-киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланатын өрнектелген төгілме шашақты бау.

Тарамысты-арықтау.

Текшемен жұмыс

  1. Әдебиет теориясы

Өлеңнің бір шумағын өлең құрлысына талдау

Түрін-ай// текеметтің!//Асыл қандай! Үңілдім// үнсіз ғана//басымды алмай. «Келе ғой,// қошақаным,// өзіме!» деп, Әжем кеп// сипағандай// шашымнан жай. 4 тармақ, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы

  1. Өлеңдегі троп түрлерін табу

күрделі теңеулер- «Келе ғой, қошақаным, өзіме!»-деп, Әжем кеп сипағандай шашыма жай; Тұрғандай ана-көңіл тербеп мені; Әжемнің көзіндей бұл оюларды; Келгендей құлағыма аңсатқан үн; Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім... Кейіптеу- Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан, Қазақтың қошқармүйіз өрнектері. Эпитет- тарамысты саусақтарын, Шебер көп бұл заманда кілең керім, балғын шақтың, мөлдір шық

  1. Ою қию

Оюлар туралы не білеміз? Қандай бұйымдарда салынады?

Жалпы алғанда, қазақ халқы ою-өрнек үлгілеріне өте бай. Қазіргі кезде өнертанушы ғалымдар ою-өрнектің 400 түрін жинақтаған. Оларды мән-мағынасына қарай үлкен төрт топқа бөледі.

  1. Өсімдік тектес оюлар;

  2. Жан-жануарлар дүниесіне қатысты оюлар;

  3. Аспан әлеміне қатысты оюлар;

  4. Геометриялық оюлар.

Жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.

Сынықмүйіз-сынық жасап барып мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбіншешым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.

Қошқармүйіз-қошқардың екі шекесіне иіріліп біткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап т.б киіз бұйымдарында кездеседі.

VI. Сабақты қорытындылау.

Бес жолды өлең

  1. Ою.

  2. Өрнекті, әдемі

  3. Ояды, тағады, безендіреді.

  4. Ою-қазақтың ұлттық байлығы.

  5. Өрнек.

VII. Үйге тапсырма:

  1. Өлеңді жаттау; қағаздан шағын текемет жасау.

  2. Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында қосымша деректер жинау.