Үйірме атауы: «Сұңқар»
Сабақ №_______________
Өтетін уақыты: ______________
Тақырып: «Ұшқыр қанат» әуе үлгілерін дайындаушылар сайысы (F3K — модели планеров с метательным стартом «с рук»).
Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты:
1. Білімдік мақсаты: аэродинамика, ұшу аппараттарының құрылысы мен оның қызметтері туралы алған білімдерін пысықтау. Әуе үлгілерінің спорты туралы түсінік қалыптастыру.
2. Тәрбиелік мақсаты: Әуе үлгілері спорты сайыстары кезіндегі жүрiс-тұрыс ережелерiмен таныстыру. Этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
3. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың техникалық-шығармашылық бағытындағы ой-өрістерін кеңейту, еңбек мәдениетін меңгерту.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: проектор, метровка, бағалау бетшесі, суреттер.
Сабақ түрі: практикалық сабақ.
Әдіс тәсілдері: сайыс-сабақ.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
2. Негізгі бөлім:
Қазақстан – туған өлкем, көркем неткен,
Тәуелсіздік туын көкке желбіреткен.
Даңқың сенің асқақтап тұр бүгінде,
Сенде туып, өскенімді мақтан етем.
Қазақстан туған елім,
Алтын бесік-Ақ ордам.
Даңқың сенің арта берсін,
Елім менің жаңарған.
Ей,қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер-суын қорғау бабаның,
Емес пе еді басты ұраны!
Біз- қазақпыз,
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге иегердің көзімен.
Биыл тәуелсіздік туын көтеріп, керегемізді нықтағанымызға 25 жыл толып отыр. Осы мерекені Қазақстанның барлық халқымен бірге біздің орталық та тойлауда. Демократияны аңсаған жастардың ашық қарсылық көрсеткеніне, яғни желтоқсан көтерілісіне – 30 жыл толып отыр. Сол кезде Қазақстан тәуелсіздігі, егемендігі туралы тұңғыш айқын сөздер айтылды. Бұл оқиға одақтас республикалардағы демократиялық істің бастауы еді.
Осындай атағы асқан, даңқы тасқан туған еліміз – Қазақстан республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесі құтты болсын, ағайын!
Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Ұшқыр қанат» сайысына қош келдіңіздер дей отырып, осы сайысқа қатынасқалы отырған сайыскер қырандарымызды ортаға шақырайық.
Оқушылармен танысу:
1. Ғұбайдолла Әлсейіт Қайдарұлы – «Көктем» қазақ о/м-ң 4«Ә» сынып оқушысы;
2. Асқаров Еркебұлан Асқарұлы – М.Әуезов ат. о/м-ң 4«Б» сынып оқушысы;
3. Елібай Әділет Мерекеұлы – М.Әуезов ат. о/м-ң 5«В» сынып оқушысы;
4. Салават Чингиз Салаватұлы – М.Әуезов ат. о/м-ң 5«В» сынып оқушысы;
5. Антепов Сейтеш Салауатұлы – М.Әуезов ат. о/м-ң 7“В” сынып оқушысы;
6. Бисенбай Ердәулет Мерекеұлы – М.Әуезов ат. о/м-ң 2“Б” сынып оқушысы;
7. Орынбасар Темірлан Темірболатұлы – М.Әуезов ат. о/м-ң 4“Б” сынып оқушысы.
Сайыс ережесі:
Сайысқа қатынасушылар:
Сайысқа «Сұңқар» үйірмесінің бірінші жылғы мүшелері қатынасады (3-6 сынып оқушылары).
Сайысты ұйымдастырушылар және төрешілер:
Сайысты ұйымдастырушы: «Сұңқар» үйірмесінің жетекшісі.
Сайысқа оқушылар шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогтерінен құралған төрешілер қазылық етеді.
Сайысты өткізу ережесі:
- Сайыс FAI ережесіне сәйкес F3K сыныбы бойынша өтеді;
- Жеребе тарту, дыбыстық сүйемелдеу және ұпайларды есептеу FAI талаптарына жауап беретін ережелер жүйесіне (F3K Skore, F3K Master, Glider skore және т.б.) сәйкес жүргізіледі.
Қауіпсіздік шаралары:
Сайыс алдын ала дайындалған орында жүргізіледі. Ұйымдастырушылар сайыскерлердің, төрешілер мен көрермендердің өмір қауіпсіздігін қадағалайды: ұшыру алаңын анықтау, қауіпсіздік алаңын анықтау, сайысқа қатынасушылардың спорттық тәртібін қадағалау және т.б.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау:
- Жеңімпаздар үш үздік айналымның қорытындыларының қосындысы бойынша анықталады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау:
- Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығының Дипломымен, қалған сайыскерлер орталықтың Алғыс хатымен марапатталады.
Сайысты өткізу уақыты мен орыны:
- Сайыс оқушылар шығармашылық орталығының залында өткізіледі;
- Сайыскерлерді тіркеу 2016 жылдың 4 қарашасы күні сағ. 14.30-15.00 аралығында жүргізіледі;
- Сайыскерлерге «Сайыскер парақшасы» таратылады.
Планер:
3. Сабақты қорытындылау:
Оқушылардың аты-жөні | Жинаған қорытынды ұпайы | Орыны, марапаты |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
Ендігі сөз кезегін сайысымызды қорытындылау үшін және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау үшін әділқазылар алқасына береміз.
Үйге тапсырма: резинді қозғалтқышпен ұшатын зымыранның сызбасын дайындап келу.
Сайыскердің аты-жөні: Сайыскердің аты-жөні:
________________________ ________________________
Реттік номері: __________ Реттік номері: __________
Айналым реті | Ұпайы |
1 | |
2 | |
3 | |
4 | |
5 | |
6 | |
7 | |
Айналым реті | Ұпайы |
1 | |
2 | |
3 | |
4 | |
5 | |
6 | |
7 | |
Сайыскердің аты-жөні: Сайыскердің аты-жөні:
________________________ ________________________
Реттік номері: __________ Реттік номері: __________
Айналым реті | Ұпайы |
1 | |
2 | |
3 | |
4 | |
5 | |
6 | |
7 | |
Айналым реті | Ұпайы |
1 | |
2 | |
3 | |
4 | |
5 | |
6 | |
7 | |
Сайыскердің аты-жөні: Сайыскердің аты-жөні:
________________________ ________________________
Реттік номері: __________ Реттік номері: __________
Айналым реті | Ұпайы |
1 | |
2 | |
3 | |
4 | |
5 | |
6 | |
7 | |
Айналым реті | Ұпайы |
1 | |
2 | |
3 | |
4 | |
5 | |
6 | |
7 | |
Бағалау бетшесі:
р/с | Аты-жөні | І тур | ІІ тур | ІІІ тур | Қорытынды ұпай | Орын, марапаты |
1 | | | | | | |
2 | | | | | | |
3 | | | | | | |
4 | | | | | | |
5 | | | | | | |
6 | | | | | | |
7 | | | | | | |
8 | | | | | | |
9 | | | | | | |
10 | | | | | | |
Төреші:_______________________________________