Негізгі бөлім Файл - бұл байттардың аты бар тізбегі. Файлдың аты және кеңейтілуі болады. Файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтау керек: Файлдың аты мен кеңейтілу болады. Файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символмен жазылу мүмкін. Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды: дефис (-), астын сызу (____), леп белгісі (!) және мына символдарды: @, #, $, %, &, (,), {,} қолдануға болады. Файлдың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша (*), қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), бөлгіш (/), үлкен (), тырнақша («»), нүкте (.) қолдануға болмайды. Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы: Б умалар Бумалар - бұл қандай да бip белгісі бойынша файлдарды бірлестіру. Басқа сөзбен айтқанда, бумалар — бұл аты аталған файлдар тобы. Буманың файл сияқты, аты және мөлшері бар. Жаңа бума құру үшін- тінтурдің оң жақ батырмасын басып, «создать папку» командасы арқылы құрамыз. Буманың ішіне бума құруға болады. Оны бұтақталу (иерархиясы) деп атайды. Бумалар екіге бөлінеді: Жүйелік бума. Жұмыс бумасы Жарлықтар – нысанаға қолжетімділікті жеңілдететін нысанның сілтеме көрсеткіші. Яғни жарлық – программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез тауып алуға арналған. Дербес компьютермен жұмыс орындау. Деңгейлік тапсырмалар. «Пилот пен штурман» әдісі А деңгейі Жұмыс үстелінде бума құр. Атын өз атыңмен өзгерт. Өз атыңмен құрылған буманы қоржынға апар. Жұмыс үстелінде мәтіндік файл құр. Файлдың атын фамилияңмен ата. Файлыңды жой. В деңгей. Бірінің ішіне бірі салынған 2 бума құр. Ішкі бума ішіне мәтіндік құжат құр. Құжаттың атын сыныбыңмен ата. Осы жерге құжатыңның жарлығын құр. С-деңгей, Құжат деген мәтіндік құжат құр. Бума деген мәтіндік құжат құр. Осы екі құжатты өз атыңмен аталатын бума құрып ішіне сал. Осы бума үшін жарлық құр. Буманы жасырын ет. Жарлықты жой. Қоржыннан алып орнына келтір. Интерактивті тақтада бума мен жарлықты, файлды қалай құратыны оқушылар тарапынан көрсетіледі. Дескрипторлармен жасаған жұмыстарын өздері бағалайды. Сергіту сәті. |