СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Файлдар" д?ріс, семинар саба?

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?н: «Алгоритмдеу ж?не ба?дарламалау негіздері»

1 б?лім. Ба?дарламалау негіздері. Delphi –ді? консольдік режимінде ж?мыс

Курс та?ырыбы: 1.8 та?ырып. Файлдар. Файлдармен орындалатын операциялар.

Саба?ты? та?ырыбы: №16 М?тіндік файлдар.

Саба?ты? типі: жа?а та?ырыпты игеру

Саба?ты? т?рі: д?ріс, семинар саба?

Просмотр содержимого документа
«"Файлдар" д?ріс, семинар саба?»

Ф.219

16. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Топ

Күні

2 қысқ ПО

10.11









Пән: «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» 1 бөлім. Бағдарламалау негіздері. Delphi –дің консольдік режимінде жұмыс Курс тақырыбы: 1.8 тақырып. Файлдар. Файлдармен орындалатын операциялар. Сабақтың тақырыбы: №16 Мәтіндік файлдар.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру

Сабақтың түрі: дәріс, семинар сабақ


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Файлдардың негізгі түсінігі, шешу жолдары

Кәсіптік құзыреттілік

Есепті шешу барысында мәліметтерді басқару, бағдарламаны машина тіліне аудару мен өңдеуді жүргізу;

Барлық кезеңде (есептің қойылымынан ЭЕМ-да нәтиже алуға дейін) математикалық тәсілдер мен есептеуіш техниканы қолдану арқылы ғылым, техника, экономика және өндірістің әр түрлі салаларында міндеттерді шешу;


Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Файлдармен оқушыларды таныстыру



тәрбиелік

Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге, талдау жасай білуге тәрбиелеу


дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту


Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: №1.2 тақырып. Бағдарлама құрылымы. Тілдің операторлары

Қамтамасыз етілетін

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: №5.3 тақырып. Процедуралар және функциялар


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

Тақта

Таратпа материалдар


Оқытудың техникалық құралдары

ДК

Әдебиет: негізгі

1. Н.С.Заурбеков «Алгоритмдеу және программалау тілдері»

Қосымша

1. Фаронов В.В., “Turbo Pascal”, Москва: Высшая школа, 2007, 340с.

2. Джулиан Бахнелл. Фундаментальные алгоритмы и структуры данных в Delphi. Библиотека программиста. СПБ: Питер, 2006, 557с.



Сабақ мазмұны


Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатын сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру (3 мин)

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру


2.

Үй тапсырмасын сұрау (20 мин)

Сәйкес анықтамаларын жазыңыз.


  1. Sqr(x).





  1. Сhr(х)




  1. Succ(х)




  1. pred(x)




  1. ord(*)




  1. abs(x)





  1. High(x)





  1. trunc(х)



  1. Round(x)



  1. Odd(х)





  1. Low(x)





3.

Жаңа сабақ (40 мин)

1 бөлім. Бағдарламалау негіздері. Delphi –дің консольдік режимінде жұмыс Курс тақырыбы: 1.8 тақырып. Файлдар. Файлдармен орындалатын операциялар. Сабақтың тақырыбы: №16 Мәтіндік файлдар.



4.

Жаңа сабақты бекіту (10 мин)

Мәтіндік файлдар түсінігі


5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (5 мин)


6

Үйге тапсырма беру (2 мин)

Н.С.Заурбеков «Алгоритмдеу және программалау тілдері»

51-53 бет



Оқытушы __________ М.Ж. Аубакирова

1 бөлім. Бағдарламалау негіздері. Delphi –дің консольдік режимінде жұмыс Курс тақырыбы: 1.8 тақырып. Файлдар. Файлдармен орындалатын операциялар. Сабақтың тақырыбы: №16 Мәтіндік файлдар.

Файдың типтер, файлдық айнымалылар

Файлдармен орындалатын амалдар

Turbo Pascal – да ақпаратты сақтау үшін файлдық типтер мен файлдық айнымалы анықтау мүмкіншілігін қарастырылған. Осыдан кейін соңынан қажет болатын ақпаратты дискідегі файлға орналастыруға болады. Файлдық типті анықтаудың үш тәсілі бар.

f=file of a;

f=text;

f=file;

Бұл 3 тәсіл Turbo Pascal амалдауға мүмкіндік беретін файлдың үш түріне сәйкес келеді: типтендірілген, текстік және типтендірілмеген файлдар. Жоғарыда көрсетілген файлдық типтерді жариялаудың мағынасы мынадай:

File және of – резервтелген сөздер, олардың мағынасы «файл және осыдан».

Text – бұл резервтелген сөз емес, мәліметтердің стандартты типінің идентификаторы болып табылады.

f - жарияланған файлдық типтің атауы.

а - файлда қамтылған элементтер типі (Файлдық типтен басқа кез-келген тип).

Файл элементтері файлдық немесе элементтері файлдар болып табылатын құрылымдық типтерден басқа кез-келген типті мәндер бола алады, яғни, «файлдар файлы» болмайды.

Файлдық айнымалыларды жариялау мысалдары:

Type

Arrays=array of integer;

Data=record

Day:1..31;

Month:1..12;

Year:1900..2000;

End;


Var

f 1:=file;

f 2:text;

f 3:file of integer;

f 4:file of arrays;

f 5:file of date;

Бұл жерде 5 файлдық айнымалы жарияланған. Бұлардың арасында f1 - типтендірілмеген файл, f2 – тестік, ал f3, f4 және f5 - типтендірілген файлдар. Және де егер типтендірілген файлдардың арасында f3 файлының элементтері стандартты integer типіне жататын болса, ал f4, f5 файлдарының элементтері пайдаланушы жариялаған типке жатады (Arrays типі – бүтін сандар массиві, Datе типі – жазба). Әр түрлі типтерге жататын файлдардың өзіндік ерекшеліктері бар, дегенмен барлығына ортақ ерекшелік те бар. Яғни файлда әрбір мезетте бір элементке ғана қатынас жасауға болады.

Мысалы, жоғарыда жарияланған файлдық айнымалыларды алатын болсақ, онда f3 файлында әр мезетте бір бүтін санға, f4 файлында - бір массивке, f5 файлында - бір жазбаға қатынас жасауға болады. Және де барлық файлдар файл соңы маркерімен аяқталады (EoF – End of File).

Әдетте файл элементтеріне қатынас оларды кезекпен таңдау арқылы тізбектей жүргізіледі. Басқаша айтқанда ең соңғы элементке «жету» үшін алдымен барлық алдыңғы элементтерін өңдеуге (оқуға немесе жазуға) тура келеді. Ал типтендірілген және типтендірілмеген файлдар үшін белгілі бір элементке өту мүмкіндігі бар.

Файл элементтерінің саны оның көлемін, ұзындығын анықтайды. Жоғарыда айтылғандай файл ұзындығы оны жариялаған кезде бекітілмейді. Мұнда және де бірде – бір элементі жоқ файлдар болуы мүмкін - мұндай файлдар бос файлдар деп аталады.

















Бұл 1-суретте 5 элементтен тұратын файл бейнеленген. Файл f әріпімен белгіленген идентификатордан басталады. Содан кейін файлда қамтылған бірнеше ақпарат элементтері бар, және файл файл соңы маркерімен (EoF) аяқталады. Суреттегі бағдарша файлдың ағымдағы позициясын нұсқауыш болып табылады. Егер файлға жазуды немесе файлдан оқуды елестететін болсақ, файлға жазу алдында нұсқауыш тұрған элементтен басталады. Бұл файлдан оқуға да қатысты. Файл ұзындығының шектелмегендігін көрсету үшін бейнеленген сектор оң жағынан тұйықталмаған. Әрине файлды осылай визуалды түрде көрсету шартты түрде орындалған. Көбінесе файл жол бөлігін емес, бірнеше жолдарды алады. Бұл файлды визуалды түрде көрсету файл үстінен орындалатын әр түрлі амалдарды оқып – үйрену үшін қажет.


Фйлдармен орындалатын амалдар

Turbo Pascal – да басқа мәліметтер типіне қарағанда файлдармен жұмыс істеуге арналған кіріктірілген операторлар болмайды. Мысалы, меншіктеу операторының көмегімен файлдық айнымалыға қандай-да бір мән меншіктей алмаймыз. Осыған байланысты сәйкес амалдар процедура және функция түрінде орындалады.

ФАЙЛДАРҒА ҚАТЫНАСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Басқа мәліметтер типінен айырмашылығы файлдар дисктерде жазылатындықтан оларға қатынас жасау үшін файлдық айнымалы жариялау жеткіліксіз. Нақты файлға қатынас жасау үшін оны алдын ала жариялайтын файлдық айнымалымен байланыстыру қажет. Мұндай байланыс Turbo Pascal –дың стандартты процедурасы болып табылатын Assign процедурасы арқылы орындалады.

Assign процедурасының тақырыбы:

Procedure Assign (var f; FileName: string);

Мұндағы f – FileName деп аталатын дискідегі файлмен байланысты кез-келген түрдегі файлдық айнымалының атауы (FileName параметрі STRING типіне жатады).

Атауға арналған ережелер

Файл атауының жалпыланған түрі MS DOS операциялық жүйесінің атау ережесі бойынша құрылып, төмендегідей болады.

диск: \жол\ файл_атауы

Мұндағы диск: - бұл компьютер дискілерінің біреуінің атауы.

Жол – бұл каталог.

Файл_атауы – осы каталог аясындағы белгілі файл идентификаторы.

Файл атаулары

Файл атауы сегіз символға дейін қамтып, кеңейтілумен толықтырылуы мүмкін (үш символға дейін). Файл атауы мен кеңейтілу нүкте арқылы ажыратылады. Файл атауында латынның үлкен кіші әріптері, цифрлар, сол сияқты !, @, #, $, %, ^, &, *, (, ),’,~, -, _ символдары болуы мүмкін. Және де файл атауларында ? . , ; : * / \ + « | символдары кездеспеу керек. Файл атауларына мүмкін символдарды каталог атауларына да қолдануға болады.

Turbo Pascal программасында дисктегі файлды жарияланған файлдық айнымалымен былай байланыстыруға болады.

Var

f1:file;

Begin

...

Assign (f1,’c:\sys\into.sys’);

...

end.

Assign процедурасының параметрі ретінде дисктегі файл атауының орнына белгілі құрылғыларға резервтелген құрылғының символдық атауын қолдануға болады.

6-кесте

Символдар

Құрылғылар

CON

Консоль

PRN, LPT1, LPT2, LPT3

Принтерлер

AUX, COM1, COM2

Коммуникативті каналдар

NUL

Жалған (фиктивті) құрылғылар


CON- консольдың символдық атауы. Консоль деп – бір мезетте пернетақта да және монитор да аталады. CON логикалық атауын assign процедурасында файл атауының орнына көрсетуге болады, яғни, ақпаратты пернетақтадан енгізу және экранға шығару қажет болған жағдайда қолданылады.

PRN – принтердің символдық атауы. Оны assign процедурасының параметрі ретінде ақпаратты принтерден басып шығру қажет болған жағдайда қолданамыз. Және де бірнеше принтерлер жалғанған болса, тағы да бірнеше символдық атаулар бар: PRN, LPT1, LPT2, LPT3 - өзара синоним атаулар.

AUX – коммуникациялық каналдың символдық атауы. Коммуникациялық канал басқа компьютермен, құрылғылармен ақпарат алмасуға арналған канал. AUX атауын assign процедурасының параметрі ретінде ақпаратты басқа компьютерге жіберу немесе сырттан қабылдау қажет болған жағдайда қолданамыз. MS DOS–та AUX-тан басқа тағы да бірнеше коммуникациялық каналдардың символдық атауы бар: СОМ1,СОМ2

NUL – жалған (фиктивті) құрылғының символдық атауы. Айталық, қандай да бір программаның қателіктерін түзеу процедурасы жүріп жатыр. Бұл программада басқаларымен қатар нәтижені шығару амалы бар. Ал дискідегі орын шектеулі. Бізге қажетсіз ақпаратты шығару қажет болсын. Мұндай жағдайда шығару құрылғысы ретінде жалған құрылғыны қолдану қолайлы.

Әртүрлі логикалық құрылғылармен файлдық айнымалыларды байланыстыру мысалы:

Var

f1, f2, f3, f4, f5:file;

begin

Assign (f1,’CON’);

Assign (f2, ‘LPT1’);

Assign (f3, ‘PRN’);

Assign (f4, ‘AUX’);

Assign (f5, ‘NUL’);

End.


Файлдардың үстінен қандай да бір әрекеттер орындау үшін Assign процедурасын шақыру керек. Assign процедурасын шақырғаннан кейін көрсетілген файл мен файлдық айнымалы арасында осы программа жұмысы аяқталғанға дейін байланыс болады.


Оқытушы __________ М.Ж. Аубакирова






Сәйкес анықтамаларын жазыңыз.


  1. Sqr(x).





  1. Сhr(х)




  1. Succ(х)




  1. pred(x)




  1. ord(*)




  1. abs(x)





  1. High(x)





  1. trunc(х)



  1. Round(x)



  1. Odd(х)





  1. Low(x)




Оқушы:


Сәйкес анықтамаларын жазыңыз.


  1. Sqr(x).





  1. Сhr(х)




  1. Succ(х)




  1. pred(x)




  1. ord(*)




  1. abs(x)





  1. High(x)





  1. trunc(х)



  1. Round(x)



  1. Odd(х)





  1. Low(x)




Оқушы: