Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ
Грамматика әлеміне саяхат
оқу-әдістемелік кешенінің бағдарламасы
Қостанай қаласы, 2014 жыл
Рецензенттер: Беркенова Г.С., МБОТТ кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының кандидаты;
Альшанова Б.Х., БҮППҚ кафедрасының аға оқытушысы,
философия ғылымдарының кандидаты.
Құрастырған: Жалелова Гаухар Жапаровна,
Италмасова Айгүл Задыкерееовна Аманкелді ауданы
Ы.Алтынсарин және Б.Қолдасбаев атындағы мектептерінің
бастауыш сынып мұғалімдері;
Бекмаганбетова Г.К., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай
облысы бойынша ПҚ БАИ» МБОТТ кафедрасының аға
оқытушысы
3-сыныптың қазақ тілі бойынша таңдау курсына арналған «Грамматика әлеміне саяхат» атты факультатив сабағы «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша оқу құралы құрылды. Бұл технология дидактиканың мынадай ұстанымдарына сүйенеді: өзін-өзі дамыту, жеке пәндік, сыныптық-сабақтық, топтық, ұжымдық оқыту тәсілі, тұлғаларға бағдарланған, ынтымақтастық педагогикасы, еркін тәрбие, дамыта оқыту, ізденушілік, өздігінен дамыта оқыту, шығармашылық, диалогтық, ойындық болып табылады.
Дәптер бастауыш мектептің 3-сыныбына арналған. Бұл жұмыс дәптері оқушылардың қазақ тілі бойынша білім-біліктерін арттыруға көмектеседі: дыбыстарды терең меңгеруге, кез келген сөздің айтылуы, жасалу ерекшеліктерін ұғындырады; буын түрлерін меңгеріп, сөздерді дұрыс тасымалдауды үйренеді; сөздік қорлары молаяды, байланыстыра сөйлеу дәрежесі қалыптасады.
Түсінік хат
Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа адамды қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізіліп келеді. Оның бастыларының бірі әрі бірегейі – білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре түсіп, білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сол себепті оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етіледі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсетті. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті–оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық технологиялар кеңінен қолданылуда.
3-сыныптың қазақ тілі бойынша таңдау курсына арналған «Грамматика әлеміне саяхат» атты факультатив сабағы «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша оқу құралы құрылды.
Бұл технология дидактиканың мынадай ұстанымдарына сүйенеді:
1. Тұлғалық құрылымға бағдарлануына қарай - өзін-өзі дамыту.
2. Қолдану деңгейіне қарай – жеке пәндік.
3. Ұйымдастыру формасына қарай – сыныптық-сабақтық, топтық, ұжымдық оқыту тәсілі.
4. Қарым-қатынас әдісіне қарай – тұлғаларға бағдарланған, ынтымақтастық педагогикасы, еркін тәрбие.
5. Басымдылық танытатын тәсіліне қарай – дамыта оқыту, ізденушілік, өздігінен дамыта оқыту, шығармашылық, диалогтық, ойындық болып табылады.
Қорыта айтқанда, «Сатылай кешенді талдау» - тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, сонымен қатар оқушының жалпы тұлғалық дамуына, ойлау мен есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық қасиеттердің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі» деп, технология авторы Н.А.Оразақынованың айтқандай, бұл талдау ғылыми жетістіктердің бірі.
Қазақ тілі сабақтарында мұғалімдердің мақсаты – оқытудың ұтымды жолдарын, амал-тәсілдерін іздеп, жаңа технологияларды дұрыс пайдаланып, сол арқылы жоғары деңгейлерге жету. Демек, сатылай кешенді талдау технологиясы оқушылардың тіл салалары бойынша меңгерген теориялық білімдерін тәжірибеде терең талдап меңгере алатын, жете игермеген теориялық білімдерін талдау сызба негізінде меңгере алатын тиімді де ұтымды технология деп білеміз.
Мақсаты:
Оқушылардың ғылыми танымдық белсенділігін қалыптпстыруда ұлттық құндылықтарымызды саралай, бағалай білуі арқылы бәсекеге қабілетті жан-жақты дамсығаншығармашыл тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
- Оқушылардың оқу танымдық белсенділігін арттыру;
- білім – білік дағдығысын қалыптастыру;
- білім алуға деген ынтасы мен іскерлік қабілетіне ықпал ету;
- шығармашылық қабілетін дамыту;
- ғылыми ізденіске жетелеу.
Күтілетін нәтиже:
дағдысы жетіледі.
- Логикалық ойлау қабілеттері артады, өзіндік ойлау жүйесі қалыптасады.
- Білімге құштарлығы оянып, танымдық дүниесі дамиды.
- Есте сақтау қабілеті артады
- Шығармашылық қабілеті дамып, сабаққа белсенділігі артады
1. Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме –
8 сағ
Бұл бөлімде жалпы дыбыстардың шартты белгілерімен таныстырдық. Дауысты дыбыстардың түрлері а) тілдің қатысына қарай ә)жақтың ашылу дәрежесіне қарай б) ерін мен езудің қатысына қарай бөлінетіні туралы түсінік берілді. Сөздердегі дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беруді үйреттік.
2. Дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру - 7 сағ
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
А) үн мен салдардың қатысына қарай
Ә) айтылу жасалу тәсіліне қарай
Б) жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай бөлінетіні туралы түсінік берілді. Сөздердегі дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беруді үйреттік.
3. Сөзсазындық талдау - 5 сағ
Сөздердің айтылу жасалу, жазылу жолдарына қарай (жуан, жіңішке, аралас) буынды болып бөлінуі. Буын түрлері (ашық, тұйық, бітеу) сөздің тасымалдануы, буын үндестігі туралы түсінік берілді.
4. Сөз құрамы - 4 сағ
Сөздің құрамы, тұлғасы, құрылысы, мағынасына қарай бөлінуі туралы мағлұмат берілді.
5. Сөз таптары 10 сағ
Зат есім, етістік, сын есім, сан есімдердің құрамы, тұлғасы, сұрағы және мағынасына қарай талдауды меңгертуге негізделді..
Грамматика әлеміне саяхат
3 сынып 34 сағат
| № | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Уақыты |
| 1 | Дыбыстар әлеміне саяхат | 1 | |
| 2 | Дауысты дыбыстардың жіктелуі | 1 | |
| 3 | Адасқан дыбыстар | 1 | |
| 4 | Жуан буынды сөздердің жіктелуі | 1 | |
| 5 | Жіңішке буынды сөздердің жіктелуі | 1 | |
| 6 | Біліміңді ұштай түс | 1 | |
| 7 | Фонетика жыр жолдарында | 1 | |
| 8 | Ой жинақта , талдаумен | 1 | |
| 9 | Дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру | 1 | |
| 10 | Сөз сиқырын ұға біл! | 1 | |
| 11 | Ұшқыр ой алға жетелейді | 1 | |
| 12 | Кім көп біледі? | 1 | |
| 13 | Ойлан, орнына қой (Адасқан сөздер ойыны) | 1 | |
| 14 | Білгенге маржан | 1 | |
| 15 | Практикалық жұмыс | 1 | |
| 16 | Сөзсазындық талдау | 1 | |
| 17 | Артық болмас білгенің | 1 | |
| 18 | Сөзден сөз шығар ойыны | 1 | |
| 19 | Жаңылтпаш кімді жаңылтпас | 1 | |
| 20 | Білім деңгейлерін анықтау | 1 | |
| 21 | Сөз құрамына талдай біл! | 1 | |
| 22 | Негізгі түбір сөздерді талдау | 1 | |
| 23 | Туынды сөздерді сатылай кешенді талдау | 1 | |
| 24 | Практикалық жұмыс (Білім деңгейін анықтау) | 1 | |
| 25 | Зат есімді сатылай кешенді талдау | 1 | |
| 26 | Бұл не ? ойыны | 1 | |
| 27 | Етістіктерді сатылай кешенді талдау | 1 | |
| 28 | Өзіндік жұмыс | 1 | |
| 29 | Практиалық жұмыс | 1 | |
| 30 | Сын есімді сатылай кешенді талдау | 1 | |
| 31 | Оқы да біл, ойла да біл | 1 | |
| 32 | Сан есімді сатылай кешенді талдау | 1 | |
| 33 | Практикалық жұмыс | 1 | |
| 34 | Не үйрендік, не білдік? | 1 | |
Пайдаланылған әдебиеттер :
Н.А.Оразахынова, Ж.А.Оспан «Білім ой -азығы» Алматы-2012
Н.А.Оразахынова, Р.М.Шалова. Бастауыш сыныпта тілдік бірліктерді сатылай кешенді талдау. Алматы-2012
«Балдырған» журналдары 2010-2013
Г.Уәйісова, Ә.Е.Жұмабаева Қазақ тілі (дидактикалық материалдар)
2-сынып . Алматы «Атамұра» 2004
Қ.Аймағамбетова, З.Ф.Олейник. «Дүниетануға арналған үлестірмелі-дидактикалық материалдар » Алматы «Атамұра» 2004
М.Е.Абдукодирова, А.Қ.Қазыбай «Тіл дамыту » 2-сынып Алматы,2012
Г.И.Уәйісова, Ә.Е.Жұмабаева. Қазақ тілі (диктанттар жинағы) Алматы «Атамұра»2004
Ғаламтор материалдары.
Жолымбетов Қ. Қазақ тіліне арналған дидактикалық тапсырмалар. Алматы, 1996.-75бет
Мырзалиев Қ. Жұмабекова М. Ана тіліне арналған дидактикалық тапсырмалар Алматы,1998.
Уәйісова Г.И. Асылов Ұ.Ә, Солтанғазина М.Қ. Қазақ тілі оқыту әдістемесі.- Алматы,2000.-102 бет.
Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Қысқаша анықтама.-Алматы,2012.-98 бет