СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до 17.06.2025
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Таңдау курсының мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Оқушының әсемдік сезімін оята отырып, мінез-құлқын тәрбиелеп, ұқыптылық пен тазалыққа, жауапкершілікке баулиды.
Міндеттері:
Білімі мен білігі бойынша:
Дағдылары бойынша:
Графикалық қателерді көру және жөндеу жолдарын табу;
Әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақтау;
Сөздер арасындағы қашықтықты сақтау;
Әріп элементтерінің жазылу алгоритмін, әріптер мен әріптердің байланыстырып жазу;
Жазу жылдамдық нормаларын орындау, баспа мәтінінен көшіріп жазу және жай сөздерді жатқа жазу.
Түсініктеме
«Көркем жазу» курсы бойынша 1- сыныптарға арналған. Көркем жазу оқулығы авторлар Бұзаубақова К.Ж Изтилеуова А. Б. Жағынан құрастырылған. Оқу құралы оқушылар бойында төмендегідей білім, білік, дағдыларды қалыптастырады:
1- сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсы 34 сағатқа есептелген. Әрбір сабақ 2 бөлімнен тұрады: 1 бөлім – теориялық тұрғыдан түсіндірілсе, 2 – бөлімде оқушыларға тапсырмаларды әдемі, көркем етіп жазуға ұсынылады. Сабақтың 1-бөлімі оқушының қызығушылығын ояту, сыныпта жағымды атмосфераны орнату, психогимнастикалық серпіліс жасау жаттығуларынан басталады. Тақырып бойынша әріп элементін жазу ережесімен таныстырылады, әріптің көлемі біркелкі болуы, кіші әріптің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі 7 мм өлшемдерді сақтап жазу қажеттігі ескертіледі. Оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, сергіту жаттығулары орындалады. Сабақтың 2-бөлімі жазу дәптерімен жұмыс жасауға арналған 5 тапсырмадан тұрады, оның:
Бірінші тапсырмасы – көшіріп жазу әдісі бойынша дайын әріп элементтерін таза, әдемі етіп жазуға негізделген. Бұл тапсырманы оқушы мұғалімнің көмегімен орындайды.
Екінші тапсырма – оқушылардың сөздер арасындағы ара қашықтықты сақтап, байланыстыра жазуға, сонымен бірге оқушылардың логикалық ойлауын қозғап, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделген. Тапсырманы орындауда оқушы сызықтық әдіс, теріп жазу әдісі, сөйлемді аяқтау әдісін қолданады, түрлі сөзжұмбақтар мен суретті жұмбақтардың шешімін тауып жазады.
Үшінші тапсырманы орындау – оқушының өздігінше жұмыс жасауын, берілген мәтінді таза, әдемі етіп көшіріп жазу, мәтінді өзіндік пікірмен аяқтап жазуды талап етеді. Тапсырма ізденіс арқылы оқушының пікірін жинақтауына бейімделген.
Төртінші тапсырма – түрлі әдістерге негізделген, мысалы: өлеңді жатқа жазу, тест тапсырмаларын шешу, дұрыс жауаптарын бояу, «Топтастыру» ойыны, мақал-мәтелдердің ауыспалы мағынасын ашып жазу, «Лездемеге жауап жаз» ойыны, «Сөз ішінде сөз» ойыны, «Адасқан буындар» ойыны, жүргізіп жазу техникасын қолдану және т.б. Мұғалім осындай әдістерді қолдану арқылы оқушыларда ой қозғап, білімдерін бекітеді. Сабақтың қорытынды бөлімінде мұғалім семантикалық карта арқылы оқушылармен жазба түрде рефлексиялық байланыс жасайды.
Бесінші тапсырма – үйде орындауға негізделген, мұнда тақырып бойынша берілген әріптерге сөз, сөйлем құрастырып жазу, өлең жолдарын көшіріп, тиісті әріптерді теріп жазу секілді жаттығуларды орындайды.
Курстың соңында оқушылар көшіріп жазу әдісі, сызықтық әдіс, генетикалық әдіс, ритмикалық әдіс, теріп жазу әдісі, топтастыру әдісі, Карстер әдістерін саналы түрде және нақты орындауды меңгереді.
Таңдау курсының мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Оқушының әсемдік сезімін оята отырып, мінез-құлқын тәрбиелеп, ұқыптылық пен тазалыққа, жауапкершілікке баулиды.
Міндеттері:
Білімі мен білігі бойынша:
«Көркем жазудың» бастапқы негіздерімен танысу;
Графикалық белгілерді есте сақтау;
Жазу тәртібін меңгеру;
Жазу нормативтеріне бағыну;
Қатесіз және жатқа жазу;
Уақытты дұрыс үнемдей білу.
Дағдылары бойынша:
Графикалық қателерді көру және жөндеу жолдарын табу;
Әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақтау;
Сөздер арасындағы қашықтықты сақтау;
Әріп элементтерінің жазылу алгоритмін, әріптер мен әріптердің байланыстырып жазу;
Жазу жылдамдық нормаларын орындау, баспа мәтінінен көшіріп жазу және жай сөздерді жатқа жазу.
Таңдау курсын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:
Оушы білуі керек:
Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы;
Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығуы;
Әріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазылуы;
Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элементтерінің, сондай-ақ қисық, түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырылмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы;
Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес дұрыс жазылуы;
Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.
Оқушы көркем жазу таңдау курсында әсемдікті сезінумен бірге, өз бетінше ізденуге, салыстыруға, еркін пікірлеуге үйренеді.
Оқу курсының тақырып мазмұн
І. Жазудың негізгі алгоритмімен танысу
Курс жоспары 35 сағатқа түзілген.
Кіріспе бөлімі 10 сағатқа құрылған. Бұл бөлімде оқушылар жазу жолының негізгі құрылымдарымен танысады. Жазу жолындағы арақашықтықтың сақталуы мен сызықтардың көлбеу түсу сырларын түсінуге мүмкіндік береді
ІІ. Қосымша жолдардың жұмыс кеңістігімен танысу
Бөлім 7 сағатқа құрылған. Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болу дағдыларын игеруі тиіс.
графикалық белгілерді есте сақтау;
жазу тәртібін меңгеру;
жазу нормативтеріне бағыну;
қатесіз және жатқа жазу;
уақытты дұрыс үнемдей білу.
ІІІ. Әріптердің жазылу элементтерімен танысу
Бұл «Көркем жазу» таңдау курсының бағдарламасының негізгі мазмұны
оқушының өз бетімен оқуына, ізденуіне және көркем мәдениетінің
қалыптасуы болып табылады. Осы бөлімде оқушының білім, білік
дағдылары біртіндеп өсуіне қарай құрылады. Бөлім 10 сағатқа жоспарланған.
ІҮ. Әріп элементтерін жазу
Курстың соңында оқушылар көшіріп жазу әдісі, сызықтық әдіс, генетикалық әдіс, ритмикалық әдіс, теріп жазу әдісі, топтастыру әдісі, Карстер әдістерін саналы түрде және нақты орындауды меңгереді.
Бұл бөлім 8 сағатқа құрылған.
Пәнаралық байланыс:
Салауаттану
Ана тілі
Бейнелеу өнері
Дене шынықтыру
Музыка
Сызу
Тәжірибелік бөлімі
Курс барысында оқушылардың икем, дағдылары төмендегі іс-
әрекеттер бойынша бекіп отырады.
Графикалық қателерді көру және жөндеу жолдарын табады.
Әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақтайды.
Сөздер арасындағы қашықтықты меңгереді.
Әріп элементтерінің жазылу алгоритмін, әріптер мен әріптерді байланыстырып жазады.
Жазудың жылдамдық нормаларын орындау, баспа мәтінінен көшіріп жазу, жай сөздерді жатқа жазуды есте сақтайды.
Тақырып бойынша суретпен сөйлем құрайды.
Ребустар мен сөзжұмбақтар үшін материалдар жинақтайды.
Қысқа мәтінде диктанттар жазады.
Оқушының білім деңгейін бақылау
Оқушылардың білім, білік дағдысын тексеру оқу үрдісінің негізгі кезеңі болып табылады. Олар оқыту, тексеру, тәрбиелеу және түзету функциясын атқарады.
Білім деңгейін тексеру үшін:
әрбір бөлімнің соңында қорытынды тексеру жүргізу;
тексеру формасы мына түрде: тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, іздену, шығармашылыққа берілген тапсырмалар арқылы болады.
тексеру әдістері мен формаларын оқушылардың жас ерекшелігімен анықтау;
әр бөлімнен кейін оқушы мұғалімге жинаған, зерделеген материалдарын тексерту;
білім, дағдыларын бақылау диктанттары арқылы қорғау.
Пәнді оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
Практикалық:
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
Тақырып мазмұнына қарай жинақтау, іздену.
Шығармашылық жаттығулар құрастыру.
Әдістемелік:
осы тақырыптар бойынша не білемін?
тағы не білуім керек?
қайдан білуге болады?
Анықтамалық:
адамдардан сұрау;
кітаптардан қарау;
өз пікірмен жұмыс жүргізу;
материалды жинау және қолдану.
Көрнекілік:
суреттер;
альбомдар;
ребустар;
бүктемелер;
сөзжұмбақтар.
Оқушыларға қосымша берілетін тапсырмалар
Жеке тақырыптар бойынша берілетін тапсырмалар
Оқушыларды шығармашылық жұмысына баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, іздену.
Жоспар бойынша:
- осы тақырып бойынша не білемін?
- тағы не білуім керек?
- қайдан білуге болады?
Жауаптары:
Мұғалімнен, ата-анадан сұрау;
кітаптардан қарау;
материалды жинау және талдау.
Хабарлама:
өз бетімен іздену;
дайындық көру;
зерттеу жүргізу;
хабарлау;
ұжымдық ізденістер.
Таңдау курсы бойынша оқу әдістемелік кешеннің тізімі
Мектеп алды дайындық сыныптарына арналған «Балапан» оқу құралдары.
Қазақ тілі оқулығының дидактикалық материалдары.
«Қуырмаш», «Балдырған», «Шеберхана», «Мөлдір бұлақ» журналдары.
Ғаламтор.
Қазақ энциклопедиясы.
Көркем жазу (факультатив)
1-сынып
аптасына 1 сағат, жылына 35 сағат
р\с | Тақырыптар мазмұны | Сағат саны | Мерзімі
| Қосымша |
І тоқсан | ||||
1 | «Көркем жазу» курсымен танысу | 1 | 06.09 |
|
2 | А а әрпінің емлесі | 1 | 13.09 |
|
3 | Жазу үлгісіндегі өрнектерді орындау. Ә ә әріптерінің элементтерін жазу. | 1 | 20.09 |
|
4 | Жазу үлгісінің сызықтарымен танысу.Б б әрпін жазу | 1 | 27.09 |
|
5 | В в әріптерінің элементтерін жазу. | 1 | 04.09 |
|
6 | Жазудың негізгі алгоритмімен танысу. Г г әрпін жазу | 1 | 11.09 |
|
7 | Ғ ғ әріпінің элементтерін жазу. | 1 | 18.09 |
|
8 | Жазудың негізгі алгоритм элементтерін жазу. Д д әрпін жазу | 1 | 25.09 |
|
ІІ тоқсан | ||||
9 | Е е әріпінің элементтерін жазу. | 1 |
|
|
10 | Қайталау | 1 |
|
|
11 | Қосымша жолдардың жұмыс кеңістігімен танысу. Ж ж | 1 |
|
|
12 | З з әріпінің элементтерін жазу. | 1 |
|
|
13 | И и, Г г әріптерінің жазылуы | 1 |
|
|
14 | П п, Т т әріптерінің элементтерін жазу. | 1 |
|
|
15 | Л л әрпін жазу | 1 |
|
|
16 | М м әріпінің элементтерін жазу. | 1 |
|
|
17 | Н н, Кк, әріптерінің элементтерін жазу | 1 |
|
|
ІІІ тоқсан | ||||
18 | Ээ әрпінің элементтерін жазу. | 1 |
|
|
19 | О о, Ө өәріптерінің элементтерін жазу | 1 |
|
|
20 | Қ қ, ң әріпінің элементтерін жазу. | 1 |
|
|
21 | У у әрпін жазу | 1 |
|
|
22 | Ұұ ,Үү әріптерінің элементтерін жазу. | 1 |
|
|
23 | Р р әрпін жазу | 1 |
|
|
24 | Ф ф әріпінің элементтерін жазу. | 1 |
|
|
25 | Х х әрпін жазу | 1 |
|
|
IV тоқсан | ||||
26 | һ әріпінің элементтерін жазу. | 1 |
|
|
27 | Жазудың негізгі алгоритмі элементтерін жазу. Ц ц әрпін жазу | 1
|
|
|
28 | Ч ч әріпінің элементтерін жазу | 1 |
|
|
29 | Әріп элементтерін жазу.Ш ш | 1 |
|
|
30 | Щ щ әріпінің элементтерін жазу. | 1 |
|
|
31 | Ы ы әрпін жазу | 1 |
|
|
32 | І і әріптерінің элементтерін жазу. | 1 |
|
|
33 | Ю ю әрпін жазу | 1 |
|
|
34 | Я я әріпінің элементтерін жазу. | 1 |
|
|
35 | Қайталау | 1 |
|
|
1 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Көркем жазу» курсымен танысу
Сабақтың мақсаты:
Көркем жазудың тарихы мен көркем жазуға қойылатын талаптар туралы негізгі түсінікті қалыптастыру.
Сабақты өту әдісі: Баяндау, жүйелеу, сұрақ – жауап, СТО стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Жазбаша тілдің пайда болуына байланысты суреттер, әріптердің жазба және баспа түріндегі кестесі.
Сабақтың пән аралық байланысы: тарих, гигиена, қазақ тілі, психология.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, бір-біріне ізгі тілектерін айтып, кішіпейілдік танытуға ұсыныс жасалады.
Көркем жазу пәнінен алдыңғы сыныпта өтілген тапсырмалардыбағыттаушы сұрақтар арқылыпысықтау.
Жаңа сабақ. «Көркем жазу» курсымен танысу.
Көркем жазудың тарихы алыста жатыр, ертеде адамдар тасқа, ағашқа тағы басқа да заттарға қашап жазуды пайдаланған. Соның бірі: Орхон-Енисей жазба ескерткіштері – тарихи жәдігерлердің куәсі. Осыдан бес жүз мың бұрын өмір сүрген Египет фараоны өз жеңістерін тасқа суреттер арқылы жазып қалдырғысы келді. Алайда, бұл жеткіліксіз еді. Осы кезде жазудың бір түрі – иероглиф (киелі таңба) пайда болды. Қазіргі күнде иероглифпен Қытай мен Жапония елдері жазады. Олар жазуды оқи отырып, оның бейнесін көре алады.
Уақыт өте келе, көркем жазуды үйретуде: тік жазу керек пе, әлде көлбеу жазу керек пе? - деген сұрақ туындады. Тіке жазу оқушының денсаулығына, қабырғаның қисық болуына әсер ететіндігі анықталды. Ал, көлбеу жазу – тез, әрі қолайлы болғандықтан мектеп бағдарламасына енгізілді.
Жазуға үйрету жүйесінде әр түрлі әдістерді қолдануға болады.
Көшіріп жазу әдісі, сызықтық әдіс, ритмикалық әдіс, генетикалық әдіс, Карстер әдісі. Карстер әдісіне – қолдың қозғалысын дамыту үшін жасалынатын жаттығулар жатады
Сергіту сәті
Кешірімді боламыз (Өзін көрсетеді),
Жұлдыздай боп жанамыз (Қолын жоғары көтереді).
Кіші пейіл боламыз (Өзін көрсетеді),
Құстай қанат қағамыз (Қолдарын жайып қанат қағып, саусақтарды жазуға дайындайды).
1-тапсырма әріп элементтерін үлгі бойынша, таза, әдемі етіп жазуға ұсынылады. Қолды үзбей, байланыстырып жазуға дағдыланады.
2-тапсырманысызықтық әдіспен орындап, түзу сызықты пайдалану арқылы өлең шумағын құрастыру ұсынылады. Жазуды үйренудің өз өміріне қандай жеңілдіктер әкелгенін сезінеді.
Ақын, әнші -------------------- қол бастар
Шешен адам ----------------- жол бастар
Батыр адам ------------------- той бастар
Көпті көрген ----------------- сөз бастар
3-тапсырмада ертегіден алынған үзіндіні оқып, ертегінің соңғы сөйлемін өзіндік пікірмен аяқтап жазуға ұсынылған. «От» сөзінің мағынасына талдау жасай отырып, сөйлеу мәдениетін ұғынады.
...- Балам, ана нарды отқа жібер,- дейді де, атасы үйіне кетеді.
Құп, ата! – деп, баласы нарды пішенімен қосып, отқа өртеп жібереді...
Атасы мұны көріп, ашуланып, баласына келіп...
4-тапсырма. Сурет бойынша ертегі желісін құрастырып, жазуға ұсынылған.
Сергіту сәті.
Бала, бала, балақан (Қолдар жоғары көтеріліп, билеуге бейімделеді),
Қане, қайсы алақан? (Қолдар алдыға созылып, алақан аясы көрсетіледі).
Саусақтарың әйбат (Саусақтарды еркін билетеді),
Олай-бұлай ойнат (Қолдар жоғары көтеріліп,би жалғасады).
Сабақты қорытындылау.
көркем жазу курсында өтілген тапсырмаларды пысықтау.
2–сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазу үлгісіндегі өрнектерді орындау. А а әрпінің емлесі
Сабақтың мақсаты:
Өрнектерді орындау барысында жазу ережелеріментаныстыру. А а әрпінің емлесін көркем етіп жазуға үйрету. Графикалық қателерді көру және оларды түзету жолдарын таба білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Әріп кестелері, сызбалар, сөзжұмбақ, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың дайындығын тексеріп, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық. «Қарлығаш» ойыны
Қарлығаш керілді (қолдарымызды жоғары көтереміз).
Қолдарын жазды (қолымызды екі жаққа жазамыз).
Еңкейді (төмен қарай иілеміз, қолымызды төмен түсіреміз).
Шайқалды (екі жаққа қарай теңселеміз).
Алтын кілт тапты да, (қолымызды айқастырамыз).
Үйіне қайтты. (қолымызды жоғары көтереміз де бір орында тұрып, адымдаймыз).
Жаңа сабақ.
Есіңде сақта!
1. Гигиеналық және әріпті солдан оңға қарай көлбеу жазу.
2. Элемент, әріп, сөз арасындағы қашықтықты сақтап жазу. Жазу – өте күрделі, ол адамның ми іс-әрекетімен және физиологиялық құрылымымен байланысты екендігін ескерту арқылы, саусақтардың маңыздылығын ұғындыру.
Сөз жұмбақты шешу арқылы тақырыптың мазмұны ашылады.
Өрнек кең мағыналы ұғым екендігі, әр бір заттың бейімдік өрнегі болатынын суреттер арқылы салыстырмалы түрде ұғындыру. Сонымен бірге, жазу сабағында қолданылатын негізгі ережелермен таныстыр
Қызығушылықты ояту.
I-топ. А дыбысынан басталып, а дыбысына аяқталатын 5 сөз ойлап табу.
Алма, аула, ара, Астана, ана.
ІІ-топ. Есте сақтай отырып, алдыңғы топтың айтқан сөздеріне талдау жасайды.
Алма – жеміс.Ата – әкенің әкесі.
ІІІ-топ. Осы сөздердің біріне келетін өлең шумағын айту тапсырылады.
Ана біздің күніміз,
Біз ананың гүліміз.
Аналарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Айтылғанөлеңшумақтарынсыныпоқушыларыменқайталауарқылы, сергітусәтінепайдалануғаболады. Мұғалім Аа әрпін тақтада жаза отырып, емленің ережесімен таныстырады.
Дәптермен жұмыс жүргізу.
1-тапсырмада А а әрпінің емлесін үлгі бойынша орындау. Сөздер арасындағы ара қашықтықты сақтап, байланыстыра жазуға машықтандыру.
2-тапсырманы орындауда «Дымбілмеске көмек» ойыны арқылы нүктелер орнына а, ә әріптерінің тиістісін жазу барысында, графикалық қырағылыққа бейімдеу.
...с...н, мен ж...не ...п...м, ...кем, ...жем келдік. Сонда неше ...д...м келдік?
3-тапсырмадамәтінді оқып, А дәрумені кездесетін тағамдарды теріп жазуда, оқушы ізденіс арқылы пікірін жинақтайды.
Сергіту сәті
Жаздық, жаздық шаршадық (Саусақтарды билетеді),
Қалам сап қойдық, дем алдық (Қолдарын парта үстіне қойып, көздерін жұмады).
Бір, екі, үш (Саусақтарын санайды),
Біз аламыз жинап күш (Қолдарын жоғары көтеріп, білектеріндегі бұлшық еттерін қозғайды),
4-тапсырма«Анашым» өлеңін көшіріп жазу. Жаттап алуға ұсыну.
Мейірімді менің анашым, Мәпелеген баласын.
Жұлдыздарға балаймын, Әр адамның анасын. Д.Болатова
Сабақты қорытындылау
3 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазу үлгісіндегі өрнектерді орындау. Әә әрпін жазу.
Сабақтың мақсаты: Жазу үлгісіндегі әріптердің сандық өлшемі туралы түсінік беру. Таза, әдемі жазуды талап ету.
Сабақтың әдісі: Білімді жинақтау, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, сюжетті суреттер, жазу үлгісі, ребус.
Сабақтың пән аралық байланысы: Математика, бейнелеу, әдебиет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау. «Менің орным қайда?» ойыны арқылы психологиялық серпіліс жасату.
Үйге тапсыманы сұрау.
«Ана» тақырыбына жазған эсселерін оқыту, бағытталған сұрақтар арқылы мазмұнын ашуға көмек беру.
Жазу сауаттылығын тексеру.
Пысықтау сабағы.
«Суретті жұмбақ»ты (ребус) шешу арқылы, тақырып мазмұнын ашу
Бүгінгі сабақта, жазу үлгісіндегі әріптердің сандық өлшемдері мен әріптер көлемінің біркелкілігі және жазу сабағына қойылатын талаптар мен таныстырылады. Әдемі жазу – өнер.Таза, анық, әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсінуде оңай екендігі даусыз. Ол үшін біз, әріптердің сандық мөлшерін білуіміз қажет. Екінші сыныпта бас әріптердің биіктігі – 7 мм, ал кіші әріптердің биіктігі – 3 мм көлемінде жазылатындығын есте сақтау ұғындырылады. Тағыда бір назарда ұстайтындары дұрыс жазу үшін мынадай талаптарды меңгеру қажеттілігі.
Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу;
Баспа әріптің, жазбаша түрдегі емлесін жаза білу;
Әріптің ережеге сай жазылуын білу;
Әріптердің бір келкілігін сақтау.
Әріптерді байланыстыра білу (үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан);
Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу;
Жазу бағытының дұрыстығы.
Сергіту жаттығулары
Таулар көріп өсеміз (Қолдарын жоғары көтеріп тауды бейнелейді),
Баулар егіп өсеміз (Қолдарын алдыға созып, саусақтарын әрекетке келтіреді).
Жеміс теріп өсеміз (Басты төмен еңкейтіп, саусақтарды жеміс теруге икемдейді),
Жеңіскер боп өсеміз (Қолдарын жоғары көтеріп, оңға – солға қозғайды).
Дәптер мен жұмыс жүргізу
1- тапсырма.Үлгідегі көрсетілген өрнектерді, ә, Ә әріптерінің элементтерін, сөздерді қатесіз, көркем етіп жазуға ұсынылады. Бұл уақытта оқушының таза, көркем және жылдам жазуы ескеріледі.
2- тапсырманы «Теруге қатыс» ойыны арқылы орындауға болады. Аралас жазылған сөздердің ішінен Ә әрпі бар сөздерді астындағы сызыққа теріп жазу ұсынылады. Баспа түрдегі әріптерді жазба түрдегі әріптермен салыстырып, графикалық қырағылыққа үйретіледі.
3- тапсырма сауатты жазуға арналған. Үш сөйлемнен құралған шағын мәтін мұғалімнің қайталап оқуы арқылы «Естілу бойынша жазу» әдісімен орындалады. Жат жазу жиі болса, оқушының сауатыартатынын ұғындыру.
4- тапсырма «Өзіңді байқа!» ойыны арқылы, сабақты қорытуға болады. Шар суреттеріне жазылған сөздерден, жазуға қойылатын талаптардың қажет, немесе қажет еместігін таңдайды. Қажет – қызыл бояу, қажет емес – жасыл бояу мен бояуға ұсынылады. Оқушылар білімін анықтай отырып, сабаққа қорытынды жасалады.
5- тапсырма. Мақалды көшіріп жазу.
Жирен жаман әдеттен,
Үйрен жақсы әдептен.
4 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазу үлгісінің сызықтарымен танысу. Бб әрпін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Үлгідегі сызықтар сырын, Бб әрпінің жазылуережесін таныстыру. Әріптер арасындағы байланысты сақтай отырып, жазу жылдамдығын меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, кешенді талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Әріптердің баспа, жазба кестелері, сөзжұмбақ,
Сабақтың пән аралық байланысы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Бір-бірінің қолдарынан ұстап тілек білдіруге ұсыныс жасау арқылы психологиялық серпіліс жасату.
2 Үйге тапсырманы сұрақ- жауап әдісімен сұрау.
Көркем жазу үшін қандай талаптарды білуіміз қажет?
Әріптердің арасындағы байланыс дұрыс болу үшін нені қолдану қажет?
Мақалды жатқа айтып, мазмұнынын аш.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Ой жинақтау: Сергіту жаттығуы.
Біз гүлдерше өсеміз (Қолдарын жоғары көтереді),
Жапырағы жайқалған ( Құшағын кең ашады).
Сабақтары салалы (Қолдарды билеу қалпына келтіреді),
Желге ырғалып жайқалған (Оңға, солға ырғалып қозғалады).
Жазу үлгісіндегі сызықтар әріптерді ережеге сәйкес жазуға арналып, қол жаттығулары үшін берілген. Сызықтар үстінен қаламсапты жүргізе отырып, емлені жазуға бейімделеді. Бб әрпін көркем етіп жазуда, әріп элементтері анықталады.
Б әрпінің емлесі 3 бөліктен, кіші б әрпінің емлесі 2 бөліктен тұратындығын ұғындыру.
Жазу дәптері мен жұмыс жүргізу
1 – тапсырма. Көркем жазу дәптеріндегі үлгіге қарап, Бб әрпімен сөздерді қатесіз, таза жазуға ұсыну. Стандартқа сәйкес үзіліспен және үзіліссіз, жоғары және төмен байланыстарды меңгерту.
2 – тапсырма. Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқтап жазуға ұсыну. Көзделетін мақсат, жазу мәдениеті бойынша білімдерін тереңдету.
1) Бүгіннен кейін ___________________________
(жыл, кеше, ертең)
2) Қариялар дастархан басында -_____________________
(су, ақша, бата)
3) Әкеден кейін ___________________________
( немере, бала, шөбере)
3 – тапсырма. Мәтіннің жауабын тауып көшіріп жазу арқылы логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
Ойлан!
Болатбек отбасындағы үш баланың ортаншысы да, кенжесі де емес. Ол қандай бала?
Жауабы:__________________________
4 – тапсырма.Өлеңдікөшіріпжазып, баспатүріменсалыстыру. Өлең әуенін сергіту сәтіне пайдалану.
Бал – бұлжанғангүлшағында,
Біз Отанның ұланымыз.
Бақытты елдің құшағында,
Білім алу ұранымыз.
Сабақтықорытындылау.Оқушылардыңтолтырғанкестесібойыншабілімдерінталдайотырыпқорыту.
5- тапсырма. Дана сөздерді оқып, көшіріп жазу.
Көркем мінез – жайдарлы болу, жақсылық жасау және ешкімге зияныңды тигізбеу.
Адамның жақсысы – адамға пайдалысы.
5 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазу үлгісінің сызықтарымен танысу. Вв әрпін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Үлгідегі сызықтардың емлелерді жазудағы орны туралы түсінік беру. Вв әрпінің жазылу ережесімен таныстыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, білімді жинақтау, тірек сөздермен жұмыс, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау. Достық қолын созып, бір – біріне сәттілік тілеуге ұсыныс жасау.
Алдыңғы сабаққа шолу жасау.
Бб әрпін жазуда қолды қай сызыққа қоямыз?
Б әрпі неше емледен тұрады?
Кіші б әрпі емлесі нешеу ?
Хадистердің бізге тиімді жағы барма?
Үй тапсырмасын өз түсініктеріңмен айтып беріңдер.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Қызығушылықтыояту
«Ізетті бала» өлеңін мәнерлеп оқу арқылы есте сақтау қабілетін дамытып, жаттап алуына көмек беру.
Трамвай, автобус сөздеріне буындық талдау жасау арқылы, бүгінгі жазылатын әріпті таныстыру.Вв дыбысының бізге көрші Ресей елінен қонаққа келгенін, қонақты жарқын жүзбен қарсы алып, қонақ кәде жасау қажеттігін ұғындыру.
Өз құрметімізді Вв әрпін сауатты, әдемі жазуымыз арқылы білдіреміз дей келе, жазу сызықтары мен әріптің орналасу ерекшелігін үлгіден көрсету. Үлкен В дыбысының емлесін жазуға дайындық үшін, үлгідегі сызықтардың үстін қаламсаппен жүргізе отырып, қолды үйрету жаттығулары орындалады.
Сергіту сәті
Достығы жарасқан (Оң қолды жоғары көтереді),
Сыйлы біз баламыз (Сол қолын жоғары көтереді).
Келісіп бәрімен (Бір – бірін көрсетеді),
Татулық табамыз (Өзін көрсетеді).
Бәріміз бір болсақ (Барлығы қол ұстасады),
Бәрін де жеңеміз (Би екпінімен қозғалады).
Күндей боп күлімдеп (Күн шапағын қолдарымен бейнелейді),
Таудай боп өсеміз (Қолдарын жоғарыға ұстаған күйінде біріктіреді).
Жазу дәптерімен жұмыс жүргізу
1 – тапсырма үлгідегі өрнекті орындауға Вв әрпінің емлесін жазуға ұсыну. Әріптер арасындағы ара қашықтықты сақтауға, өзара байланыстырып жазуға дағдыландыру.
2-тапсырма. «Мақалшы болсаң тауып көр» ойыны арқылы жалғасын тауып, мақалдарды көшіріп жазуға ұсыну. Оқушының сөздік қоры, сөйлеу мәдениеті қалыптастырылады.
Байлықтың атасы – еңбек, өнер көкке жеткізер.
Ақыл көпке жеткізер, тұлпар биеден туады.
Алып анадан туады, анасы жер.
3 – тапсырма. «Вова досқа көмек» ойыны арқылы нүктелердің орнына, әріптердің тиістісін қойып, көшіріп жазуға ұсынылады. Алған білімдерін орында қолдануға мүмкіндік береді.
Ди...ан, ар...а, а...то...ус, ...агон, ...алық, трам...ай, А...ай.
4 – тапсырма. Венн диаграммасы арқылы Вв, Бб дыбыстарына сипаттама беріп жазуға ұсынылады.
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, сабақтың ұнаған тұстары мен қиындық келтірген тапсырмалар жайлы оқушылардың пікірін сұрау.
5-тапсырма. Мәтінді оқып, соңғы сөйлемді өз пікірімен аяқтап жазуға ұсынылған.
Болған әжейдің Вера деген немере қызы бар еді. Бұрын ол кішкентай болатын да, төсекте жататын. Ал әжесі нан пісіріп, үй сыпырып, кір жуып, жіп иіріп, немересіне киім тоқитын. Кейін әжесі қартайды да, ұйықтап жатып алатынды шығарды. Енді ...
6 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазудың негізгі алгоритмімен танысу. Гг әрпін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға жазудың негізгі алгоритмдері туралы түсінік беру. Гг әрпінің емлесін ереже бойынша жазуға үйрету.
Сабақтың әдісі-тәсілдері: түсіндіру, тірек схемалары, бағыттаушы сұрақтар, СТО технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: бас және кіші әріптер кестесі, суреттер, семантикалық карталар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау. «Кім шапшаң?» ойыны арқылы психологиялық серпіліс жасату.
Мәтінде не туралы айтылған?
Әжесі немересін қалай күтіп бақты?
Мәтінді аяқтаудағы сенің жазған пікірің?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Қызығушылықты ояту.
Сүйемін | Әзірмін | Айналдым |
бауырымды анамды гүлді | қорғауға көмектесуге өсіруге | елімнен бауырларымнан иісінен |
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ (Оң қолдағы бес саусақты көрсетеді),
Сол қолымда бес саусақ (Сол қолдағы бес саусақты көрсетеді)
Алақанды ашамыз (Қолдар алдыға созылып, алақанның аясы көрсетіледі),
Беске бесті қосамыз (Екі қолды бір-біріне беттестіреді).
Кел, санайық ал мұны (Саусақтарды қозғайды),
Нешеу болды барлығы? (Екі қолды құлақ тұсына апарып, басын қозғайды).
1 – тапсырма. Жазу үлгісіндегі Гг әрпінің элементтерін орындау. Сөздерді байланыстыра, ара қашықтықты сақтап жазуды меңгерту.
2 – тапсырма.Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жазу. Гигиеналық ережелерді сақтауға үйрету.
Бұл қандай бұйым?
Сүртінсең,
Үлпілдеп денені
Лезде құрғатып береді.
Гүл өңін кірлетпей орнына,
Іліп қой қайтадан сен оны.
|
|
|
|
|
3 – тапсырма. Нүктелердің орнына тиісті сөзді қойып, көшіріп жазу. Баспа әріпті жазбаәріппен өрнектеп жазу әдісін меңгеру.
Ақылдыңсабыр - ... (мақал). 2. Мұғалім – мектептің ... . 3. Гүлсімнің қолындағы бос ... . Жақсы бала – ата-ананың ... (мақал).
Керектісөздер: шелегі, жүрегі,тірегі, серігі.
4 – тапсырма. Тиістібөліктібояуға ұсынылады. Ой шақыру арқылы оқушыны ізденіске жетелейді.
Сабақты қортындылау. Гг әрпінің жазылу ережесі туралы не түсіндік? Өзге әріптермен қалай байланысырып жазуға болады? Ұқсас әріптері барма?
Бүгінгі сабақ жайлы пікірлерін сұрай отырып сабақ қорытындыланады.
5- тапсырма. Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жазу.
Гүлден шырын алады,
Құйрығымен шағады.
Бұл жәндіктің атауын,
Кәнеки, кім табады?
7 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазудың негізгі алгоритмімен танысу. Ғғ әрпінің жазылуы.
Сабақтың мақсаты: Жазудың негізгі алгоритмі жайлы алған білімдерін пысықтау.Ғғ әрпін жазу ережелерімен таныстыру. Графикалық қателерді көруге, түзетуге дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың өтілу әдісі: Білімді жинақтау, түсіндіру, СТО технологиясы, ойын түрлері, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Бір-біріне достық тілектерін айтып, сәттілік тілейді.
2. Үй тапсырмасына шолу жасау. Пысақтауға арналған сұрақ-жауаптар.
Кіші г мен л әрпі қандай сызық арқылы байланысады?
Г- нің бас әрпі неше элементтен тұрады?
Үздіксіз жазу дегенде не айтуға болады?
Жазудың негізгі алгоритмі дегенді қалай түсіндіңдер?
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту.Жазудың негізгі алгоритмі жайлы біз, алдыңғы сабақта біраз мағлұмат алғанбыз. Әр бір жазу сызығы, әріп элементтерін ілесу тәртібі мен орындау екендігін білдік. Ал, бүгін Ғғ әрпін осы ереже бойынша жазу барысында, өз білімдерімізді толықтырып отырамыз. Ғ әрпі – үш бөліктен тұрады. Тақтамен жұмыс жасау барысында ережесі мен таныстырылады.
Сергіту сәті
Жадырығын Күндейміз, Күндейміз
(Қолдарын жоғары көтереді)!
Жайнап өскен Гүлдейміз, Гүлдейміз
(Қолдары мен гүлдің бейнесін салады)!
Тұнық таза Ауамыз, Ауамыз
(Ауаны толтыра жұтып, ауыздан шығарады)!
Сылдыраған Сумыз біз, Тазамыз, Тазамыз (Қолдарын көтеріп, саусақтарды ойнатады)!
Жазу дәптерлерімен жұмыс.
1 – тапсырма. Үлгідегі әріптерді, сөздерді жазуда байланыстарды, ара ашықтықты сақтау қажеттілігі ескеріледі.
2 – тапсырма. Қайсысы дұрыс? Қайсысы бұрыс? Сөздерді орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Ұшырылды, әлеміне, ғарыш, зымырандар.
Аяғынан, жараланыпты, қарлығаш.
Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.
3 – тапсырма. «Жалғасын тап» ойыны. Мәтінді оқып, жалғасын өз сөздерімен аяқтауға ұсынылады.
4 – тапсырма. Ребусты табу. «Шағала» сөзіне сөйлем құрастырып жазу.
Көмекші сұрақтар. Шағала ненің атауы? Ол қайда болады?
Сабақты қорытындылау: Төмендегі кесте бойынша оқушы білімін анықтап, толықтыру барысында сабақты қорыту.
Білемін | Білдім |
|
|
5 – тапсырма:Өлеңдікөшіріпжазу. Баспаәріппен, жазбаәріптіңайырмашылығын есте ұстау.
Орман, көлге, жайлауға,
Шақырады жаз жайраң.
Шаршамайды шарлауға,
Барлық бала мәз- мәйрам.
Е. Өтетілеуов
8 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазудың негізгі алгоритм элементтерін жазу жаттығулары. Дд әрпін жазу.
Сабақтың мақсаты: Жазудың негізгі алгоритм элементтерін жазу жаттығуларытуралы түсінікті беру. Дд әрпінің элементін көркем жазуға үйрету.
Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ – жауап, суретті сөзжұмбақ, тест.
Сабақтың көрнекілігі:. баспа, жазба әріптер кестесі, сюжетті суреттер, қол добы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жаттығулары.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өлеңді мәнерлеп оқыту. Дд әрпінің өзге әріптер мен байланысын, өлеңді көшіріп жазуда, жазу заңдылықтарының сақталуын анықтау. Көмекші сұрақтарды қолданып, үй тапсырмасын пысықтау.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Қызығушылықты ояту.
Ыдысқа сүт құю. Ыдысты плитаға қою. Сіріңкені жағу.Сіріңкені от жанатын жерге тосу.
Газ кранын ашу. Сүт қайнағанша күту. Газды өшіру
Бұл – алгоритм туралы мысал. Бүгінгі сабағымызда Дд дыбысының жазылу алгоритмі мен жаттығулар орындаймыз. Жазу – қиын процесс. Егер талаптансақ барлығында меңгеретіндерін айтып талпыныс ояту. Тақта мен жұмыс жасау.
Сергіту сәті
Қол добы мен әрекетті ойындарды ойнату.
Соңғы дыбысқа сөз құрау.
Думан, нар, рақым, мақсат, талап, парасат, тау, уақыт,... (Сыныптағы барлық оқушыны қамту қажеттілігі ескеріледі).
1 – тапсырма. Үлгі бойынша Дд әрпіне берілген сөздерді жазуға ұсынылады. Сөздерге, сөйлемдерге дыбыстық, буындық талдау жасату.
2 – тапсырма. Суретті сөзжұмбақтың шешуін табуға ұсынылады.
3 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазуға ұсынылады. Тапсырманы орындау арқылы үздіксіз, шапшаң жазуды меңгерту.
4 – тапсырма. Дұрыс жауаптарды жасыл түспен бояуға ұсынылған.
Адам ағзасына қажетті зат:
Таудың ең биік жері:
Қаймақ алынатын шикі зат:
Сабақты қорытындылау.
Сабақтың қиын тұстары болдыма?
Қиындықты жеңу үшін бізге не қажет?
Сіздерге ұнаған тапсырма қайсысы?
5 – тапсырманы орындауға ұсынылады. Нүктелер орнына д, т әріптерінің тиістісін қойып сөйлемдерді көшіріп жазу.
9 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазудың негізгі алгоритм элементтерін жазу жаттығулары. Е е әрпінің жазылуы.
Сабақтың мақсаты: Жазудың негізгі алгоритм элементтері тақырыбын пысықтау арқылы білім дағдыларын меңгерту.Ее әрпінің жазу техникасын үйрету.
Сабақтың түрі: Ертегіге бейімделген аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Пысықтау, жүйелеу, сұрақ-жауап, ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: Баспа-жазба әріп кесте, «Ұйқасын тап» ойыны, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық жаттығулар өткізу.
Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
5- тапсырма нүктелер орнына д,т әріптерінің тиістісін қойыпкөшіріп жазу.
Жазу барысында қай әдіске сүйендіңдер?
Көшіріп жазу кезінде айтылуы мен жазылуы ережесінің көмегі тиді ме?
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту. Ұйқасын тап!
Бүгінгі сабақ «Шалқан» ертегісіне бейімделетінін түсіндіру. Ертегі мазмұны алдынан таныс болғандықтан, көмекші сұрақтарды қолданып, еске түсіру. Әр кейіпкерге мінездеме беріп, сабақтың барысындағы орындалатын тапсырмалар жүйесі мен таныстыру.
Ата отбасымен егін салды(Ұжым болып сабақ тыңдауға ұсыныс жасау).
Тақтамен жұмыс жүргізу. Ее әрпін жазу алгоритмімен таныстыру.
Егіндері тамаша өнім берді. Қуаныштан ән салды.
Сергіту сәті
Еңбек еттім бүгін мен(Бастарын төмен иіп қолдарымен егін салу әрекетін жасайды),
Терлеп-тепшіп маңдайым (Бастарын жоғары көтеріп қолымен бетін сүртеді).
Ал тәттіні тіліммен (Бастарын оңға, солға қозғайды),
Татты бірақ таңдайым (Құшақтарын кеңге созады).
Ата мен әжей қартайғандықтан шалқанды қазуға күштері жетпеді. Немересін көмекке шақырды (Оқушы дауыс беріп шақырады).
1 – тапсырма.Үлгідегі Ее әрпін, сөздерді ережеге сүйеніп жазуға ұсынылады. Байланыстырып жазуға дағдылары қалыптастырылады.
Шалқанды қазып алуға күштері жетпеді. Итін көмекке шақырды. Иті ұсыныс жасады.
2 – тапсырма.«Мағынаны ажырату» ойыны бойынша топтастырып жазуға ұсынылады. Қажетті сөздерді мағынасына қарай жинақтап өзіндік пікірі сараланады.
Жемістер. 2. Өсімдіктер. 3. Ағаштар.
Қажетті сөздер: алма, доп, емен, қуыршақ, гүл, сирен, қалам, шие, шырмауық.
Күштері жетпеді. Мысығын көмекке шақырды (Оқушы дауыс беріп шақырады).
3- тапсырма. Мәтінді көшіріп жазуға ұсыну. Тыныс белгілерді қойып байланыстыра жазуды меңгерту.
Еламан мектептен келді. Үйдің алдына қар үйіліп қалыпты. Қолына күрек алып, тазалауға кірісті. Аула қардан тазартылды.
Күштері жетпеді. Тышқанды көмекке шақырды. (Оқушылар дауыстап шақырады) Тышқан төмендегі ұсынысты айтып, барлығы күш біріктіреді.
4 – тапсырма. Шығармашылық диктант. Есте сақтау қабілетін анықтау мақсатында өлеңді жатқа жазу ұсынылады.
Шөре- шөре, лағым!
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Сабақты қорытындылау: Диктанттарын тексеріп ертегінің жетістігі арқылы бірлікке, татаулыққа шақырылады. Бүгінгі сабақтың жетістігі мен қиындық тудырған тұстары сарапқа салынады.
Үйге 5 – тапсырма. «Шалқан» ертегісіндегі ұнаған кейіпкеріне хат жазып келу.
Бағалау: Әдемі, көркем жазып белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау.
10 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: Жазудың негізгі алгоритм элементтері тақырыбын пысықтау арқылы білім дағдыларын меңгерту.Ее әрпінің жазу техникасын үйрету.
Сабақтың түрі: Ертегіге бейімделген аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Пысықтау, жүйелеу, сұрақ-жауап, ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: Баспа-жазба әріп кесте, «Ұйқасын тап» ойыны, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық жаттығулар өткізу.
Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
5- тапсырма нүктелер орнына д,т әріптерінің тиістісін қойыпкөшіріп жазу.
Жазу барысында қай әдіске сүйендіңдер?
Көшіріп жазу кезінде айтылуы мен жазылуы ережесінің көмегі тиді ме?
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту. Ұйқасын тап!
Бүгінгі сабақ «Шалқан» ертегісіне бейімделетінін түсіндіру. Ертегі мазмұны алдынан таныс болғандықтан, көмекші сұрақтарды қолданып, еске түсіру. Әр кейіпкерге мінездеме беріп, сабақтың барысындағы орындалатын тапсырмалар жүйесі мен таныстыру.
Ата отбасымен егін салды(Ұжым болып сабақ тыңдауға ұсыныс жасау).
Тақтамен жұмыс жүргізу. Ее әрпін жазу алгоритмімен таныстыру.
Егіндері тамаша өнім берді. Қуаныштан ән салды.
Сергіту сәті
Еңбек еттім бүгін мен(Бастарын төмен иіп қолдарымен егін салу әрекетін жасайды),
Терлеп-тепшіп маңдайым (Бастарын жоғары көтеріп қолымен бетін сүртеді).
Ал тәттіні тіліммен (Бастарын оңға, солға қозғайды),
Татты бірақ таңдайым (Құшақтарын кеңге созады).
Ата мен әжей қартайғандықтан шалқанды қазуға күштері жетпеді. Немересін көмекке шақырды (Оқушы дауыс беріп шақырады).
1 – тапсырма.Үлгідегі Ее әрпін, сөздерді ережеге сүйеніп жазуға ұсынылады. Байланыстырып жазуға дағдылары қалыптастырылады.
Шалқанды қазып алуға күштері жетпеді. Итін көмекке шақырды. Иті ұсыныс жасады.
2 – тапсырма.«Мағынаны ажырату» ойыны бойынша топтастырып жазуға ұсынылады. Қажетті сөздерді мағынасына қарай жинақтап өзіндік пікірі сараланады.
Жемістер. 2. Өсімдіктер. 3. Ағаштар.
Қажетті сөздер: алма, доп, емен, қуыршақ, гүл, сирен, қалам, шие, шырмауық.
Күштері жетпеді. Мысығын көмекке шақырды (Оқушы дауыс беріп шақырады).
3- тапсырма. Мәтінді көшіріп жазуға ұсыну. Тыныс белгілерді қойып байланыстыра жазуды меңгерту.
Еламан мектептен келді. Үйдің алдына қар үйіліп қалыпты. Қолына күрек алып, тазалауға кірісті. Аула қардан тазартылды.
Күштері жетпеді. Тышқанды көмекке шақырды. (Оқушылар дауыстап шақырады) Тышқан төмендегі ұсынысты айтып, барлығы күш біріктіреді.
4 – тапсырма. Шығармашылық диктант. Есте сақтау қабілетін анықтау мақсатында өлеңді жатқа жазу ұсынылады.
Шөре- шөре, лағым!
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Сабақты қорытындылау: Диктанттарын тексеріп ертегінің жетістігі арқылы бірлікке, татаулыққа шақырылады. Бүгінгі сабақтың жетістігі мен қиындық тудырған тұстары сарапқа салынады.
Үйге 5 – тапсырма. «Шалқан» ертегісіндегі ұнаған кейіпкеріне хат жазып келу.
Бағалау: Әдемі, көркем жазып белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау.
11 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қосымша жолдардың жұмыс кеңістігімен танысу.Жж әрпін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қосымша жолдардың жұмыс кеңістігі туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Жж әрпінің жазу техникасын меңгерту.
Дамытушылығы: Қосымша тапсырмалар арқылы ой-өрісін, сөздік қорын, көркем жазу қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Тапқырлықты талап ететін ойындар арқылы, көшбасшылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау, іздену, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, кестелер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.Бір-бірінің қолынан ұстап,сәттілік тілеуге ұсыныс жасау.
2. Үйге тапсырманы тексеру. «Кейіпкерге хат» тақырыбында жазған еңбектерін оқыту. Бағыттаушы сұрақтар арқылы, пікірлерін еркін айтуға көмек беру.
Кейіпкердің қай қасиеті ұнады? Кейіпкер достасуға шақырса не істер едің?
Жаңа білім беру.
Сабаққа қызығушылығын ояту. Ғибрат сөздерден сабақ.
Қамқорлық Мейірімділік Адалдық
Қайырымдылық Ұрлық жасау Өтірік айту Балағаттау
Бүгін біз, дәптердегі қосымша жолдардың кеңістігі, Жж әрпінің жазылу жайлы ережесі мен танысамыз.
Жазу жолының алдыңғы сыныпқа қарағанда айырмашылығы бар. 1 сыныпта жазу кеңістігі кіші әріптер үшін 4 мм, бас әріп биіктігі – 8 мм болатын. 2 сыныпта кіші әріптердің биіктігі – 3 мм, бас әріптердің биіктігі – 7 мм жазу техникасын сақтау қажеттігі айтылады.
Сұқ саусақ пен қаламсап арақашықтығы 1,5 – 2 см болатыны ескеріледі.
Жж әрпін жазу ережесі
Сергіту сәті
Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр (Партаның үстін саусақтарымен тықырлатады),
Ел егінге кенелсін (Қолдарын жоғары көтеріп, құшағын ашады).
Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр (Партаны саусақтарымен тықырлатады),
Кемпірқосақ көрінсін (Жоғары қарап, алақандарын шапалақтайды).
Дәптермен жұмыс жүргізу
1 – тапсырма. Жж әрпінің элементтерін, сөздерді жазуға ұсыну. Әріптер арасындағы байланысты сақтапға, үзіксіз жазуды меңгерту.
2 – тапсырма. Тірек сызбаны пайдаланып сәйкес сөздерді тауып көшіріп жазуға ұсынылған.
Қалың, жирен, қоңыр, қызыл, тәтті, қышқыл, Қант, аю, айран, ат, киім, алма
3– тапсырма. Жұмбақты оқып, шешуін тауып көшіріп жазу.
4 – тапсырма. Қай сөздерді өмірде қолданғың келеді қызылмен боя, қолдануға болмайтын сөздерді көкпен бояуға ұсынылады. Бояудың біркелкі, сызықтан шығып кетпеуі ескеріледі.
Сабақты қорытындылау. Концептуалдық кесте арқылы оқушылардың пікірін анықтау. Сабақтың ұнаған тұстарымен, қиындықтарын анықтай отырып сабақты қорыту.
5– тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу.
12 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қосымша жолдардың жұмыс кеңістігімен танысу. Зз әрпінің жазылуы.
Сабақтың мақсаты: Қосымша жолдардың жұмыс кеңістігі туралы алған білімдерін тапсырмаларды орындау арқылы бекіту.Зз әрпінің жазу техникасын меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, жүйелеу, деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: баспа және жазба әріптер кестесі, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жасату.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Мәтінді жазуда қандай тыныс белгілерді кездестірдіңдер?
Азат жолдан жазу ережесі туралы не білдіңдер?
Дәптердегі сызықтан бастау және аяқтау дегенді қалайтүсіндіңдер?
Тақырып бойынша жұмыс.
Қызығушылықты ояту.
Шөлдалаға күн ара
Қонушы еді бір ара.
Бүгін 30 туысын
Ертіп келді бұл ара.
Сонда бүгін ауылға
Келіп қонды қанша ара?
Бүгін, қосымша жолдардың жұмыс кеңістігі туралы білімдерімізді Зз әрпін жазу барысында пысықтаймыз . Зз әрпі жазылуы жағынан В әрпінің элементтеріне ұқсастығы айтылады.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар (Орындарынан тұрып қолдарын оңға, солға қозғайды),
Алдымнан жел еседі (У- у- ужелдің дыбысы салынады).
Кіп- кішкентай ағаштар (Тізе бүгіп отырады),
Үп- үлкен боп өседі (Орындарынан тұрып қолдарын жоғарыға көтереді).
Дәптермен жұмыс жүргізу
1–тапсырма. Үлгіде көрсетілген з З әрпінің элементтерін, сөздерді, сөйлемдерді жазуға ұсыну.Сөздердің арасындағы байланысты, арақашықтықты сақтауға үйретіледі
2–тапсырма. Жұмбақтарды оқып, шешуін жазу.
Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың.
3– тапсырма. Тізбек сөздерді көшіріп жазуға ұсынылған. Талғампаздық пен сауаттылық талап етіледі.
Заманбек, күндіз, Зере, Ерден, наз, зәкір, Рамазан, Назым, мұз, зейін.
4 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті буынды қойып, мақалды көшіріп жазуға ұсынылған
Өнер... адам өрге озар,
Өнер... адам жер соғар.
Сабақтықорытындылау:
Бүгінқандайтапсырмалардыорындағандарынсұрау.
Зз дыбысына талдау жасау, салыстыру.
Білімді шыңдау, ізденісте болу қажеттігін ұғындару.
5 – тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазу арқылы Зз әрпінің байланысын есте сақтау қажеттілігі ұсынылады.
Бағалау: Таза, көркем жазған оқушыларды мадақтау.
13 – сабақ
Сабақ тақырыбы: Ии, Гг әріптерінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Жазылуы ұқсас әріптердің элементтерін салыстырмалы түрде меңгерту.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Әріптердің баспа, жазба түрдегі кестесі, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұ йымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Бір-бірінің қолдарынан ұстап, «Кел, балалар, күлейік» өлеңін айтқызу.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкімізді күн етіп,
Гүл өссін деп тілейік.
5- тапсырма. Сөйлемді көшіріп жазу.
Сөйлемді көшіріп жазу барысында нені үйрендіңдер? Зз әрпі өзге әріптермен қалай байланысып жазылады?
Бас әріппен кіші әріптің жазылуында айырмашылық барма?
Жаңа білімді меңгерту.
И,Гәріптерінің элементін жазу.
Бүгін, сабағымыздаИиәріптерініңэлементтерінжазыпүйренеміз. Жазу үрдісіне талдау жүргізу әріптер арасындағы ұқсастықты, айырмашалақты, қозғалыс бағытты түсінуге мүмкіндік береді. Гг әрпінің жазылуы бізге таныс болғандықтан бұл әріпке тоқталмастан, жаттығу барысында қолданамыз.
Әріп элементтеріне талдау жасай отырып, элементтің оңайына, күрделісіне қарап графикалық тұрғыдан топтарға бөледі. Сол секілді И, Г әріптері де бір- біріне жазылуы ұқсас әріптер делінеді. Әріптердің айырмашылығы формасы мен көлемінде екендігін есте ұстау қажеттілігі айтылады.
Сергіту сәті
Бір саусағым тіптіде (Сұқ саусағын көрсетеді),
Ұстамайды жіптіде (Қолымен жіп ұстаған әрекетте болады).
Екі саусақ бірікті (Екі саусағын көрсетеді),
Ине қолға ілікті (Ине ұстауға қолды икемдеу).
Үш саусағым орамды (Үш саусағын көрсетеді),
Жүгіртеді қаламды (Қолды жазуға дайындау).
Өнерлі екен он саусақ(Он саусақты көрсетеді),
Қала салсақ, жол салсақ (Төменге еңкейіп,қолды қозғалтады).
Дәптермен жұмыс жүргізу
1 – тапсырма. Ии, Гг әріптерінің элементтерін, сөздерді үлгі бойынша жазуға ұсыну. И, Г әрпінің өзге әріптермен байланысу ерекшелігіне назар аудару. Сөздердің ортасында келген әріптің арақашықтығын сақтауға үйрету.
2– тапсырма. Жаңылтпашты есте сақтап, сауатты жазуға ұсыну.
3– тапсырма. Бөліктердің ортасына и дыбысын қойып, мағыналы сөздерден сөйлем құрастырып жазуға ұсыну.
Үлгі: Ғалибек оқу озаты.
4– тапсырма. Өлеңді көшіріп жазып, Ии әрпінің байланысын меңгеруге ұсынылады.
Баққа достар жиналып,
Жеміс- жидек жинадық.
Кешке қайттық ауылға,
Алша, шие сыйға алып.
Сабақты қорытындылау: Бүгінгі тақырыпта И, Г әріптерінің элементтерінің жазылуы жағынан ұқсас екендігіне көз жеткіздік. Әріптерде формасы мен көлемі жағынан айырмашылық болатынын да есте сақтау қажет.
5 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, И Г әріптерінің байланысын есте сақтауға ұсыну.
14 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: П п, Т т әріптерінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Пп, Тт әріптерінің элементтерін жазу техникасымен таныстыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жүйелеу, сәйкестендіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: баспа, жазба әріп кестесі, қима қағаздар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. «Кім шапшаң?» ойыны арқылы психологиялық серпіліс жасату.
Сынып 3 топқа бөлінеді.
І- топ. Мәтінді мәнерлеп оқиды.
ІІ- топ. Мәтіннің мазмұнын ашады.
ІІІ- топ. Мәтіндегі азат жол, тыныс белгілер, Ии әрпінің жоғары, төмен байланыстары бойынша түсініктерін айтады.
Жаңа білімді меңгерту. П, Т әріптерінің элементтерін жазу.
Қызығушылықты ояту
«Бұзылған телефон» ойыны арқылы бір оқушының құлағына «парасаттылық» сөзі сыбырлап айтылады да, ең соңғы оқушыдан не ұққаны сұралады. Сөзді дұрыс айтса мадақталып, қателік жіберсе көпшіліктің тілегін орындау қажеттігі ұсынылады.
Ал, бүгін осы сөздегі П, Т әріптерінің элементтерін жазатындығы таныстырылады. П мен Т әріптерінің элементтері ұқсастығы жағынан бір топта болғандықтан жазылу ережесі де бірдей орындалады.
Сергіту сәті
Піл-ау, зілдей денеңді (Құлаштарын созып аяқтарын қозғайды)
Шаршадың ғой ауырлап (Екі қолды төменге түсіріп денені еркін ұстайды).
Тынықсаңшы сен енді (Партаға отырады),
Біраз жерді бауырлап (Партаның үстіне бастарын қойып, көздерін жұмады).
1– тапсырма. Үлгіге қарап, әріп элементтерін байланыстара жазуға ұсыну
2– тапсырма. Сызықты пайдаланып өлеңді толықтыру.
шопан бүрін қорғайды,
шағала гүлін қорғайды,
ара балын қорғайды.
терек көлін қорғайды,
тікен төлін қорғайды.
егінші жерін қорғайды,
жігіт елін қорғайды
3 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу арқылы әріптер, сөздер мен сөйлемдер арасындағы ара қашықтықты сақтауды, үзіліссіз жазуды меңгерту.
Таудың табиғаты тамаша. Пернегүл, Перизат табиғатты тамашалап, таңқурай терді. Ашық аспанда күн күлімдеп тұрды. Қыздар үйге қайтты.
4 – тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тауып, көшіріп жазуға ұсынылады.
1) Әдепте бар,
Әдетте жоқ.
Шешуі: -----------------------
2) Бәрі сұрақ қаптаған,
Жөн бе жауап таппаған?
Ал, айта ғой тұрады
Әр ай неше аптадан?
Шешуі: ------------------------
Cабақты қорытындылау: Кесте бойынша оқушылардың білімдерін, қызығушылықтарын анықтай отырып, сабақты қорыту.
Үйге 5– тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, өлең шумақтарын құрастырып көшіріп жазу.
--------------------------------------------- тұрамын,
--------------------------------------------- барамын.
--------------------------------------------- аламын,
-------------------------------------------- баламын.
Бағалау. Белсенді қатысқан, көркем жазған оқушыларды мадақтау.
15 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Л л әрпінің элементтерін жазу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұқсас әріптердің элементтерін жазуға үйрету. Графикалық қателерді көруге және жөндеуге дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жүйелеу, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: баспа, жазба әріптер кестесі, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық жаттығуларды орындау.
Өлең мен мәтіннің жазылуында айырмашылық барма?
Пп әрпінде неше элемент бар?
Тт әрпінде неше элемент бар?
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту (Сөзжұмбақ)
| Ә |
|
|
|
| Р |
|
| * |
| І |
|
|
|
| П |
|
| * |
Қоянның азығы.
Еңбек құралы.
Кітаптан аламыз.
Жеті күн.
Бүгін Лл әрпінің элементтерін жазып үйренеміз. Бұл әріптің элементтері Лл, Мм жазылуы жағынан ұқсас топтарға жатады. Бөлінуі жағынан үнді дауыссыз дыбыстарға жатады. Біз Лл әрпінің жазылу ережесіне тоқталамыз.
Сергіту сәті
Жыламсырап сары лақ, (Көздерін сипалайды)
Былай деді маңырап: ( Лақтың даусын салады)
Өрістен кеп енеміз, ( Қолдарын алдыға созады)
Кетсек екен жамырап! (Қолдарын екі жағына созып, сілкілейді)
Дәптермен жұмыс жүргізу.
1– тапсырма.Лл әрпінің элементтерін, сөздерді үлгі бойынша жазу ұсынылады.
2– тапсырма. Тапқыр балаға тапсырма.
3– тапсырма. Нүктелердің орнына мақалдың жалғасын қойып, көшіріп жазу.
1. Ақылдың сабыр – ... . 2. Мұғалім – мектептің ... .3. Жақсы бала – ата – ананың ... .
Керекті сөздер: жүрегі, тірегі, серігі
4 – тапсырма. Көру диктанты. Өлеңді жатқа жазу.
Таң шапағы арайлап,
Дала нұрға боялды.
Балалардың барлығы,
Ұйқысынан оянды.
Сабақты қорытындылау:
Бүгін сабағымызда қай әріптің элементін жаздық?
Лл әрпі неше элементтен тұрады?
Лл әрпінің жоғарысынан байланысуға болама?
Лл, Мм әріптерінің айырмашылығын атаңдар.
Сабақта қай тапсырма ұнады?
5 – тапсырма мақалдарды толықтырып, көшіріп жазу.
Ана алдында - ... Ағайын – алтау,
Ата алдында – қызмет. Ана - ...
16– сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мм әрпінің элементтерін жазу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әріп элементтерін талапқа сәйкес жазуға дағдыландыру.
Қосымша тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін, қызығушылығын
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жүйелеу, сұрақ- жауап, СТО технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: баспа, жазба әріп кестелері, қима қағаздар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс
жасату. Достық тілектерін айту.
Үй тапсырмасын сұрау(Көмекші сұрақтар арқылы пікірін еркін айтуға жетелеу).
Жұмбақта не туралы айтылған?
Ол қай құс?
«Қарлығаш» сөзінің жазылуында л әрпі, қай әріптермен байланысып тұр?
Жұмбақтағы тыныс белгілерден соң, жазу қалай басталды?
Жаңабілімдімеңгерту.
Қызығушылықтыояту.
Бар мен жоқ!
Алма да бар,
Алша да жоқ.
Емен де бар, Бұл не?
Еден де жоқ.
Бүгінгі сабақта, Мм әрпінің элементтерін жазып үйренеміз. Л, М әріптерінің жазылу элементтері ұқсас топтарға жатады. Тек айырмашылығы, Л әрпі 2 элементтен құралса, М әрпінің элемент саны 4-еуді құрайды. Бұл дыбыстардың екеуі де үнді дауыссыз дыбыстар. Сөздің басында, ортасында, шетінде де келе береді.
Сергітусәті
Бізөнерлібаламыз, (Өзінкөрсетеді)
Шырқатып ән саламыз. (Екі қолды жанына созады)
Би билейміз бұралып, (Би қимылын көрсетеді)
Доспыз, тату боламыз. (Барлығы қол ұстасып, жоғары көтереді)
1 – тапсырма. Үлгі бойынша көрсетілген әріп элементтерін, сөздерді байланыстырып жазуға ұсынылады.
2 – тапсырма. Төмендегі қарамен жазылған сөздерден бастап, сөйлем құрастырып жазуға беріледі.
1. адамдар, ертеде, сиямен, тек, жазды, қара
2. майдан, күйеден, жасады, оны, және
3. бояулар, қазір, алады, сиядан
4.сияның, бар, түстері, әртүрлі
3 – тапсырма. Венн диаграммасы арқылы әріптердің ерекшеліктерін салыстыру.
4 – тапсырма.Өлеңді көшіріп жазу. Тыныс белгілерден кейін жазылатын сөздердің арақашықтығын сақтауға үйрету.
Мұнай – елдің дәулеті,
Мұнай – елдің байлығы.
Мұнайшылар әулеті,
Білмейді мұң-қайғыны.
Сабақты қорытындылау: «Кім шапшаң?» ойыны арқылы тез, анық жауап берген оқушы «шапшаң оқушы» есімін алады.
Үнді, дауыссыз, екі элементті әріп - ------------------------------------
Алма да бар, алша да жоқ. әріп------------------------------------------
Екі элемент біріккен әріп--------------------------------------------------
5 – тапсырма.«Мереке» сөзіне сөзжұмбақ түзу.
17 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Н н, Кк, әріптерінің элементтерін жазу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Нн, Кк, әріптерінің элементтерін жазуға үйрету. Жазу тілі, жазу мәдениеті туралы білімдерін жүйелі қолдануға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, СТО технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: баспа, жазба әріптер кестесі, жұмбақтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. «Кім шапшаң?» ойыны арқылы психикалық тренингтер жасату.
Үй тапсырмасын тексеру. Топтарға бөлу арқылы тапсырманы сұрау және сабақты қорыту.
І – топ. Сөзжұмбақты қалай түзгендігін түсіндіреді.
ІІ – топ. Л,М әріптеріне дыбыстық талдау жасайды.
ІІІ – топ. Л,М әріптерінің элементтеріне сипаттама береді.
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Қызығушылықты ояту. Жұмбақтардың шешуі арқылы тақырыпты ашу.
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды.
Жарықта жағалайды,
Қараңғыда жоламайды.
Бүгінгі сабағымызда Нн, Кк әріптерінің элементтерін жазу ережесімен танысамыз.
Бұл әріптер жазылуы жағынан ұқсас топтарға жатады. Нн үнді дауыссыз дыбыс, Кк қатаң дауыссыз дыбыс деп танылған.
Сергіту
Кешірімді боламыз, (Өздерін көрсетеді)
Жұлдыздай боп жанамыз (Қолдарын жоғары көтереді)
Кіші пейіл боламыз, (Өздерін көрсетеді)
Құстай қанат қағамыз. (Қолдарын жайып, қанаттарын қағады)
Дәптер мен жұмыс жүргізу
1 – тапсырма.Дәптердегі әріп элементтерін жазу. Сөздерді, сөйлемдерді жазубарысында әріптер арасындағы байланысты орынды қолдануға үйрету.
2 – тапсырма. Артық сөзді шығарып тастау арқылы н, к әріптерінің қолданылатын орны туралы білімдерін сынау.
Ішіне – сыртына
Ішіне | Сыртына |
Көлеңке, апа, бір, әке, тазалық, сәкі, нәр, бала, шөпшек, шөбере |
|
3 – тапсырма.Мақалды мұғалімнің көмегімен жатқа жазу.
1.Сөз жүйесін табар, мал иесін табар.
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Оқу инемен құдық қазғандай.
4 – тапсырма.Әріптер жиынтығынан сөз құрастырып, мақалды жазу.
К п т а і – б м і лі б л ұ ғ а
Б л і м і – м ө і р р а ш ы ы ғ
Сабақтықорытындылау:«Күнсәулесінқұрастыру»ойыныарқылыоқушыларбілімінқорыту.
Н әрпі неше элементтен тұрады?
Дыбыстық талдау жаса.
К әрпі неше элементтен тұрады?
Дыбыстық талдау жаса.
Үлкен әріптердің өлшемі қандай болады?
«Күн сәулесін құру» арқылы оқушыларға ертеңгі күнге, сәттілік тілеу.
5- тапсырма. Кк, Нн әріптеріне сөз құрастырып жазу.
18 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ээ әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ээ әрпінің элементтерін жазуға үйрету. Қосымша әдіс- тәсілдер арқылы сөйлемдерді жүйелі құруға, өздігінен қортынды шығара білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жинақтау, сұрақ-жауап, СТО технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: баспа, жазба әріп кестелері, суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жаттығулары.
Үй тапсырмасын сұрау. «Сөз ойла, көп ойла!» ойыны арқылы ең көп сөз жазған оқушыны анықтау. Үй тапсырмасын қорыта отырып, жүлдегерді бүгінгі күннің жеңімпазы деп тануға ұсыну.
Жаңа білімді меңгерту. «Сөзжұмбақ» шешу арқылы қызығушылықты ояту.
Көк аспаннан тұңғиық
Алқапқа тұр нұр құйып,
Алтын дәнді қабылдап,
Қай машина тұр биік?
Ээ әрпінің элементін жазға дайындық.
Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз, (Қолдарын жоғарыға көтереді)
Жапырығы жайқалған.(Құшағын кең ашады)
Сабақтары салалы, (Қолды жоғары көтеріп, қозғайды)
Желге ырғалып жайқалған. (Барлығы біргелікте оңға, солға қозғалады)
1 – тапсырма. Үлгідегі көрсетілген әріп элементтерін, сөздерді ережеге сай жазуға ұсыну. Әріптер арасындағы байланысты, арақашықтықты сақтауға үйрету.
2 – тапсырма.Терме диктант. Қайсысы дұрыс, Қайсысы бұрыс? Оқушыларға
Э әрпі бар сөздерді теріп, дұрыс жазуға тапсырылады.
3 – тапсырма «Сөз ішіндегі сөз» ойыны арқылы топпен жұмыс жасауға үйрету. Құрастырған сөздерін әдемі, таза жазуға ұсыну.
Э К С К А В А Т О Р
4 – тапсырма. Өлеңді көшіріп жазу. «Экскурсия» сөзіне талдау жүргізу.
Шежіреге бай, бар алап,
Тарихын оймен саралап,
Экскурсия жасаймыз,
Қаланы бүгін аралап.
Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта Ээ әрпінің жазу элементтерімен таныстық.
Э әрпіне берілген жұмбақтарды, ойындарды орындай отырып, Ээ әрпінің баспа, жазба түрлерін меңгердік. Бұл тапсырмалар бізге, ой- өрісімізді, білімдерімізді толықтыру үшін берілгендіктен орынды қолданыуымыз қажет.
5 – тапсырма. Мәтінді оқып, соңғы екі сөйлемін көшіріп жазу.
Ғарышкерлер
Ғарышкерлер орбиталық станцияларда айлар бойы тұрады.Өз экипаждарында өте жеңіл сезінеді. Түрлі эскиздер сызады. Біз оларды экраннан көріп отырамыз.
«Қуырмаш» журналынан
19– сабақ
Сабақтың тақырыбы: Оо, Өө әріптерінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Оо, Өө әріптерінің элементтерін жазуға үйрету. Тапсырмаларды орындау барысында байланыстырып, сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, жүйелеу, сұрақ- жауап, СТО технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: баспа, жазба әріптер кестесі, суреттер, Венн диаграммасы,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Шаттық шеңберіне қол ұстаса тұрып, жақсы тілектерін жеткізу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа білімді меңгерту. Оо, Өө әріптерінің элементтерін жазу.
Тақтамен жұмыс жүргізу.
Оо, Өө әріптері бір топтағы жазу элементтері ұқсас әріптер делінеді. О,Ө әріптері дыбысталуы жағынан, О дыбысы жуан, Ө дыбысы жіңішке дауысты дыбыстар делінеді.
Сергітусәті
Тербеледіағаштар, (Қолдыжоғарыкөтеріп, қозғалады)
Алдымнанжелеседі.(Желдіңдаусынсалады)
Кіп- кішкентайағаштар, (Төменгеотырады)
Үп- үлкенбопөседі.(Орындарынантұрып, қолдарынжоғарыкөтереді)
1 – тапсырма. Үлгідегі жазуды аяқтау. Әріп элементтерін стандарт бойынша жазуды меңгерту.
2 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу. Оо, Өө әріптерінің өзге әріптермен байланысын анықтау.
Олжас пен Өмірбек – достар. Екеуі бірге ойнайды.
Өзенге де бірге барады, балық аулайды. Олар өте тату.
3 – тапсырма. Оо, Өө әріптеріне сөз құрап жазу. .
Ү
лгі:
4 – тапсырма.Өлеңді жатқа жазу. Жүргізіп жазу техникасын меңгерту.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Сабақты қорытындылау:Венн диаграммасы арқылы салыстырмалы түрде қорыту.
Оо дыбысы қандай дыбыс?
Өө дыбысы қандай дыбыс?
Ұқсастықтары неде?
Жазудағы ерекшелігі қандай?
5 – тапсырма жұмбақтың шешуін тауып, әріптерді қатыстырып сөйлем құрастыру.
Шонада бар, Шанада жоқ.
Көлде бар, Күлде жоқ.
20 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ққ, ң әріптерінің элементтерін жазу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жазылуы жағынан ұқсас әріптердің элементтерінесалуға үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жүйелеу, сұрақ- жауап
Сабақтың көрнекілігі: баспа, жазба әріптер кестесі,үн таспа.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жасату. «Тілектер ағашы» арқылы өз тілектерін айтуға мүмкіндік жасау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Суретті сөз жұмбақта нелер бейнеленген?
«Тоқылдақ» сөзін клетка ішіне қандай орналастырдыңдар?
Тоқылдақ қандай кейіпкер?
Жаңа сабақты түсіндіру. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ
Қ |
|
|
|
|
|
|
|
Дәмді тағам жинайды
Ққ, ң әріптерінің элементтерін жазу.
Ққ дыбысы қатаң, дауыссыз дыбыс. Жазылу элементтері үзіліссіз сызықпен орындалады. Үш элементтен тұрады.
Сергіту сәті
Ортақ мекен жер шары, (Қолдарын қаусыры жоғары көтереді)
Төбемізде бір аспан. (Бастарын көтеріп шатырға қарайды)
Барлық ұлттың баласы, (Қолдарын жанына ұстайды)
Достығымыз жарасқан, (Бір-бірінің қолдарынан ұстап, ырғалады)
1 – тапсырма.Үлгідегі өрнектерді, сөздерді үзіксіз жазуға ұсыну. Байланыстарды жазуға дайындық ретінде сызықтарды жалғастыру.
2 – тапсырма. Өлеңді көшіріп жазып, бөлтірікке сипаттама беру. Ққ, ң әріптерінің сөздер арасындағы арақашықтығын сақтауға дағдыландыру.
Көздің жасын көл етіп,
Жалынады бөлтірік:
Баласы деп бөрінің,
Кетпе мені өлтіріп!
3 – тапсырма. Қ әрпі бар сөздерді бір бөлек, ң әрпі бар сөздерді екінші бөлекке тотап жазуға ұсыну. Жазу сауаттылығын сақтауға үйрету.
4– тапсырма. Дұрыс жауапты қызыл түспен боя. Бояуды сызықтан шығармастан бір келкі орындауға үйрен.
1) Ара бағушы адам:
2).Ай сайын әжем алатын зат:
3). Ағаштың мекені:
3) Аптаныңүшіншікүні:
Сабақты қорытындылау. Сабақтағы ұнаған тапсырманы анықтау. Өлеңді көшіріп жазу арқылы қай ережені сақтау қажеттігін сұрау. Бояулар туралы оқушылар пікірін анықтау. Өз кемшілігін табуға, түзетуге арналған сұрақ- жауаптар өткізу.
5 – тапсырма сурет бойынша сөйлем құрастыру.
21 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: У у әрпінің элементтерін жазу
Сабақтың мақсаты. Оқушыларды Уу әрпінің элементтерін жазуға үйрету. Жазу техникасын меңгерте отырып, гигеналық талаптарды сақтауға дағдыландыру.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, жүйелеу, сөзжұмбақ.
Сабақтың көрнекілігі: баспа, жазба әріптер кестесі, сюжетті суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру. Сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жасату.
І – топ, сурет бойынша жазған сөйлемдерін оқиды.
ІІ – топ, кейіпкерлерге сипаттама береді.
ІІІ – топ, сөйлемдердегі Ққ, ң әріптерінің қай жерлерде келгенін, өзге әріптерменқалай байланысқанын түсіндіреді.
Жаңа білімді меңгерту.
Жаңылтпашты жатқа айту арқылы қызығушылықтарын ояту.
Уәли атты ағасы
Украинадан келем деп,
Уәлихан жүр, қарашы,
Уақытын күтіп елеңдеп.
Бүгін, Уу әрпінің элементтерін жазуды үйренеміз. Ол үшін Уу дыбысы туралы білімдерімізді жинақтайық.
Дыбыстың жалғануына қарап, Уу дыбысының өзгеріп отыратынын білдік.
Сергіту жаттығулары
Көк аспандай көгілдір (Қолдарын жоғары көтереді),
Қазақстан байрағы (Қолдарын көтерген күйі оңға, солға тербеледі).
Тұрса күндей төгіп нұр ( Бір- бірімен қол ұстасады),
Жандарымыз жайдары (Орындарында тұрып секіреді).
Жазу дәптерімен жұмыс жүргізу.
1 – тапсырма.Үлгі бойынша көрсетілген әріп элементтерін, сөздерді байланыстыра
жазуға ұсыну. Уу әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру.
2 – тапсырма.Сөзжұмбақты шешіп, у әрпі бар сөздерді көшіріп жазуға ұсынылады.
Жалау. 2. Көздеу. 3. Күш. 4. Әдемі. 5. Астың түрі.
3 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу арқылы Уу әрпінің, сөздің басында, ортасында, соңында жазылуына назар аудару.
Раушан мен Алуа бір сыныпта оқиды. Алуа оқу озаты. Олар бірге ойнайды, өзенге барып ау салады. Уақыттарын көңілді өткізеді.
4 – тапсырма. Нүктелердің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп жазу.
Күн шығыстан нұр алып,
Қалғып- мүлгіп жатты н... .
Ж ... сан желден ырғалып,
Жасап кетті жаттығ... .
Сабақты қортындылау. У әрпі қандай элементтерден тұрады? У дыбысына қандай талдау жасадық.? Әдемі, көркем жазу үшін нені есте сақтауымыз қажет? Оқушылар, осы ережелерге сүйеніп сауатты жазатындарыңа сенемін.
5 – тапсырма.Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жазу.
22 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ұұ, Үү әріптерінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұұ, Үү әріптерінің элементтерін жазуға үйрету. Жазу сауаттылығын жетілдіру.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, жүйелеу, проблемалық әдіс.
Сабақтың көрнекілігі: Баспа, жазба әріптер кестесі, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. «Жүректен-жүрекке»ойыны арқылы тілектер байқауын өткізіп, ең әдемі тілек иесін мадақтау.
«Кім тапқыр?» ойыны арқылы оқушылардың үй тапсырмасын тексеру. Топтарға бөліп, әрбір топтың жұмысын салыстырмалы түрде анықтап, «тапқыр» топты жариялау
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту.
Үй үстінде ұсақ тас, Алайын десем табылмас. «Жұлдыз» сөзіне дыбыстық талдау жасай отырып, бүгінгі сабағымызда Ұұ, Үү әріптерінің элементтерін жазатынымызды ұғындыру.
Ұұ, Үү дыбыстарына талдау жасау, ерекшеліктерін түсіндіру.
Сергіту сәті
Ұстай-ұстай ұшталды, (Саусақтарын қозғайды.)
Ұштай-ұштай қысқарды. (Төменге отырады.)
Қысқарса да, бұл досым, (Орындарынан тұрып, қолдарын қозғайды)
Жап–жақсы боп ұсталды. (Барлығы қол ұстасып, теңселеді)
Дәптермен жұмыс жүргізу.
1 – тапсырма. Үлгіде көрсетілген әріп элементтерін таза, көркем етіп жазуға ұсыну.Өрнектерді арақашықтықты сақтап, байланыстыра жазуды меңгерту.
2 – тапсырма.Төмендегі сөздерден Ұұ әрпіне жазылған сөздерді бірінші топқа, Үү әрпіне жазылған сөздерді екінші топқа ажыратып жазу.
Ұлан, күміс, үркер, шұбат, сүлгі, үлкен, үлгі, Ұлдан, Үміт, алмұрт,Үсен, ұста, түлкі, жүзім, құрма, сұлу, үш,
3 -тапсырма. Төмендегі апта күндерін ретімен жаз. «Ең әдемі жазу!» сайысына қатысуға шақыру. Сайыс нәтижесін шығарып, жүлдегерді таныстыру.
Бір аптада жеті күн бар. Олар былай аталады: сенбі, сәрсенбі, дүйсенбі, жұма, сейсенбі, бейсенбі, жексенбі.
4 – тапсырма. «Топтастыру» ойыны. Ұрпақтың таралу сатысын ретімен жазуға ұсыну.
Сабақты қорытындылау: Қандай әріптердің элементтерін жазып, үйрендік? Ұұ әрпінде неше элемент бар? Өзге әріптермен қалай байланысып жазылады? Үү әрпі туралы не айтуға болады? Ұұ әрпімен айырмашылығы барма?
5 – тапсырма. Өлеңді көшіріп жазу. Ұұ, Үү әріптерінің өзге әріптермен байланыстыра жазылуын, арақашықтығын есте сақтау.
23 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Рр әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Рр әрпінің элементтерін жазуға үйрету. Қосымша тапсырмаларды орындау барысында, сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, жүйелеу, Дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Баспа, жазба әріптер кестесі, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. «Кім шапшаң?» ойыныарқылы психологиялық серпіліс жасату.
Үй тапсырмасын сұрау.
Өлеңді оқытып, жазу техникаларын тексеру.
Ұұ әрпінің элементтерін жазуда нені есте сақтау қажет?
Үү әрпінің жазылуында айырмашылық барма?
Ұұ, Үү әріптері өзге әріптермен қалай байланысады?
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту.
Менің атым Қарррға!
Бардым ұшып жарррға!
Қарррным ашты, қалқам,
Ірррімшігің барррма?
Рр әрпінің элементтерін жазу.
Рр дыбысы – үнді дауыссыз дыбыс. Сөздердің басында, ортасында, шетінде келеді.
Сергіту жаттығулары.
Мені келсе білгің, (Өздерін көрсетеді)
Мен таяқша бірррмін. (Сұқ саусағын көрсетеді)
Барррлық санға жол бастап, (Қолдарын жоғарыға көререді)
Ең басында тұрррмын. (Оң қолды көтереді)
Жазу дәптерімен жұмыс жүргізу
1 – тапсырма. Үлгідегі өрнектерді, әріп элементтерін талапқа сай жазуға ұсыну.Рр әрпінің баспа және жазба түрдегі элементтеріне көңіл бөлу.
2 – тапсырма. Мақал-мәтелдің ауыспалы мағынасын ашып жазу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Рр әрпінің өзге әріптермен байланысуына назар аудару.
Көз - қорқақ,
Қол – батыр.
Көз – бақылаушы. Сол үшін ол, үнемі сақтандырып тұрады.
Қол – жұмыс құралы. Оның батылдығы осында.
3 – тапсырма. Сандық ішіндегі өсиетті жазуға тапсыру. Мағынасын ашу.Рақым атаның өсиеті
4 – тапсырма.Тірек сөзді пайдаланып сұраққа жауап беру, сұраулы сөйлемдерді жазуға ұсыну.
Ара қайдан келді?
Арамен аралады ма?
Ара бердіме?
Тірек сөздер: бал, аспаннан, ағашты, аузымнан, таудан, сүт, нанды.
Сабақты қорытындылау: Қосымша сұрақтардың көмегіменоқушылар пікірін қорыту.
Бүгін қандай әріптің элементін жаздыңдар?
Рр дыбысына сипаттама беріңдер.
Өсиет сөздің мағынасын ашыңдар
Тапсырмалардың қай бөлімі ұнады?
5 – тапсырма. Мәтінін көшіріп жазу. Рр әрпінің жазылуын есте сақтау.
24 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Фф әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты:Фф әрпінің элементтерін жазуда қолданылатын ережелермен таныстыру. Мәтіндерді көшіріп жазу барысында, үзіксіз, тез жазуға үйрету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жүйелеу.Дамыта оқыту.
Сабақтың көргізбелігі: Фф әрпінің баспа, жазба кестесі, сюжетті суреттер,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.
Психологиялық серпіліс жасату. Әуенді сәт
Қоңырау соғылып тыныштық орнайды.
Бастаймыз сабақты үнсіздік болмайды.
Партаға отырып сәттілік тілейміз,
Әр қашан осылай көңілді жүреміз.
Үйге тапсырманы сұрау. Сынып топтарға бөлінеді.
І – топ. Рр дыбысына сипаттама береді.
ІІ – топ. Рр әрпінің ережесіне түсініктеме береді.
ІІІ – топ. Рақым атаның өсиетін еске түсіреді.
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту.
«Бұзық телефон» ойыны арқылы тақырыпты ашу.
Құпия сөз «фокус» сөзі. Оқушының құлағына сыбырлап айтылып, бүкіл сыныпты аралайды. Кез келген оқушыны тұрғызып, бастапқы сөздің не екені сұралады.
Дұрыс айтса мадақталып, алғысқа ие болады. Қателік жіберсе, сынып шешімі бойынша жазаланады. (Өлең, жұмбақ, жаңылтпаш айтады).
«Фокус» сөзіне түсінік беріліп, сөздік жұмысы жүргізіледі.
Бүгін Фф әрпінің элементтерін жазып үйренеміз.
Сергіту сәті
Достығы жарасқан, (Оң қолды оң жаққа созады)
Сыйлы біз баламыз. (Оң қолды түсірмей, сол қолын сол жаққа созады)
Келісіп бәрімен, (Бір- бірін көрсетеді)
Татулық табамыз, (Өзін көрсетеді)
Бәріміз бір болсақ, (Барлығы қол ұстасады)
Бәрінде жеңеміз. (Барлығы ырғалады)
Күндей боп күлімдеп, (Қолдарын жоғары көтереді.)
Таудай боп өсеміз. (Қолдарын жоғары ұстаған күйінде біріктіреді)
Дәптермен жұмыс жүргізу
1 – тапсырма. Үлгі бойынша өрнектерді жазу, сөздерді, сөйлемдерді байланыстырып жазуға назар аудару. Қолды үзбей жазу әдісін меңгеру.
2– тапсырма. Өлең мазмұны бойынша соңғы пікірді өз түсінігімен жазуға ұсыну.
3 – тапсырма. Ф әрпі бар сөздерді тауып, сызықтан шығармастан бояуғаұсыну.
4 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу арқылы Фф әрпінің өзге әріптерменбайланысын есте сақтауды меңгерту.
Хафиз футбол көруге алаңға келді. Ол Фариза апайы мен флейта сыныбында оқиды.
Хафиз– филармония әншісі. Фариза апайы оның өнерін жоғары бағалайды.
Cабақты қорытындылау: Фф әрпінің элементтерін жазу барысында алған білімдерін схеманы толықтыру арқылы анықтау.
5 – тапсырма. Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жазу.
25 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Хх әріптерінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Хх әрпінің элементтерін жазуға үйрету. Мәтіндердікөшіріп жазу арқылы, жылдамдық нормаларын орындауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Ертегіге бейімделген аралас түрдегі сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жүйелеу, Дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Баспа, жазба әріптердің кестесі, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жасату.
Үйге тапсырманы тексеру. «Кім тапқыр?» ойыны арқылы Фф әрпіне ең көп сөз тауып жазған оқушыларды анықтап, мадақтау.
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту. Халық даналығы
Өзгеге жасаған ізетің, өзіңе жасаған құрметің.
Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің.
Мағынаны танып, мазмұнын ашуға үйрете отырып, бүгінгі тақырыпты хабарлау.
Сергіту сәті.
Біз өнерлі баламыз. (Өзін көрсетеді)
Шырқап әнге саламыз. (Екі қолды жанына созады)
Би билейміз бұралып, (Би қимылдарын көрсетеді)
Доспыз, тату боламыз. (Барлығы қол ұстасып, жоғары көтереді)
Жазу дәптерімен жұмыс жүргізу. Саусақтарды жазуға дайындау.
1 – тапсырма. Үлгідекөрсетілген Хх әрпінің өрнектерін жазу барысында, әріптер арасындағы байланысты сақтауға үйрету.
Хасен ата сендерді жұмбақтардың шешімін табуға шақырады.
2 – тапсырма. Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жазуға ұсыну.
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жолдарды.
Ауылды, қаланы, халықты,
Ойлан тап, көтерген алыптыБетін жазу басады,
Алыстан хабар шашады.
Пошташы алып келгенде,
Қуанышың тасады.
3 – тапсырма.Мәтінді оқып, көшіріп жазуға ұсыну. Хх әрпінің байланысын есте сақтауға үйретіп, жазу жылдамдықтарын дамыту.
Хамит пен Халел ауруханаға келді. Олар бір үйдің балалары. Дәрігер оларды қарап, дәрі жазып берді. Хамит пен Халел үйіне қайтты.
4 – тапсырма. Суретті сөзжұмбақты шешіп, мағынасын ашу. Шешуін көркем етіпастына жазуға ұсынылады.
Суретті сөзжұмбақ
------------------------------------------------------
Тапқырлықтарыңа Хасен атай өте риза. Өз кестесін ұсынып, жеке баланың білімін, қызығушылығын, белсенділігін тексермекші.
Сабақты қорытындылау: Кесте арқылы оқушылардың пікірлерін анықтап, қосымша түсініктермен қорыту.
5 – тапсырма. Өлеңді оқып, Хх әрпі бар сөздерді теріп жазу.
26 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Һ әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Һ әрпінің элементін жазуға үйрету.
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жүйелеу, дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекіліктері: Һ әрпінің баспа, жазба кестесі, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жасату.
Үйге тапсырманы тексеру. Сыныпты топтарға бөлу.
І- топ. Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашу.
ІІ- топ. Өлең ішіндегі Х әрпіне байланысты теріп жазған сөздерін тақтадаорындау.
ІІІ- топ. Кейіпкерлерді атап, сипаттама беру.
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту.
Болсадағы жаралы,
Ерлік жасап саналы,
Қаһарман атам атағы,
Жер- жаһанға тарады.
Қаһарман, жаһан сөздеріне дыбыстық талдау жасату арқылы жаңа тақырыпты ашу. Һ әрпінің элементтерін жазу.
Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық, (Орындарынан тұрады)
Қолды жоғары созайық.( Қолдарын жоғары созады)
Оңға қарай иіліп, (Оңға қарай иілу)
Солға қарай иіліп.(Солға қарай иілу)
Бір отырып, бір тұрып, (Төменге отырып, тұрады)
Билеп- билеп алайық. (Барлығы қол ұстасып, қозғалады)
Дәптермен жұмыс жүргізу.
Қолды жазуға бейімдеу жаттығуларын орындату.
1– тапсырма.Жұмыс дәптеріндегі үлгі бойынша, өрнектерді орындау, сөздердің байланысына назар аудару.
2– тапсырма. «Ішіне- сыртын» әдісі бойынша аралас сөздердің ішінен, қажетсіз сөздерді сыртқа шығарып жазу.
Ішіне | Сыртына |
Қаһарман, қараман, жиһан, жиын, айдаһар, айдар, хамит, жиһаз, қақпа. |
|
3– тапсырма. Мәтінді оқып, көшіріп жазу барысында Һ әрпінің өзге әріптермен байланысына назар аудару.
Ертөстік– елгемәшһүр қаһарман. Айдаһар, мыстан кемпірді жеңеді. Осылайша жиһанкез аталады. Ол айдаһарға қарсы шыққан адам.
4– тапсырма. «Адасқан буындар» ойыны арқылы сәйкес буынды тауып сөздерді құрастырып жазу. Графикалық қырағылыққа үйрету.
Сабақты қорытындылау: Бүгін біз Һ әрпінің элементтерін жазып үйрендік, әріптер арасындағы байланыстарды мәтінді көшіру арқылы түсіндік. Һ әрпі жеке сөз құрай алмайды. Сөздердің ортасында, соңында кездеседі. Әріп элементі үздіксіз жазылады.
5– тапсырма. Нүктелер орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
27 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Цц әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Цц әрпінің элементтерін жазу техникасымен таныстыру. Жазу сауаттылығын, гигиеналық талаптардың сақталуын үйрету.
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, жүйелеу, дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Цц әрпінің баспа, жазба әріптер кестесі, сюжетті суреттер,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Қол ұстасып тұрып, бір- біріне бақыт, денсаулық, жақсылық тілеу арқылы психологиялақ серпіліс жасату.
5- тапсырма нүктелер орнына тиісті әріптерді қойып жазу. Берілген тапсырманы
тексеріп, оқушылар еңбегіне талдау жасау.
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту.
Жазғы салым бір күні
Барып едім циркке,
Күшік көрдім күлкілі
Өзі ойынпаз, жүйрікте.
«Цирк» сөзіне талдау жасай отырып, жаңа сабақтың мағынасын ашу.
Цц әрпінің элементтерін жазу. Цц дыбысы қатаң дауыссыз дыбыстарға жатады. Орыс тілді сөздерде кездеседі.
Сергіту жаттығулары.
Жаздық- жаздық шаршадық. (Қолдарын, саусақтарын қозғайды)
Қаламсап қойдық, дем алдық. (Қолды партаның үстіне қояды)
Бір, екі, үш, (Саусақтарын санайды)
Біз аламыз, жинап күш.(Білектеріндегі бұлшық етті қозғайды)
Желдеткіштер ашылсын, (Қолдарын терезеге қаратып сілкілейді)
Шаң-тозаңдар басылсын. (Төменге иіліп, қолдарын қозғайды)
Дәптермен жұмыс жүргізу
1 – тапсырма.Үлгідегі көрсетілген өрнектерді жазып, Цц әрпінің байланысын
меңгеру. Сөздерді, сөйлемдерді жазу барысында грфикалық қателіктерді жібермеуге үйрету.
2– тапсырма. Сөздердіоқып, баспа түрден, жазба түрге келтіріп жазу. Жылдам жазуға бейімделу.
Цех, ацетон, офицер, полиция, авиация, операция, цирк, цемент, мотоцикл.
3– тапсырма. Өлеңді оқып, көшіріп жазу. Цц әрпінің байланысына, арақашықтығына назар аудару.
Жазға салым бір күні,
Барып едім циркке.
Маймыл көрдім күлкілі,
Жүр қоянды билепте.
4– тапсырма. Нүктелердің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемді көшіріп жазу.
Бүгін қалада ... ирк болады. 2. ... ентнер- өлшем бірлігі. 3. Жарастың ағасы офи...
ер. 4. Тоқтар авиа... ияда істейді. 5. Ағам көптеген опера... ияларға қатысты.
Сабақты қорытындылау: Сабақта қандай әріптің элементін жаздыңдар?
Цц әрпінің элементі қалай жазылады? Неше үзіліс бар? Сабақ сендерге ұнадыма?
5 – тапсырма. Цирк, ацетон, цемент сөздеріне сөйлем құрастыру.
28- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Чч әрпінің элементтерін жазу
Сабақтың мақсаты: Чч әрпінің элементтерін жазу техникасын меңгерту.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, Дамыта оқыту, СТО технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Чч әрпінің баспа, жазба түрдегі кестелері, буындар, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жаттығуларын жасату. « Ең әдемі сөйлем» сайысы арқылы жазғандарын тексеру. Салыстырмалы түрде бекіту.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Қызығушылықты ояту.Жұмбақтың шешуін табу.
Балық дерсің суда оны,
Жүзсе, жұрт таң қалады.
Қолында бар кубогы,
Омырауында- медалі.
Айтыңдаршы балалар,
«Чемпион» сөзі арқылы жаңа тақырыпты ашу. Бүгін біз Чч әрпінің элементтерін жазуды үйренеміз.
Чч дыбысы дауыссыз, қатаң дыбыс.
Сергіту жаттығулары
Алтын, күміс, қоланы ( Құшақтарын ашады)
Иеленіп ол әлі, (Қолдарын жоғары көтереді)
Абыройы жоғары ( Қолдарын шапалақтайды)
Чемпионда болады. ( Қолдарын жоғарыға көтереді)
Қолдарын жазуға дайындауға арналған жаттығуларды орындату.
1– тапсырма. Үлгіде көрсетілген өрнектерді орындауға ұсыну. Жазу техникасын сақтап жазуды меңгерту.
2– тапсырма. Мұғалімнің көмегімен сөздік диктант жаздырылады. Оқушыларды жылдам жазуға үйрету.
Шаңғы, чемодан,чек, шек,Чехия, шашу, чемпион, шебер.
3– тапсырма. Сөзжұмбақты орында. Бос орындарға әріптерді жазып, сөздерді оқы.
Сөзжұмбақты тігінен және көлденеңінен орналастырып ұлт атауларын, кеме түрін, құс, елді мекенді тауып жаз.
4– тапсырма. Чемпион, чукча, яхта, шағала сөздеріне сөйлем құрастырып жаз.
Үлгі: Чукчалар өте суық жерде жасайды.
Сабақты қорытындылау. Сабақта қандай өзгешелікті көре алдыңдар? Чч әрпі туралы не айтуға болады? Әдемі, сауатты жазу үшін бізге не кедергі болады? Сөзжұмбақты шешуде кедергілер болдыма? Тағы не үйренгілерің келеді? Оқушылар пікірін есепке ала отырып сабақты қорыту.
5 – тапсырма мәтінді көшіріп жазуға ұсыну.
Чемпион
Алматтың ағасы қол күресінен әлем чемпионы. Таяуда ол Чилиге сапар шекті. Бұл сайыстанда чемпион атағын жеңіп алды. Алмат ағасын мақтан тұтады.
29– сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шш әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Шш әрпінің элементтерін жазуда ереженің сақталуын үйрету.
Қосымша тапсырмаларды орындау барысында жазу сауаттылығын дамыту.
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, жүйелеу, СТО технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Шш әрпінің баспа, жазба кестесі, жұмыс дәптері,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Шаттық шеңберіне тұрып
бір- біріне тілектер білдіру.
Жаңа білімді меңгерту
Бүгін сендермен Шш әрпінің элементтерінжазуды үйренеміз. Шш дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс. Сөздің басында, ортасында, соңында келеді. «Сөз ойла, көп ойла» ойыны арқылы, Шш дыбысына сөз құрастыру.
Сергіту сәті
Кешірімді боламыз (Өздерін көрсетеді)
Жұлдыздай боп жанамыз. (Қолдарын жоғары көтереді)
Кіші пейіл боламыз, (Өздерін көрсетеді)
Құстай қанат қағамыз. (Қолдарын екі жанына созып, қозғайды)
Дәптермен жұмыс жүргізу
1 – тапсырма. Үлгіде көрсетілген элементтерді орындау арқылы, жазу техникасын
меңгерту. Әріптерді салыстыру, айырмашылығын табу.
2– тапсырма. Шулайтындарды тауып жазуға ұсыныс жасау. Тапсырма барысында
оқушыларды ой қозғау арқылы ізденіске үйрету.
Үлгі: жел, құстар
3– тапсырма. Өздік диктантты орындау. Оқушылардың жазу сауаттылығын тексеру.
Ш ма Щ ма?Ал ...а, а ...ы, наға ... ы, ... ағала, тұ ... ы, ала ... а, бор ..., ...а ... у, күл ... е.
4– тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу арқылы, байланыстыра жазуды меңгерту.
Орман Раушанның үйіне бірнеше шақырым еді. Ол алыс жол жүріп келді. Раушан алшаны теріп, шараға салды. Шара ауыр болды.
Сабақты қорытындылау:Шш әріпіне байланысты білгендерін жұлдызшаға жазып,қосымша сұрақ-жауап арқылы қорыту.
5– тапсырма.Мақалдардың жалғасын тауып, көшіріп жазуға ұсыну.
Ағайын- алтау, Ана- ---------------.
Шешеге қарап --------- өсер,Әкеге қарап ---------- өсер.
Қыздың аңқауынан сақта,Ұлдың --------------сақта
30– сабақ
Сабақтың тақырыбы: Щщ әріптерінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Щщ әрпінің элементтерін жазу техникасына сүйене отырып жазуға үйрету. Сабақ барысында пропорцияларды сақтауға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жүйелеу, дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Щщ әрпінің баспа, жазба түріндегі кестесі, сюжетті суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.
Психологиялық серпіліс жасату.
Үйге тапсырманы сұрау.
Мақалдың жалғасын табу арқылы не ұқтыңдар?
Мақалдағы негізгі ойды қалай түсіндіруге болады?
Мақалды жазу барысында арақашықтықты қалай сақтадыңдар?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Щщ әрпінің элементтерін жазу. Шш дыбысы мен Щщ дыбысын салыстыруға арналған « Сөз ойла, көп ойла!» ойыны арқылы сөздердің айтылуын салыстыру.
Бұрыш – борщ. Ашы --- ащы. Ши -- щи. Алаш--- плащ.
Тақтамен жұмыс жүргізу.
Сергіту сәті.
Шап – шап, шапалақ, ( Қолдарын шапалақтайды.)
Алақанды соғамыз. ( Қолдарын жоғарыға көтереді.)
Бір отырып, бір тұрып, (Төменге отырып, орындарынан тұрады.)
Бір сәт сергіп қаламыз. (Денелерін би қалпында қозғайды.)
Дәптермен жұмыс жүргізу.
1 – тапсырма. Үлгіде көрсетілгендей, жазу техникасын сақтай отырып,тапсырманыорындауға ұсыну. Әріптер арасындағы қашықтықты сақтауға үйрету.
2 – тапсырма. Өлеңді қайталап оқу арқылы, жатқа жазу. Сауатты жазу басты мақсат екенін түсіндіру.
Еңбек етпей текке сен: «Ықыласым жоқ», - дейсің.
Ащы терді төкпесең, Жетістікке жетпейсің.
3 – тапсырма. Сөздерді топтап жазуға ұсыну. Щщ, Шш әріптерінің жазылуына салыстырмалы түрде назар аудару.
Керекті сөздер: ашу, арша, ащы, бұрыш, борщ, шашу, тұщы, Щорс, Шара,щи, ши
4 – тапсырма. Мәтінді оқып, көшіріп жазу арқылы әріптерді біркелкі жазуға үйрету.
Футбол
Жазда екі ауылдың балалары футбол ойнады. Бір команда өзіне «Ащыбұлақ» деп қойды. Екінші команда «Тұщыбұлақ» деген атты таңдады. Ойында «Ащыбұлақ» командасы жеңіске жетті.
Сабақты қорытындылау: «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сұрақ- жауап көмегімен оқушылардың білімдерін анықтап, сабақты қорыту.
5 – тапсырмада берілген сөйлемдерді, көшіріп жазуға ұсыну. Лимон өте ащы жеміс. Борщ пен щи сұйық тағамдар. Плащ – сыртқы киім. Ащы бұрышты тамаққа салады.
31 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ыы әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ыы әрпінің элементтерін жазу техникасы арқылы меңгерту. Жазу шапшаңдығы, элементтердің өлшемі туралы түсінік беру.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, жүйелеу, СТО стратегиясы
Ыы әрпінің баспа, жазба түрдегі кестесі, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпілістер жасату.
Сыныпты топтарға ажырату
І- топ. Сөйлемдерді мәнерлеп оқу.
ІІ- топ. Мағынасына талдау жасау.
ІІІ- топ.Щщ дыбысы туралы қосымша мәлімет беру.
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту.
Дайын шаңғы, шанамыз,
Ойынға бір қанамыз.
Дабыл қағып қайтуға,
Шақырмаса анамыз.
Дыбыстық талдау арқылы Ы әрпін ерекшелеу.
Оқушыларға Ыы әрпінің баспа және жазба түрлерін салыстыра отырып түсіндіру.
Тақтамен жұмыс жүргізу.
Ережесін таныстыру арқылы Ыы әрпінің элементерін жазып, көрсету.
Сергіту жаттығулары.
Топ – топ, топ- топ басайық, (Орындарынан тұрып, аяқтарын қозғалтады.)
Жалаудан гүл жасайық. ( Қолдарын
Жаса, жаса алтын гүл,
Жаса, жаса алтын күн.
Дәптермен жұмыс жүргізу.
Қолды жазуға дайындау.
1 – тапсырма.Үлгіде көрсетілген өрнектерді жазуға ұсыну. Ыы әрпінің өзге әріптермен байланысын меңгерту.
2 – тапсырма. Бос орынға ұйқасын тауып, өлеңді көшіріп жазу арқылы әріптер арасындағы байланысты сақтауға үйрету.
3 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу. Ы әрпінің байланысын меңгерту.
Мынау – тамақтар: қатық, нан, май.
Анау – ыдыстар: самаурын, шанышқы, қасық.
Ғалым тамақты атасына апарды. Атасы алғыс айтты.
4 – тапсырма. «Адасқан буындар.» ойыны арқылы буындардан сөз құрастырыпжазуға ұсыну. Үлгі: Уақыт,
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта қай әріптің элементін жазып үйрендік?
Ыы әрпі сөздердің қай жерінде келеді?
Өзге әріптермен қалай байланысады?
Ендігі сабақтан не күтесіңдер?
Бүгінгі сабақтан өздеріңе қажетті мәліметті алдыңдарма?
5 – тапсырма.Сөйлемдерді көшіріп жазуға ұсыну. Қазақтың ұлттық ыдыстарытуралы түсінік беру.
Тегене – ағаштан, күмістеліп жасалған шұңғыл ыдыс. Зерен – ағаштан жасалған, қымыз құятын сәнді ыдыс. Аяқ – ағаштан ойып жасалған ыдыс.
32 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: І і әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға І і әрпінің элементтерін жазу техникасы арқылы меңгерту. Жазу тәртібі, элементтердің өлшемі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Сабақ барысында түрлі оқыту әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың таным процестерін дамыту.
Тәрбиелігі: Әдемі, сауатты жазуға үйрету барысында, оқушыларды тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас түрдегі сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың көргізбелігі: І і әрпінің баспа, жазба кестесі, сюжетті суреттер,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнату.
5- тапсырманың орындалуын сұрау. Сөздердің мағынасын ашу.
Жаңа білімді меңгерту. І і әріпінің элементерін жазу.
Сабаққа қызығушылықты ояту.
«Екі дос» өлеңін мәнерлеп оқу арқылы, есте сақтау қабілетін дамытып, жаттап алуына көмек беру.
Екі дос
Ерліктің дос Ерік – бұл,
Ол досын ертіп келіп тұр.
Ерікке Ерлік: «Оқы!» – деп,
Бір жақсы кітап беріп тұр.
Ерлік, Ерік, кітап сөздеріне буындық талдау жасау арқылы, бүгінгі жазылатын әріпті таныстыру.Жазу сызықтары мен әріптің орналасу ерекшелігін үлгіден көрсету. Үлкен І дыбысының емлесін жазуға дайындық үшін, үлгідегі сызықтардың үстін қаламсаппен жүргізе отырып, қолды үйрету жаттығулары орындалады.
Сергіту сәті
Кешірімді боламыз, (Өзін көрсетеді)
Жұлдыздай боп жанамыз.(Қолын жоғары көтереді)
Кіші пейіл боламыз, (Өзін көрсетеді)
Құстай қанат қағамыз. (Қолдарын жайып қанат қағап, саусақтарды жазуға дайындайды)
Дәптермен жұмыс жүргізу. Қолды жазуға дайындау.
1 – тапсырма. Үлгіде көрсетілген өрнектерді орындауға ұсыну. Жазу техникасын сақтап жазуды меңгерту.
2 – тапсырма. Төмендегі мақалдарды толықтыра отырып көшіріп жазу арқылы қажетті сөзді орналастырып, сөзжұмбақты шешуге ұсыну. «Іле» сөзінің мазмұнын ашу.
3– тапсырма. Мұғалімнің көмегімен сөздік диктант жаздырылады. Оқушыларды жылдам жазуға үйрету.
Іс, іні, ішік, ірімшік, етік, кесіртке, кілт, сіріңке, сілті, кісен.
4 – тапсырма. Блиц- турнир сұрақтары. «Кім көп біледі?» ойыны арқылы табылған сөздерді жазуға ұсыну.
Жеңіл, әдемі, жұпар иісті – ---------------
Ас атасы – ...-------------------
Қысқы аяқ-киім – ----------------------
Үш сөзді жол сақшысы – ----------------
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта қай әріптің элементін жазып үйрендік?
І і әрпі сөздердің қай жерінде келеді?
Өзге әріптермен қалай байланысады?
Ендігі сабақтан не күтесіңдер?
Бүгінгі сабақтан өздеріңе қажетті мәліметті алдыңдарма?
5 – тапсырма.«Аң құстардың аталуы» ойыны арқылы сөйлемдерді, көшіріп жазуға ұсыну.
33 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ю ю әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ю ю әрпінің элементтерін жазу техникасы, жазу тәртібі,элементтердің өлшемі туралы түсінік беру.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың көргізбелігі: Ю ю әрпінің баспа, жазба кестесі, сюжетті суреттер,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық «Қысым-және босаңсу» жаттығуы.
Қатысушылартік тұрып өздерінің оң қолдарына барынша қысым туғызады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қолын босатады. Келесі қолына да осындай жаттығу жүргізеді
Үйге тапсырманы тексеру. 5- тапсырманың орындалуын сұрау. Берілген тапсырманы тексеріп, оқушылар еңбегіне талдау жасау.
Жаңа білімді меңгерту. Ю ю әріпінің элементерін жазу.
Ой жинақтау: Сергіту жаттығуы.
Біз гүлдерше өсеміз, (Қолдарын жоғары көтереді)
Жапырағы жайқалған.( Құшағын кең ашады)
Сабақтары салалы, (Қолдарды билеу қалпына келтіреді)
Желге ырғалып жайқалған. (Оңға, солға ырғалып қозғалады)
Дәптермен жұмыс жүргізу.
Қолды жазуға дайындау.
1 – тапсырма. Үлгідегі элементтерді, мәтінді көшіріп жазуға ұсыну. Ю әрпінің жазылуын есте сақтауға үйрету.
Әжем қою шайын ішіп алды. Сосын ою оюға кірісті. Менің де ою ойғым келеді. Ол үшін әлі де есеюім керек.
2 – тапсырма. Сөздерге -у қосымшасын жалғап жазу. Ю әріпінің айтылуы мен жазылуының ерекшеліктерін түсіндіру.
3
– тапсырма. Ребустың шешуін жазып, мазмұнын ашу. 3 сөйлем құрау.
_____________________________
4 – тапсырма. Ю әрпі бар сөздерді бояп шығуға ұсыну.
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта қай әріптің элементін жазып үйрендік?
І і әрпі сөздердің қай жерінде келеді?
Өзге әріптермен қалай байланысады?
Ендігі сабақтан не күтесіңдер?
Бүгінгі сабақтан өздеріңе қажетті мәліметті алдыңдарма?
5 – тапсырма. Өлеңді көшіріп жазу. Ю әрпінің жазылуын есте сақтауға үйрету.
34 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Я я әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Я я әріпінің жазылу ережесін түсіндіру. Әріптер арасындағы байланыстарды сақтау туралы түсініктерін кеңіту.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың көргізбелігі: Я я әрпінің баспа, жазба кестесі, сюжетті суреттер,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық «Қысым-және босаңсу» жаттығуы.
Қатысушылартік тұрып өздерінің оң қолдарына барынша қысым туғызады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қолын босатады. Келесі қолына да осындай жаттығу жүргізеді
Үйге тапсырманы тексеру. 5- тапсырманың орындалуын сұрау. Берілген тапсырманы тексеріп, оқушылар еңбегіне талдау жасау.
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту.
«Бұзық телефон» ойыны арқылы тақырыпты ашу.
Құпия сөз «якорь» сөзі. Оқушының құлағына сыбырлап айтылып, бүкіл сыныпты аралайды. Кез келген оқушыны тұрғызып, бастапқы сөздің не екені сұралады. Дұрыс айтса мадақталып, алғысқа ие болады. Қателік жіберсе, сынып шешімі бойынша жазаланады. (Өлең, жұмбақ, жаңылтпаш айтады). «Якорь» сөзіне түсінік беріліп, сөздік жұмысы жүргізіледі.
Бүгін Я я әрпінің элементтерін жазып үйренеміз.
Дәптермен жұмыс жүргізу.
1 – тапсырма. Үлгіге қарап, әріп элементтері мен сөздерді арақашықтығы мен байланыстарды сақтап жазуға ұсынылады.
2 – тапсырма. Сөз тіркестерін сәйкестендіру. Көшіріп жазуға ұсыну.
Сергіту жаттығуы. Психогимнастика«Қарлығаш».
Қарлығаш керілді (қолдарымызды жоғары көтереміз).
Қолдарын жазды (қолымызды екі жаққа жазамыз).
Еңкейді (төмен қарай иілеміз, қолымызды төмен түсіреміз).
Шайқалды (екі жаққа қарай теңселеміз).
Алтын кілт тапты да, (қолымызды айқастырамыз).
Үйіне қайтты. (қолымызды жоғары көтереміз де бір орында тұрып, адымдаймыз).
3 – тапсырма. Өлеңді оқып шығып, көшіріп жазуға тапсыру.
Құс ұясын бұзбайық.
Өсіруге баланы,
Құстар ұя салады.
Жасауға жұмсақ ұяны,
Жабағы жүнді жияды,
Жайлы қып жасап ұяны.
Жұмыртқасын салады,
Бір қуанып қалады.
4 – тапсырма.Мәтінді оқып, көшіріп жазуға ұсыну. Яя әрпінің өзінен ілгері, өзінен кейінгі әріптермен байланысын есте сақтауға үйрету, жазу жылдамдықтарын дамыту.
Сабақты қорытындылау. Мағынаны ажырату сатысы бойынша кестелерді пайдалана отырып, сабақты қорыту.
5- тапсырм а. Әріпті жұмбақты шешіп, көшіріп жазуға ұсыну.
35 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Білімді есепке алу.
Сабақтың мақсаты: Жазу сауаттылығы, жазу техникасы, жазу ережелерін меңгеруге байланысты түсініктерін кеңейту.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ- жауап, тест.
Сабақтың көргізбелігі: Әріптердің баспа, жазба кестесі, сюжетті суреттер, қима қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық Қысым-және босаңсу» жаттығуы.
Қатысушылартік тұрып өздерінің оң қолдарына барынша қысым туғызады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қолын босатады. Келесі қолына да осындай жаттығу жүргізеді
Үйге тапсырманы тексеру. 5- тапсырманың орындалуын сұрап, оқушылар еңбегіне талдау жасау.
Тақтамен жұмыс жүргізу.
1 – тапсырма.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды теріп жазу.
Дәптермен жұмыс жүргізу
2 – тапсырма.«Кім көркем жазады?» тақырыбында сайыс өткеру. Таза, әдемі жазуға үйрету.
Алма, әтеш, балға, вагон, ғарыш, дәрігер, егін, ферма, Аян, қаһарман, жаңбыр.
Сергіту жаттығуы
Кел, балалар, күлейік (Барлығы жан-жағына қарап күлімсірейді)
Күлкіменен түлейік! (Қолдарын екі жаққа созады)
Күлкімізді күн қылып, (Қолдарын жоғары көтереді)
Гүл өссін деп тілейік. (Гүлдің көрінісін бейнелейді)
– тапсырма. Дұрыс жауапты қызыл түспен бояу. Бояуды сызықтан шығармастан бір келкі орындауға үйрету.
1) Ертеде адамдар алғаш рет қандай затқа жазып отырған?
2) Әріпті қалай жазу керек?
3) Кіші б әріпі неше емледен тұрады?
4) Ұқсас әріптерді көрсет:
5) Дұрыс жазылған сөзді көрсет:
4– тапсырма. Нүктелердің орнына тиісті әріптерді қойып, дәптерге көшіріп жазу.
Айша...ың әже...і бар. Әжей – ә...ем сырмақ, теке...мет жасаудың ше...ері. Сондықтан да ол кісіні «...олы шебер әжей» дейді. Ә...есі Айш...ны да сырмақ, текемет жасауға ба...лыды.
Сабақты қорытындылау.Кесте бойынша оқушылардың білімдерін, қызығушылықтарын анықтай отырып, сабақты қорыту.