Семей қаласының білім, Мектеп директоры: Гуманитарлық пәндер
дене шынықтыру және спорт С.С.Карамурзин бірлестігінің жетекшісі
бөлімі Хаттама №1 03.09.2014
Әдіскер: Г.М.Абеуханова
-------------------------------- --------------------- А.Х. Нашкенова -------------
Таңдау курс бағдарламасы және күнтізбелік жоспары
« Family traditions in Kazakhstan and Britain »
9 – сынып
Авторы: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Х.Нашкенова
Бөкенші
2014 -2015 оқу жылы
Бағдарламаның мазмұны.
Түсініктеме хат
Қазіргі таңда мектепте арнайы қолданбалы курстар жүргізу аса маңызды қажеттілік болып табылады. Сонда ғана оқушылар шет тілінен базалық деңгейде игерілуі тиісті білімді алып шығады.Сондықтан 9 сыныптарда ағылшын тілі пәні бойынша
« Family traditions in Kazakhstan and Britain» қолданбалы курсы ұйымдастырылды.
Бағдарлама бойынша апталық сағат саны 9 – сыныпта - 1 сағат, барлығы - 34 сағат бөлінген.
Oқушылардың жас ерекшелігі бойынша тақырыптар таңдалды.Сабақтарда негізінен түпнұсқадағы материалдарды пайдалану басты орын алды. Ол материалдар оқушыларды қызықтыратындай, шет елдердегі салт-дәстүрлер,отбасылық дәстүрлер шындық өмірінен алынған. Кейбір материалдар оңайлатып бергеннің өзінде де олар бастапқы түпнұсқалық ерекшелігін , мағынасын жоғалтқан жоқ.
Салт-дәстүрлерге байланысты сөздер,сөз тіркестері,көп мағыналы сөздер,мақал-мәтел,наным сөздер алынды. Басқа елдің мәдениетін көрсететін \музыкасы, театры, әдебиеті,фильмдері,радио,газеттері\ мәтіндер қамтылды.
Бөтен елдегі жастардыңмүмкіндіктерін ,көзқарасы,нені қадірлеп,қастерлейтінін, өмір сүру , оқу т.б. жайттарды оқушылар өз еліндегі жағдаймен салыстырады,олар туралы тұжырымдар жасап,өз көзқарасын білдіреді.
Курстың басты мақсаты:
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде ағылшын тілінен алған білімдерін тереңдету.
Ұлыбританияның салт – дәстүрлермен және мәдени өмірімен таныстыру.
Курстың негізгі міндеттері:
1) пәнаралық байланыстарды (тарихи оқиғалар, әдебиет, өз елінің мәдениеті т.б.) қолдану арқылы тілдік білімді кеңейту;
2) оқушыларды әлеуметтік, лингво-мәдени, тұлғалық қасиеттерін нығайту, өзге өмір қалыптарын, өзге таным мен сезім жүйесін бағдарлау қабілетін дамыту, тақырыптағы әлем мәдениетін оқушылардың түсінуі, әлеуметтік мәселелерге сыни көзбен қарау;
3) ағылшын тілін танымдық және қарым-қатынас құралы ретінде қолдану, тілдік тәжірибеде жетілдіру (сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, жаңа ақпараттық құралдардың көмегімен);
4) ағылшын тілін меңгеруде оқушылардың белсенділігін ары қарай дамыту, өзін -өзі бақылау мен бағалауға дайындау, сонымен қатар оқып жатқан тілін, білімін жалғастыру мақсатында қолдану.
Курстың ұйымдастыру формасы
Сабақ, сайыс, ойын, лекция.
Курсты оқытуды аяқтау формасы
Сертификат табыстау
Оқушылардың жетістіктерін бағалау
Балдық жүйе
9-сынып
2014 - 2015 оқу жылы
« Family traditions in Kazakhstan and Britain »
Аптасына -1 сағат,барлығы – 34 сағат
| Р\с | Тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі |
| 1 | What`s a tradition? | 1 | 4.09 |
| 2 | English Traditions | 1 | 11.09 |
| 3 | The old ceremonies and traditions. Ceremony of Keys | 1 | 18.09 |
| 4 | Customs and traditions in Kazakhstan | 2 | 25.09 2.10 |
| 5 | Shildekhana, besik toi | 1 | 9.10 |
| 6 | Tradition in my family | 1 | 16.10 |
| 7 | Origin of Hallowe`en | 1 | 23.10 |
| 8 | Festivals.Pancake Day. | 1 | 30.10 |
| 9 | A festival crossword | 1 | 13.11 |
| 10 | Religions in Britain | 2 | 20.11 27.11 |
| 11 | Chuch in Kazakhstan | 1 | 4.12 |
| 12 | Let`s sing a carol! | 1 | 11.12 |
| 13 | Kazakh beliefs. | 1 | 18.12 |
| 14 | English beliefs. | 1 | 25.12 |
| 15 | Family Christmas tradition | 1 | 15.01 |
| 16 | Some holidays and spiecal days in Britain | 1 | 22.01 |
| 17 | Boxing Day. Good Friday. | 1 | 29.01 |
| 18 | The spring bank and Summer bank holidays. | 1 | 5.02 |
| 19 | Easter Monday.Easter eggs.Hot Cross Buns. | 1 | 12.02 |
| 20 | Ramazan and Kurban ait meiramy in Kazakhstan | 1 | 19.02 |
| 21 | Valentine`s Day | 1 | 26.02 |
| 22 | Traditional food of Kazakh and British | 1 | 5.03 |
| 23 | Mother`s day in Kazakhstan and in Britain | 1 | 12.03 |
| 24 | Nauryz – a holiday of spring | 1 | 19.03 |
| 25 | My favourite holiday. Project work | 1 | 9.04 |
| 26 | Fashion and Traditions. | 2 | 16.04 23.04 |
| 27 | Children`s parties | 1 | 30.04 |
| 28 | Cakes and Sweets. Party games. | 1 | 7.05 |
| 29 | Modern family traditions | 2 | 14.05 17.05 |
| 30 | Total lesson | 1 | 21.05 |
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Л.Г.Чичерова «Read and speak» «КАРО»1998
2.К.Б.Васильев «English Tutor» Book1,2 Интеллект-центр 2001
3.Интернет ресурстары
4. « 200 устных тем по английскому языку » Москва, «АСТ-ПРЕСС» 1998
5. Ж.Ы.Ысқақова,З.Н.Кәрімов «Ағылшын тілі.Хрестоматия» Алматы «Рауан» 1991
6.Қ.Тұрсынбаева,Б.Құлбекова «Ағылшын тілі .Оқу кітабы» Алматы « Мектеп» 2011