СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Фариза өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Перизат Сиражқызы,

Павлодар облысының

Баянауыл ауданындағы

Бақыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім

беретін мектебінің мұғалімі

Фариза өлеңдерінің көркемдік өрнектері

         Фариза Оңғарсынова өзінің әрбір туындысында сөзбен сурет салады, оның балаларға арналған өлеңдерінің көбі өте кестелі,  тілге оралымды.

         Ақын өлеңдерінде антоним сөздерді өзінің жанына жақын тұтып, ерекше ой мен көңілдің әуендеріне бүйрегі бұрғаны айқын аңғарылады. Фариза Оңғарсынованың «Бала» атты өлеңінің барлық шумағында да антоним сөздер кездеседі. Әсіресе, «жақсы» мен «жаман» сөзі төрт шумақта да қайталаумен берілген (Өлеңнен үзінділер ақынның «Атамұра» баспасынан 2002 жылы шыққан «Дауа» жинағынан алынды). Қайталау – оқырман назарын айрықша аударуға ерекше мән беру дегенді білдіреді.

Бала сүйсең, жаныңда таң атады,

Сәбисіздің жазылмас жара табы.

Жақсы бала дос-жарды сүйсіндіріп,

Жаман бала жауына талатады.

Бала өсірсең, өміріңнің сол тірегі,

Байқалмайды балаңның олқы жері.

Жақсы бала жоқтатпай жоқтығыңды,

Жаман бала тірілей өлтіреді (263-бет).

«Жүрек, сенсің Отаным, қоғамым да» атты өлеңінде:

Сенсіз жоқпын ғұмырға бұл түріммен,

Сенен бөлек тыншыман, кірпік ілмен.

Менің барлық жек көру, сүюлерім

Басталады өзіңнің лүпіліңнен, - деп толғанады.

Тойған жер, тойымсыз жер, тойлы дала

бай әлі сүріндірер ой-жыраға.

Сұңқар жыр аспанында саңқылдайды,

мұң тастап ойсызға да, ойлыға да.

(«Мақатав туралы жыр», 195-бет)

Бұл шумақтың төртінші тармағында «ойсыз» бен «ойлы» деген сөздер болымды және болымсыз мағынада қолданылған.

Арман деген елесті қуып келем

алып-ұщқан жастықтың тұлпарымен.

Бірде ысиды, біресе суып денем

алған сайын әр белес, қырқаны мен.

(«Арман деген елесті қуып келем», 6-бет).

Бұл үзіндіде бірінші, екінші және төртінші тармақтар бірыңғай дауысты «а» дыбысы қайталанып келген болса, поэзияда қайталанып келетін бірыңғай дауысты дыбыстар ассонанс болып есептеледі. Олар өлеңнің көркін келтіріп, құлаққа жағымды естіледі. Ал үшінші тармақта кездескен «ысиды», «суып» деген антонимдер «денем»  деген сөзбен тіркеседі.

Дара күндерімнің,

нала күндерімнің

серігі болғаның үшін,

сенімі болғаның үшін

мен сені аялаймын. («Өлең», 38-бет).

Ақын өлеңдерінде күн мен түннің, жансыз заттардың күресі суреттелуі кейіпкердің жан дүниесіндегі алай-түлей сезіммен ұштасып, астарласып жатыр.

Жалған достар ертең жоқ, бүгін бірге

(көрмегендей сырт берер – сүріңдің бе).

Ісі бітсе, ісі жоқ сеніменен,

Өлдің бе, тірілдің бе.

(«Жалған достар ертең жоқ, бүгін бірге», 265-бет).

      Ақын өлеңдерінде антонимдерді орынды пайдаланып, поэтикалық әсерді арттырады.

     Фариза ақын шығармасындағы өзекті өмірінің бір бағыты алдыңғы буынның кейінгі толқынға әсерінен көрінсе, екінші арнасы аға ұрпақтың соңғы өскінінің үйренері бар өнегесінен де әдемі  жарастық тауып жатады.

Просмотр содержимого документа
«Фариза өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері»