Жұмыс оқу бағдарламасы «Философия және мәдениеттану негіздері»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі
Орал «Мақсат» медициналық колледжі
Бекітілді:
Директор оқу ісі жөніндегі
орынбасары
______ М.И.Трушкова
«_____» ______ 2020 ж.
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәні: «ФИЛОСОФИЯ НЕГІЗДЕРІ»
Мамандық:0306000 «Фармация»
Біліктілігі: 0306013 – «Фармацевт»
Курс: І
Семестр: I
Бақылау түрі: сараланған сынақ
Барлық сағаттардың жалпы еңбек сыйымдылығы /кредитер KZ - 30/1
СӨЖ – 10сағ.
Аудиториялық – 20сағ.
Орал, 2020 жыл
Құрастырушы: Салыхова К.М. - жоғары санатты оқытушы
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ жалпы білім беру, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер №1 әдістемелік циклдік
комиссия отырысында қаралды.
хаттама № 1 «02» қыркүйек 2020ж.
ӘЦК төрайымы ____________ Мустафиева Э.Б.
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Әдіскермен қаралды ____________ С.О.Коцелл
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Әдістемелік кеңестің отырысында
хаттама №1 «5» қыркүйек 2020 ж.
Әдістемелік кеңес төрайымы ______________ Коцелл С.О.
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
1.1.Кіріспе
Жұмыс оқу бағдарламасы мамандығы 0306000 «Фармация» 030601 3 «Фармацевт» біліктілігі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген.
Пәннің саясаты колледж білімінің жалпы қағидаттарына негізделген оқу процесін дәйекті және мақсатты түрде жүзеге асырудан тұрады.
Білім алушыларға қойылатын талаптар
Білім алушы міндетті:
ішкі тәртіп ережелерін және колледж студентінің ар-намыс кодексін мүлтіксіз сақтау;
сабақ кестесі бойынша барлық оқу сабақтарына кешікпей қатысу;
оқу сабақтарына жүйелі түрде дайындалу;
СӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмаларды және аралық бақылауды белгіленген мерзімде тапсыру;
жіберілген сабақтарды уақытында өтеу;
оқу-әдістемелік материалдарға, кітапхана қорына, колледж мүлкіне ұқыпты қарау;
білім беру процесінің барлық қатысушыларына қатысты субординацияны және медициналық этика мен деонтологияның негізгі принциптерін сақтау;
Дресс-код талаптары
Білім алушы міндетті:
іскерлік киім стилін сақтау;
ұқыпты шаш үлгісімен, қысқа тырнақпен жүру;
таза, үтіктелген халатпен жүру.
Оқу сабақтары кезінде білім алушыларға тыйым салынады
Шпаргалкаларды, мобильді құрылғыларды, гаджеттерді және ақпараттық сервистің басқа да құралдарын пайдалану;
Аудиториядан оқытушының рұқсатынсыз шығуға.
1.2. Пәннің мақсаты.
Философия (сөзбе-сөз: даналыққа құштарлық) деген ұғымды білдіреді. Бұл пән болмыс, таным, адам, адам мен қоғамның арасындағы байланысты зерттейді. Философия әлемнің даму заңдылықтарын, таным процесін, сонымен бірге адамгершілік құндылықтарын оқытады.
Мәдениеттану жас мамандарды бір тұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптастырып қана қоймай, олардың бойындағы өзіндік қабілеттері табиғи қасиеттерін барынша дамытатын өркениеттілік құндылықтарға негізделген білім жүйесін құрайды. Білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат студенттерді адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.
1.3.Пәннің міндеті:
Адамның өмірі, мәні, мазмұны туралы түсінік беру;
Студенттердің ойлау санасын, философияның тарихи типтерін оқыту арқылы дамыту;
Студенттерге пәндермен өздігімен жұмыс жасай білуге, материалдарды жүйелі игеруге мүмкіндік беру;
Лекциядан, философиялық ойлаудың тарихынан алған білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу;
Әртүрлі мәдениеттердің көптүрлілігі және өзіндік құндылықтығы туралы түсінік алу, қазіргі қоғамның мәдени ортасында бағдар ала
білу, Ұлттық және әлемдік мәдени мұраның сақталуы және артуы жөнінде қамқор бола білу.
1.4. Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Пәнді игеру барысында негізгі және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру (мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес)
| № | Құзіреттіліктер | № Қ | Бағдарламаны оқыту нәтижелері Бітіруші меңгереді: |
| БҚ-1 | Оқыту. Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын қояды. | БҚ-1.1 | ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ: өзінің үздіксіз кәсіби дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау жауапкершілігін көрсетеді және өзіне қабылдайды және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың ең тиімді әдістерін таңдайды. |
| БК-1.2 | СЫНИ ОЙЛАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ: қиын жағдайларда мәселелерді және әлеуетті шешу жолдарын анықтайды, фактілерді, пайымдауларды қисынды талдайды және оның кәсіби қызметі шеңберінде негізделген шешімдер қабылдайды. |
| БҚ-2 | ЭТИКА ЖӘНЕ КӘСІПҚОЙЛЫҚ. Мейіргерлік көмек көрсету үрдісінде пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларға бейілділігін көрсетеді. Өз іс-әрекеттері мен жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік алады, сондай-ақ оң жұмыс жағдайын қолдайды | БҚ-2.1 | ҚОҒАМДАСТЫҚТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛ: қоғамдық өмірге белсенді қатысады, қоғамдағы мейіргерлердің рөлін нығайтуға ықпал етеді, әртүрлі мәдени және жас топтары адамдармен өзара іс-қимыл кезінде төзімділік танытады, субординация мен кәсіби ынтымақтастық сақтайды. |
| БҚ-2.2 | ЭТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАТТАР: кәсіби этикалық қағидаттарға бейілділігін көрсетеді, құпиялылықты сақтайды, пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік шараларын түсінеді, пациенттердің/клиенттердің, отбасылар мен топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір жағдайларда этикалық мәселелер туындаған кезде сыни бағалайды және шешімдер қабылдайды. |
| БҚ-2.3 | ЭСТЕТИКА: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды, пациент үшін эстетикалық жайлылықты жасау және дүниетанымды байытуға үздіксіз ұмтылады. |
| БҚ-3 | БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ КОМАНДАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ. Технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады. | БҚ-3.1 | КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАР: мәдениет, сенім, салт-дәстүр, өмір салты және түрлі тілдердегі дүниетаным бойынша ерекшеленетін адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді. |
| БҚ -3.2 | ТОПТА ЖҰМЫС ІСТЕУ: әр түрлі кәсіби топтарда жұмыс істей отырып, жауапкершілікті көрсетеді, бірлескен жұмыстың нәтижелілігі мақсатында өзін-өзі басқарудың жеке дағдыларын көрсетеді. |
| БҚ-3.3 | АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады. |
Студент білуі тиіс:
Біледі:
философияның функцияларын, дүниетанымның философиялық типтерін;
дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдарын;
Адамның өмірінің мәнін, мазмұны туралы түсінігін;
Мәдениет саласы туралы білімді меңгеруі және кәсіби іскерлік үрдісінде оларды қолдана білуі керек;
Ұлттық және әлемдік мәдени мұраның сақталуы және артуы жөнінде қамқор бола білу.
Істей біледі:
Сыни, шығармашылық түрде ойлай білу;
Қазіргі заманғы күрделі шынайлықты талдай білу;
Қоршаған ортадағы мәдениеттілікті, еркінділікті, жауапкершілікті сақтай білу;
топтық сұхбаттарға қатысуды;
эссе, баяндама, мақала жазу кезіндегі қажетті мәліметті таңдап алуды;
елдердің мәдениетін салыстыра отырып, ерекшеліктерін анықтауға, мәдениет тұлғалары мен еңбектерін есте сақтауға дағдыланады.
1.5. Пререквизиттері: дүниежүзі тарихы
1.6. Постреквизиттері: қазақстан тарихы, денсаулық сақтаудағы экономика және құқық негіздері, саясаттану және әлеуметтану негіздері.
1.7. Пәннің қысқаша мазмұны.
Модуль 1. Философия, оның қалыптасуы және даму тарихы
Философия пәні, оның қоғамдағы рөлі. Антикалық философия. Ежелгі философия. Ежелгі Үнді және Қытай философиясы. Батыс еуропадағы орта ғасырлық философия. Ортағасырлық Араб философиясы. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Жаңа заман философиясы. Қазақ философиясы. Онтология. Гносеология. Философиядағы адам мәселесі.
Модуль 2. Мәдениеттану пәні. Дүниежүзілік мәдениеттер мен өркениеттер
Мәдениеттану пәні. Архаикалық және ежелгі дүние мәдениеті. Антикалық мәдениет. Ежелгі Грек-Рим мәдениеті. Ортағасыр, Қайта өрлеу, Жаңа заман мәдениеті. Ресей мәдениеті. Ислам мәдениеті. Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті
Пәннің және оқыту түрінің бөлімдері:
| Тақырып және бөлім атауы | Барлық сағат саны | Сабақ түрлеріне бөлінген сағат сандары |
| СӨЖ | СОӨЖ | аудиториялық сабақ | симуляциялар | клиника |
| Модуль 1. Философия, оның қалыптасуы және даму тарихы | 18 | 6 | - | 12 | - | - |
| Модуль 2. Мәдениеттану пәні. Дүниежүзілік мәдениеттер мен өркениеттер | 10 | 4 | - | 6 | - | - |
| Аралық рейтингтік (шеттік) бақылау №1 | | | | | | |
| САРАЛАНҒАН СЫНАҚ | 2 | | | 2 | | |
| Қорытынды | 30 | 10 | | 20 | | |
1.7.1. СӨЖ тақырыптық жоспары (студенттің өзіндік жұмысы)
| № Р/с | СӨЖ тақырыбы | Тапсырма/ СӨЖ өткізу түрлері | СӨЖ бақылау түрі | СӨЖ бақылау кестесі | Сағат саны |
| 1 | Модуль 1. Философия, оның қалыптасуы және даму тарихы | XIX-XX ғғ. Неміс философиясы тақырыбына оқытушының ұсынған әдебиеттері бойынша конспект жазып келу | Конспект жасау бойынша өзіндік жұмыс нәтижелерін бағалау | Аудиториялық сабақ№2 | 2 |
| 2 | Орыс философиясы тақырыбына реферат дайындау | Реферат жасау бойынша өзіндік жұмыс нәтижелерін бағалау | Аудиториялық сабақ№2 | 2 |
| 3 | Адамның рухани әлемі тақырыбына презентациялар дайындау. | Қосымшаға сәйкес презентацияларды дайындау бойынша өзіндік жұмыс нәтижелерін бағалау | Аудиториялық сабақ№4 | 2 |
| 4 | Модуль 2. Мәдениеттану пәні. Дүниежүзілік мәдениеттер мен өркениеттер. | Қазақстанның ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы мәдениеті тақырыбына мәлімет дайындау, кесте толтыру. | Қосымшаға сәйкес мәліметтерді дайындау бойынша өзіндік жұмыс нәтижелерін бағалау | Аудиториялық сабақ№7 | 2 |
| 5 | Қазақстанның ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы мәдениеті тақырыбына қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, презентация дайындау. | презентацияларды дайындау бойынша өзіндік жұмыс нәтижелерін бағалау | Аудиториялық сабақ№8 | 2 |
| | Барлығы | | | | 10 |
1.7.2. Аудиториялық сабақтың тақырыптық жоспары.
| № | Тақырыптың атауы | Мазмұны | Сағат саны |
| 1 | 1 модуль. Философия пәні, оның қоғамдағы рөлі. Антикалық философия. Ежелгі Үнді және Қытай философиясы. | Философия дүниеге көзқарас ретінде. Дүниетанымның тарихи типтері - мифология, дін және философия. Философияның басты сұрақтары. Материализм және идеализм - философияның негізгі бағыттары. Философияның тарихи типтері. Ежелгі Шығыс философиясы - Үнді және Қытай философиясы (даосизм, буддизм, конфуциялық). Антикалық философия - Демокрит, Платон, Аристотель. | 2 |
| 2 | 1 модуль. Батыс еуропадағы орта ғасырлық философия. Ортағасырлық Араб философиясы. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Жаңа заман философиясы. | Орта ғасырлық философия - Патристика, схоластика - ортағасырлық философияның негізгі ағымдары. Адам және табиғат құдайдың жаратқаны. Ортағасырлық Араб философиясы - Аль-Фараби, Ибн-Сина, Ж.Баласағұн, М.Қашқари. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Гуманизм - адамгершілік туралы ілім. Н.Коперник, Г.Галилей, Д.Бруно ілімдері. Жаңа заман философиясы - Ж.Ж.Руссо, Ж.Ламерти. Марксистік философиясының пайда болуы және дамуы. | 2 |
| 3 | 1 модуль. Қазақ философиясы | Ортағасырлық Араб философиясы – Аль-Фараби, Ибн-Сина, Ж.Баласағұн, М.Қашқари. Қазақ философиясы. Қазақ ұлттық философиясының кезеңділігі, қайнар көзі. Миф-ритуалдық және әлеуметтік мәдени негіздері мен мәселелері. Дәстүрлік көзқарастар мен наным-сенімдердегі философиялық аспектілер. XIX ғ қазақ ағартушылар классиктерінің философиялық көзқарастары | 2 |
| 4 | 1 модуль. Онтология. Гносеология. Философиядағы адам мәселесі. | «Болмыс». Болмысты тану. Болмыс формалары. Сана ұғымы. «Гносеология» дегеніміз не? Гносеологияның іргелі түсініктері: бейнелеу, сана, таным, ақиқат. Бейнелеу: ұғым дамуының тарихи формалары. Таным дегеніміз не? Таным формаларының көптігі, танымның субъектісі мен объектісі. Білім және пікір. Ақиқат танымның мақсаты ретінде. Таным формасымен әдісі. Танымы объектісі және субъектісі. Танымдық қабілеттілігі. Ақиқат және оның түрлері. Адамның санасы және рухани әлемі туралы философиялық діни және ғылыми түсініктер. Сана бейнелеу және қызмет ретінде. Коллоквиум | 2 |
| 5 | 2 модуль. Мәдениеттану пәні. Архаикалық және ежелгі дүние мәдениеті. | Мәдениет ұғымы, даму тарихы. Мәдениет құрылымы. Ежелгі дүние мәдениетінің тарихи-әлеуметтік және материалдық-технологиялық негіздері. Көне Шығыс өркениеттері: Мысыр, Вавилон, Иран, Үнді және Қытай. Шығыс көне өркениетіндегі жеке адам тұлғасы және қоғам. Ежелгі Шығыс мәдениетіндегі табиғат мәселесі. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер мифтері. Ежелгі Шығыс діндері. | 2 |
| 6 | 2 модуль. Антикалық мәдениет. Ежелгі Грек-Рим мәдениеті. | Антика туралы ұғым. Ежелгі грек-рим мәдениетінің сипаты мен даму кезеңдері. Антика мәдениетінің дүниетанымы мен гуманизмі. Гректің, римнің философиялық және саяси-этикалық ілімдері: Пифагор, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Цицерон. | 2 |
| 7 | 2 модуль. Ортағасыр, Қайта өрлеу, Жаңа заман мәдениеті. Ресей мәдениеті. | Ортағасырларда еуропалық мәдениеттің қалыптасып, дамуының әлеуметтік-экономикалық негіздері. Қайта өрлеу мәдениетіндегі гуманизм мен адам идеалы. Антика және Қайта өрлеу мәдениеттерінің өзара сабақтастығы. Жаңа заманның мәдени-құндылықтық бағдарлары. Көркем мәдениет саласындағы көптүрлілік мәселесі. Ағартушылық мәдениетінің әлеуметтік-экономикалық негіздері. Ресей мәдениетінің тарихын, мәдени құндылықтарын, салт-дәстүрлерін, мәдениет қайраткерлері, олардың еңбектерімен танысу, маңыздылығын оқып білу. | 2 |
| 8 | 2 модуль. Ислам мәдениеті. | Көне араб мифологиясы. Ислам діні – араб мәдениетінің бастауы. Мұхаммед пайғамбар, оның бейнесі мен қызметі. Құран. Ислам дінінің басты бағыттары мен негізгі қағидалары. | 2 |
| 9 | 2 модуль. Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті. | Қазақстан Республикасы Ұлттарының мәдениеті. Кеңес Одағының ыдырауы. Қазақстанның өз алдына тәуелсіздік алуы және ұлттық мәдениетті жандандыру мен өркендету мәселелері. Рухани түлеу: дін, адамгершілік. Қазақстан Республикасындағы ұлттардың мәдениеті мен өнері. Қазақтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Коллоквиум. | 2 |
| 10 | Сараланған сынақ | | 2 |
| | Барлығы | | 20 |
1.8. Оқу үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері.
- дәрістер
- семинар
- іскерлік-ойын
- рөлдік ойын
- кейс-технология
- тренинг
- консультация
- топтық жұмыс
- зерттеу жұмысы
1.9. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері: пікір алмасу, СӨЖ-ді бағалау, ақпараттық технологияны қолдана отырып тесттік бақылау, реферат жазу және қорғау, тапсырмаларды орындау, ребус шешу, зерттеу жұмысының нәтижесі, т.б.
Білімді бағалау критерийлері мен ережелері
Ағымдық бақылау (өз бетінше аудиториялық және аудиториядан тыс тапсырмаларын орындауды бағалау), тесттілеу (тестілік сұрақтарды орындауды бағалау), әңгімелесу, жағдаяттық-мәселелік есептерді шешу, ақпараттық және рефераттық хабарламалар, презентациялар, буклет-жадынама, терминологиялық диктант (глоссарий), шағын топтарда жұмыс жасау кезінде өзін-өзі бағалау және топтық бағалау. Ағымдық бақылауды оқытушы аудиториялық, семинар сабақтарда жүргізеді, студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) және тьютормен (ментор) аудиториялық сабақтар аясында жүргізіледі.
Аралық бақылау (шеттік) модульдік оқу аяқталғаннан кейін беріледі, бақылау сұрақтары бойынша сұхбат немесе тест тапсырмаларын жабық түрде өткізу.
Бақылау кезеңі (Аралық рейтингтік бақылау) оқу модульдері № 1-2 (аралық рейтингтік бақылау №1) оқу кестесіне сәйкес жүргізіледі және компьютерлік тестілеу түрінде (60 тесттік сұрақтар) аралық бақылау нәтижелері бар студенттер
РБор =( РБ1 + РБ2) /2 төмен емес 50% , сондай-ақ объективті себептермен оған қатыспағандар, сараланған сынақ сессиясының алдында құқықтары бар (пән бойынша сараланған сынаққа дейін аралық бақылауды жеке өтуі үшін оқу бөлімінің рұқсатымен).
Қорытынды бақылау пәнді аяқтау сараланған сынақ 1 кезеңнен тұрады: теориялық-тесттілеудің орындалуын бақылау.
Кредиттік оқу жүйесімен студенттердің білімін бақылау және бағалау баллдық-рейтингтік жүйеге (БРЖ) сәйкес жүзеге асырылады.
Баға 100 % - пайыздық шкаласы бойынша бағаланады.
Төрт балдық жүйенің сандық баламасына
сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі
| Алфавиттік жүйе бойынша баға | Баллдардың сандық эквиваленті | Пайыздық мөлшері | Дəстүрлі жүйе бойынша баға |
| А | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
| А– | 3,67 | 90-94 |
| В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
| В | 3,0 | 80-84 |
| В– | 2,67 | 75-79 |
| С+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
| С | 2,0 | 65-69 |
| С– | 1,67 | 60-64 |
| D+ | 1,33 | 55-59 |
| D | 1,0 | 50-54 |
| FХ | 0,5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
| F | 0 | 0-24 |
Бағалау критериилері:
«Өте жақсы» A сәйкес келеді 4.0 сандық баламасы және 95-100 пайызы, A- сандық эквиваленті 3,67 және 90-94 пайызы бағдарламалық материалды жүйелі, толық, дәл және берік игеруге арналған және қателіктер мен дәлсіздіктерге жол бермейді.
«Жақсы» B + сәйкес келеді сандық эквиваленті 3,33 және 85-89 пайызбен, ал B- сандық эквивалентімен 3.0 және 80-84 пайызбен - цифрлық эквивалентімен 2,67 және 75-79 пайызы пәнді білуге арналған, егер студент бағдарламалық материалды кемінде 75 пайызға игерген болса және сонымен бірге өрескел қателіктер жібермеген жағдайда.
«Қанағаттанарлық» C+ сәйкес келеді сандық баламасы 2,33 және 70-74 пайыз, ал C- сандық эквиваленті 2,0 және 65-69 , C-сандық эквиваленті 1,67 және 60-64 пайыз, D + сандық баламасы 1,33 және 55-59 пайыз, D сандық баламасы 1,0 және 50-54 пайыздық баламасы, егер студент бағдарламалық материалды кемінде 50 пайызға игерген болса және елеулі проблемалармен, дәлсіздіктермен, бірақ одан әрі оқуға кедергі болмайтын жағдайлар болған кезде қойылады.
«Қанағаттанарлықсыз» F сәйкес келеді сандық эквивалентіне 0 және 0-49 пайызы қосымша оқуға кедергі келтіретін маңызды іргелі қателіктер одан әрі оқуға кедергі болатыны үшін қойылады.
1.10.Техникалық және электронды оқыту құралдары:
Интерактивті тақта,
Электронды және қағаз нұсқадағы тестілер;
Электронды және нұсқадағы оқу-әдістемелік құралдар (оқулықтар, аудио-видеоматериалдар.);
Интернет ресурстары.
Әдебиеттер (негізгі және қосымша)
1.10.1.Негізгі әдебиеттер
1. Т Ғабитов. «Философия». Алматы 2006 ж.
2. Ә.Тұрғынбаев. «Философия». Алматы 2005 ж.
3. Ж.Қабаева. «Философия білімінің негіздері». Алматы 2000 ж.
4. Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов «Мәдениеттану негіздері» Алматы 2000 ж.
5. Ш.Нағымұлы «Мәдениеттану» Астана 2007 ж.
6. Т.Ғабитов Ж.Мүтәліпов «Мәдениеттану» Алматы 2006 ж.
1.10.2.Қосымша әдебиет
1.Ә.Х.Тұрғынбаев. «Философия». Алматы 2001 ж.
2.Д.Ж. Кактаева. «Философия негіздері». Алматы 2006 ж.
3.Абай шығармалары. Алматы 1995 ж.
4.Т.Х.Ғабитов «Мәдениеттану сөздігі». Алматы 2001 ж.
5. Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» Алматы 1996 ж
1.10.3. Интернет ресурстар
www.Philosophy.ru
www.Intencia.ru
www.Ido.rudn.ru
www.referat.resurs.kz
www.medcollegelib.ru