Білімді жүйелеу Тапсырма №1 Графиктегі мәліметтерді талдаңыз. Look at the graph and make an analysis  Жауап: несепте көп мөлшерде несепнәр, несеп қышқылы, креатинин, аммоний ионы, фосфат анионы, аз мөлшерде натрий, калий, магний бар. Мәселелік сұрақ Несеп қалай түзіледі? Тапсырма №2 Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Реактивтердің қауіпті, қауіптілігі орташа және төмен түрлерін анықтау. (E) Оқушылар тәжірибелік түрде зәр үлгілерінің құрамындағы глюкоза, несепнәр және ақуыздың болуын зерттейді. (I немесе G) Оқушылар bilimland.kz сайтын қолдана отырып, сүзгілеу мен қайта сүзгілеудің механизмін зерттейді. Практикалық жұмыс Жұмысты орындамас бұрын, нұсқаулықты мұқият оқыңыз. 1Әр адамда зәрдің құрамы әртүрлі болады. Сіздер әртүрлі жасанды зәрдің түрлерін зерттейсіздер. Зерттеу жұмысын жүргізгеннен кейін, жұмыстарыңызды талдайсыздар. Алдарыңызда берілген зәрді тағам бояғыштары мен әртүрлі химиялық заттарды қолдана отырып жасады. Сіздерге әртүрлі А,В,С әріптерімен белгіленген жасанды зәрлер берілді. Жұмыстың барысы: Әрбір ерітіндідегі түске мұқият назар аударыңыз, өзіңіздің бақылаған түстеріңізді төмендегі кестеге толтырыңыз. 1.1 кестедегі басқа да торларды берілген зерттеулеріне сай орындап, толтырыңыз. Зерттеуде зәрдің бастапқы түсін жазу үшін, қою, орташа және боз сөздерін қолдана отырып жазыңыз. кесте 1.1 Зәрдің түрлері | Зерттеудің алдындағы зәрдің түсі | Бенедикт реактивін қосқаннан кейінгі зәрдің түсі | Биурет реактивін қосқаннан кейінгі зәрдің түсі | Биурет реактивін қосқаннан кейінгі индикатор қағазының түсі | A | | | | | B | | | | | C | | | | |
Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін, өздеріңіздің зерттеуде алған қорытындыларыңызды қолданыңыз. Бүйректің ауруларын зәрді органикалық заттарға тексеру арқылы анықтауға болады. Диабетпен ауыратын адамдардың зәрінің құрамында глюкоза болады. Осы үш зәрдің біреуінің құрамында диабет ауруымен ауыратын адамның зәрі бар. Осы үлгіні табыңыз. А,В,С үшеуінің біреуін таңдаңыз. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз. ______________________________________________________________________________ (ii) Бүйректің дұрыс жасамуынан зәрде нәруыз болады. Бір үлгіде адамның бүйрегінің дұрыс жасамуы нәтижесінде берілген зәрдің құрамы бар. Осы үлгіні табыңыз. А,В,С үшеуінің біреуін таңдаңыз. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз. ______________________________________________________________________________ (iii) Зәрде несепнәрдің болуын анықтаңыз. Өз жауаптарыңызды кесте түрінде жазыңыз. ______________________________________________________________________________ Бағалау: 1.Жұмыстағы қателікті анықтау 2.Сіздің ұсынысыңыз 3.Өзіңізді-өзіңіз бағалаңыз (I) Өз зерттеулеріңізді қолдана отырып, анықталған несептің құрамы бойынша түйін жасаңыз Make a conclusion about urine |