| Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі». 1. Автомобиль тыныштық күйден алғашқы 4,5 м қашықтықты 3 с-та өтетін болса, оның үдеуі A) 1,5 м/с2 B) 0,25 м/с2 C) 2 м/с2 D) 0,5 м/с2 E) 1 м/с2 |
| 2. Массасы 50 г дененің салмағы (g = 10 м/с2) A) 500 кН B) 0,5 Н C) 0,05 Н D) 500 Н E) 50 Н |
| 3. Жабық ыдыста 2 моль гелий бар. Ыдыстағы гелий атомдарының саны (NA= 6∙1023 моль-1) A) 8∙1023 B) 4∙1023 C) 12∙1023 D) 3∙1023 E) 6∙1023 |
| 4. Орын ауыстыру ұғымының анықтамасы A) санақ денесімен салыстырғандағы қозғалған дененің қалдырған ізі B) дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын, бағытталған кесінді C) дененің координатасының тез өзгеруі D) кеңістіктегі дене орнының өзгеруі E) екі нүктенің арақашықтығы |
| 5. Бірліктердің Халықаралық жүйесінде Фарадпен өлшенетін шама A) энергия B) электрсыйымдылық C) кедергі D) заряд E) ток күші |
| 6. Оптикалық күші -5 дптр-ға тең шашыратқыш линзаның фокус аралығы A) 0,4 м B) 1 м C) 0,2 м D) -5 м E) -0,5 м |
| 7. Материалық нүктенің қозғалыс теңдеуі мынадай: . 4 с уақытта нүктенің жылдамдығы A) 2 м/с B) 6 м/с C) 4 м/с D) 24 м/с E) 12 м/с |
| 8. Массалары бірдей екі дененің потенциалдық энергияларының қатынасы 3:4 болса, олардың Жер бетінен орналасу биіктіктерінің қатынасы A) 2:3 B) 4:3 C) 1:3 D) 1:2 E) 3:4 |
| 9. Платформадағы барометр 763 мм.сын.бағ, метроға кіре берістегі барометр 760 мм.сын.бағ. көрсетіп тұрса, метро бекетінің орналасу тереңдігі (1 мм. сын.бағ – 12 м) A) 50 м B) 24 м C) 36 м D) 12 м E) 48 м |
| 10. Суреттерде изохоралық процеске сәйкес келетін график  A) 1, 2, 3 B) 2, 3, 1 C) 1, 3, 2 D) 2, 1, 3 E) 3, 2, 1 |
| 11. Массасы тұрақты идеал газ молекулалары қозғалысының орташа жылдамдығы тұрақты. Газ көлемі 5 есе артқанда, оның қысымы A) өзгермейді. B) 5 есе кемиді. C) 5 есе артады. D) 10 есе артады. E) 10 есе кемиді. |
| 12. және кедергілер параллель жалғанған ( ). Жалпы кедергі A) B) C) D) E) |
| 13. Біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан өткізгішке 0,12 Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток 3 А, магнит өрісінің индукциясы 0,08 Тл болса, өткізгіштің актив бөлігінің ұзындығы A) 40 см B) 50 см C) 30 см D) 10 см E) 20 см |
| 14. R1= 4 Ом, R2 = 5 Ом, r = 1 Ом, ЭҚК- нің шамасы 36 В болса, амперметрдің көрсетуі  A) 2,6 A B) 4,2 A C) 3,4 A D) 3,6 A E) 2,8 A |
| 15. Периоды 0,002 мм дифракциялық торға толқын ұзындығы 0,5 мкм жарық келіп түседі. Экрандағы екінші ретті максимум құрайтын сәулелердің ауытқу бұрышы A) 45º B) 60º C) 15º D) 90º E) 30º |
| 16. Толқын ұзындығы 100 нм ультракүлгін сәуле фотонының импульсі (h=6,63·10-34 Дж·с) A) 6,63·10-34 кг·м/с. B) 6,63·10-27 кг·м/с. C) 6,63·1027 кг·м/с. D) 6,63·10-32 кг·м/с. E) 6,63·10-30 кг·м/с. |
| 17. Қатаңдығы 1 Н/м серіппеге ілінген жүктің толық энергиясы 0,1 Дж болса, тербеліс амплитудасы A) ≈ 0,6 м B) ≈ 0,25 м C) ≈ 0,45 м D) ≈ 0,3 м E) ≈ 0,55 м |
| 18. Қуаты 25 кВт, ПӘК –і 80 % көтергіш кран 4 т жүкті 15 с-та көтеретін биіктік (g =10 м/с2) A) 15 м. B) 7,5 м. C) 10 м. D) 30 м. E) 2,5 м. |
| 19. Қуаты 110 кВт трактор сағатына 28 кг дизельдік отын жұмсайды. Трактор қозғалтқышының ПӘК-і (q = 42 МДж/кг) A) ≈ 33 %. B) ≈ 24 %. C) ≈ 22 %. D) ≈ 42 %. E) ≈ 55 %. |
| 20. Зарядталған шардың вакуумдегі өріс кернеулігі керосиндегі заряды сондай шардың 29 см қашықтықтағы өріс кернеулігіне тең болатын вакуумдегі қашықтығы (εкеросин= 2, εвакуум= 1) A) ≈0,3 м B) ≈0,1 м C) ≈0,5 м D) ≈0,2 м E) ≈0,4 м |
| |
| |
| Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы беріледі». 21. Көлемі 10 л, табанының ауданы 200 см2 цилиндр пішінді ыдыс керосинмен толтырылған. Керосиннің ыдыс түбіне түсіретін қысымы ( ) A) 20 кПа B) 5 кПа C) 1 кПа D) 80 кПа E) 10 кПа F) 2 кПа G) 4 кПа H) 8 кПа |
| 22. Дене жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигі  Денеге әсер ететін теңәрекетті күш 0-ге тең болатын уақыт аралығы A) 1-3 с B) 1-2 с C) 1-2,5 с D) 2-4 с E) 2-3 с F) 3-4 с G) 1-4 с H) 1-5 с |
| 23. МКТ-ның негізгі қағидалары A) бөлшектер өзара тартылмайды B) бөлшектер бейберекет қозғалады C) бөлшектер тәртіппен қозғалады D) бөлшектер бір-бірімен әрекеттеспейді E) тек сұйық және газ түріндегі заттар ғана бөлшектерден тұрады F) бөлшектер өзара тебілмейді G) бөлшектер бір-бірімен әрекеттеседі H) барлық денелер бөлшектерден тұрады |
| 24. 373 К температурадағы 186 г суға температурасы 283 К суды араластырғанда пайда болған қоспаның температурасы 300 К болды. Араластырылған судың массасы A) ≈ 1000 г B) ≈ 900 г C) ≈ 200 г D) ≈ 800 г E) ≈ 600 г F) ≈ 500 г G) ≈ 700 г H) ≈ 400 г |
| 25. Тербелмелі контур алу үшін конденсаторға A) ток көзін жалғау керек B) транзистор жалғау керек C) диод жалғау керек D) катушка жалғау керек E) генератор жалғау керек F) тағы бір конденсатор жалғау керек G) трансформатор жалғау керек H) антенна жалғау керек |
| 26. Сыртқы магнит өрісін кішкене күшейтетін зат: A) ферромагнит B) парамагнит C) электромагнит D) трансформатор E) диэлектрик F) диамагнит G) соленоид H) генератор |
| 27. Адамның есту мүшесі 20-дан 20000 Гц-ке дейінгі жиіліктегі толқындарды қабылдайды. Адам қабылдайтын дыбыс толқыны ұзындығының интервалы (ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 340 м/с) A) 17 м және 1,7 см B) 0,17 см және 0,17 м C) 0,58 м және 5,88 м D) 0,17 см және 1,7 м E) 20 м және 2 м F) 5,8 см және 58,8 м G) 17 см және 1,7 м H) 2 м және 2 м |
| 28. Дене қозғалысты бастаған соң 4-ші секундта 35 м жол жүрсе, дененің үдеуі A) 22 м/с2 B) 10 м/с2 C) 12 м/с2 D) 39 м/с2 E) 15 м/с2 F) 140 м/с2 G) 6 м/с2 H) 5 м/с2 |
| 29. 8π рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналған маховиктің 1000 айналымды жасайтын уақыты A) 4,17 мин B) 5 мин C) 250 с D) 0,69 сағ E) 417 мин F) 2500 с G) 0,069 сағ H) 25 с |
| 30. Баллонда температурасы 270С газ бар. Оның қысымын 3 есе арттыру үшін, газды изохоралы қыздыруға қажетті температура A) 5270С B) 700 К C) 6270С D) 900 К E) 800 К F) 1000 К G) 7270С H) 4270С |
| 31. 84 кДж жылу мөлшерімен температурасын 100С көтеруге болатын судың мөлшері ( ссу = 4200 Дж/кг ∙0С) A) 6·106 мг B) 3·103 мг C) 2000 г D) 6·103 г E) 2 кг F) 6 кг G) 3 кг H) 2·103 г |
| 32. МКТ-нің негізгі теңдеуі A) p=ρgh B)  C)  D)  E) R=kNA F) p=ρgS G) pV= RT H) E= kT |
| 33. Радиотарақыштың тербелмелі контурында периоды 1,57 мкс электромагниттік тербелістер алынды. Контурдың конденсаторының сыйымдылығы 2,5 нФ, демек A) таратылатын толқын ұзындығы 471 м B) катушканың индуктивтігі 6,28 мГн C) таратылатын толқын ұзындығы 150 м D) таратылатын толқын ұзындығы 852 м E) катушканың индуктивтігі 0,025 мГн F) катушканың индуктивтігі 1,57 мГн G) катушканың индуктивтігі 3,14 мГн H) таратылатын толқын ұзындығы 625 м |
| 34. 20 нКл заряд берілген сфераның потенциалы 6 кВ болса, сфераның радиусы (k = 9∙109 Н∙м2/Кл2) A) 0,015 м B) 0,04 м C) 4 см D) 3 см E) 0,03 м F) 3 м G) 1,5 см H) 30∙10-3 м |
| 35. Фокус аралығы 6 см жинағыш линза көмегімен линзадан 18 см қашықтықта дененің жалған кескіні алынған. Дененің линзадан қашықтығы A) 25 мм B) 4,5 см C) 2,5 см D) 45 мм E) 6 см F) 0,045 м G) 60 см H) 0,06 м |
| 36. Жарық қатты дене бетіне тік бұрышпен түседі. Бір фотон жұтылғанда, денеге берілген импульс A)  B)  C)  D)  E)  F)  G)  H)  |
| 37. Қозғалтқышының қуаты 72 кВт болатын автомобильдің, 18 кН тарту күшін жұмсағанда, қозғала алатын жылдамдығы A) 36 км/сағ B) 4 м/с C) 120 км/сағ D) 60,2 км/сағ E) 14,4 км/сағ F) 10 м/с G) 54 км/сағ H) 180 км/сағ |
| 38. Газдың қысымы Р, абсолют температурасы Т, молярлық массасы М. Берілген шамалар арқылы осы газдың тығыздығын анықтайтын формула A)  B)  C)  D)  E)  F)  G)  H)  |
| 39. Көтергіш кранның электр қозғалтқышы 380 В кернеумен жұмыс істейді, оның орамындағы ток күші 20 А, ол массасы 1 т жүкті 19 м биіктікке 50 сек ішінде көтерсе, пайдалы әрекет коэффициенті (g = 10 м/с2) A) 0,5 B) 20% C) 0,02 D) 10 E) 50% F) 0,1 G) 100% H) 0,2 |
| 40. Конденсаторының сыйымдылығы 5 мкФ тербелмелі контурдың меншікті тербелісінің периоды 103 с болса, катушка индуктивтігі A) 3·10-3 кГн B) 3·103 Гн C) 5·109 Гн D) 5 ГГн E) 6 Гн F) 2 Гн G) 0,5·1010 Гн H) 2·103 мГн |