Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, қатыспағандарды белгілеу. Оқушыларды - сабақтың мақсатымен - бағалау критерийлерімен таныстыру Жаңа тақырыпты түсіндіру: Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін инерттілік деп атайды. Инерттіліктің сандық сипаттамасы ретінде масса деп аталатын физикалық шамасы қолданылады. Дененің массасы – оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады. Бір күш массалары әр түрлі денелерге әр түрлі үдеу береді. (5-7 слайдтар бойынша түсіндіру, оқушылардан қорытынды жасауларын сұрау) Ньютонның екінші заңы Дененің алатын үдеуі сол денеге әрекет ететін теңәрекетті күшіне тура пропорционал, ал массасына кері пропорционал. мұндағы, F – денеге әсер ететін күш [Н], m – дененің массасы [кг], a – дененің алатын үдеуі [м/с²] Егер екі дене өзара әрекеттесетін болса, онда олардың алатын үдеулері массаларына кері пропорционал болады. (W) Анимация бойынша талдау жасау Дененің массасы мен алатын үдеуі арасындағы байланысты көрсету; Дененің алатын үдеуі мен оған түсірілетін күш арасындағы байланысты көрсету. (W) Тапсырма: Осы сияқты Ньютонның екінші заңының қолданылуына мысал келтіріңдер. (W) Есептер шығару 1.Белгілі бір күш бос арбаға 1,5 м / с2, ал жүгі бар арбаға 0,5 м / с2 үдеу береді. Жүктің массасы арбаның массасынан неше есе ерекшеленеді? 2.40 Н күш денеге 0,6 м / с2 үдеу береді. Бұл денеге күштің қандай мәнінде үдеуі 1,8 м / с2 болады? 3.Дене жылдамдығының проекциясы оның қозғалыс бағыты бойынша Vх=1,2t заңы бойынша өзгереді. Бұл бағытқа байланысты күштің проекциясын анықтаңдар, егер дененің массасы 1,5 кг тең болса. 4.Массасы 250 г тыныштықтағы хоккей шайбасы 0,02 с созылған соққыдан кейін мұз бетімен 30 м/с жылдамдықпен қозғалады. Соққының орташа күшін анықтаңдар. 5.Массасы 56 кг денеге әрекет ететін күштің проекциясын табыңдар, егер дене түзусызықты қозалады және оның координатасы х = 10 + 2t + t2 заңы бойынша өзгерсе. 6.Массасы 30 т ұшақ қону алаңына 144 км/сағ жылдамдықпен түседі. Тежелу кезіндегі ұшаққа қандай күш әрекет етеді, егер тоқталуға дейін ол 800 м өтсе? Дескрипторлар: Есептер шығаруда Ньютоның екінші заңын қолданады Есептер шығаруда математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді Рефлексия - не білдім, не үйрендім - не түсініксіз боып қалды - әлі де қандай жұмыс атқаруым керек |