Тақырыбы: «Физика - өмір» атты сайысы.
Мақсаты:
Білімділік: Студенттердің физика пәні бойынша қызығушылығын арттыру
Дамытушылық: Студенттердің шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, ойлау, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Студенттерді ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Жарыс түрінде ұйымдастырылған топтық оқыту.
Көрнекілігі: Физикалық шамалар, формулалар, құралдар, нақыл сөздер, өлеңдер, жұмбақтар т.б
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
-Армысыздар бүгінгі кешке жиналған студенттер ұстаздар.
Бүгін біздер « Физика - өмір » атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
2 - топқа бөлу.
1-топ «Атом » тобы
2-топ «Молекула» тобы
Әділқазылармен таныстырамыз
- келесі сайысымыздың 1 кезеңі сайысқа қатысушы студенттердің басшысы жеребе арқылы кім бірінші екенін анықтайды ?
Кештің өту барысы :
Кеш 5 кезең тұрады.
І тур Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады, топтын аты, топтың ұраны )
ІІ тур «Қас кағым сәт » ( жалпылама топқа сұрақ 10 сұрақ)
ІІІ тур. «Семантикалық карта толтыру» ( топ бірлесе отырып толтыру )
ІV тур Физикалық тәжірибелер. «Байқап қал! » ойыны (Құралдардын аттарын жазу)
V тур Ашылмаған сыр (Форуламаларды толықтыру)
VI тур Жұмбақтар ( жұмбақтың жауабын, физикалык тұрғыда түсіндіру.)
1 ТОП Атом
Физика ғылымының жолын қуған Атом командаларынан жалынды салем
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста
Алғырлықпен аламыз
2 ТОП Молекула
Ұраны
Білікті, бірді жығады
Білімді мыңды жығады.
Сәлем:
Біз дайынбыз бұл сайысқа
Көрсетеміз бәріміз
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарамыз әрдайым
ІІтур. « Қас кағым сәт » ( жалпылама топқа сұрақ 10 сұрақ)
1-топ Атом тобына:
1. Физика нені зерттейді ? (табиғат заңдарын зерттейді )
2. Табиғи және жасанды жарык көздерін атаңыз ? Табиғи жарық көзі – Күн
Жасанды жарық көзі от, шам, сіріңке, электр шамдары ?
3. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)
4. Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық, газ)
5. Дыбыс күндіз нашар естілсе, түнде өте жақсы естілуі не себепті (Жұтылу, шағылу)
6. Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)
7. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы
(жылу мөлшері)
8. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)
9. Дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі (механикалық қозғалыс)
10. Жылдамдықтың өлшем бірлігі ? ( метр / секунд )
2-топ « Молекула » тобына:
1. Дененің жылы, ыстық суық дәрежесін сипаииайтын қандай шама температура ? ( температура)
2. Күннен жерге энергия қандай жолмен беріледі ? ( сәуле шығару )
3.Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)
4. Жылу берілудің түрлерін ата (жылуөткізгіштік, сәулелену, конвекция)
5. Қандай заңдылыққа байланысты көлеңке пайда болады (жарықтың түзу сызық бойымен таралуы)
6. Ядро құрамы ( протон, нейтрон)
7. Волтьметр тізбекке қалай жалғанады? Параллель
8. Амперметр тізбекке қалай жалғанады? Тізбектей
9. Астрономия нені зерттейді? Аспан әлемін зерттейді?
10.Қандай күштің нәтижесінде біз құламай тұра аламыз? (Тыныштық үйкелісі)
ІII тур Семантикалық карта толтыру.
Бұл бөлімде физикалық шамалардың өлшем бірлігін және құралын толықтыру.
| Физикалық шама | Белгіленуі | Өлшем бірлігі | Өлшейтін құрал |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
IV тур Физикалық тәжірибелер. « Байқап қал! » ойыны.
Бұл бөлімде - физикалық құралдарды аттарын жазулары керек. Қай топтың студенттері көбірек жазады
Мензурка, Вольтметр, амперметр, ток көзі, өткізгіш, жалғаныш сымда.р. Көлбеу науа, секундомер, қысымы бар тұрғы, шарик, өлшеуіш цилиндр берілген.
V тур Ашылмаған сыр « Формуланы құрастыру » ойыны.
( Көп нүктенің орнына формуланы қойып толықтыру )
VI тур Жұмбақтар
Осы мақалды әдеби тілмен түсіндірген соң, жұмбақтар шешіледі. Жауабы физика тілінде 1-2 сөзбен түсіндірілуі керек.
Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн мен ай - табиғи жарық)
Отқа жанбас суға батпас (Мұз - заттың қатты күйі)
Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су – сұйық күй)
Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы - сырғанау үйкелісі, қысым)
Жылдың 4 мезгілінде де, мазасызданады ол неге? (жел - конвекция)
Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? (найзағай - оң, теріс заряд, табиғи жарық)
Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды. (масса – физикалық шама)
Қармен бір жүргенде, сықырлайды ол неге? (Сынады – қатты дене)
Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. (бор – жұғу құбылысы)
Көк лағым көген сүйреді. (ұршық – шеңбер бойымен қозғалыс)
« Физика - өмір » атты сайысымызды аяқтаймыз.