Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп
КҮРДЕЛІЛІГІ ЖОҒАРЫ ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ
10-11 класс
2016 жыл
Алға аудандық білім бөлімінің эксперттік кеңесінде бекітілді.
Хаттама № _______ «________» _____________ 2016 ж
АББ әдіскері: _____________ Макашева Н
Бағдарламаны құрастырған: Конысбаева А.А-А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі.
Пікір жазған: Байзакова Ж.Ж-жаратылыстану пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, бірінші санатты математика пәнінің мұғалімі.
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі,ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты кезеңде білім беру ұйымдарының түлектеріне жоғары талаптар жүктеледі. Курстың негізігі ерекшелігі физиканың негізгі заңдылықтарын теориялық және эксперименттік тұрғыдан қарастыру болып табылады.
Осыған байланысты оқушылар жаңа білім алумен және физиканың зерттеу әдістерімен де танысу қажет болып табылады.
Мақсаты : Физика есептерімен жұмыс істей білуді қалыптастыру, есеп шығарудың әдістері мен тәсілдерін үйрету. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық. Физикадан тақырыптық тестілер есептерін шығару. Жеке тұлғаны білімділікке және ізденімпаздыққа ынталандыру, болашақ мамандығына дұрыс бағдар беру, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Міндеті: Физикаға, физика есептерін шығаруға деген қызығушылығын дамыту, курста оқып үйренген білімдерін және іскерліктерін жетілдіру, формулаларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету, физикалық ұғымдармен заңдарды қолдана білуді түсіндіру.
Күтілетін нәтиже::
- физика пәнінен меңгерген білім дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;
- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу;
- физика заңдарын практикалық қолданыстарын түсініп игере білу;
- мамандық таңдауда игерген білімдерін пайдаланып, қолдана білу
2.Тапсырма Б.2. Оттегінің /О2/ бір молекуласының массасын есептеңдер.
Жауабы: Оттегінің бір молекуласының массасы 2,67*10 -20 кг тең.
3.Тапсырма Б.3. 450 моль көмірқышқыл газының кг-мен алынған массасы неге тең?
Жауабы: 5,148 * 1025 молекулалардың жалпы массасы 19,8 кг.
4.Тапсырма Б.4. Судың молярлық массасы 0,018 кг/моль. Судың бір тамшысында 1020 молекулалар бар. Тамшының массасын анықтаңдар.
Жауабы: Тамшының массасы 3*10-6 кг.
Үйге тапсырма: №1,2 Марон В.Е Законы. Формулы. Задачи.
Сабақтың тақырыбы: Молекула массасын есептеу.
Мақсаты:
білімділік: физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, өз бетімен есеп шығарғанда қажетті формуланы қолдана білу.
дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру;
тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке, ашық пікір айтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызба нұсқа, электронды оқулық
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, қайталау
Сабақтың әдісі: проблемалық
Сабақтың барысы: 1Үйымдастыру бөлімі
2. Есептер шығару
3. Үйге тапсырма
| Физикалық шама | Белгіленуі | Өлшем бірлігі | Формула |
| Қысым | | | |
| Молекула саны | | | |
| Молекула қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы | | | |
1.Көлемі 10 см3 жіңішке мойынды колбаны 1140 С температураға дейін қыздырған. Содан кейін колбаның мойнын сынапқа батырған. Колбадағы ауа суыған кезде колбаға 36 г сынап кірген. Ауа қандай температураға дейін суыған?Жауабы: Т2=289 К
Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
-теориялық білімді есеп шығару практикасында қолдану;
-физикалық формулалар мен өлшем бірліктерін меңгеру;
-физикалық ұғымдар мен шамалардың мазмұнын түсіну;
-күрделі физикалық есептерді шығаруда математикалық түрлендірулерді қолдана білу;
-физиканың әртүрлі саласынан білімдерін жинақтау;
-физикадан типтік және олимпиада есептерін шығара білу;
Пәнаралық байланыс:
Математика, химия, биология ғылымдарымен байланыстыру.
Курсты ұйымдастыру формасы:
Лекция, практикалық жұмыс.
Курсты аяқтау формасы:
Реферат, ғылыми жоба, конференция өткізу.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
Деңгейлік тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ .
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі :
- сағат саны – 34 , аптасына 1 рет
Курс бағдарламасының мазмұны: /10 класс/
Кіріспе – 1 сағат
Физикалық теория және есептің шығарылуы.Эксперименттік, экономикалық, техникалық мазмұндағы есептерді шығару. Физикалық есептерді құрастыруға қойылатын талаптар.
Механика – 8 сағат
Есеп шығарудың координаттық тәсілі. Кинематика негіздері. Динамиканың негізгі заңдылықтарына есептер шығару: Ньютон заңдарына, тартылыс күштеріне арналған заңдарға, серпінділікке, үйкеліске, кедергі күшіне. Статика. Тепе-теңдік түрлері.
Сақталу заңдары – 6 сағат
Импульстің сақталу заңына және реактивтік қозғалысқа есептер шығару. Жұмысты және қуатты анықтауға есептер шығару. Сақталу заңына және механикалық энергияны түрлендіруге есептер шығару.
Гидростатика. Аэростатика – 2 сағат
Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымын есептеу. Архимед заңына есептер шығарту.
Молекулалық физика – 11 сағат
МКТ –нің негізгі қағидаларына және негізгі теңдеулеріне сапалық есептер шығару. Идеал газдың күйін сипаттауға берілген есептерді шығару: МКТ – нің негізгі теңдеуіне, изопроцестердегі газ күйін сипаттауға. Беттік қабат құбылыстарын сипаттауға, ауаның ылғалдылығының сипаттамасын анықтауға есептер шығару.
Термодинамика негіздері - 4 сағат
Термодинамиканың І-заңына, жылу двигательдерінің ПӘК-не, ішкі энергия, жылу мөлшері және жылу сыйымдылығын анықтауға есептер шығарту.
Өзіндік жұмыс. Сынақ. Тест.- 2 сағат
Барлығы – 34 сағат
3. Иіндіктің иіндерінің қатынасы 10·1. Оның ұзын ішіне әсер ететін күш 150 Н-ға тең болса, онымен ауыр жәшікті 12 см биіктікке көтергенде қанша жұмыс істеледі.?
Жауабы: А=180 ДЖ
4. Шығыр валының диаметрі 20 см, ал дөңгелегінің радиусы 0,6 м. Құдықтан салмағы 120 Н суы бар шелекті көтеру үшін шығырдың дөңгелегінің радиусы 0,6м. Құдықтан салмағы 120 Н суы бар шелекті көтеру үшін шығырдың дөңгелегіне қанша күш түсу керек.
Жауабы:F=20Н
5.№1.338, №1.350. Есептер жинағы
Үйге тапсырма:№1.195; 1.196. Физика. Есептер жинағы.
1 нұсқа 3,5,16; 18 )2005 ж)
Сабақтың тақырыбы: Статика. Тепе-теңдік түрлері.
Мақсаты:
білімділік: физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, өз бетімен есеп шығарғанда қажетті формуланы қолдана білу.
дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру;
тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке, ашық пікір айтуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: сызба нұсқа, электронды оқулық
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, қайталау
Сабақтың әдісі: практикалық
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі,
2. Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері 3. Үйге тапсырма
Тепе –теңдіктің үш түрі бар: орнықты, орнықсыз және талғаусыз тепе-теңдік.
R=F1+F2→ R=F2-F1→ F1\ F2= L2\ L1;
M=F·L
1. Дененің бір нүктесіне бір бағытта 10 Н; 15 Н екі күш; ал оған қарама-қарсы бағыттағы 7 Н; 8 Н екі күш әсер етеді. Тең әсерлі күштің шамасы мен бағытын табу керек.
Жауабы: R=F1+F2-F3-F4=10Н
2. Ұзындығы 2 м стерженнің екі ұшына параллель екі күш түсірілген делік. Тең әсерлі күшті және оның түсу нүктесін табу керек. Жауабы:R=5Н;L1=1,2 м
/11 класс/
Электродинамика – 8 сағат
Электр зарядының сақталу заңына, күш сызықтарына, кернеулікке, потенциалдар айырмасына, энергияға есептер шығару. Токтың магнит өрісін және оның іс әрекетін сипаттауға берілген әр түрлі есептер.
Тұрақты электр тоғының заңдары – 10 сағат
Күрделі электр тізбегінің кедергісін есептеу. Тұйық тізбек үшін Ом заңын, Джоуль- Ленц заңын, параллель және тізбектей жалғау заңдарын пайдаланып тұрақты электр тогының электр тізбектерін сипаттауға берілген әртүрлі есептер шығарту.
Тербілістер мен толқындар – 8 сағат
Электромагниттік индукция заңына, Ленц ережесіне индуктивтілікке, трансформаторға есептер шығару. Электромагниттік толқындардың түрлі қасиеттерін сипаттауға есептер шығару.
Геометриялық оптика – 4 сағат
Фотоэлектрлік эффект. Жарық интерференциясы, дисперсиясы, дифракциясы. Линза. Линзаның түрлеріне есептер шығарту.
Атомдық физика – 2 сағат
Атом құрылысы, ядро құрылысы. Атом ядросының байланыс энергиясын анықтауға, ыдырау заңына есептер шығарту.
Өзіндік жұмыс. Сынақ. Тест.- 2 сағат
Барлығы – 34 сағат
Күнтізбелік жоспар /10 класс/
| № | Сабақ тақырыбы | Сағат саны | Өтілетін күні |
| | Есептерді жікке бөлу | 1 | |
| 1 | Физикалық теория және есептердің шығарылуы. Эксперименттік есептер шығару.Экономикалық, техникалық мазмұндағы есептерді шығару | 1 | |
| | Механика | 8 | |
| 1 | Есеп шығарудың координаттық тәсілі. Координатты есептеу. Кинематика негіздері | 2 | |
| 2 | Динамиканың негізгі заңдылықтарына есептер шығару | 2 | |
| 3 | Бірнеше күштің тең әсерлі күшіне есеп шығарту | 2 | |
| 4 | Статика. Тепе-теңдік түрлері | 2 | |
| | Сақталу заңдары | 8 | |
| 1 | Импульстің сақталу заңы. Реактивтік қозғалыс. | 2 | |
| 2 | Жұмыс және қуатты анықтауға есептер шығарту. | 2 | |
| 3 | Энергияның сақталу заңдары. | 2 | |
| | Гидростатика. Аэростатика. | 2 | |
| 1 | Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы. Архимед заңы | 2 | |
| | Молекулалық физика | 11 | |
| 1 | Заттардың молекулалық құрылысы. Молекула массасы | 2 | |
4.Еңіске қарай ұзындығы 100 м жолды шаңғышы 0,3 м/с2 үдеумен қозғала отырып, 20с ішінде жүріп өтті. Шаңғышының бастапқы және соңғы жылдамдықтары қандай ?
Жауабы:υ0=2м/с ; υ=8м/с.
5.Жүк пойызы бекеттен 36 км/сағ жылдамдықпен өте шықты. 30 мин өткен соң сол бағытта 72 км/сағ жылдамдықпен жолаушы пойызы шықты. Қанша уақыттан кейін және қандай қашықтықта жолаушы пойызы жүк пойызын қуып жетеді?
Жауабы: t=1 сағ; s=36 км.
Үйге тапсырма : № 22,23 /М/
Сабақтың тақырыбы: Динамика негіздеріне есеп шығарту
Мақсаты:
білімділік: Физикалық шама,заң ұғымдарын қайталау,өз бетімен есеп шығарғанда қажетті формуланы қолдана білу;
дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту,есте сақтау қабілетін арттыру;
тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,белсенділікке,ашық пікір айтуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Сызба нұсқа,электронды оқулық
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, қайталау
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі,
2. Есеп шығарту
3. Үйге тапсырма
Есеп шығару
1.Массасы 1кг дене ауада 9 м/с2үдеумен түседі.Ауаның кедергі күшін анықтау керек (д=9,8 м/с2) Жауабы: 0,8 Н.
2.Көкжиекке 600бұрыш жасай (бастапқы жылд/ғы 30 м/с) лақтырылған тас 2 с – тан кейін үйдің шатырына келіп түсті.Үйдің биіктігі мен оған дейінгі арақашықтықты анықтаңдар. Жауабы: Н=30,2м; S=30м.
3.Массасы 2 кг білеушінің бір ұшына жіп байланып,жіптің екінші ұшына массасы 0,5 кг жүк ілінген.Осы жүктің әсерінен білеуше үстелбетімен сырғиды.Білеуше мен үстел бетінің арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,2, Білеуше қозғалысының үдеуі мен жіптің керілу күшін анықтаңдар. Жауабы: Ғн=3Н, а=0,4 м/с.
| 2 | МКТ-ның негізгі теңдеулері | 3 | |
| 3 | Идеал газ күйінде есептер шығару | 2 | |
| 4 | Изопроцестерге есеп шығарту | 2 | |
| 5 | Ауа ылғалдылығы.Абсолют және салыстырмалы ұзарту. Беттік керілу күштерінің жұмысы. | 2 | |
| | Термодинамика негіздері | 4 | |
| 1 | Термодинамиканың бірінші заңына, Идеал газдың ішкі энергиясы және жұмысына есептер шығарту. | 2 | |
| 2 | Жылу двигательдерінің ПӘК-ін, жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылығын есептеу. | 2 | |
| | Өзіндік жұмыстар. Тест тапсырмалары | 2 | |
Барлығы: 34 сағат
Күнтізбелік жоспар /11 класс/
| № | Сабақ тақырыбы | Сағат саны | Өтілетін күні |
| | Электродинамика | 8 | |
| 1 | Электр өрісі. Кулон заңы | 2 | |
| 2 | Электр кернеулігі, потенциалдар айырымы. | 2 | |
| 3 | Конденсатор сыйымдылығы | 2 | |
| 4 | Магнит индукциясы. Лоренц күші | 2 | |
| | Тұрақты элкетр тогының заңдары | 10 | |
| 1 | Кедергіні есептер тәсілдері | 2 | |
| 2 | Ом заңына есептер шығару | 2 | |
| 3 | Джоуль –Ленц заңы | 2 | |
| 4 | Өткізгіштерді қосу | 2 | |
| 5 | Кирхгоф ережесі. ЭҚК –ні есептеу | 2 | |
| | Тербелістер мен толқындар | 8 | |
| 1 | Электромагниттік индукция құбылысы | 2 | |
| 2 | Ленц ережесі. Индуктивтілік. | 2 | |
| 3 | Трансформатор. Айнымалы электр тогы. | 2 | |
| 4 | Толқындар түрі, қасиеті | 2 | |
| | Геометриялық оптикаға есептер | 4 | |
| 1 | Фотоэлектрлік эффект. Жарық интерференциясы, дисперсиясы, дифракциясы. | 2 | |
| 2 | Линза. Линзаның түрлеріне есептер шығарту. | 2 | |
| | Атомдық физика | 4 | |
1.Егер вагонетканы Ғ1= 5Н күшпен тартатын болсақ, онда оның үдеуі а1= 0,2 м/с2 болады. Осы арбаның үдеуі а2 =2 м/с2 болу үшін оған қандай Ғ2 күшпен әсер ету керек? Үйкелісті ескермеңдер. Жауабы: 50Н
2.Тұрақты күштің әрекетінен қозғалып бара жатқан дене 1с ішінде 25 см жол жүреді. Дененің массасы 25 г болса , оған әрекет ететін күш неге тең? Жауабы: 0,0125Н
3.Қатаңдығы 100 кН/м-ге тең сымды 1 мм-ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек? Жауабы:100Н
4.Ғ=3Н күштің әрекетінен
l=6 см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар. Жауабы: 50 Н/м
5.Массасы 80 кг адамның Күнге тартылу күшін есептеңдер және оны ауырлық күшімен салыстырыңдар. Күннің массасы М= 1,99*1030кг6 Жерден Күнге дейінгі қашықтық R=150000000 км. Жауабы:Жерге қарағанда 0,5Н – 1600 есе кіші
6.Жер орбитасының радиусы 1,5*108 км-ге тең,ал бір жыл ішінде 3,14*107 с бар. Күннің массасын табыңдар. Жауабы: М- 2*1030кг
Үйге тапсырма: № 190 – 191 /Р/
Сабақтың тақырыбы:Ньютон заңдарына, күштің түрлеріне есеп шығару.
Мақсаты:
білімділік: физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, өз бетімен есеп шығарғанда қажетті формуланы қолдана білу.
дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру;
тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке, ашық пікір айтуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: сызба нұсқа, электронды оқулық
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, қайталау
Сабақтың әдісі: проблемалық
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі,
2. Тақырыптық негізгі ұғымдарын заңдарын, формулаларын
еске түсіру
3. Үйге тапсырма
| Ө з а р а ә с е р л е с у |
| Түрі | Гравитациялық | Электромагниттік |
| Табиғаты | Денелердің өзара әсерлесу салдарынан | Денені құрайтын бөлшектердің өзара әсерлесу салдарынан |
| Күш | Ауырлық | Дене салмағы | Серпінділік | Үйкеліс |
| Формула | F=mg | P=mg | F=-kx | F= N |
| Өлшем бірлік | [H]- Ньютон |
| Прибор | Динамометр |
| 2 | Атом ядросының байланыс энергиясын анықтау. Ыдырау заңы | 2 | |
| | Өзіндік жұмыс. Сынақ. Тест Қорытынды сабақ. | 2 | |
Барлығы : 34 сағат
Сабақтың тақырыбы: Кинематикаға есептер шығару
Мақсаты:
білімділік: физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, өз бетімен есеп шығарғанда қажетті формуланы қолдана білу.
дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру;
тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке, ашық пікір айтуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: сызба нұсқа, электронды оқулық
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, қайталау
Сабақтың әдісі: практикалық
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі,
2. Тақырыптың негізгі ұғымдарын, заңдарын формулаларын еске түсіру
3. Үйге тапсырма
Есеп шығару.
1.Дене барлық жүрілуге тиісті жолдың бірінші жартысын 15 м/с жылдамдықпен , ал қалған екінші жартысын 10 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Осы дененің орташа жылдамдығын табу керек. Бұл есепте қозғалыстың әр кезеңіндегі жылдамдықтарын анықтау керек.Есептің шарты бойынша s=s1+s2=2so;s1=s2=so;t=t1+t2 екендіктерін ескеріп, дененің орташа жылдамдығын табу керек.
Жауабы:12 м/с
2. Поездың жылдамдығы 20 м/с ішінде 72 км/сағ-тан 54 км/сағ-қа дейін кеміді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің формуласын жазыңдар және тәуелділік графигін салыңдар.
Жауабы: ν=20-0,25t
3. Жүк машинасының қозғалыс теңдеуі х1= 270+12t, ал осы жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі
х2=1,5t. Бақылау басталар мезеттегі машинамен адамның орындарын анықтаңдар. Олар қандай жылдамдықпен және қай бағытта қозғалады? Олар қашан және қай жерде кездеседі?Жауабы:ν=12м/с оңға қарай
Ν2х=1,5м/с солға қарай t=20с х=30 м
4.Координаторлары (7;2) болатын нуктедегі дене координаторлары(-5;7) нүктеге орын ауыстырады.Дененің орын ауыстыру модулі неге тең? Жауабы: 13
5.х және у осьтеріне жылдамдығының проекциялары νх=4м/с және ν у=3м/с болатын дененің қозғалыс жылдамдығының модулін табу керек. Жауабы: 5м/с
6. Жүк пойызы бекеттен 36 км/сағ жылдамдықпен өте шықты .30 мин өткен соң сол бағытта 72 км/сағ жылдамдықпен жолаушы пойызы шықты. Қанша уақыттан кейін және қандай қашықтықта жолаушы пойызы жүк пойызын қуып жетеді?Жауабы: t=1 сағ;s=36 км
7. Дөңгелек араның диаметрі 600 мм. Араның осіне диаметрі 300 мм негізделген. Ол электр қозғалысының білігіне негізделген диаметрі 120 мм болатын шкив арқылы қайысты беріліспен қозғалысқа келтіріледі. Егер қозғалтқыш білігінің айналу жиілігі 1200 айн/мин болса, онда ара тістерінің қозғалу – қандай болар еді? Жауабы:ν1=30м/с
8.Поезд станциядан қозғалып бара жатыр.Ол тұрақты 1м/с2 үдеумен қозғала отырып, 10 с ішінде қандай жол жүреді?
Жауабы: s=50м
Үйге тапсырма: 1.131, 1.132. Аққошқарова Қ. Физика.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Мұғалімдер үшін:
Фриш А.И. Физика.
Б.А.Кронгарт, В.И.Кем. Физика-10. Әдістемелік нұсқау. Алматы: Мектеп, 2006.
«Физика және Астрономия» журналы, №2, 2007.
Г.Байжасарова,У.Тоқбергенова.Дидактикалық материалдар. 10 сынып.
Ж.К. Серікбаева. Қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламалары. Қызылорда, 2009.
О.Мұсабеков. Қолданбалы физика есептері. Алматы, «Математика және физика» журналдарының жинағы 1997.
Оқушылар үшін
Физика пәні бойынша 7-11 сыныптарға арналған оқулықтар.
2010-2015 жылдарғы тест жинақтары.
Интернет материалдары.
И.В. Рымкевич. Физика есептерінің жинағы. 9-11 сыныптар – 1995.
Баспасөз материалдары.
Түсінік хат
Есеп шығару оқыту үрдісінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені физика сабақтарының түгелдей барлық түрлерімен кезеңдерінде және сыныптан тыс жұмыстарда кездеседі. Физика есептерін шығару нәтижесінде оқушылар нақтылы объектілермен құбылыстар туралы білемнен хабардар болады. Ғылыми техникалық прогрестің шапшаңдаған кезеңінде әрбір жұмыс орнына – ғылымның, техниканың, күнделікті өмірдің есептерін қоя білу және шығара білу қажет. Сондықтан физикалық білімнің ең маңызды мақсаты – мектепте оқытылатын физика есептерімен жұмыс істей білуді қалыптастыру болып табылады. Физика есептерінің шарты, мағынасы, мазмұны оқыту мақсатына байланысты біренеше түрге бөлінеді. Физикалық есептер жалпы берілу тәсілдеріне қарай негізгі төрт түрге бөлінеді. Олар: мәтіндік есептер, экперименттік есептер, гафиктік және сурет бойынша берілген есептер.Ал олардың әр қайсысы өз кезегінде сандық және сапалық боп бөлінеді. Енді бір есептер оқушыларға шығармашылық мақсатта беріледі. Мұндай есептерге техникалық мазмұндағы есептерді жатқызуға болады. Оқушыларды физикаға тарту мақсатында мұғалім түрлі қызықты есептерді таңдау керек. Қазіргі уақытта физика пәніне бөлінген сағат санының азайып кетуіне байланысты оқулықтағы есептерді шығаруға уақыт жетпейді.Сондықтан бұл бағдарламаның практикалық және дүние танымдық мәні зор, оқушылардың физикалық білімдерді практикада қолдана білу икемділіктерін дамытуға көмегін тигізеді.
Бұл бағдарламаны құрастырғандағы негізгі мақсатым оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, іскерлікке дағдыландыру, өзін-өзі бақылауға және бағалауға мүмкіндік беру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.